Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.
10 тақырып: Етістік
Дәріс жоспары:
1. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.
2. Етістіктің грамматикалық категориялары.
Мақсаты: Екі тілдегі етістіктердің лексика-грамматикалық сипаты.
Қазақ және орыс тілдеріндегі етістіктің грамматикалық категориялары.
Мазмұны:
Етістік – заттың қимылын, іс - әрекетін және заттың қозғалыстағы күйін сипаттайтын сөз табы. Ол не істеді? қайтты? (что делать? что сделать?) деген сұрақтарға жауап береді.
Іс - әрекет мағынасы етістік үшін жалпы сипаттама, себебі «қимыл» сөзінің астарында көп мағына жатыр:
1) еңбек әрекеті: Ол ағашты кесіп тастады. – Он срубил дерево. Жұмысшылар тұрғын үй салды. – Рабочие строят жилые дома.
2) қозғалыс: жүру – идти, жүгіру – бежать, жорғалау – ползать, жылжу – двигаться, зымырау – мчаться.
3) адамның сезім мүшелерінің жұмысы: есту – слышать, тыңдау – слушать, көру – видеть, сөйлеу – говорить;
4) ойлау процесі: ойлау – думать, бағдарлау, талқылау – рассуждать, білу – знать, түсіну – понимать.
5) физикалық қалпы: тұру – стоять, жату – лежать, ұйықтау – спать, жадырау, сергу – бодрствовать.
6) көңіл күйі: көңілдену – веселиться, қуану – радоваться, шаттану – торжествовать.
7) қалыпты күйден өзгеру: ағару – белеть, бозару – бледнеть, қараю – чернеть, қартаю – стареть, жасару – молодеть.
Екі тілде де етістік үлкен синтаксистік мүмкіндіктерге ие. Ол сөйлемде өте маңызды конструктивті және ұйымдастырушы роль атқарады. Қазақ тілінде де, орыс тілінде де ол негізінен баяндауыш қызметін атқарады.
Баяндауыш қызметінде ол қажетті морфологиялық категорияларға ие: рай – наклонение, шақ – времени, жақ – лицо.
Бұдан басқа екі тілде де етістіктің сөйлемде баяндауыш қызметін атқаратын жіктелмейтін түрлері бар: етістіктің тұйық формасы – неопределенная форма глагола, есімше – причастие, деепричастие – көсемше.
Салт және сабақты етістіктер
(Непереходные и переходные глаголы)
Сабақты етістік тікелей затқа бағытталған әрекетті білдіреді. Салт және сабақты етістіктердің лексикалық мағынасымен олардың синтаксистік айырмашылығы байланысты: екі тілде де сабақты етістік табыс септігін қажет етіп тұрады (орыс тілінде – винительный падеж). Балаларды (кімді?) тәрбиелеу – воспитывать (кого?) детей, қиындықтарды (нені?) жеңу – преодолеть (что?) трудности.
Салт етістіктерге төмендегіні білдіретін етістіктер жатады:
1) кеңістіктегі қозғалыс пен қалып күй: отыру – сидеть, жату – лежать, жүру – ходить, малту, жүзу – плавать, ұшу – лететь, сүңгу – нырять;
2) физикалық және мінез – құлық жағдайы: ұйықтау – спать, ауыру – болеть, зардап шегу – страдать.
3) бір күйден екіншісіне өтуін сипаттайтын етістіктер: сауығу – выздоравливать, ауыру – болеть, ағару – белеть;
Салт етістіктер өзінен кейінгі объектілердің туру толықтауыш болуын талап етпейді: үйге кіру – войти в дом, есепте тұру – состоять на учете.
Екі тілде ортақ белгілерден басқа, айырмашылықтар да бар. Орыс тілінде сабақты етістіктен кейін екі жағдайда винительный падеждан кейін родительный падеж келеді.
а) егер тура толықтауыш затты тұтас емес, белгілі бір бөлігін атаса.
Бұл құбылыс қазақ тілінде де бар, тек шығыс септік жалғауы қолданылады: судан (неден?) беріңізші – дайте (чего?) воды, жидектен теріп алды – насобирать ягод. Қазақ тілінде тұтастың бөлігін атау керек болмаса, онда сабақты етістіктен кейін табыс септігі қолданылады: жидекті теріп алды.
б) Орыс тілінде сабақты етістік жоққа шығарушы болса, онда одан кейін родительный падеж қолданылады: не чувствовал боли – ауырғанды сезбеді, не выполнил поручения – тапсырманы орындамады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің шырай формасы.
-
Екі тілдегі сын есімнің септелуі.
-
Сын есімдердің жасалу жолдары
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі етістіктер.
-
Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.
-
Етістіктің грамматикалық категориялары.
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға
-
Аффиксоидтер және интерфикстер.
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.
Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.
11 тақырып: Етістіктің категориялары
Дәріс жоспары:
1. Рай категориясы. Шақ категориясы.
2. Есімше. Көсемше.
Мақсаты: Қазақ және орыс тілдеріндегі рай категориясы. Қазақ және орыс тілдеріндегі шақ категориясы. Қазақ және орыс тілдеріндегі есімше және көсемше.
Мазмұны:
Етістіктің райлары
(Наклонение глагола)
Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі рай категориясы деп аталады. Орыс тілінде райдың үш түрі, ал қазақ тілінде төрт түрі бар.
Қазақ тілі
|
Орыс тілі
|
ашық рай
шартты рай
бұйрық рай
қалау рай
|
изъявительное наклонение
сослагательное (условное) наклонение
повелительное наклонение
|
Ашық рай қазақ тілінде де, орыс тілінде де үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлесушінің шындыққа қатысын баяндайды: оқып отырмын – читаю, оқыдым – читал.
Етістіктің шартты райы қимылдың, іс - әрекеттің болу – болмау, іске асу – аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді.
Қазақ тілінде шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: барса, жүрсе, айтпаса, оқытса.
Шартты рай тұлғасына жіктік жалғауы жалғанып қолданылады. Бұл шартты рай тұлғасы тиянақты бола алмайды. Сондықтан шартты рай тұлғасы тиянақты жіктелгенмен, сөйлемді тиянақтап аяқтап тұра алмайды, я басқа бір етістікпен, кейде көмекші етістікпен тіркесіп келеді, я бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып тұрады.
Орыс тілінде шартты рай өткен шақ формасы бы бөлшегі арқылы жасалады: Ты бы сегодня не выходил на улицу: очень холодно.
Жаққа (көбіне ІІ жаққа) қаратылып, қимылдың, іс - әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай түрі бұйрық рай деп аталады. Мысалы: Тіліңмен асықпа, ісіңмен асық – Не спеши языком, торопись делом. Темірді қызған кезде соқ – Куй железо, пока горячо.
Орыс тілінде бұйрық райдың негізгі формасы осы шақ немесе келер шақ негізінен жасалған жекеше немесе көпше түрдегі екінші жақ формасы болып табылады. Орыс тілінде, сондай-ақ, бұйрық райдың үш түрі бар:
1) дауыстыдан кейін –й дыбысына аяқталады: читай, не болей, знай;
2) дауыстыдан кейін и дыбысы келеді: корми, сиди, продолжи;
3) жіңішкелік белгісімен дауыссыз, қатаң ш,ж дауыссыздарына аяқталады: подвинь, услышь, отбрось.
Орыс тілінде бұйрық райдың екінші жақ көпше түрі жекеше түрге –те аффиксін қосу арқылы жасалады: давай – давайте, сиди – сидите, бойся – бойтесь;
Қазақ тілінде бұйрық рай түбірден немесе тұйық етістік формасы (-у) түсіріліп жазылатын негізге келесі жұрнақтардың қосылуы арқылы жасалды:
Жекеше түрде:
1) –йын (-иін, -айын, -ейін) – бірінші жақ: кел – у – кел – кел – ейін; айт –у – айт – айт – айын.
2) екінші жақтың жай түрі етістіктің негізімен сәйкес келеді: алу – ал, жасау – жаса, айту – айт, тыңдау – тыңда.
Көпше түрде:
1) –йық (-иік, -айық, -ейік) – бірінші жақ.
2) –ңдар (-ңдер, -ыңдар, -іңдер) – екінші жақ, жай түрі; -ңыздар (-ңіздер, -ыңыздар, -іңіздер) –екінші жақ, сыпайы түрі.
3) –сын (сің) – үшінші жақ, жекеше, көпше түрлері.
Сонымен қатар орыс тілінде бұйрық райын жұмсарту үшін ашық райдағы етістікке –ка қосылады, ал қазақ тілінде –шы–(ші) аффиксі: принеси – ка – әкелші, пойдем – ка – жүрші, соберите – ка – жинайықшы.
Екі тілде де міндетті талап қою үшін осы шақ немесе келер шақтағы екінші жақ көпше және жекеше түрдегі форма қолданылады: Сендер қазір қалаға барасыңдар! – Вы сейчас же поедете в город!
Сонымен қатар, бұйрық райды осы шақ немесе келер шақ формасында беруде интонация маңызды роль атқарады. Идем! – Жүреміз! Жылдам! – Скорей!
Қалау рай қазақ тілінде орыс тілдегіден қарағанда етістіктің ерекше формасына ие.
Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс - әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады.
Қалау рай мынадай жолдармен жасалды:
-
Етістіктің негізгі және туынды түбіріне немесе етіс және болымсыз етістік тұлғасына –ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы жалғанып, оған тәуелдік жалғауы үстеледі де, кел көмекші етістігімен тіркеседі. Кел көмекші етістігіне есімше, көсемше жұрнақтары жалғанып, әр түрлі шақ мәнінде ІІІ жақта қолданылады.
Мысалы: бар+ғы+м келді (-еді,-іпті,-ген,ер), (сенің) бар+ғың кел+е+ді (-ді,-іпті,-ген,-ер), (оның) бар+ғы+сы кел-іпті (-ді, -ген, -еді, -ер). Демек, қалау райдың бұл түрі тәуелдік жалғауы жалғанып жіктеледі.
-
Шартты рай тұлғасы (-са,-се) игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. Мысалы: (мен) алсам игі еді, (сен) алса игі еді, (ол) алса игі еді.
-
Етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –ғай,-гей,-қай,-кей жұрнағы жалғанып, жіктеліп келіп жасалады. Мысалы: (мен) барғаймын, (сен) барғайсың. Кейде –ғай,-гей тұлғалы етістік жіктеліп келген еді көмекші етістігімен тіркесіп те қалау рай жасалады: (мен) барғай едім, (сен) барғайсың, (ол) барғай еді. Қалау райдың бұл жасалу жолы сирек кездеседі.
Етістіктің шақтары
(Формы времени глаголов)
Шақ категориясы қазақ тілінде де, орыс тілінде де сөйлеп тұрған кезге байланысты қимылдың өту кезеңін білдіреді. Олар осы шақ, өткен шақ, келер шақ (жай және күрделі) деп бөлінеді.
Етістіктің осы шағы істің дағдылы түрде болып тұрғанын және сөйлеп тұрған кезде істеліп жатқанын білдіреді. Қазақ тілінде осы шақ 1) нақ осы шақ 2) ауыспалы осы шақ деп бөлінеді.
Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді. Ол құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді.
а) Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады. Оларға жіктік жалғауы тікелей жалғанып есімдерше жіктеледі.
ә) Нақ осы шақтың күрделі түрі негізгі етістіктің –ып, -іп,-п және –а,-е,-й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәніндегі тіркесінен жасалады. Бұл нақ осы шақ күрделі етістіктен жасалатындықтан, оның күрделі түрі деп танылады: Мен оқып отырмын. Сен ойнап жүрсің.
Ауыспалы осы шақ қимыл, іс - әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ – а,- е,- й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады: Мен келемін.
Орыс тілінде осы шақтың нақты мезеттегі, уақыты шектеулі іс- әрекетті білдіреді. Қазақ тілінде ол осы шақтың күрделі түрімен беріледі. Мұндағы көмекші етістік шақ көрсеткіші болып табылады: готовим еду – тамақ дайындап жатырмыз.
Осы шақ формасында орыс тілінің етістігі белгісіз ұзақтығы, қайталанып отыратын іс - әрекетті көрсетеді. М. Улицы освещаются электрическими лампами.
Келер шақ қимылдың, іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіреді: Ол мектепке ертең бармақ.
Қазақ тілінде келер шақ жасалуына қарай мақсатты келер шақ, болжалды келер шақ, ауыспалы келер шақ деп бөлінеді.
Болжалды келер шақ қимылдың, іс - әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылады. Болжалды келер шақ есімшенің – ар, - ер, -р, болымсыз етістіктен кейін – с жұрнағы арқылы жасалады да, ол етсітіктің 3 жағында жіктеліп жұмсалады: Біз барармыз.
Мақсатты келер шақ қимылдың келешекте мақсат етіле отырып орындалатынын білдіреді. Ол – мақ, - мек, - бақ, -бек, жұрнақтары арқылы жасалады: Біз киноға бармақпыз.
Ауыспалы келер шақ – а, - е,- й жұрнақты көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Ауыспалы келер шақтың ауыспалы осы шақтан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мәнін білдіретін сөзден байқалып отырады.
Орыс тілінің келер шақ етістігінде екі форма бар:
-
Күрделі келер шақ, ол быть көмекші етсітігі арқылы жасалады: буду писать.
-
Жалаң келер шақ, ол іске асқан етсітік түрлері мен келер шақ етістігінің жалғауымен сәйкес келетін жіктелетін етістік арқылы жасалады: напишу, напишешь.
Қазақ тілінде де, орыс тілінде де өткен шақ қимылдың, іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді: Ол оқуды бітірді.
Қазіргі қазақ тілінде өткен шақтың 3 формасы бар, ал орыс тілінде 1 –ақ форма.
Орыс тілінде өткен шақ негізінен инфинитив негізіне – л жұрнағының жалғануы, одан кейін жіктік жалғауларының жалғануы арқылы жасалады.
Орыс тілінде жекелеген жағдайда өткен шақ жасауда ерекшеліктер бар:
-
ползти – ползла
-
Запереть – запер
-
Идти етістігінің супплетивті түрі – шел.
Қазақ тіліндегі өткен шақ формалары:
Жедел өткен шақ, әдетте, қимылдың, іс - әрекеттің таяу шақта болғанын білдіреді. Ол етістіктің түбіріне – ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы қосылу арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады. М: Атам күй тартты.
Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. Ол екі түрлі жолмен жасалады:
- ып, -іп, - п тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуінен жасалады: барыппын.
-
ған, -ген, - қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады: айтқан.
Ауыспалы өткен шақ есімшенің – атын, - етін, - йтін, - йтын жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Ауыспалы өткен шақ тікелей жіктелмейді, тек еді көмекші етістігімен тіркесіп қана қолданылады: Асан ауылға жиі баратын.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің шырай формасы.
-
Екі тілдегі сын есімнің септелуі.
-
Сын есімдердің жасалу жолдары
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі етістіктер.
-
Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.
-
Етістіктің грамматикалық категориялары.
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға
-
Аффиксоидтер және интерфикстер.
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.
Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.
12 тақырып: Үстеу
Дәріс жоспары:
1. Үстеу.
2. Қалып-күй сөздер.
3. Көмекші сөздер.
Мақсаты: Қазақ және орыс тілдеріндегі үстеудің қалыптасуы.
Қалып-күй сөздер. Көмекші сөздер.
Мазмұны: Үстеу дегеніміз іс - әрекеттің белгісін, (орнын, мезгілін, амалын, мақсат - себебін) білдіретін сөз табы.
Зат есімге, сын есімге, сан есімге, етістікке және тағы басқа сөз таптарына қосылатын үстеулер септік жалғауларымен және жекеше көпше түрінде ауыспайды. екі тілде де:
а. Үстеулер көбінесе етістікпен тіркеседі. Мысалы: саяхатшылар күдіз де, түнде де жүріп отырады.
б. Үстеулер екі тілде сын есіммен тіркеседі. Мысалы: Ол едәуір жас – он довльно молод.
в. Үстеулер екі тілде де басқа үстеулермен тіркесуі мүмкін. Мысалы: өте кеш.
г. Үстеулер екі тілде де өте сирек зат есімдермен тіркеседі.
а. іс қимылды білдіреді. кешкісін қыдырыс – прогулка вечером.
б. зат есім нақты бір затты білдіріп тұрады, ал үстеу олардың белгісін. Мысалы: қазақша ет - мясо оп – казахский.
Орыс және қазақ тілінде үстеулер, зат есімдерге жататын, сөйлемде анықтауыш болады және какой? какая? какое? какие? қандай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: кешкісін (қандай) қыдырыс.
Үстеулердің жасалуы
(Образование наречий)
Орыс тілінде үстеулер әр түрлі сөз таптарынан жасалады: зат есімдерден, сын есімдерден, есімдіктен, сандық етістіктен және үстеулерден. Орыс тілінде:
-
Үстеулер зат есімнің септік формасы әртүрлілігі: а. табыс септік формасында предлогсыз және предлогтармен: кранечку, капельку, чуточку. б. көмектес септіктің формасында предлогсыз және предлогтармен: шагай, днем, зимой. в. ілік септіктің формасында предлогтармен: изнутри, донизу, сразу. г. барыс септіктің формасында предлогтармен; кстати, поутру, кверху. д. жатыс септктің формасында предлогтармен: вблизи, накануне.
-
Үстеулер сын есімнің септік формасы:
а. жатыс септік формасында толық сын есімдер: насухо, засветло, вплотную.
б. ілік септік формасында қысқартылған сын есімдер: издалека, искоса, досуха.
в. барыс септіктің формасында: понапрасну.
г. жатыс септіктің формасы:налегке, вскоре, наедине.
3. Жатыс септігінің сандық үстеулері: надвое.
4. Үстеулердің құрамына әр түрлі формадағы есімдіктер енді.
сюда, здесь, там.
-
Етістік формасы да үстеу болды: чуть, почти, зря.
Қазақ тілінде үстеулердің морфологиялық белгілері мынадай:
Зат есім септік формасы:
-
жатқа, өнінде, шалқасынан
-
сын есімдермен: босқа, текке, зорға, жаңадан.
-
Есімдіктермен: осылай, меніңше, өзінше
-
Етістіктермен: қайта (дан), жүрелей, жорта.
-
Сын есімдермен: бірте – бірте, бірден, екіншіден
-
Үстеулермен: ертеңерте, ертемен, биыл, бүгін.
ІІ. Қазақ тілінде орыс тілінде сияқты бірнеше сөз құрайтын жұрнақтармен жасалады.
а. – ша, адамша, по – человечески.
б. – ша+лық, - ша + ма;
соншалық, соншама
в. лай (лей, дай, дей, тай, тей)
осылай, бұлай, солай, - так таким образом.
г. – н (ын, ін) қызын – земой.
ІІІ. Қазақ тілінде қос сөздер жасалады.
орыс тілінің үстеулерінің мағынасын көрсетеді
Септеулік шылау Зат есімдер мен есімдіктерідің септелуінде олардың басқа сөздермен байланысуы үшін қолданылатын сөйлемнің өзгертілмейтін қызметтік бөлігін шылау деп атайды.
Орыс тілінде шылаудың рөлі септік жалғауларымен ұқсас келеді. Шылау септіктің мағынасын нақтылап септік жалғауларын толықтырады: книгу положили в шкаф.
Септеулік шылаулар – бұл дәл орыс тіліндегідей септіктерді басқаратын сөйлемнің қызметтік және өзгертілмейтін бөліктерінің бірі. Бірақ орыс тіліне қарама-қарсы қазақ тілінде септеулік шылаулар олар қатысты сөздерден кейін қойылады: приехал после работы – жұмыстан соң келді.
Орыс тілінде шылаулар арқылы білдірілетін қатынастар қазақ тіліндегідей өте көптүрлі. Зат есімдердің, сын есімдердің, сан есімдердің, есімдіктердің септіктерімен тіркесіп шылаулар мен септеулік шылаулар кеңістіктік, уақыттық, себептік, мақсаттық және ббасқа да қатынастар үшін қызмет етеді. Ребеноу побежал к матери – Бала анасына қалай жүгірді.
Орыс тілінде шылаусыз септіктер әдетте обьект мәніне ие, ал кеңістіктік қатынастар онда шылау арқылы білдіріледі.
Қазақ тілінде кеңістіктік қатынастарды білдіру үшін негізінен шылаусыз барыс, шығыс, жатыс септіктері қолданылады. Бірақ дәл осы қатынастар қазақ тілінде септеулік шылаулар немесе қызметті атаулар көмегімен беріледі:
-
в деревню түсінігін екі тәсілмен жеткізуге болады: а)ауылға; б) ауылға қарай.
-
из деревни: а) ауылдан; б)ауыл ішінен.
-
в деревне: а)ауылда; б)ауыл ішінде т.с.с.
Орыс тілінде қазақ тіліндегідей шылаулар мен септеулік шылаулар арқылы сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері жасалады. Орыс тілінде атау септігінде басқа барлық септіктер шылаулармен қолданылады. Қазақ тілінде орыс тіліне қарағанда атау септігінің өз септеулік шылаулары бар, ал табыс септігі мен жатыс септіктері, керісінше септеулік шылаусыз болады, яғни өз септеулік шылаулары болмайды.
Қазақ тіліндегі септеулік шылаулар
Орыс тілінде көпшілік шылаулар қолданылады:
1.Бір қандай да бір септіктен:
а)без, близ, вне, до,для, из,от, радикроме,у,серди,из-за,из-под шылаулары барыс септігімен ғана қолданылады.
б) к – шылауы дательный септігінде;
в) про,через,сквозь – тек табыс септігінде;
г) над, перед – тек көмектес септігінде;
д)при – шылауы тек көмектес септігінде
2.Кейбір шылаулар орыс тілінде екі септіктен қолданылады.
3.Орыс тіліндегі кейбір шылаулар әр жағдайда түрлі қатынастарды білдіре тін үш септіктен өзара әрекет ете алады.
Орыс тілінің шылауы мен қазақ тілінің септеулік шылауының морфологиялық құрылымы
Жасалуы бойынша шылаулар мен септік шылаулар негізгі және туынды болып бөлінеді.
Орыс тілінде негізгі деп аталатын ең көне жасалған шылауларды бөліп көрсетеді. Мысалы: для,к,в,на,за,до,по,от,из,под,при,над,через,у,про,о,с.
Орыс тілінде өзінің толық мәнділігін жоғалтып қызметтік сөздер ретінде қолданыла бастаған сөйлем мүшелерінен жасалған шарттар көп.
Қазақ тіліндегі септеулік шылаулардың маңызды бөлігі, орыс тіліндегідей әлдеқайда кеш пайда болды. Зат есімдердің, үстеулердің және етістіктердің оқшауланған формасы болып табылады:арқылы, туралы, кейін, соң, бірге, бойы, жайында, жөнінде т.с.с. олар зат есімдердің, сын есімдердің, сан есімдердің септеулік шылаудың құрамына өтудің нәтижесі болып табылады
Қазақ тілінде қазіргі жағдайларда қарсы – наперекор, вопреки – противоположный сын есімдермен ауысып келген; басқа – кроме – иной, другой қазақ сын есімдерінен; сияқты – словно, как – похожий сын есімдерінен және т.б. сияқты сын есімдерден жасалған септеулік шылаулардың есебінен толып келеді.
Есім шылаулар орыс тілінде, қазақ тіліндегі септеулік шылаулар сияқты обьектілі, жағдаяттың және себептік қатынастарды білдіреді.
Орыс тілінде – благодаря, несмотря, спусты, начиная, с кончая, исключая, включая т.б; ал қазақ тілінде – қарай, қарағанда, жуық, тарта, астам т.б. шылаулар көсемшемен байланысты (яғни көсемшеден туындады).
Етістіктік шылаулар (қазақ тілінде – септеулік шылаулар) көбінесе себептік, мезгілдік және қарсылықты қатынастарды білдіреді.
Қазақ тілінде есептік сан есімдерден кейін тұратын және барыс септігін қажет ететін астам, тарта, жуық, таман және басқа шылаулар (около, приблизительно) шамалылықты көрсетеді.
Екі тілде де үстеулік шылаулар (септеулік шылаулар) негізінен кеңістіктік, мезгілдік және обьектілік қатынастарды білдіреді.
Ондайлар болып орыс тілінде: вне, близ, вдоль, возле, относительно, вокруг, около, мимо, сверх, среди т.б.
Қазақ тілінде бұл топқа былай, әрі, ары, бұрын, кейін, соң т.б. септеулік жатады.
Орыс тілінде бастапқы шылаулардың көпшілігі көп мағыналы және приставкалардың шеңберінде омонимдерге ие: сыехать с горы, сьехать от города т.б.
Қазақ тілінде септеулік шылаулар бір мәнді. Онымен қоса қазақ тілінде приставкалар жоқ және сондықтан омонимдік көмекші сөздер болмайды.
Жалғаулықты шылаулар
Сөздер мен тұтас сөйлемдер арасындағы түрлі мағыналық қатынастарды байланыстыру мен білдіру үшін қолданылатын көмекші сөздерді жалғаулықты шылаулар деп аталыды.
Орыс тілінде синтаксистік рөлі бойынша жалғаулықты шылаулардың екі негізгі тобын бөліп көрсетеді: салаластырылған жалғаулықты шылаулар және бағыныңқылы жалғаулықты шылаулар.
Қазақ тілінде салаластырушы жалғаулықты шылаулар ғана кеңінен кездеседі, ал арнайы бағыныңқылы жалғаулықты шылаулар жоқ, араб тілінен алынған егерден басқа. Егер уақыт болса, серуенге шығамыз – Если будет время, то мы выйдем на прогулку. Бірақ кейде қазақ тілінде басыңқы сөйлемдердің жасалуында түрлі грамматикалық формамен, септеулік шылаулармен (үшін, кейін,соң) тіркесіп (да, де, та, те) салаластырушы жалғаулықты шылдаулар қатысады.
Салаластырушы жалғаулықты шылаулар орыс тілінде өзінің негізгі мәні мен функцияларымен қазақ тіліндегі салаластырғыш жалғаулықты шылаулардың мағынасына сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |