Сабақтың түрі жаңа сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары


Қызығушылықты ояту, сабаққа болжам жасау



бет15/30
Дата21.02.2022
өлшемі1.21 Mb.
#455589
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
5 кл қаз т ҚМЖ 1тоқсан

Қызығушылықты ояту, сабаққа болжам жасау.
Оқушыларға шағын мәтін таратылады.
Ертеде бір патша аспазын шақырып алып:
– Маған дүниедегі ең тәтті және ең ащы нәрседен тағам әзірле! – деп бұйрық беріпті.
Сонда аспаз патшаға піскен тіл әкеліп беріп:
– Дүниедегі ең тәтті де – тіл, ең ащы да – тіл! – деген екен.
(http://zhasorken.kz/?p=5898)
Балалар осы мәтінде қандай мәселе барын жеке отырып ойланады. Орындарынан тұрып, өздерінен алыс отырған оқушымен жұптасып, бір-біріне ойларын айтады. Өздерінен қашықтау тұрған жұптармен топтасады, үш топ боп ойларын ортаға салады.
Сабақ тақырыбы анықталады. Сабақ мақсаты таныстырылады.

http://zhasorken.
kz/?p=5898




Сабақтың ортасы
35 минут



Оқылым
1-тапсырма
Оқушыларға мәтін ұсынылады. Жоғарыда сабақ басындағы ұсынылған мәтінмен салыстыру жүргізеді.Екі түрлі стиль ерекшеліктерін салыстыра отырып «Салыстыру кестесін» толтырады.
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ үлкен мән берілген. Мыңдаған, жүздеген жылдар өтсе де Бәйдібек, Қазыбек, Байдалы билердің, Домалақ ана, Гауһар, Ақбикеш, Айбике аналардың, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынбай батырлардың есімін жұрт әлі де мақтанышпен айтып отырады. Шаршы топта сөз бастау қиын: Тауып айтсаң, мереке қылады, Таппай айтсаң, келеке қылады. -Досбол шешен Шешені судай төгілген халықпыз. Түгел сөздің түбін түсірген, аталы да, баталы да сөз қалдырған түп атамыз Майқы бидің ұрпағымыз. «Сылдырап өңкей келісім» деп Абай айтпақшы, өлең сөзге дес бермеген, ауылдың алты ауызын аңыратып, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бітіретін данышпан халықтың перзентіміз. Небір дүлдүлдер домбыраны дәсерлетіп, қиыннан қиыстырып сөз тауып айта білетін аталар мен әжелер, ару аналар мен абзал әкелер тәрбиелеген ұланбыз. Тізбекті тарата берсем, таусылмасына көзім жеткендей-ақ. Ата-бабамыз жаудан қаймықпаған, сөзден тосылмаған. Ерттеулі атына міне сала жауға шапқан, шынайы шешендік өнерге машықтанғандар. Біз – шешендік өнерді сүйетін де, оны бағалай білетін де халықпыз. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демей ме дана халқымыз?! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешіп бере алатын қайран қазағым демеске лажым жоқ! Шешендік өнерді ең асыл өнер деп бағалаймын мен өзім. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығарған халқымның өресі биік, өрісі кең, шығар асуы жоғары десем, нағыз бағасын бергенім ғой. Иә, көпті көрген, көп жасаған қазақ қариялары оқымаса да көкейге тоқығандарын, одан жасаған қорытындыларын құймақұлақ жастарға үйретуден жалықпаған. Талапты жастар үлкендерден, қариялардан өнер-білім үйренуді өздеріне міндет, мұрат тұтқан, жақсының атын ерттеп, қасына ерген. Олардан үлгі-өнеге алуды ар-намыс санамаған. Үлгілі, аталы сөз кемеңгер ой мен шебер тілден ғана тумаса керек-ті. Қазақтың оқу жасына толмаған баласынан бастап, қол бастаған батырларына дейін бақылап, шешен-билерін тыңдаған поляк саяхатшысы Янушкевич халқымыздың ақыл-ой қабілетін ерекше бағалайды. Бір көргенін үйреніп, лезде жаттап ала қоятын, өзінің білгенін біреуге жеңіл де тез түсіндіре қоятын қабілетіне, зеректігіне шет жерлік жолаушы да қайран қалады. (https://kk.wikipedia.
org/wiki/%D0%A8%D0%B5%D1%88%D0%B5%D0%BD%
D0%B4%D1%96%D0%BA_%D1%81%D3%A9%D0%B7)
1-топ:

Тақыры
бы

Стилі

Әдеби тілдік құралдар

Ұқсастығы

Айырма
шылығы















Салыстыру бойынша қорытынды жасату, екі стиль ерекшеліктерін таныту.


2-топ:
Мәтін бойынша ауыспалы мағынадағы сөздерді, көркемдегіш құралдарды табады, өздері ойдан сөйлем құрайды.
3-топ:
Ұсынылған суреттердің үзіндіге қатысы бар ма? Суреттерді сәйкестендір. Үзіндіден омоним сөздерді тауып, сөйлемдегі мағынасын жазыңыз.




Түгел сөздің түбін түсірген, аталы да, баталы да сөз қалдырған түп атамыз Майқы бидің ұрпағымыз. «Сылдырап өңкей келісім» деп Абай айтпақшы, өлең сөзге дес бермеген, ауылдың алты ауызын аңыратып, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бітіретін данышпан халықтың перзентіміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет