Салық мөлшерлемесі (квота, үлес, зерттеліп отырған процесс немесе құбылыстың жалпы көлеміндегі көрсеткіштің бір бөлігі) – салық базасы өлшемінің бірлігіне пайыздармен немесе абсолюттік сомада белгіленетін, салық базасы өлшемінің бірлігіне салық есептеу мөлшері; Тұрақты мөлшерлемелер – табыстың мөлшеріне қатыссыз, салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (нақты салық – жер салығын салу кезінде қолданылады). Салық салудың негізгі элементтері. Салық ауыртпалығы – қоғам өміріндегі салықтардың рөлін сипаттайтын және жиынтық ұлттық өнімге салық алымдары сомасының қатынасы ретінде анықталатын, жинақталған көрсеткіш; Салық базасы – салық салудың құндық, физикалық немесе басқалай сипаттамасы; Салық иммунитеті – ерекше артықшылық жағдайды пайдаланатын тұлғалардың салық төлеу міндеттерінен босатылуы (мысалы, дипломатиялық корпус); Салық жеңілдіктері – заңдарға сәйкес салық төлеушілердің салық төлеуден толық немесе ішінара босатылуы. Салық төлеуші – салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті. Салық салудың әділдігі принципі Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады. Жеке-дара сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады. НАЗАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |