Салықтардың экономикалық мәні мынада


Салықтар – бұл белгіленген мөлшерде және көрсетілген мерзімдерде мемлекеттің өзінің қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруының көзі болып табылатын ұлттық табыстың бір бөлігі



бет2/4
Дата20.09.2022
өлшемі2.71 Mb.
#461044
1   2   3   4
салық құқығы

Салықтар бұл белгіленген мөлшерде және көрсетілген мерзімдерде мемлекеттің өзінің қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруының көзі болып табылатын ұлттық табыстың бір бөлігі.

Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес, мемлекеттің біржақты тәртіпте заңды түрде белгілеген, белгілі бір мөлшерлердегі, қайтарусыз және өтеусіз сипатты білдіретін, бюджетке түсетін міндетті ақшалай төлемдері салықтар болып түсіндіріледі.


Бюджетке түсетін міндетті төлемдердің түрлері
Салық
Баж салығы
Алым
Төлем ақы
Белгілі бір
мөлшерде төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипатты білдіретін тұрақты, жүйелі төлем
Мемлекеттік органдардың заңдық маңызды әрекеттер жасағаны үшін біржолғы төлем
Қызметті жүзеге асыру құқығы немесе пайдалану құқығы үшін мемлекетке біржолғы төлем
Өтемдік (орнын толтырушылық сипатты білдіретін табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін тұрақты төлем)

55-бап. Салықтың түрлері


корпоративтік табыс салығы;
жеке табыс салығы;
қосылған құн салығы;
акциздер;
экспортқа рента салығы;
жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
әлеуметтік салық;
көлік құралы салығы;
жер салығы;
мүлік салығы;
ойын бизнесі салығы;
тіркелген салық;
бірыңғай жер салығы;

Мемлекеттік баж:

  • Сотқа берілетін талап арыздардан:
  • Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені үшін;
  • Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәліктер бергені және азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәліктер бергені үшін;
  • Шетелге тұрақты тұруға баруға және ҚР басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретін құжаттарды ресімдегені үшін, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін;
  • Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына ҚР кету және ҚР келу құқығына ҚР аумағында виза бергені үшін;
  • ҚР азаматтығын алу, ҚР азаматтығын қалпына келтіру және ҚР азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін;
  • Тұрғылықты жерін тіркегені үшін;
  • Аңшы куәлігін бергені және оны жыл сайын тіркегені үшін;
  • Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар мен бекіре балықтардың түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергені үшін;
  • Жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін және т.Б. Барлығы 15 түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет