«самұРЫҚ-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» акционерлік қОҒамының ЖӘне дауыс беретін акцияларының (Қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару қҰҚЫҒында «самұРЫҚ-Қазына»


-тарау. Қор Комиссиясының отырыстарын өткізу



бет5/13
Дата01.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#170483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

5-тарау. Қор Комиссиясының отырыстарын өткізу


20. Қор Комиссиясы Холдинг пен Салалық компанияның қызметкерлерін, сондай-ақ Активтер немесе Объектілер туралы мәселелері күн тәртібіне шығарылған Компанияның қызметкерлерін консультанттар, сарапшылар және тиісті бейіннің мамандары ретіндет тартуға құқылы. Шақырылатын консультанттар, сарапшылар және мамандар Қор Комиссиясы қабылдайтын шешімдер бойынша дауыс беру құқығынсыз Қор Комиссиясына консультациялық қызметтер және сараптамалық қорытындылар беруге құқылы.

21. Қор Комиссиясының қызметін ұйымдастыруды оның мүшесі болып табылмайтын және шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығы жоқ хатшы қамтамасыз етеді. Тартылатын консультанттардың, сарапшылардың және мамандардың қызметіне ақы төлеуді қоса алғанда, Қор Комиссиясының қызметін материалдық қамтамасыз етуді Қор жүзеге асырады.

22. Қор Комиссиясының жұмысшы органы Қор Басқармасының шешімімен анықталады. Осы органның функциясына Қор Комиссиясының қызметін қамтамасыз ету кіреді.

23. Тартылатын консультанттардың, сарапшылардың және мамандардың қызметтерін сатып алу сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

24. Қор Комиссиясының хатшысы:

1) Қор Комиссиясы отырысының күн тәртібін жасайды, Қор Комиссиясының мүшелерін қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, отырысты өткізуді ұйымдастырады;

2) Конкурсқа қатысуға арналған өтініштер салынған конверттерді ашу хаттамасын, Конкурстың нәтижелері туралы хаттаманы, сондай-ақ Қор Комиссиясы отырыстарының өзге де хаттамаларын ресімдейді және оларға қол қояды;

3) Қор Комиссиясының жұмысы үшін қажетті құжаттар мен материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді;

4) Қор Комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету үшін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

25. Қор Комиссиясының отырыстары төрағаның немесе оның орынбасарларының, сондай-ақ оның құрамына кіретін тұлғалардың көпшілігінің қатысуымен өткізіледі және Қор Комиссиясының барлық қатысып отырған мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Төраға, оның орынбасарлары немесе Қор Комиссиясының мүшелері болмаған жағдайда отырыстың хаттамасында осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме жасала отырып, оның болмау себебі көрсетіледі.

26. Қор Комиссиясының әрбір мүшесі, сондай-ақ оның төрағасы мен оның орынбасары Қор Комиссиясының отырысына қатысу кезінде бір дауысты иеленеді.

27. Қор Комиссиясының шешімі ашық дауыспен, қабылданады және егер, отырысқа қатысып отырған Қор Комиссиясының құрамына кіретін және дауыс беру құқығын иеленетін адамдардың көпшілік даусы берілсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда Қор Комиссиясының отырысында төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады. Қор Комиссиясының мүшелері ерекше пікір құқығын иеленеді, ол пікір айтылған жағдайда жазбаша түрде жазылуға және Қор Комиссиясы отырысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.

28. Қор Комиссиясының жұмысына төраға басшылық жасайды.

29. Қор Комиссиясы төрағасының функцияларына:

1) Қор Комиссиясының қызметін жалпы басқару;

2) Қор Комиссиясының отырыстарын жүргізу;

3) Қор Комиссиясы қабылдаған шешімдер туралы Қор басшылығын хабардар ету;

4) Қор Комиссиясының қызметімен байланысты өзге де функцияларды жүзеге асыру кіреді.

30. Қор Комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктері Қор Комиссиясының тиісті отырысында төрағалық етуші болған төраға орынбасарларының біріне жүктеледі.

31. Қор Комиссиясының отырысы күн тәртібінің жобасын хатшы дайындайды, төрағаға немесе оның орнындағы тұлғаға келісуге береді және оған электрондық түрде қол жеткізу Қор Комиссиясының мүшелеріне Қор Комиссиясының отырысына дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

32. Қор Комиссиясының отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

33. Қор Комиссиясы отырысының хаттамасы отырысқа қатысып отырған барлық Комиссия мүшелерімен келісіледі және олар оған қол қояды және


2 жұмыс күнінің ішінде орындау (мәлімет) үшін Бірыңғай операторға, Салалық компанияға және Қорға жіберіледі.

34. Қор Комиссиясына төрағалық етуші немесе оның мүшелері отырыстың өткізілуі кезінде, егер бұл мәселе шоғырландырылған келісілген ұстанымды қалыптастыру үшін Холдингтің лауазымды тұлғаларымен және мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен қосымша пысықтауды талап етсе, Активті немесе Объектіні сату туралы мәселені күн тәртібінен алып тастауды ұсынуға құқылы. Активті немесе Объектіні сату туралы мәселені күн тәртібінен алып тастау туралы шешім қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен шешіледі.

35. Қор Комиссиясы құрамындағы әлдекімде Мүдделер қақтығысы болған жағдайда, ол адам бұл туралы Қор Комиссиясының хатшысын хабардар етеді, ол туралы Қор Комиссиясы отырысының хаттамасына жазба жазылады. Бұл ретте ол адам Қор Комиссиясының шешім қабылдауына қатыспайды.

36. Қор Комиссиясының шешімі қабылданғаннан кейін Мүдделер қақтығысының болуы анықталған жағдайда, мұндай шешімді Қор Басқармасы жарамсыз деп тануы мүмкін.


6-тарау. Салалық компания Комиссиясының жұмысы туралы жалпы ережелер

37. Салалық компанияның Комиссиясы қандай да бір Активтерге немесе Объектілерге қатысты Сауда-саттықты ұйымдастырушы тағайындаған әрбір Салалық компанияның жанынан құрылады және үдерісті ұйымдастыратын және бақылайтын, сондай-ақ тиісті Компанияларға тиесілі Активтер мен Объектілерді сатуға қатысты шешім қабылдайтын алқалы орган болып табылады.

38. Салалық компанияның Комиссиясы:

1) Компаниялардың Активтері мен Объектілерін қайта құрылымдау, сату және/немесе беру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау;

2) тиісті Компанияларға тиесілі Активтерді немесе Объектілерді сатуға сатуға қатысты Бірыңғай оператордың, Салалық компанияның және Компаниялардың ұсыныстары мен ұсынымдарын өз құзыретінің шеңберінде қарау;

3) осы қағидаларда көзделген жағдайларда тиісті Компанияларға тиесілі Активтерді немесе Объектілерді қайта құрылымдау, сату және/немесе беру жөнінде шешімдер қабылдау;

4) Активтерді немесе Объектілерді қайта құрылымдау, сату және/немесе беру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы Қор Комиссиясын және Бірыңғай операторды хабардар ету мақсатында құрылады.

39. Салалық компанияның Комиссиясы өз қызметінде:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері мен тапсырмаларын;

3) осы Қағидаларды;

4) Қор Басқармасы төрағасының немесе ол өкілеттік берген тұлғаның тапсырмаларын;

5) Қор Комиссиясының шешімдерін;

6) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және Қордың ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.

40. Сауда-саттықтың нәтижелеріне тікелей мүдделі жеке тұлғалар (оның ішінде Сауда-саттыққа қатысуға өтініш берген жеке тұлғалар не көрсетілген өтініштер берген ұйымдардың штатында тұратын жеке тұлғалар), не осы ұйымдардың тікелей немесе жанама қатысушылары (акционерлері), олардың басқару органдарының мүшелері, Сауда-саттық қатысушыларының кредиторлары болып табылатын жеке тұлғалар Комиссия мүшелері бола алмайды. Комиссияның құрамында көрсетілген тұлғалар анықталған жағдайда, Салалық компанияның бірінші басшысы оларды өзге жеке тұлғалармен жедел ауыстыруға міндетті.

41. Салалық компания, Компания және Қор үшін барынша тиімді және Актив немесе Объект орналасқан өңірдің мүдделері ескерілетін шарттарда тиісті Компанияларға тиесілі Активтерді немесе Объектілерді қайта құрылымдауды, сатуды және/немесе беруді қамтамасыз ету Салалық компания Комиссиясының негізгі міндеті болып табылады.

42. Салалық компанияның Комиссиясын құру, оның дербес құрамы және қызметін тоқтату туралы шешімді бірінші басшы немесе ол өкілеттік берген тұлға қабылдайды.

43. Салалық компанияның Комиссиясы өз жұмысының регламентін осы Қағидалардың ережелерін ескере отырып, дербес белгілейді.

44. Салалық компанияның Комиссиясы:

1) Компаниялардың Активтері мен Объектілерін қайта құрылымдау, сату және/немесе беру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау;

2) өз құзыретінің шегінде осындай Активтерді немесе Объектілерді қайта құрылымдау, сату және/немесе беру жөнінде шешімдер қабылдау және Активтерді немесе Объектілерді сатуға сатуға қатысты Бірыңғай оператордың, Салалық компанияның және Компаниялардың ұсыныстары мен ұсынымдарын қарау;

3) Активтерді немесе Объектілерді қайта құрылымдау, сату және/немесе беру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы Бірыңғай операторды және Қор Комиссиясын хабардар ету мақсатында құрылады.

45. Қордың Уәкілетті органы, Қор Басқармасы және Қор Комиссиясы қабылдаған Активтерді немесе Объектілерді сатумен байланысты шешімдер Салалық компанияның Комиссиясы орындауы үшін міндетті болып табылады. Егер Қор Комиссиясының шешімін орындау үшін Салалық компания Комиссиясының қосымша шешімдерінің қабылдануы қажет болса, мұндай шешімдер, егер Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларынан, Қор Комиссиясының шешімдерінен, ішкі құжаттардан немесе осы Қағидалардың ережелерінен өзге туындамаса, 5 жұмыс күнінің ішінде қабылданады.

46. Салалық компанияның Комиссиясының шепшімдері Қор Комиссиясының, Қордың Уәкілетті органының және Қор Басқармасының шешімдеріне қайшы келмеуге тиіс.


7-тарау. Салалық компания Комиссиясының өкілеттіктері мен функциялары

47. Салалық компанияның Комиссиясы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) өз құзыретінің шегінде Актив немесе Объект бойынша қорытындыларды, сондай-ақ Активтерді немесе Объектілерді сату, қайта құрылымдау және/немесе беру жөніндегі Бірыңғай оператордың және тиісті компаниялардың ұсыныстарын қарау;

2) Компанияның Активтері мен Объектілерін сату, қайта құрылымдау және/немесе беру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау, сондай-ақ осындай іс-шаралардың орындалғаны туралы Бірыңғай операторды және Қордың Комиссиясын хабардар ету;

3) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда Актив немесе Объект бойынша Қорытындыларды бекіту;

4) Қор Комиссиясына (Бірыңғай оператормен келісім бойынша) Қор Басқармасының қарауына Активті немесе Объектіні Сауда-саттық нысанында одан әрі сатудың орындылығы туралы шешімді шығару туралы ұсыныс беру;

5) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда Активті немесе Объектіні Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында өткізу шарттары туралы мәселені Қор Комиссиясының қарауына шығару (Бірыңғай оператормен келісім бойынша);

6) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда Сауда-саттыққа қатысуға рұқсатты келісу;

7) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда сатылатын Активті немесе Объектіні Сауда-саттықтан алып тастау туралы ұсынысты Қор Комиссиясының қарауына шығару (Бірыңғай оператормен келісім бойынша);

8) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда Сауда-саттықтың Жеңімпазын анықтау және жариялау (Бірыңғай оператормен келісім бойынша) (Аукционды және Электрондық аукционды қоспағанда);

9) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда сатылатын Активті немесе Объектіні Сауды-саттықтан алу туралы ұсынысты Комиссиясының қарауына шығару (Бірыңғай оператормен келісім бойынша);

10) егер сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді және Конкурстық өтінімдерді қабылдау және қарау кезінде, не тікелей Сауда-саттықты өткізу кезінде осы Қағидалар ережелерінің өткізілген Сауда-саттықтың қорытындыларына әсер еткен немесе әсер етуі мүмкін бұзылуына жол берілген болса, өткізілген Сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы шешім қабылдау (Бірыңғай оператормен келісім бойынша);

11) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда Активті немесе Объектіні Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында өткізуге қатысты Шарттың жобасын бекіту (Бірыңғай оператормен келісім бойынша);

12) тиісті Компанияға тиесілі Активтерді немесе Объектілерді сату, қайта құрылымдау және/немесе берумен байланысты осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

13) Салалық компанияның және Компанияның Сауда-саттықты өткізумен байланысты әрекетіне және шешімдеріне Сауда-саттыққа Қатысушылардың және өзге де мүдделі тұлғалардың шағымдары мен арыздарын қарау;

14) шетелдіктерді, азаматтығы жоқ адамдарды және резидент еместер және олармен үлестес тұлғалар немесе шет мемлекеттер қатысатын (тікелей немесе жанама) заңды тұлғаларды Сауда-саттыққа жіберу туралы шешім қабылдау.

48. Салалық компанияның Комиссиясы өз құзыретінің шегінде:

1) тиісті Компаниядан белгіленген тәртіппен Салалық компания Комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпарат сұратуға және алуға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес консультациялар мен сараптамалар жүргізу үшін тиісті бейіндегі мамандар мен сарапшыларды тартуға;

3) Салалық компанияның Комиссиясына жүктелген міндеттер мен функцияларды тиімді орындау үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

49. Салалық компанияның Комиссиясы осы Қағидалардың Error: Reference source not found, Error: Reference source not found, Error: Reference source not found, Error: Reference source not found-тармақтарына, Error: Reference source not found, Error: Reference source not found, Error: Reference source not found, Error: Reference source not found-тармағының 3) тармақшасына, Error: Reference source not found, Error: Reference source not found, Error: Reference source not found, , , , , , , , , , , , , , ,
-тармақтары 2) тармақшасының д) бөлігіне сәйкес қабылдайтын шешімдер Бірыңғай оператормен алдын ала келісаілуге тиіс, ол осындай шешімдерді келісу туралы мәселені толық көлемде Қор Комиссиясының отырысына жіберуге құқылы. Салалық компания Комиссиясының көрсетілген шешімдері, егер тиісті мәселе оның қарауына шығарылса, Бірыңғай оператормен немесе Қор Комиссиясымен келісілгеннен кейін қабылданады.

50. Салалық компания Комиссиясының Активтер мен Объектілерді сатумен байланысты мәселелер жөніндегі шешімдері тиісті Салалық Компанияға ғана, сондай-ақ аталған Салалық Компания Активтер мен Объектілерді сатуға қатысты Сауда-саттықты ұйымдастырушы ретінде түсетін Компанияға қолданылады.


8-тарау. Салалық компания Комиссиясының құрамы

51. Салалық Компания Комиссиясының дербес құрамы Салалық Компания бірінші басшысының немесе ол өкілеттік берген тұлғаның бұйрығымен қалыптастырылады және бекітіледі және оның құрамына мемлекеттік органдардың, оның ішінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (келісім бойынша) немесе оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіре алады.

52. Салалық Компания Комиссиясының дербес құрамын белгілеу кезінде оның мүшелерінің құрамына жергілікті атқарушы органдардың, сатуға жататын Актив немесе Объект аумағында орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің өкілдерін енгізу көзделуі мүмкін. Жергілікті атқарушы органдардың осындай өкілдері осы тармақта көрсетілген Активтерді немесе Объектілерді сатумен байланысты мәселелерді қарау шеңберінде ғана Салалық Компания Комиссиясының мүшелері ретінде қарастырылады.

53. Салалық Компания Комиссиясының құрамы тиісті Салалық Компания бірінші басшысының немесе ол өкілеттік берген тұлғаның бұйрығы негізінде өзгертілуі мүмкін.

54. Салалық Компания Комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты оның төрағасы жүзеге асырады.

55. Қор Басқармасы төрағасының шешімімен тағайындалған тұлға Комиссияның төрағасы болып табылады, оның міндетіне Активтер мен Объектілерді сату, қайта құрылымдау және/немесе беру жөніндегі қызметті үйлестіру кіреді.

56. Салалық Компания Комиссиясының құрамына кемінде 5 адам кіреді, олар: Қор төраға, төрағаның орынбасары, сондай-ақ Салалық Компания Комиссиясының мүшелері. Салалық Компания Комиссиясының жұмысы үшін төраға хатшыны да тағайындайды.

57. Салалық Компания Комиссиясының құрамына мүше ретінде Холдинг қызметкерлері енгізілуі мүмкін.

58. Салалық Компания Комиссиясының төрағасы, оның орынбасары, мүшелері, хатшысы, сондай-ақ Салалық Компания Комиссиясының жұмысына қатысатын Қордың және Холдинг ұйымдарының қызметкерлері Холдингтің Активтері мен Объектілерін сату, қайта құрылымдау және/немесе беру жөніндегі қызметпен байланысты жұмысты жүзеге асыру нәтижесінде оларға белгілі болған мәліметтердің құпиялылығын сақтауға міндетті.

59. Салалық Компания Комиссиясы мүшелерінің функциясына осы Қағидаларға сәйкес оның қызметіне қатысу және өз құзыретінің мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кіреді.


9-тарау. Салалық Компания Комиссиясының отырыстарын өткізу

60. Салалық Компания Комиссиясы Холдинг пен Салалық компанияның қызметкерлерін, сондай-ақ Активтер немесе Объектілер туралы мәселелері күн тәртібіне шығарылған Компанияның қызметкерлерін консультанттар, сарапшылар және тиісті бейіннің мамандары ретінде тартуға құқылы. Шақырылатын консультанттар, сарапшылар және мамандар Салалық Компания Комиссиясы қабылдайтын шешімдер бойынша дауыс беру құқығынсыз Салалық Компания Комиссиясына консультациялық қызметтер және сараптамалық қорытындылар беруге құқылы.

61. Салалық Компания Комиссиясының қызметін ұйымдастыруды оның мүшесі болып табылмайтын және тиісінше шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығы жоқ хатшы қамтамасыз етеді. Тартылатын консультанттардың, сарапшылардың және мамандардың қызметіне ақы төлеуді қоса алғанда, Салалық Компания Комиссиясының қызметін материалдық қамтамасыз етуді Салалық Компания жүзеге асырады.

62. Салалық Компания Комиссиясының жұмысшы органы Салалық Компания бірінші басшысының шешімімен анықталады. Осы органның функциясына Салалық Компания Комиссиясының қызметін қамтамасыз ету кіреді.

63. Тартылатын консультанттардың, сарапшылардың және мамандардың қызметтерін сатып алу Сатып алу қағидаларының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

64. Салалық Компания Комиссиясының хатшысы:

1) Салалық Компания Комиссиясы отырысының күн тәртібін жасайды, Салалық Компания Комиссиясының мүшелерін қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, отырысты өткізуді ұйымдастырады;

2) Конкурсқа қатысуға арналған өтініштер салынған конверттерді ашу хаттамасын, Конкурстың нәтижелері туралы хаттаманы, сондай-ақ Салалық Компания Комиссиясы отырыстарының өзге де хаттамаларын ресімдейді және оларға қол қояды;

3) Салалық Компания Комиссиясының жұмысы үшін қажетті құжаттар мен материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді;

4) Салалық Компания Комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету үшін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

65. Салалық Компания Комиссиясының отырыстары Салалық Компания Комиссиясы төрағасының немесе оның орынбасарларының, сондай-ақ оның құрамына кіретін тұлғалардың көпшілігінің қатысуымен өткізіледі және Салалық Компания Комиссиясының барлық қатысып отырған мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Төраға, оның орынбасарлары немесе Салалық Компания Комиссиясының мүшелері болмаған жағдайда отырыстың хаттамасында осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме жасала отырып, оның болмау себебі көрсетіледі.

66. Салалық Компания Комиссиясының әрбір мүшесі, сондай-ақ оның төрағасы мен орынбасары Салалық Компания Комиссиясының отырысына қатысу кезінде бір дауысты иеленеді. Дауыс құқығын беруге жол берілмейді.

67. Салалық Компания Комиссиясының шешімі ашық дауыспен, қабылданады және егер, отырысқа қатысып отырған Салалық Компания Комиссиясының құрамына кіретін және дауыс беру құқығын иеленетін адамдардың көпшілік даусы берілсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда Салалық Компания Комиссиясының отырысында төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады. Салалық Компания Комиссиясының мүшелері ерекше пікір құқығын иеленеді, ол пікір айтылған жағдайда жазбаша түрде жазылуға және Салалық Компания Комиссиясы отырысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.

68. Салалық Компанияның Комиссиясы қабылдаған шешімдер Салалық Компания мен Компанияның орындауы үшін міндетті болып табылады.

69. Салалық Компания Комиссиясының жұмысына төраға басшылық жасайды.

70. Салалық Компания Комиссиясы төрағасының функцияларына:

1) Салалық Компания Комиссиясының қызметін жалпы басқару;

2) Салалық Компания Комиссиясының отырыстарын жүргізу;

3) Салалық Компания Комиссиясы қабылдаған шешімдер туралы Бірыңғай операторды және Қор Комиссиясын хабардар ету;

4) Салалық Компания Комиссиясының қызметімен байланысты өзге де функцияларды жүзеге асыру кіреді.

71. Салалық Компания Комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктері Салалық Компания Комиссиясының тиісті отырысында төрағалық етуші болған Салалық Компания Комиссиясы төрағасының орынбасарына немесе төраға өкілеттік берген Салалық Компания Комиссиясының мүшесіне жүктеледі.

72. Салалық Компания Комиссиясының отырысы күн тәртібінің жобасын хатшы дайындайды, төрағаға немесе оның орнындағы тұлғаға келісуге береді және оған электрондық түрде қол жеткізу Салалық Компания Комиссиясының мүшелеріне Комиссияның отырысына дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

73. Салалық Компания Комиссиясының отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

74. Салалық Компания Комиссиясы отырысының хаттамасы отырысқа қатысып отырған барлық Салалық Компания Комиссиясының мүшелерімен келісіледі және олар оған қол қояды және 2 жұмыс күнінің ішінде орындау (мәлімет) үшін Бірыңғай операторға, Салалық компанияға, Компанияға және Қорға жіберіледі.

75. Салалық Компанияның Комиссиясына төрағалық етуші немесе оның мүшелері отырыстың өткізілуі кезінде, егер бұл мәселе шоғырландырылған келісілген ұстанымды қалыптастыру үшін Салалық Компанияның, Компанияның немесе Бірыңғай оператордың лауазымды тұлғаларымен және мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен қосымша пысықтауды талап етсе, Активті немесе Объектіні сату туралы мәселені күн тәртібінен алып тастауды ұсынуға құқылы. Активті немесе Объектіні сату туралы мәселені күн тәртібінен алып тастау туралы шешім қатысып отырған Салалық Компания Комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен шешіледі.

76. Салалық Компанияның Комиссиясы құрамындағы әлдекімде Мүдделер қақтығысы болған жағдайда, ол адам бұл туралы Салалық Компания Комиссиясының хатшысын хабардар етеді, ол туралы Салалық Компания Комиссиясы отырысының хаттамасына жазба жазылады. Бұл ретте ол адам Салалық Компания Комиссиясының шешім қабылдауына қатыспайды.

77. Салалық Компания Комиссиясының шешімі қабылданғаннан кейін Мүдделер қақтығысының болуы анықталған жағдайда, мұндай шешімді Салалық Компанияның бірінші басшысы жарамсыз деп тануы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет