«самұРЫҚ-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» акционерлік қОҒамының ЖӘне дауыс беретін акцияларының (Қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару қҰҚЫҒында «самұРЫҚ-Қазына»


-тарау. Активті немесе Объектіні бірге инвестициялау немесе сенімгерлік басқару шартымен басқаруға беру



бет7/13
Дата01.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#170483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

3-тарау. Активті немесе Объектіні бірге инвестициялау немесе сенімгерлік басқару шартымен басқаруға беру.

113-1. Активтің немесе Объектінің құнын ұлғайту және кейіннен өткізу үшін Активтің немесе Объектінің меншік иесі осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Активті немесе Объектіні бірге инвестициялау талаптарында басқару немесе сенімгерлік басқаруға бере алады.

113-2. Активті немесе Объектінің бірге инвестициялау талаптарында басқаруға немесе сенімгерлік басқаруға беру мына жағдайларды орындау кезінде жүзеге асырылуы мүмкін:

1) тиісті кешенді тексеру нәтижелері негізінде, сондай-ақ Салалық компания/Қор тартылған Тәуелсіз консультанттардың ұсынымдары бойынша жан-жақты зерттеу нәтижесінде алынған Активтің немесе Объектінің бағасы Активтің немесе Объектінің қызметін оңтайландыру және/немесе Активтің немесе Объектінің іске асыру процесін оңтайландыру есебінен ұлғайту әлеуетінің бар екендігі туралы қорытынды жасалды;

2) Активтер мен Объектілерді оларды басқаруға берілген құнды ұлғайтудың расталған тәжірибесі бар тұлғалар тарапынан ең жоғары баға бойынша бірге инвестициялау және кейіннен өткізу талаптарында Активті немесе Объектіні басқаруға алу мүдделілігі бар.

113-3. Активті/объектіні бірге инвестициялау талабымен басқаруға немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау үшін негізгі шарт іске асыру үшін Басқарушы компания/инвестор тартатын актив/объекті құнының өсімі әлеуеті болып табылады. Салалық компанияның/Қордың тапсырысы бойынша тәуелсіз консультант жүргізген талдаудың негізінде Салалық компанияның комиссиясы/Қордың комиссиясы ағымдағы бағаға немесе әлеуетті сатып алушылар ұсынған бағаға қатысты құнның өсу әлеуетіне ие активтер тізбесін айқындайды.

113-4. Активті немесе Объектіні басқаруға беру мынадай түрде жүзеге асырылуы мүмкін:

1) Басқарушы компанияның және Қордың/Салалық компанияның қатысуымен Бірлескен қорды құру жолымен. Бірлескен қордың жарғылық капиталға салым ретінде Басқарушы компания ақша енгізеді, ал Қор/Салалық компания Активке немесе Объектіні қатысу үлесін енгізеді;

2) осындай Басқарушы компанияның пайдасына Активке немесе Объектіге үлесті иеліктен шығару мүмкіндігімен немесе мүмкіндігінсіз Басқарушы компаниямен/ҚАБК-пен сенімгерлік басқару шартын жасау жолымен.

113-5. Басқарушы компанияны немесе инвесторды таңдау тиісті конкурстың нәтижелері негізінде Салалық компанияның комиссиясы/Қордың комиссиясы жүзеге асырады. Конкурсқа қатысуға және конкурстың жеңімпазы туралы шешім қабылдауға рұқсат беретін өлшемдер:

- активтерді басқарудың кемінде 5 жыл ұқсас табысты тәжірибесінің болуы;

- бірге инвестициялау бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті еркін қаржылық ресурстардың болуы;

- Салалық компанияның комиссиясы/Қордың комиссиясы бекіткен басқа да өлшемдер.

Конкурстың талаптары қатысушыларға рұқсатнама өлшемдеріне сәйкестігін растайтын барлық қажетті құжаттардың берілуін көздейді.

113-6. Басқарушы компания және Активтің немесе Объектінің меншік иесі жасаған Активті немесе объектіні басқару беру туралы шарт басқалардың есебіне мынадай талаптарды қамтуға тиіс:

1) Шарттың қолданылу мерзімі;

2) басқаруға берілген Актив немесе Объекті өткізілуі тиіс уақытша интервал;

3) Бірлескен қорды немесе Активті немесе Объектіні бірге инвестициялау (егер қолданылса) және басқару бойынша Басқарушы компанияның міндеттемесі;

4) Басқарушы компанияның сыйақысын төлеу мөлшері мен талаптары;

5) уағдаласушы тараптармен келісілген өзге де маңызды талаптар.

113-7. Қордың Басқармасы басқарушы компания Қордың Басқармасы бекіткен нысан бойынша ұсынылатын Активтің немесе Объектінің қаржылық жай-күйі туралы тоқсан сайынғы есептер негізінде басқару берілетін активтің/объектінің қызметі мен көрсеткіштеріне бақылауды жүзеге асырады. Шарттың қолданылуының бүкіл кезеңі ішінде Басқарушы компания Активті немесе Объектіні басқару бойынша өз қызметі туралы есепті ұсынады. Осы есептіліктің құрамы және кезеңділігі шарттың талаптарын белгілейді.

113-8. Активті/объектіні басқаруға беру сәтінде бағалау нәтижесінде белгіленген бағаға тең немесе төмен баға бойынша басқаруға берілген Активті немесе Объектіні өткізу кезінде активті басқару беру туралы шартта шарттың тараптарына қолданылатын жауапкершілік, оның ішінде Инвестордың/Басқарушы компанияның жауапкершілік шаралары көзделуі тиіс.

113-9. Бірге инвестициялау туралы шартты қамтамасыз ету «кепіл» не шарт тараптарының келісімі бойынша сақтандыру нысанында жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте қамтамасыз ету мәні болып нақты залал, алынбаған және жоғалған пайданы қоса алғанда, әлеуетті шығындар шығуы тиіс.

113-10. Активтер және Объектілер басқаруға берілетін қызметті оңтайландыру процесінің нақты мерзімдерін Салалық компанияның комиссиясы/Қордың комиссиясы белгілейді және Активтің/Объектінің ерекшелігіне байланысты Қор Басқармасының шешімімен бекітіледі. Мерзімдер Активтің/Объектінің мөлшеріне және кешенділігіне байланысты
1-ден 5 жылға дейін өзгеруі мүмкін. Оңтайландыру процесін іске асыру мерзімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысында белгіленген мерзімдермен қайшы келмеуі тиіс. Егер оңтайландыру процесін іске асыру мерзімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысында белгіленген мерзімдерге қайшы болған жағдайда, онда мұндай мерзімдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін ғана белгіленуі мүмкін.

113-11. Салалық компанияның комиссия және Қордың Басқармасы басқаруға берілген Қордың активтері/объектілерінің қызметін оңтайландыру барысына объективті бақылауды жүзеге асыру мақсатында активтің/объектінің қызметін оңтайландыру процесінің әр кезеңінде тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.

113-12. Инвестормен/Басқарушы компаниямен шарт бұрын Инвесторға/Басқарушы компанияға төленген ақша қаражатын қайтару мүмкіндігі және/немесе егер басқаруға берілген Актив/Объекті жоспарланған аралық нәтижелерден теріс ауытқуларды көрсетсе, Инвестордан/Басқарушы компанияға Салалық компанияға/Қорға Активті/Объектіні басқару құқығын беру мүмкіндігін қарастыруы тиіс.



6-бөлім. Активтерді немесе Объектілерді өткізу тәсілдері мен түрлері

1-тарау. Сауда-саттықты жүргізу тәртібі туралы жалпы ережелер

114. Осы Тараудың ережелері егер Сауда-саттықтың жекелеген тәсіліне қатысты осы Қағидалардың ережелерінде өзгеше көзделмесе, Сауда-саттықты өткізудің барлық тәсілдеріне таратылады.

115. Егер Сауда-саттықты ұйымдастырушы мен Жүйенің операторы арасында жасалған шартта өзгеше көзделмесе, Электрондық аукцион, Электрондық конкурс туралы осы Қағидалардың ережелері қолданылады.

116. Активтерді немесе Объектілерді өткізу кезінде Сауда-саттықты өткізудің мынадай тәсілдері:

1) аукцион (оның ішінде, Электрондық аукцион түрінде);

2) конкурс, оның ішінде:

а) ашық конкурс;

б) электрондық конкурс

в) ашық екі кезеңдік конкурс;

г) жабық екі кезеңдік конкурс түрінде қолданылуы мүмкін.

117. Осы Қағидаларда көзделген жағдайларда, Активті немесе Объектін өткізу Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанымен жүргізілуі мүмкін.

118. Сауда-саттыққа ана немесе мына тәсілмен өткізуге дайындық Комиссия шешімін алғаннан кейін басталады және егер осы Қағидалардың ережелерінде өзгеше көзделмесе, мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) сауда-саттықтың ұйымдастырушысы Сауда-саттық туралы хабарламаны жариялауды жүзеге асырады;

2) Компания Сауда-саттыққа қатысуға үміттенген тұлғалардан Қамтамасыз етуді қабылдайды;

3) сауда-саттық туралы хабарламада көзделген мерзім ішінде Сауда-саттықты ұйымдастырушы Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді қабылдау жүргізіледі.

119. Сауда-саттық туралы хабарлама мемлекеттік және/немесе орыс тілінде жасалуы және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

1) Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді беру және қабылдау орны, күні, тәртібі және мерзімі;

2) Сауда-саттықты өткізу күні, уақыты, орны, тәсілі және әдісін;

3) өткізуге жататын Активтің немесе Объектінің атауы және деректемелері, сондай-ақ оның өндірістік-экономикалық ерекшеліктері мен сипаттамалары;

4) Активтермен немесе Объектілермен таныстыру күнін, уақытын және тәртібін;

5) Қамтамасыз ету мөлшері және оны ұсынуға арналған деректемелерді;

6) Сауда-саттықты өткізу тәртібі мен мерзімі, оның ішінде Сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу тәртібі, Жеңімпазды айқындау талабы;

7) Шартқа қол қою мерзімін;

8) Сауда-саттықты ұйымдастырушының байланыс деректері және орналасқан жері;

9) Жүйе операторының байланыс деректері және орналасқан жері (Электрондық аукционды немесе Электрондық конкурсты өткізген кезде);

10) Актив немесе Объектіні алдын ала дайындау барысында қалыптасқан Активке немесе Объектіге байланысты құжаттардың электрондық базасына кіру рұқсатын алу тәсілі;

11) Актив немесе Объекті бойынша құжаттаманың тиісті пакетін алу тәсілі;

12) егер оны ұсыну қажеттілігі Комиссия шешімінде көрсетілсе, Сауда-саттыққа қатысуға үміттенген тұлғаның бенефициарлары туралы ақпаратты ашу туралы талап;

13) егер бұл Комиссия шешімінде көзделсе, Сауда-саттық Қатысушыларына қойылатын талаптар;

14) Активті немесе Объектіні өткізудің ерекше талаптары;

15) Сауда-саттыққа және Конкурстық өтінімге қатысуға арналған өтінішке қоса тіркелуі тиіс құжаттар тізбесі (егер қолданылса);

16) Сауда-саттыққа қатысу туралы өтініштің осы Қағидаларға сәйкестігі қажеттілігіне нұсқау;

17) Сауда-саттықты ұйымдастырушының қалауы және/немесе Комиссия шешіміне сәйкес басқа ақпарат.

120. Егер Активті немесе Объектіні өткізуді жүзеге асыру үшін қандай да бір рұқсаттар мен келісулер қажет болса, оларды алу үшін заңнаманың талаптарына сәйкес Сауда-саттықты өткізу нәтижесінде алынуға тиіс ақпарат болу қажет, Сауда-саттық туралы хабарламада Сауда-саттықтың Актив немесе Объектіні және Актив немесе Объектінің әлеуетті сатып алушысының ұсынып отырған бағаларын және сатудың өзге де талаптарын айқындау мақсатында өткізіледі және Шарт егер осындай рұқсаттар мен келісулер (оның ішінде артықшылықты және/немесе басым құқықтан бас тарту) берілген жағдайда жасалатын болады.

121. Сауда-саттық туралы хабарламаны Сауда-саттықты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында аптасына кемінде 3 рет басып шығару кезеңділігімен жариялайды. Сонымен бір уақытта Сауда-саттық туралы хабарламаны мерзімді баспасөз басылымында жариялаумен ол Компанияның, Салалық компанияның, Жүйенің және Бірыңғай оператордың веб-сайттарында жариялануы тиіс.

122. Қажет болған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген жағдайларда Комиссия Сауда-саттықты ұйымдастырушының шағымдануы бойынша Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді беруді аяқтаған күнге дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей Сауда-саттық туралы хабарламаға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдауға құқылы. Көрсетілген шешімді қабылдаған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде осындай өзгерістерді Сауда-саттық туралы хабарлама және Актив немесе Объекті бойынша құжаттама пакеті орналастырылған көздерге де Сауда-саттықты ұйымдастырушы орналастырады. Бұл ретте Сауда-саттыққа қатысуға өтініштер беру мерзімі Сауда-саттық туралы хабарламаға немесе Актив немесе Объекті бойынша құжаттама пакетіне енгізілген өзгерістер сипаттамасын есепке ала отырып, кемінде 10 жұмыс күніне Комиссия шешімімен ұлғайтылады.

123. Активті немесе Объектіні өткізу талаптарын, оның ішінде Сауда-саттықты өткізу талаптарын өзгертпейтін өзгерістер мен толықтыруларды Сауда-саттықты ұйымдастырушы Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді беруді аяқтау күніне дейін 2 жұмыс күнінен кешіктірмей дербес енгізілуі мүмкін. Көрсетілген шешімді қабылдаған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде осындай өзгерістерді Сауда-саттық туралы хабарлама және Актив немесе Объекті бойынша құжаттама пакеті орналастырылған көздерге Сауда-саттықты ұйымдастырушы орналастырады.

124. Сауда-саттықты өткізген кезде мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында осы Қағидалардың 122 және 123-тармақтарының ережелері егер Электрондық сауда-саттықты өткізу регламентінде өзгеше көзделмесе, қолданылмауы мүмкін.

125. Егер осы Қағидалардың ережелерінде немесе Комиссия шешімінде өзгеше көзделмесе, сонымен бір мезгілде Салалық компанияның, Бірыңғай оператордың және Компанияның ресми веб-сайтында, жария қолжетімділіктегі мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында Сауда-саттық туралы хабарламаны жариялаумен мыналарды шектемей, қоса алғанда Компанияның уәкілетті өкілі ЭЦҚ қол қойған Компанияның Активі немесе Объектісі туралы ақпаратты орналастырады:


1) активтің немесе Объектінің құнын бағалау туралы есеп;

2) активтің немесе Объектінің суреті;

3) аудиттелген қаржылық есептілік (егер қолданылса);

4) аауда-саттықты ұйымдастырушы және/немесе оның консультанттары дайындаған Актив немесе Объекті туралы өзге де ақпарат;

5) актив немесе Объекті бойынша құжаттама пакеті;

6) Актив немесе Объектіні алдын ала дайындау барысында қалыптасқан Активке немесе Объектіге байланысты құжаттардың электрондық базасы.


126. Сауда-саттық туралы хабарламаны алған және танысқан және Сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді қабылдауды аяқтаған күнге дейін кез келген жұмыс күнінде сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өткізілетін Актив немесе Объектіні қарап тексеруге және танысуға құқылы. Көрсетілген күннен кейін осындай құқыққа тек Сауда-саттыққа қатысуға өтінішті белгіленген тәртіппен берген тұлғалар ие болады.Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді қарағаннан және осындай тұлғаларды Сауда-саттыққа қатысуға жіберу немесе жібермеу туралы шешімдер қабылдағаннан кейін өткізілетін Актив немесе Объектіні қарап тексеру және танысу құқығына тек қана тиісті Сауда-саттықтың Қатысушылары ие болады.

127. Осы Қағидалардың ережелерін есепке ала отырып, Сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірген тұлға Сауда-саттыққа қатысуға өтініш бергенге дейін де, кейін де құқылы:


1) егер осындай мәліметтер мен нақтылауларды ұсыну үшінші тұлғаларға талдау жүргізу немесе сұраулар жіберуді талап ететін болса, Актив немесе Объектіге қатысты қосымша мәліметтерді, нақтылауларды тегін алуға. Үшінші тұлғаларға тең жағдайларда берілуі талдау жүргізу немесе сұраулар жіберуді талап ететін мәліметтер мен нақтылаулар Сауда-саттықты ұйымдастырушының қалауы бойынша Сауда-саттыққа қатысуға үміттеніп отырған тұлғаларға берілуі мүмкін;

2) өткізілетін Активті немесе Объектіні алдын ала қарап тексеруге;

3) Активті немесе Объектіні Алдын ала дайындау барысында қалыптасқан Актив немесе Объектіге қатысты құжаттардың электрондық базасына қолжетімділік алуға;

4) сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді беру үшін мерзім аяқталған күннен кешіктірмей тиісті жазбаша өтінішті Сауда-саттықтың ұйымдастырушысына жіберу жолымен Сауда-саттыққа қатысуға арналған өзінің өтінішін кері қайтаруға. Мұндай жағдайда Аукционға қатысу үшін Қамтамасыз ету ретінде енгізілген кепілді жарна сомасы Қатысушыға толық көлемде қайтарылады;

5) тігілген және Компанияның мөрімен бекітілген Актив немесе Объекті бойынша құжаттама пакетін алуға.

128. Сауда-саттыққа қатысуға үміттеніп отырған тұлға Сауда-саттық туралы хабарламаға сәйкес Қамтамасыз етуді енгізуі тиіс. Ол үшін Сауда-саттыққа қатысуға үміттеніп отырған тұлға Сауда-саттық туралы хабарламаға сәйкес есепшотқа кепілді жарнаны енгізу туралы төлемдік тапсырманы ұсынады. Қамтамасыз ету Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген тиісті есепшотқа ақшалай қаражат түскеннен кейін ғана енгізілген болып саналады.

129. Жеңімпаз деп танылған және Шарт жасасқан Сауда-саттық қатысушысының кепілді жарнасы тиісті Шарт бойынша Сатып алушының ақшалай міндеттемелерін орындау ретінде есептеледі.

130. Компания Қамтамасыз ету ретінде енгізген кепілді жарнаны:


1) егер Сауда-саттықтың Қатысушысы Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді беру үшін мерзім аяқталған күннен кейін қатысудан бас тартса;

2) Комиссияның шешімі бойынша Сауда-саттықтың Қатысушысы осы Қағидаларды бұзған немесе Аукционды өткізуге бөгеуіл немесе кедергі жасаған жағдайда, ол жөнінде Сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамада белгі қойылады;

3) Конкурстық ұсынысты немесе Конкурстық өтінімді белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе Ашық конкурс, Ашық екі кезеңдік конкурс немесе Электрондық конкурс шеңберінде өткізілетін Актив немесе Объектіні сатып алу бағасын ұсыну рәсіміне қатыспаған Конкурстың қатысушысына;

4) Конкурстық ұсыныстың және Конкурстық өтінімнің талаптары Сауда-саттық туралы хабарламада немесе Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламада жазылған ең төменгі талаптарға сәйкес келмегені мәлім болған Конкурстың қатысушысына;

5) Сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан (осы Қағидаларда көзделген жағдайларда) не Актив немесе Объекті бойынша құжаттама пакетіне, Сауда-саттық туралы хабарламаға және өткізілген Сауда-саттықтың нәтижелеріне сәйкес талаптарда Шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда Жеңімпазға;

6) Сатып алушы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда;

7) осы Қағидаларда көзделген өзге де жағдайларда қайтармайды.

131. Қалған жағдайларда Қамтамасыз ету Шарт бойынша ақшалай міндеттемелерді орындамау ретінде есепке алынбаған Қамтамасыз ету ретінде енгізілген кепілді жарна сомасын қайтару үшін банктік деректемелерді көрсетіп, тиісті өтінішті берген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

132. Электрондық аукционға немесе Электрондық конкурсқа қатысуға өтініш беру үшін тұлға Жүйеге тіркелген болуы тиіс.

133. Жүйеге тіркелу үшін тұлға мынадай мәліметтерді беруді көздейтін Жүйе ұсынған тиісті нысанды толтыруға тиіс:

1) заңды тұлғаның толық атауы, оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлға ретінде тіркелгені туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғаның толық аты, тегі және әкесінің аты (болған кезде), оның жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) тұлғаның мекенжайы немесе тұрғылықты жері;

4) Жүйедегі тұлғаның есепке алу жазбасына кіру рұқсаты бар тұлғалардың тізбесі;

5) кепілді жарнасын қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

6) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефон, факс, e-mail);

7) Жүйеге тіркелетін тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің ЭЦҚ қолданылу мерзімі;

8) жүйеге тіркеу және өткізілетін Электрондық аукциондарға қатысу үшін қажетті өзге де мәліметтер.

134. Жүйеге тіркеген кезде мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:


1) жеке тұлғалар үшін:

          1. паспорттың немесе жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;

          2. жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

2) заңды тұлғалар үшін:

          1. барлық өзгерістермен және толықтырулармен жарғының электрондық көшірмесі;

          2. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің немесе анықтаманың электрондық көшірмесі;

          3. Бірінші басшыны тағайындау (сайлау) туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

          4. осындай заңды тұлғаның жарғысына сәйкес сенімхатсыз заңды тұлғаның атынан жасауға құқығы заңды тұлғаның бірінші басшысын қоспағанда, Жүйеге тіркеу құқығына арналған сенімхаттың электрондық көшірмесі;

3) Жүйедегі адамның есеп жазбасына рұқсаты бар тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері;

4) Жүйеге тіркелуге арналған нысанға сәйкес өзге құжаттар мен мәліметтер.


135. Шетелдік заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттері сияқты осы Қағидалардың 25) тармағында көзделген құжаттарды не ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады.

136. Жүйеге тіркелу кезінде ұсынылатын барлық құжаттар мен мәліметтер мемлекеттік және/немесе орыс тілінде ұсынылуы тиіс. Өзге тілде берілетін құжаттар мемлекеттік және/немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен берілуге тиіс.

137. Жүйеге тіркелу үшін ұсынылған қандай да болмасын мәліметтерге немесе құжаттарға өзгерістер немесе толықтырулар енгізген кезде немесе көрсетілген мәліметтерді алмастыратын құжаттарды немесе құжаттарды алған кезде Жүйеге тіркелген тұлға 1 жұмыс күні ішінде Жүйеге енгізілген мәліметтерді жаңартады.

138. Жүйеге тіркелу кезінде осы Қағидалардың 25) тармақшасында санамаланған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерінің Электрондық көшірмелерін ұсынуға жол беріледі.

139. Шетелдік мемлекеттік органдар немесе ұйымдар берген құжаттарды берген жағдайда, осындай құжаттар егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және тарабы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шарттар мен келісімдерде өзгеше көзделмесе, белгіленген тәртіппен заңдастырылуы немесе расталуы тиіс.

140. Жүйеге тіркелуге жіберілген өтініш және оған қоса берілген құжаттар өтініш күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қаралады. Өтініш берушінің электрондық мекенжайындағы қарау нәтижелері бойынша Жүйеге тіркеу туралы тиісті хабарлама немесе жіберілген өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бас тарту себептерін көрсетіп, тіркеудегі бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.

141. Жүйенің жұмыс істеуін Жүйенің операторы қамтамасыз етеді.

142. Сауда-саттықты ұйымдастырушы Жүйе операторымен жасалатын шарттың негізінде Жүйенің қызметтерін пайдаланады.

143. Сауда-саттықты өткізу барысында Сауда-саттыққа қатысуға кедергі келтіретін техникалық бұзу пайда болған кезде, Қатысушы:


        1. Жүйе операторының байланыс деректерімен Қатысушының мониторына электрондық хабарламаны шығару жолымен Жүйеге тұрақты байланыстың болмау сәтінен бастап 30 секунд ішінде хабарлайды;

        2. телефон немесе электрондық хабарлама арқылы Жүйе операторының байланыс деректері бойынша дереу хабарлайды.

144. Жүйенің операторы техникалық бұзылу фактісін тіркейді және ол Жүйе жағында болған кезде ақпаратты Жүйенің веб-порталында орналастыру арқылы барлық Сауда-саттықтың Қатысушыларына хабарлайды.

145. Қатысушының компьютерлік және/немесе телекоммуникациялық жабдықтары техникалық бұзылған кезде Сауда-саттық жалғастырылады.

146. Сауда-саттықты жүргізуге кедергі келтіретін осы Қағидалардың
144-тармағында көрсетілген Жүйенің техникалық бұзылу фактісі болған жағдайда Жүйе операторы осы жөнінде Сауда-саттықтың ұйымдастырушысына жазбаша түрде хабарлайды, ал Сауда-саттықтың ұйымдастырушысы ақпаратты Жүйеге орналастыру және Жүйеде көрсетілген Қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы Сауда-саттықты жалғастыру күні мен уақыты туралы Сауда-саттыққа қатысқан Қатысушыларға міндетті алдын ала хабарламамен техникалық бұзылуды Жүйе операторы түзеткеннен кейін келесі 3 жұмыс күнінің біріне Сауда-саттықты ауыстырады.

147. Мыналар:


1) осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен немесе Шарт жасасқан және оның талаптарын орындамаған тиісті Компаниямен Шартқа қол қоюдан бұрын бас тартқан Сауда-саттықтың жеңімпаздары;

2) Қордың Уәкілетті органының, Қор Басқарманың, Салалық компания Комиссиясының, Қор Комиссиясының мүшелері және қызметкерлері, Сауда-саттықтың ұйымдастырушы, олардың жақын туыстары (ата-аналары, жұбайы (зайыбы), аға-інілері, апа-сіңлісі, балалары) немесе жекжаттары (ата-аналары, жұбайы (зайыбы), аға-інілері, апа-сіңлісі, балалары), сондай-ақ Аукционшының жақын туыстары (ата-аналары, жұбайы (зайыбы), аға-інілері, апа-сіңлісі, балалары) немесе жекжаттары (ата-аналары, жұбайы (зайыбы), аға-інілері, апа-сіңлісі, балалары);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе құрылтайшылық құжаттарына сәйкес заңды тұлғалар жүзеге асырылуы Сауда-саттықта Активті немесе Объектіні сату шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға құқылы емес;

4) Сауда-саттық туралы тиісті хабарламада көзделген талаптарға сәйкес келмейтін тұлғалар;

5) заңнама нормаларынан туындайтын жағдайларда (оның ішінде, Стратегиялық объектілер болып табылатын Активтерді немесе Объектілерді өткізу кезінде) шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және резидент еместер мен олармен үлестес тұлғалардың (тікелей немесе жанама) қатысуымен заңды тұлғалар;

6) Комиссияның шешімі бойынша шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар және резидент еместердің және олармен үлестес тұлғалардың немесе шетелдік мемлекеттердің (тікелей немесе жанама) қатысуымен заңды тұлғалар Сауда-саттықтың қатысушылары бола алмайды.



148. Сауда-саттыққа қатысу үшін мыналарды:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініш. Өтініш Сауда-саттыққа қатысуға үміттеніп отырған тұлғаның міндеттемесін тікелей қарастыруға, Компаниямен Шарт жобасына, Конкурстық ұсынысқа немесе ол ұсынған баға бойынша немесе Аукцион өткізу барысында оның уәкілетті өкілі келісімін білдірген Конкурстық өтінімге (егер қолданылса) сәйкес Шарт жасауға тиіс;

2) жеке тұлғалар үшін:

а) паспорттың немесе жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;

б) банктен ағымдағы есепшоттың бар екендігін растайтын анықтаманың түпнұсқасын;

в) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефон, факс, e-mail);

3) заңды тұлғалар үшін:

а) барлық өзгерістермен және толықтыруларымен жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін;

б) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін;

в) нотариалды куәландырылған және расталған құжаттардың апостилдендірілген (егер қолданылса) көшірмелерін (егер ол туралы Сауда-саттық туралы хабарламада тікелей нұсқау болса, осы ақпарат ұсынылады) қоса бере отырып, Сауда-саттыққа қатысуға үміттеніп отырған тұлғаның барлық түпкілікті бенефициарлары туралы мәліметтер;

г) банктен ағымдағы есепшоттың бар екендігін растайтын анықтаманың түпнұсқасын;

д) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефон, факс, e-mail);

4) Қамтамасыз етудің берілуін растайтын құжаттың түпнұсқасын;

5) Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішке қол қоюшының жеке басын және өкілеттігін куәландыратын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесін;

6) акционерлік қоғамдар үшін - Сауда-саттық туралы хабарлама жариялаған күннен ерте емес күндегі жағдай бойынша Сауда-саттыққа қатысуға үміттеніп отырған тұлғаға қатысты акционерлер тізілімінен үзінді көшірменің түпнұсқасы;

7) шетелдік заңды тұлғалар үшін – Сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күнге дейін 2 айдан ерте емес берілуі тиіс құрылтайшылық және тіркеу құжаттарының нотариалды куәландырылған және апостилирленген көшірмелері;

8) Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды;

9) персоналдың біліктілігін қоса алғанда, Сауда-саттыққа қатысуға үміттеніп отырған тұлғаның қаржылық, техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктері туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды;

10) осындай тұлғаның Қамтамасыз етуді енгізуі үшін қажетті қолданылатын заңнамада және оның құрылтайшылық құжаттарында көзделген Сауда-саттыққа қатысуға үміттеніп отырған тұлғаның барлық қажетті корпоративтік шешімдері, оның ішінде ірі мәмілені немесе жасалуына мүдделілігі бар мәмілелерді мақұлдау жөнінде және/немесе жасау туралы (егер қолданылса) шешім;

11) Сауда-саттық туралы хабарламаға сәйкес өзге де құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы қажет.


149. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініш Қатысушы-жеке тұлғаның немесе Қатысушы-заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің (Электрондық аукцион немесе Электрондық конкурс үшін ЭЦҚ) қолымен, сондай-ақ Қатысушының (Электрондық аукционнан немесе Электрондық конкурстан қоспағанда, бар болған кезде) мөрімен бекітілуі тиіс.

150. Осы Қағидалардың ережелеріне және Сауда-саттық туралы хабарламаға сәйкес қоса берілетін құжаттар Электрондық аукционға немесе Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтініште Қатысушы-жеке тұлғаның немесе Қатысушы-заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің ЭЦҚ қол қойылған Электрондық көшірмелері немесе Электрондық құжаттары түрінде берілуі тиіс.

151. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініш, Конкурстық ұсыныс немесе Конкурстық өтінім, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттар немесе мәліметтер (оның ішінде Электрондық көшірмелер түрінде ұсынылатын) Сауда-саттық туралы хабарламаның тілінде ұсынылуы не сондай тілге нотариалды куәландырылған аудармасымен берілуі тиіс.

152. Жеке немесе заңды тұлғалар (консорциум, одақ және т.б.) тобы Сауда-саттықтың Қатысушысы ретінде шығу ниеті болған жағдайда, мұндай тұлғалар Сауда-саттыққа қатысуға бірдей өтініш береді. Егер Сауда-саттық туралы хабарламада өзгеше көзделмесе, осы Қағидаларда және Сауда-саттық туралы хабарламада көзделген құжаттар осы Қағидалардың 148-тармағының
4) тармақшасында көзделген құжаттарды қоспағанда, осындай топ шеңберіндегі тұлғалардың әрқайсысына ұсынылады. Тұлғалардың көрсетілген тобы қатысушыларының әрқайсысы Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес келуі және тиісті растаушы құжаттарды ұсынуы тиіс.

153. Жеке немесе заңды тұлғалар (консорциум, одақ және т.б.) беретін Сауда-саттыққа қатысу туралы өтінішке осындай тұлғалардың бірлескен қызметін реттейтін келісім, сондай-ақ тұлғалардың аталған тобының қалған қатысушыларының атынан шығатын осындай тұлғалардың біріне өкілеттік жасайтын құжат қоса тіркеледі.

154. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініш және электрондық емес нысанда өткізілетін Сауда-саттық қатысушы ретінде тіркелуге арналған құжаттар жапсырылған конвертте беріледі.

155. Сауда-саттықтың нысанына және түріне қарамастан, Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініш Аукционға, Электрондық аукционға, Конкурсқа немесе Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтініш ретінде қарастырылады.

156. Сауда-саттықтың ұйымдастырушысы тиісті Жүйе операторымен жасалған тізілімнің веб-порталында бұл сауда-саттықты жүргізу бойынша электрондық қызмет көрсету туралы шартта көзделгендей, көрсетілген веб-порталда тіркелуі тиіс.

157. Егер Жүйе ретінде тізілімнің веб-порталы айқындалған жағдайда, Электрондық аукционның және Электрондық конкурстың қатысушыларын тіркеу осы Қағидаларда және электрондық сауда-саттықты жүргізу регламентінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

158. Қатысушыларды тіркеу веб-порталда көрсетілген Сауда-саттық туралы хабарламаны жариялаған күннен бастап мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жүргізіледі және тиісті Сауда-саттық басталғанға дейін 2 сағат бұрын аяқталады.

159. Сауда-саттыққа қатысу үшін мыналарды көрсете отырып мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде);

3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банкте банктік есепшот деректемелері;

4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефон, факс, е-mail).


Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде бір жұмыс күнінің ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректер өзгереді.

160. Электрондық аукционның немесе Электрондық конкурстың Қатысушысы ретінде тіркеу үшін мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында Электрондық сауда-саттық жүргізу регламентіне сәйкес Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішті тіркеуі қажет.

161. Электрондық аукционға немесе Электрондық конкурсқа қатысуға үміттеніп отырған тұлғалар мынадай құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса тіркеу отырып, Сауда-саттық талаптарымен келісуді көздейтін Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішті тіркейді:


1) деректер қорының арнайы жүргізілген веб-порталында электрондық конвертке жүктелетін тендер (конкурс) қатысушысы қол қойған баға ұсыныстарын;

2) сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген мүліктің қатысушыларына және/немесе сатып алушыларға қойылатын ерекше жағдайлар мен қосымша талаптарға сәйкестігін растайтындарды.

Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен құрылтайшылық құжаттардың нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.

162. Сауда-саттыққа қатысуға өтініш бергенге дейін Қатысушы Сауда-саттық туралы хабарламаға сәйкес Қамтамасыз етуді енгізеді. Конкурстың қатысушысы түпнұсқасы Сауда-саттық басталғанға дейін Сауда-саттық ұйымдастырушысына берілетін Электрондық сауда-саттықты жүргізу регламентіне сәйкес нысан бойынша өтінімге банктік кепілдіктің сканерленген көшірмесін бекітуге құқылы.

163. Сауда-саттықтың қатысушылары сатылатын бір объекті бойынша кепілді жарналардың кез келген санын енгізуге жол береді, бұл ретте кепілді жарна қатысушының осы кепілді жарнаны енгізген сауда-саттығына қатысу үшін сол объектіні ғана сатып алу құқығын береді.

164. Қатысушы оларға енгізілген Қамтамасыз етуді қайтаруға арналған құқықты жоғалтпай, Сауда-саттыққа қатысуға арналған Өтініштерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытта мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдаланумен Электрондық аукционға немесе Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өз өтінішін қайтарып алуы мүмкін.

165. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштер және оған қоса берілетін оған қоса берілетін Қатысушылар құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелері деректер қорында сақталады және Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген уақытқа және күнге дейін жүктеу және қарап тексеру үшін қолжетімді емес.

166. Сауда-саттыққа қатысуға өтінішті тіркегеннен кейін тізілімнің веб-порталы өтінім берілген Актив немесе Объекті бойынша кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер деректер қорында бар болуына автоматты тексеру жүргізеді.

167. Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген тиісті шотта кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер деректер қорында болған не Қатысушының сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішіне банктік кепілдіктің сканерленген көшірмесін тіркеген жағдайда мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішті қабылдауды және Қатысушының Сауда-саттыққа жіберілуін жүзеге асырады. Деректер қорында Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген есепшотқа кепілді жарнаның келіп түскендігі туралы мәліметтер болмаған кезде мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішті қабылдамайды.

168. Өтінімді қабылдауда тізілім веб-порталынан бас тарту үшін негіз қатысушының осы Қағидалардың 159 және 160-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ ұйымдастырушының шотына кепілді жарнаның түспеуі болып табылады:


1) сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын – ЭҮШП арқылы кепілді жарнаны төлеу кезінде;

2) сауда-саттықты бастағанға дейін жиырма төрт сағат ішінде – қолма-қол ақшасыз тәртіппен кепілді жарнаны төлеудің басқа әдістерін пайдалану кезінде.


169. Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын автоматты тексеру нәтижелері бойынша Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініш туралы не оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама тізілімнің веб-порталында көрсетілген Қатысушының электрондық мекенжайына жіберіледі.

170. Электрондық аукционға жіберілген Қатысушы тізілімнің веб-порталымен берілетін аукциондық нөмір бойынша аукциондық залға кіруге рұқсат беріледі.

171. Сауда-саттыққа қатысуға жеке және заңды, оның ішінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен шетелдік заңды тұлғаларға рұқсат етіледі.

172. Электрондық аукционға және Электрондық конкурсқа Қатысушылар ретінде қатыспайды:


1) Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген Қатысушыларға қойылатын қосымша талаптарға сәйкес келмейтін заңды (жеке) тұлға);

2) Жүйенің операторы;

3) Сауда-саттықты ұйымдастырушы.

173. Қамтамасыз ету ретінде енгізілген Жеңімпаздың кепілді жарнасы Жеңімпазды анықтаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Компанияның есепшотына аударылады және Сатып алу-сату шарты бойынша есептелетін төлемдер есебіне жатады.


Осы тармақта көзделмеген қалған жағдайларда, кепілді жарналар Сауда-саттықты өткізген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Қатысушыларға қайтарылады.

174. Жеңімпаздың банктік кепілдігінің түпнұсқасы аванстық төлем түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қайтарылады.


Осы тармақта көзделмеген қалған жағдайларда, банктік кепілдіктің түпнұсқалары Сауда-саттықты өткізген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Қатысушыларға қайтарылады.

175. Сауда-саттыққа қатысуға өтінім бермеген тұлғалардың кепілді жарналары тізілімнің веб-порталында қалыптасқан кепілді жарнаны қайтаруға арналған өтінішті ЭЦҚ пайдалана отырып осы тұлғаның қол қойған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде қайтарылады.

176. Кепілді жарнаны қайтаруға арналған өтінішке қол қою мүмкіндігі ұйымдастырушының есепшотына кепілді жарна түскен күннен бастап
30 күнтізбелік күн өткеннен кейін сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімді бермеген тұлғаға беріледі.

177. Сауда-саттықты ұйымдастырушы:


1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Сауда-саттықты дайындау және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде Сауда-саттық қатысушыларына қатынасы бар ақпаратты жариялауға. Бұл ретте Жүйеге тіркелген кезде ұсынылған ақпараттың құпиялылығы Жүйенің иесі мен пайдаланушы арасындағы келісімде айқындалады;

2) осы Қағидаларда және Сауда-саттық туралы хабарламада көзделген құжаттардан басқа, Сауда-саттыққа Қатысушы ретінде тіркеу үшін қосымша құжаттарды беруін талап етуге құқылы емес.


178. Сауда-саттықтың ұйымдастырушысы Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштердің тіркелуін жүзеге асырады, оларды Өтініштер тізіліміне енгізеді.

179. Сауда-саттыққа қатысуға үміттеніп отырған тұлға мынадай жағдайларда Сауда-саттыққа қатысуға кіру рұқсатынан бас тартуы мүмкін:


1) егер Активті немесе Объектіні осындай тұлғаның пайдасына беру Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарын, оның ішінде елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтамауға алып келсе. Мұндай жағдайда, Сауда-саттыққа қатысуға жіберуден бас тарту туралы шешім бас тарту себептерін түсіндірмей-ақ шығарылуы мүмкін;

2) егер ұсынылған құжаттарды талдау нәтижелері бойынша және/немесе Сауда-саттықты ұйымдастырушы және/немесе Комиссия және Сауда-саттыққа қатысуға үміттеніп отырған тұлға арасында жүргізілген кездесу нәтижелері бойынша осындай тұлға Сауда-саттық туралы хабарламада бекітілген талаптарға сәйкес келмеді деп танылса;

3) егер осындай тұлға, Комиссияның шешімі бойынша өткізілетін Актив немесе Объектінің иесі сәйкес келуі тиіс талаптарға жауап бермесе;

4) егер Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініш расталмаған мәліметтерді қамтыса немесе осы Қағидалардың және Сауда-саттық туралы хабарламаның талаптарына, оның ішінде Сауда-саттыққа қатысуға өтініш жасалуы тиіс тілге қатысты сәйкес келмесе.


180. Егер мемлекет немесе үшінші тұлға өткізілетін Актив немесе Объектіні сатып алуға өзінің басым немесе артықшылық құқығымен өткізетіні туралы шешім қабылдаса, мұндай Актив немесе Объект (немесе оның бір бөлігі) заңнаманың және тараптардың тиісті келісім талаптарын есепке ала отырып, Қор Басқармасының және/немесе Комиссияның шешімімен белгіленген жағдайларда Тікелей атаулы иеліктен шығару тәсілімен артықшылықты немесе басым құқықты субъектінің пайдасына іске асырылуы тиіс. Бұл ретте өткізілетін Актив немесе Объектінің қалған бөлігі Комиссияның шешімі бойынша Сауда-саттықтың жеңімпазына (ол болған кезде) немесе Қор басқармасының шешімімен бекітілген Компаниялардың өткізуіне жататын Активтер мен Объектілер тізбесінде көрсетілетін тұлғаға Сауда-саттық немесе Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында іске асырылуы мүмкін.

181. Активті немесе Объектіні өткізу үшін қажетті іс-шараларды өткізу барысында Сауда-саттықты ұйымдастырушы консультанттарды және/немесе сарапшыларды қосымша тартуға құқылы.

182. Сауда-саттықты өткізу нәтижелері Сауда-саттықтың Жеңімпазын жариялаған немесе оларды өткізілмеді деп таныған жағдайларда жасалатын хаттамада ресімделеді.

183. Егер өткізілетін Актив немесе Объект Қазақстан Республикасының шекараларынан тыс орналасқан болса, оны өткізу қолданылатын шетелдік заңнаманы ескере отырып, осы Қағидалардың негізінде әзірленген және Қор Басқармасымен келісілген регламенттің (нұсқаулықтың) тиісті Компания қабылдайтын нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

184. Активті немесе Объектіні өткізу рәсімін жүргізу Шарт жасасқан күнге дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірмей (тиісті шешім қабылдаған күннен кейін 1 жұмыс күні ішінде Қордың Уәкілетті органының міндетті хабарламасымен) Қордың Уәкілетті органының, Қор Басқармасының немесе Қор комиссиясының шешімі бойынша тоқтатылуы мүмкін. Мұндай шешім туралы тиісті хабарлама Сауда-саттық туралы хабарлама және Актив немесе Объекті бойынша құжаттамалар пакеті орналастырылған көздерге шешім қабылдаған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде орналастырылады. Көрсетілген шешімді қабылдаған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде Сауда-саттықты ұйымдастырушы Жеңімпазға, Сауда-саттықтың барлық Қатысушыларына және/немесе Сауда-саттыққа қатысуға өтініш берген тұлғаларға тиісті хабарламалар жібереді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет