Әдіскер_________________________________Исаева А.Б.
Сабақтың технологиялық картасы
Пән: Зертханалық істер техникасы
Мерзімі Топ 314
Сабақтың № 2
Тақырыбы: Зертханалық ыдыстар
Сабақтың мақсаты: Зертханалық ыдыстармен танысып, жіктелу ерекшеліктерін меңгерту
Білімділік Зертханалық ыдыстарды, жіктелуін, ерекшелігін үйрету
Дамытушылық Ветеринариялық-санитария туралы жалпы ілімін дамыту, зертханаларда қолданылатын ыдыстармен таныстыру
Тәрбиелік Білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, еңбекті бағалауға және жеке бас қауіпсіздігін сақтауға үйрету
Сабақтың түрі Тәжірибелік сабақ
Сабақтың қамтамасыздандырылуы:
а) оқу-көрнекілік құралдар слайд, жазбалар, сызбалар
б) үлестірмелі материалдар
в) ТОҚ: мультимедиялы тақта
Пәнаралық байланыс Ветеринариялық бақылау нысандарындағы вет-сан зерттеулер
Өз бетінше жұмыс: ситуациялық жағдайлармен жұмыс
Сабақтың өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу/ студенттерді журнал бойынша тексеру
Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру/ халат, чепшик, қолғап, маска
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру
1. Пәннің маңызы мен мақсаты, даму тарихы
2. Ветеринариялы - санитариялық зертханалар және олардағы техника қауіпсіздігі
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
№ 2 Тақырып
Тақырып: Зертханалық ыдыстар
1. Зертханалық ыдыстар – деп барлық зертханалық жұмыстарда қолданылатын ыдысты атайды. Зертханалық ыдыс қолданылу мақсатына байланысты жалпы, арнайы және өлшеуіш болып бөлінеді.
Жалпы ыдысқа зертханада үнемі болатын және онсыз ешбір жұмыс жүрмейтін ыдыс-тарды жатқызуға болады (Мыс: пробиркалар, колбалар, стакандар, воронкалар және т.б.).
Пробиркалар – пішіні цилиндр тәрізді, түбі бекітілген, көлемі әр түрлі ыдыстар. Әдетте пробиркаларды тез балқитын жеңіл шыныдан, ал отқа төзімді болу үшін кварцтан жасайды. Пробиркалар негізінен сапалық реакциялар үшін қолданылады, сонымен қатар микробиологияда микроорганизмдерді өсіру үшін, сақтау үшін және әр түрлі серологиялық зерттеулер жүргізу үшін де пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |