Сабақты зерттеу тәсілін пайдалану жөніндегі нұсқаулық болып табылады


Әріптестерді нәтижелермен ресми түрде таныстыру



бет6/9
Дата15.02.2024
өлшемі0.52 Mb.
#492026
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Пит Дадли Lesson Study нұсқаулық

8. Әріптестерді нәтижелермен ресми түрде таныстыру




«Әдетте мұғалімдердің қолдары мүлдем




босамайтындықтан, олар өздері енгізетін




нәрселердің нәтижесін басқалардың




қолданатынын көргісі келеді, сондықтан бұл




жағдайда қысқа ғана мәтіндер мен




бейнематериалдар көп көмек бере алады».







Ұсынылатын іс-әрекеттер

Түсініктемелер



Lesson Study-ді бастамас бұрын топ мүшелеріне өздері енгізіп жатқан оқыту әдісінің негіздеріне қатысты қандай жұмыс атқарғанын, ол туралы не білгенін, нені пысықтағанын әріптестеріне көрсетуге мүмкіндік беру қажет. Мұғалімдер өздерінің істеген істері туралы пікірлерімен басқалармен бөлісетінін алдын-ала білсе, олар мұны бүкіл үдеріс бойында естерінде ұстайтын болады. Бұл Lesson Study тобына өз пікірлері мен ойларын әріптестері алдағы уақытта оны пайдалана алатындай етіп нақты баяндауға мүмкіндік береді.


Lesson Study қысқа бейнежазбалары мен PowerPoint таныстырылымына салынған фотосуреттері – сабақты өткізу барысын көрсетіп, тәжірибені қорытудың танымал тәсілі (Сізге мектебіңізде бейне және фотоматериалдарды пайдалану ережесінің бар екендігіне көз жеткізу қажет болады).


Lesson Study тобы дайындаған, бейімдеген немесе жетілдірген педагогикалық әдістемені толық ұғынуға көмектесу мақсатында Lesson Study тобына басқа мұғалімдермен жұмыс істеу (коучинг өткізу) мүмкіндігін ұйымдастырыңыз.

Тәжірибені нақты тұжырымдау, түсіндіру және көрсету:





  1. әріптестерінің тәжірибесіне сүйеніп өз тәжірибесін жетілдіруде көмектесетінін;




  1. түсіндіру мен коучинг жүргізіп отырған маманның жұмыс тиімділігін арттыратынын естен шығармаңыз.

Себебі Lesson Study кезінде мұғалімдер әдетте пайдаланғанымен, ол туралы ешқашан айтпайтын тәжірибедегі жасырын (санасындағы) білімін ашық көрсетеді. Басқаларға түсіндіру арқылы мұғалімдер өз білімдері туралы көп білуге, сөйтіп білімдерін одан әрі жетілдіруге мол мүмкіндік алады.


Нені білгеніңізді және көпшілікке ұсынғаныңызды атап өтіп, баға беріңіз.


Мұғалімдер бөлмесінде «оқыту қабырғасын» ұйымдастырыңыз. Ол жерде Lesson Study тобы өз жұмыстарын (фотосуреттерін, бақылауларын, оқушылар сауалнамалары мен пікірталас нәтижелерін, бастапқы болжамдарын) ұсына алады. Бұл ресми таныстырғаннан кейін де мұғалімдер бөлмесінде осы мәселе төңірегінде ұзақ уақыт бойы талқы жүргізуге ықпал етеді.





Pete Dudley

14

Lesson Study: Нұсқаулық




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет