Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1



бет7/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

Клайзен колбасының Вюрца колбаларынан айырмашылығы оның екі мойны бар және түтікше қосымша мойынға жалғасқан. Клайзен колбасын төменгі қысымды сұйықтарды айдау үшін қолданады.
Арбузов колбасы – бұл Клайзен колбасының жетілдірілген түрі. Арбузов колба-сының ерекшелігі колбаның мойындары шар тәрізді кеңейген бөлікпен жалғасқан, ол қайнап жатқан сұйықтықтың қабылдаушы колбаға түсуіне кедергі жасайды.
Аллонж – имек келген шыны түтік, ол тоңазытқыш пен қабылдаушы жалғастыру үшін және т.б. жұмыстарда қолданылады.
Дефлегматор – кеңейген бөліктерге жалғасқан түтікше тәрізді ыдыс, оның жоғар-ғы бөлігінде сұйықтық ағызуға арналған түтік бар. Дефлегматорлар сұйықтықтарды фракциялық айдау үшін қолданылады, олардың көлемі мен пішіні әртүрлі болады.
Эксикатор – қабырғасы қалың, қақпағы шлифті, ылғал тартқыш заттарды сал-қындату, сақтау үшін қолданылатын ыдыс. Эксикатордың түбі жағы қысыңқы келеді. Ол жерде тигель орналастырылған фарфор табақша тұрады, табақшасының астында эксикатордың төменгі бөлігінде ылғал тартқыш заттар салынады.
Газдарды тазарту немесе сору үшін әртүрлі шыны–аяқтар қолданылады.
Вульф шыны–аяғы – қабырғасы қалың, сиымдылығы 250 мл-ден 5 л-ге дейін болады. Екі немесе үш мойны және түбінде сұйықты ағызуға арналған тубусу бар.
Дрексель шыны–аяғы пішіні цилиндр тәрізді, шыны қақпақшасы арқылы ыдыстың түбіне дейін ұзын түтік түскен.
Тищенко шыны–аяғы ортасының бір–бірімен жалғаса алатын екі бөлінген және екі жағында екі мойны бар.
Кипп Аппараты көміртегінің қос тотығын, күкіртті сутек және басқа да газдарды алу мақсатында қолданылады. Аппараттың төменгі бөлігінде үлкен резервуар, оның үстінде газды бөліп алуға арналған тубусы бар кеңейтілген шар тәрізді бөлік орналасқан ең жоғарғы жағы алмұрт пішінді воронкадан тұрады.
Тамызғыштар (капельницы) – тамшылатып қосылатын сұйықтарды құюға арнал-ған ыдыс. Тамызғыштарға көбінесе индикаторлар құйылады, олар пипеткалы немесе тұмсықты болып келеді.
Петри аяқшасы – бактериологиялық зертханада қатты қоректік ортада бактерия-ларды өсіру үшін қолданылатын ыдыс. 1887 жылы неміс ғалымы Петри ұсынған. Петри аяқшасы екі табақшадан тұрады, оның диаметрің үлкені қақпағы болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет