355. Актив немесе Объект мынадай жағдайларда:
1) егер басым сатып алу құқығы бойынша бірге иеленушілер немесе қазіргі акционерлер (қатысушылар) Активті немесе Объектіні сатып алуға талаптанса;
2) егер Активті немесе Объектіні сатып алушы ұжым (қызметкерлер), ұйым (кәсіпорын) болып табылса;
3) егер инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін стратегиялық инвестор тартылса (Активті немесе Объектіні техникалық қайта жабдықтау, технологиялар трансферті, ноу-хау алу, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірленімдерге инвестициялар);
4) халықаралық шарттар бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларын орындау;
5) осы Қағидаларда немесе Қор Басқармасының шешімдерінде көзделген өзге де жағдайларда, Сауда-саттық өткізбестен, Тікелей атаулы иеліктен шығару арқылы өткізілуі мүмкін.
356. Осы Қағидалардың өзге де ережелерінде көзделген жағдайлардан басқа, Комиссия мына жағдайларда Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында Активті немесе Объектіні өткізу туралы ұсынысты Қор Басқармасына:
1) осы Қағидалардың ережелерін ескере отырып, Сауда-саттыққа қатысуға жіберілген жалғыз тұлғаға;
2) осы Қағидалардың ережелерін ескере отырып, Активті немесе Объектіні өткізу бойынша сауда-саттықтар өткізілмеген деп танылған жағдайларда, Уомиссияның ұсынысы бойынша Қор Басқармасының шешімімен анықталған тұлғаға;
3) егер Комиссия Активке немесе Объектіге қатысты Сауда-саттық өткізудің орынсыздығы туралы қорытындыға келсе;
4) Комиссияның шешімі бойынша иеліктен шығарылатын Активті немесе Объектіні сатып алуға өзінің басым немесе басымдықты құқығын өткізу туралы шешім қабылдаған мемлекетке немесе үшінші тұлғаға;
5) Комиссияның шешімі бойынша Сауда-саттық жеңімпазы мемлекет немесе үшінші тұлға осындай Активті немесе Объектіні сатып алуға өзінің басым немесе басымдықты құқығын мемлекет немесе көрсетілген үшінші тұлға сатып алмаған өткізілетін Актив немесе Объекті бөлігі шегінде өткізу туралы шешім қабылдауына байланысты толық көлемде өткізілетін Активті немесе Объектіні сатып ала алмаған жағдайларда;
6) Комиссияның шешімі бойынша Сауда-саттыққа қатысуға өтініштерді қарау қорытындылары бойынша көрсетілген Ашық конкурстың, Ашық екі кезеңді конкурстың немесе Электрондық конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген жалғыз тұлғаға жіберуге құқылы.
357. Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында Активті немесе Объектіні өткізу үшін мынадай:
1) Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында Активті немесе Объектіні өткізуге байланысты Актив немесе Объекті бойынша қорытындыны бекіту туралы Комиссияның шешім қабылдауы;
2) Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында Активті немесе Объектіні өткізу талаптары туралы Қор Басқармасының шешім немесе Комиссияның шешім қабылдауы (осы Қағидаларға сәйкес оның құзыреті шеңберінде) талаптары орындалуы қажет
358. Сауда-саттық ұйымдастырушысы Компаниямен бірлесіп осы Қағидалардың 357-тармағында көзделген барлық талаптарды орындағаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тиісті Шартқа қосуға жататын Активті немесе Объектіні іске асыру талаптарын анықтау мақсатында Қор Басқармасының шешіміне немесе Комиссияның шешіміне сәйкес келетін өткізілетін Активті немесе Объектіні сатып алушы ретінде көрсетілген тұлғамен келіссөздер өткізуге бастамашылық жасайды. 359. Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында Активті немесе Объектіні өткізу талаптары туралы шешім Сауда-саттық өткізгеннен кейін қабылданған жағдайларда, Актив немесе Объекті бойынша Құжаттама пакетінің құрамына енгізілген Шарттың талаптары тараптардың келісімі бойынша қайта қаралуы мүмкін. 360. Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында Активті немесе Объектіні өткізу кезінде оны сатып алушы ретінде анықталған адам осы Қағидалардың 127-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген құқықтары бар. 361. Активті немесе Объектіні Тікелей атаулы иеліктен шығару шеңберінде келіссөздер өткізу барысында тараптармен келісілген Шарттың жобасы Комиссияның бекітуіне жатады. Егер Комиссия берілген Шарттың жобасын бекітуден бас тартқан жағдайда, Сауда-саттық ұйымдастырушысы Компаниямен бірлесіп Комиссияның негізделген ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, Шарттың жобасын өзгерту және келісу үшін барлық жан-жақты жағдайларды жасайды. Комиссия мүшелері Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында өткізілетін Активті немесе Объектіні сатып алушы ретінде анықталған адаммен Шарттың жобасының талаптарын талқылауға қатысуға құқылы. 362. Компания үшін пайданы азайту жағына Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында Активті немесе Объектіні өткізу талаптарына Комиссияның шешімімен белгіленген өзгеріс Комиссияның келісімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. 363. Активті немесе Объектіні Тікелей атаулы иеліктен шығару, егер өзгелерді Қор Басқармасымен Сауда-саттық ұйымдастырушысы келіспесе, Шартты жасасу арқылы Ең төменгі бағадан кем емес бағада жүзеге асырылуы мүмкін. 364. Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында өткізілетін Активтерді немесе Объектілерді сатып алушылар ретінде анықталған жеке және заңды тұлғалар мынадай біліктілік талаптарына:
1) Шартты жасасу үшін жеке тұлғаның жеке тұлғаның іс-әрекетке қабілеттілігінің және заңды тұлғаның азаматтық құқыққа қабілеттілігінің болуы;
2) тиісті Шарттың талаптарын орындау мүмкіндігінің болуы;
3) осы Қағидалармен және/немесе Комиссия шешімімен анықталған басқа талаптарға сәйкес келуі қажет.
365. Активті немесе Объектіні Тікелей иеліктен шығаруды жүзеге асыру жағдайында және сауда-саттық жүргізу үшін Активті немесе Объектіні алдын ала дайындауды жүзеге асыру кезінде Шарттың жобасына Сатып алушы үшін мынадай талаптар:
1) озық әлемдік практикаға негізделген қазіргі заманғы технологиялар мен біршама тиімді әдістерді тұрақты түрде іздеуді жүзеге асыру;
2) сатып алынған Активтерге немесе Объектілерге қазіргі заманғы ғылымды қажетсінетін технологиялар мен ноу-хау қолдану;
3) адам өмірін, денсаулығын және қошаған ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) персоналды жалдау кезінде жергілікті кадрлық ресурстарға басымдық беру, лауазымдық міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, шетелдік кадрларды тарту;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі пайдалану үшін пайдалы жарамды жағдайға дейін Активті немесе Объектіні пайдалану салдарынан бұзылған жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді қалпына келтіру;
6) жобалау сатысында өз қызметінің экологиялық салдарларын болжау;
7) міндетті экологиялық сақтандыру туралы шарт жасасу;
8) Комиссияның шешімімен белгіленген өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
366. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асыру Активті немесе Объектіні өткізу талабы болып табылатын сол қызмет түрлерімен айналысу құқығы жоқ заңды тұлғаның пайдасына Тікелей атаулы иеліктен шығаруға болмайды. 367. Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында өткізілетін Активті немесе Объектіні сатып алуды еңбек ұжымы жүзеге асырған жағдайда, ұжым (қызметкерлер) атынан кәсіподақ не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қызметкерлер уәкілеттік берген (сайлаған) қызметкерлердің өзге де уәкілетті өкілдері шығуға құқылы. 368. Комиссия ның шешімі бойынша Тікелей атаулы иеліктен шығаруға жататын Активтің немесе Объектінің құнын мерзімін ұзартып төлеуге болады. Активтік немесе Объектінің құнын мерзімін ұзартып төлеген жағдайда, Шарт бойынша Сатып алушының ақшалай міндеттемелерінің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес индекстеуге жатады, ол Шарттың талаптарында көзделген. Активтің немесе Объектінің құнын мерзімін ұзартып төлеу мерзімі мен тәртібі Шартта айтылады.
7-бөлім. Қорытынды рәсімдер 1-тарау. Шарттың қорытынды рәсімі 369. Шарт сауда-саттық қорытындылары туралы хаттаманың немесе Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында Активті немесе Объектіні өткізу талаптары туралы Комиссияның шешімі негізінде белгіленген мерзімде жазбаша нысанда жасалады. 370. Егер осы Қағидалардың ережелерінен өзгелей туындамаса, Шартты жасасу мерзімі осы Қағидалардың 369-тармағында көзделген шешімді қабылдаған күннен бастап 20 жұмыс күнінен астам күнді құрамайды. 371. Сауда-саттық ұйымдастырушысы Шартқа түпкілікті қол қойылған күнге дейін кемінде 10 күнтізбелік күн бұрын Жеңімпазға немесе Тікелей атаулы иеліктен шығару шеңберінде Активті немесе Объектіні сатып алған адамға (адамдарға) Компания қол қойған Шарттың жобасын жібереді. Жеңімпаз немесе Тікелей атаулы иеліктен шығару шеңберінде Активті немесе Объектіні сатып алған адам (адамдар) Компания қол қойған Шарттың жобасын алған күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде Шарттың жобасына қол қоюы қажет. Осы тармақтың ережелері тізілімнің веб-порталында жүргізілетін Электрондық аукцион және Электрондық конкурс қортыныдылары бойынша Шарттың жасасу тәртібіне қолданылмайды. 372. Шартты жасасқанға дейін Сауда-саттықты ұйымдастырушы Компания атынан осы Қағидалардың 113-тармағының 1) тармақшасына сәйкес алынбаған Активті немесе Объектіні иеліктен шығару үшін қажетті рұқсат және келісім алады. Ұйымдастырушының шешімі бойынша Шартқа қол қою мерзімі қажетті, оның ішінде шарттың, заңнаманың немесе өзге де міндетті актінің негізінде үшінші тұлғалардың немесе мемлекеттің басым немесе басымдықты құқығы негізінде қажетті рұқсаттар мен келісімдер алу үшін қажетті кезеңге ұзартылады. 373. Егер мемлекет немесе үшінші тұлға басым немесе басымдықты құқықты іске асыру шеңберінде өстізілетін Активті немесе Объектіні сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Сауда-саттық ұйымдастырушысы көрсетілген құқықты іске асыру туралы ресми шешім алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде бұл туралы Жеңімпазды хабарландырады. Бұл ретте, өткізілетін Активтің немесе Объектінің қалған бөлігі Комиссияның шешімі бойынша Сауда-саттықтың барысында анықталған Активті немесе Объектіні өткізу талаптарын ескере отырып, Жеңімпазмбен Сауда-саттық ұйымдастырушысы мен Комиссия келіскен талаптарда Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында тиісті Сауда-саттық жеңімпазының пайдасына иеліктен шығарылуы мүмкін. 374. Шарттың талаптары мыналарды:
1) өткізілетін Активті немесе Объектіні осындай тұлғаның сатып алуы үшін қажетті оның құжылтай құжаттарында және қолданыстағы заңнамада көзделген Сатып алушының барлық қажетті корпоративтік шешімдерін, оның ішінде ірі мәмілені немесе жасауда мүддесі бар (егер ол қолданылса) мәмілелерді мақұлдау туралы және/немесе жасау туралы шешімді алу қажеттілігі;
2) Сатып алушының тарату үдерісінде немесе банкроттыққа байланысты қандай-да бір үдерісте тұрғанын растайтын құжаттарды кепілдіктерді Сатып алушының беруі;
3) қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда Шартты тіркеу бойынша тараптардың міндеттемесін көздеуі тиіс.
375. Жеңімпаз Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген талаптарды ескере отырып, осы Қағидаларда белгіленген мерзімде Шартқа қол қоюдан жалтарған кезде, ол Қамтамасыз ету ретінде берілген кепілдік жарнаға құқықты жоғалтады, ал тиісті Сауда-саттық қорытындылары жарамсыз болып танылады. 376. Шарттың талаптарының тиісті дәрежеде орындалуын бақылауды Комиссия және Сауда-саттық ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Шарттың талаптарының орындалуын бақылау Сатып алушы міндеттемелерді толық орындаған сәтке дейін жүргізіледі. 377. Бақылауды жүзеге асыру үшін Компания Шарттың орындалуына, оның ішінде өз күшін тоқтатуына байланысты барлық құжаттардың көшірмелерін Сауда-саттықты ұйымдастыруға беруді қамтамасыз етеді және жұмысқа сарапшыларды, сондай-ақ Бағалаушыны, консультациялық, аудиторлық және өзге де ұйымды тартады.
2-тарау. Есеп айырысу тәртібі 378. Шарт бойынша есеп айырулар Компания мен Сатып алушы арасында жүргізіледі. 379. Егер Шартта өзгелей көзделмесе, Шарт бойынша төлем Шартқа қол қойылған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жүргізілуі қажет. 380. Активті немесе Объектіні беру Шарттың ажырамайтын бөлігі болып табылатын Активті немесе Объектіні қабылдап алу-беру актісіне қол қою арқылы Шарт бойынша толық төлемнен кейін жүргізіледі. 381. Ққтимал бөліп төлеу талаптары туралы Сауда-саттыққа қатысушылардың назарына ертерек жеткізілген жағдайларда ғана төлемді кейінге созып төлеуге болады. 382. Егер Комиссияның шешімімен өзгелей көзделмесе, Активті немесе Объектіні иеліктен шығарған кезде бөліп төлеуге бастапқы жарна мөлшері Шартта көзделген Активті немесе Объектінің өткізу бағасының 15 %-нан кем болмауы қажет, ал кейінге қалдырып төлем кезеңі 30 жылдан аспауы қажет. 383. Осы Тарауда көзделген талаптар Комиссия немесе Қор Басқармасының шешімінен өзгелер туындамаған жағдайларда қолданылады.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік
қоғамының және дауыс беретін акцияларының
(қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей
және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік
басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-қа
тиесілі ұйымдардың активтер мен объектілерді
өткізуінің бірыңғай қағидаларына
қосымша
ӨТІНІШ
Осымен ____________ (бұдан әрі (бірлесіп) – «Өтініш беруші») өзінің______ ____________________________________________________________________
(сауда-саттық туралы хабарламаға сәйкес өткізілетін активтің немесе объектінің толық атауы және орналасқан жері) өткізу жөніндегі (бұдан әрі – «Сауда-саттық») _____________________қатысу
(сауда-саттық тәсілін көрсету)
ниеті туралы мәлімдейді.
-
_____________ жарияланған Сауда-саттық туралы хабарламаны қарап және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тиесілі ұйымдардың активтер мен объектілерді өткізуінің бірыңғай қағидаларымен танысып, _____________________________________ _______________________________________________________________________________________
(жеке тұлғалардың Т.А.Ә. немесе заңды тұлғалардың атауы және басшылардың
___________________________________________________________________________________
немесе олардың сенімхат негізінде жұмыс істейтін уәкілетті өкілдерінің Т.А.Ә.)
______________________________________________________________________________
(егер Сауда-саттық электрондық тәсілмен өткізілмесе, Сауда-саттық өткізілетін мекенжайды көрсету)
20 __ жылғы «___» _______ өткізілетін Сауда-саттыққа қатысуға ниет білдіреді.
2. Өтініш беруші Сауда-саттыққа қатысу үшін_______________________ ______________________________________________(бұдан әрі – «Компания»)
(актив/объект меншік иесінің атауы көрсетіледі)
шотына ________________(_______________________________________) теңге
(цифрмен) (сомасы жазумен)
кепілдік жарна енгізеді.
Шоттың деректемелері
___________________________________________________
___________________________________________________
___________________________________________________
тағайындалған төлемнің коды __________________,
Кбе ______________________,
мекеменің коды _________________.
төлем құжатының №______________________,
Төлем құжаты берілген күн______________________,
3. Өтініш беруші осымен Қағидалардың тиісті тармағында көрсетілген тұлғаның Сауда-саттығына қатысушы ретінде тіркелуге жатпайтыны туралы өзінің хабардарлығын растайды.
4. Өтініш беруші осымен Өтініш берушінің Сауда-саттыққа қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, Өтініш берушінің Сауда-саттыққа қатысу құқығынан айырылатынымен келіседі және Өтініш беруші (немесе оның атынан) қол қойған Сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттаманың және тиісті сатып алу-сату шартының жарамсыздығын мойындайды.
5. Сауда-саттықтың жеңімпазы деп анықталған жағдайда, Өтініш беруші өзіне мынадай міндеттер қабылдайды:
1) егер Қағидаларда немесе Сауда-саттық туралы хабарламада өзге мерзім көрсетілмесе, Сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға ол өткізілген күні қол қою және Сауда-саттық барысында анықталған шарттарда Сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамада көзделген мерзімнің ішінде және таратылған шарт жобасына және Өтініш берушінің (конкурсқа қатысқан жағдайда) конкурстық ұсынысына немесе конкурстық өтініміне сәйкес Өтініш беруші ұсынған немесе Өтініш беруші (тікелей немесе уәкілетті өкіл арқылы) Сауда-саттықтың өткізілуі шеңберінде келісім білдірген баға бойынша және сол шарттарда өткізілетін активке/объектіге қатысты сатып алу-сату шартына қол қою;
2) заңнамада белгіленген, оның ішінде «Бәсекелестік туралы» Заңдардың және өзге нормативтік-құқықтық актілердің талаптарында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың активті немесе объектіні өткізу үшін қажетті рұқсатты және келісуді алу бойынша рәсімдерді жүзеге асыру.
Бәсекелестікті белгілеуге немесе басымдығын күшейтуге немесе тұлғалар тобына және (немесе) шектеуге алып келетін монополияға қарсы органның келісімінсіз жасалған экономикалық шоғырлану монополияға қарсы органның талап-арызы бойынша сотпен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
-
Өтініш беруші осымен Өтініш беруші енгізген кепіл жарнасының сомасы қайтарылмайтынымен және мына жағдайларда:
-
Сауда-саттыққа қатысуға өтініштерді табыс ету үшін мерзім аяқталған күннен кейін Сауда-саттыққа қатысудан бас тартқан;
-
осылар Қағидаларда көзделгендей, Қағидаларды бұзған жағдайда немесе Сауда-саттықты өткізу тәртібі мен талаптарын бұзуға, Сауда-саттықты өткізуге бөгет немесе кедергі жасауға байланысты Комиссияның шешімі бойынша;
-
белгіленген мерзімде конкурстық ұсыныстарды немесе конкурстық өтінімдерді ұсынбаған жағдайда;
-
егер Өтініш беруші берген конкурстық ұсыныстың немесе конкурстық өтінімнің талаптары Актив немесе Объектіні өткізу конкурсы шеңберінде Қағидалардың ережелеріне сәйкес жіберілетін ұсыныстардың Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген бағалау өлшемдеріне сай ең төменгі талаптарға көрінеу сәйкес келмесе;
-
Сауда-саттықтың қорытындылары туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шарттарына қол қоюдан бас тарту жағдайында;
-
сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда;
-
осы Қағидаларда көзделген өзге де жағдайларда Компанияда қалатындығымен толық әрі сөзсіз келісетінін білдіреді.
-
Осы өтініш Қағидаларда және _____________________ жарияланған ________________________ Сауда-саттық өткізу туралы хабарламада (__________________ жылы Өтініш берушіге жіберілген) айтылған талаптарда Сауда-саттыққа қатысуға Өтініш берушінің толық әрі сөзсіз келісімін білдіру нысаны болып табылады.
-
Осымен Өтініш беруші Өтініш берушіге қатысты қандай да бір тарату туралы шешімнің, банкрот деп тану және/немесе банкроттық рәсімдерінің немесе өзге де осындай рәсімдердің бастауы туралы сот шешімінің болмауын, заңнамада белгіленген тәртіппен өтініш берушінің қызметін тоқтату туралы шешімнің болмауы туралы растайды;
-
Осы өтініштің сауда-саттықтың қорытындылары туралы хаттамамен бірге сатып алу-сату шартын жасасқанға дейін әрекет ететін заң күші бар.
-
Осы өтінішпен бірге 6) тармақшада және Қағидалардың өзге де қолданылатын ережелерінде көзделген мәліметтер беріледі.
Заңды тұлға үшін:
Атауы_______________________________________________________________
БСН ________________________________________________________________
Басшының аты-жөні___________________________________________________
Мекенжайы:__________________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі:________________________________________________
ЖСК _______________________________________________________________
БСК ______________________________________________________________
Банктің атауы________________________________________________________
Кбе _________________________________________________________________
Өтінімге қоса беріледі:
1) __________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
Аты-жөні ___________________________________________________________
ЖСН________________________________________________________________
Төлқұжат деректер____________________________________________________
Мекенжайы:_________________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі:________________________________________________
Банктік деректемелері:
ЖСК________________________________________________________________
БСК_________________________________________________________________
Банктің атауы________________________________________________________
Кбе____________________________________________________________________________________
Өтінімге қоса беріледі:
1) __________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
______________ ____________________________________________________________
(қолы) (жеке тұлғаны атын-жөні немесе заңды тұлғаның атауы және басшының немесе сенімхат негізінде
әрекет жасайтын заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты-жөні)
20 __ ж. «___» ____________
М.П.
Қабылданды 20 __ ж. «___» __________ _______ сағат _____ мин.
______________ ____________________________________________________
(қолы) (өтінімді қабылдаған адамның аты-жөні)
Достарыңызбен бөлісу: |