15
Дыбыстар
Қатаң
Ұяң
Үнді
п, ч
в, г
п, л, м
щ, х, ч
ж, з, д
у,
ц
к, қ
й, л
ш, с
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Дауыссыз дыбыстар туралы түсінік бер.
2. Дауыссыздар үн мен салдырдың қатысына қарай қалай бөлінеді?
3. Ұяң дауыссыз дыбыстарды айт.
4. Дауыссыз дыбыстардың өзіне тән қасиеттерін айт.
5. У дыбысы туралы түсінік бер.
3-ТАҚЫРЫП. БУЫН ЖӘНЕ ТАСЫМАЛ
Буын – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобы.
Мысалы,
қа-ла-мыз-да, бі-ле-тін-де-рі-міз-дің.
Буынға тән негізгі белгілер:
➢ Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болу керек және
оның саны бір буында біреуден артық болмауы тиіс.
Сонда сөздің
құрамында қанша дауысты болса, сонша буын болады.
➢ Буында мағына болмайды.
➢ Қазақ тіліндегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды,
немесе
жіңішке буынды болып келеді. Қазақ тілінде жуан және жіңішке
буынды (аралас буынды) орыс және
өзге тілдерден енген сөздер
кездеседі.
➢ Қазақ тілінің байырғы сөздері, буындары қос (екі) дауыссыздан
басталмайды. Орыс тілінен енген біраз
сөздің біздің тілімізде
жазылуы соның айғағы.
➢ Бас (бірінші) буын болмас, қалған буындар дауыстыдан басталмайды.
Қазақ тілінде буын ішіндегі дыбыс саны төрт түрлі болады:
1) Бір дауысты буын, яғни жалғыз дауыстыдан тұратын буын: а-ла, ә-ке, о-
рақ, ұ-ран, ат, ер, ін;
2)
Екі дыбысты буын; ба-ла;
16
3) Үш дыбысты буын: көз, бал, ұлт, ант;
4) Төрт дыбысты буын: қант, тарс, жұрт.
Буын түрлері
Ашық буын
Тұйық буын
Бітеу буын
АВА, ВА
АВ
ВАВ, ВАВВ
Дауыссыз дыбыстан
басталып, дауысты
дыбысқа аяқталады және
тек
дауысты дыбыстан
тұрады.
Дауысты дыбыстан
басталып, дауыссыз
дыбысқа аяқталады.
Дауыссыз дыбыстан
басталып, дауыссыз
дыбысқа аяқталады.
А-ға, ба-ла, да-ла, ша-на-
ны
Ат, ант, әдеби-ет
Бал, тарс, мек-теп, грамм
Достарыңызбен бөлісу: