«самұРЫҚ-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» акционерлік қОҒамының ЖӘне дауыс беретін акцияларының (Қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару қҰҚЫҒында «самұРЫҚ-Қазына»



бет9/13
Дата01.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#170483
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

3-тарау. Электрондық аукцион

225. Активтерді және Объектілерді өткізу бойынша электрондық аукцион Қор Басқармасының шешімі негізінде тізілімнің веб-порталында жүзеге асырылатыны болады. Осы 2-тарауда пайдаланылатын ережелер және Электрондық аукционды өткізу жөніндегі рәсімдер Электрондық аукционды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі электрондық сауда-саттықты жүргізу регламентінің ережелері мен рәсімдеріне сәйкес келеді.

226. Сауда-саттықты өткізілетіні туралы хабарламаны жариялағанға дейін Сауда-саттықты ұйымдастырушы әр лот бойынша келесі ақпаратты тізілімнің веб-порталындағы деректер қорына енгізуді қамтамасыз етеді:


1) Электрондық сауда-саттықты жүргізу регламентіне сәйкес сату объектісі бойынша мәліметтер;

2) сату объектісінің орналасқан жері;

3) Компания туралы мәліметтер (пошталық мекенжайы, телефон, факс, е-mail);

4) Активті немесе Объектіні бағалау туралы мәліметтер (бағалау күні, бағалау құны, бағалаушының атауы);

5) ауыртпалықтардың (тыйым салудың) жоқ екендігі туралы мәліметтер;

6) Сауда-саттықты ұйымдастырушының шешімі бойынша қосымша ақпарат.

Сауда-саттықты ұйымдастырушының енгізілген ақпаратына қосымша деректер қорына мынадай құжаттардың сканерленген көшірмелерін қосуды қамтамасыз етеді:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағалау қызметінің мәселелері бойынша қаулысына сәйкес бағалау стандарттарына сай құрастырылған Активті немесе Объектіні бағалау туралы есеп;

2) Актив немесе Объекті бойынша құқық белгілейтін құжаттар;

3) Активтің немесе Объектінің кемінде 5 фотографиясы (жылжымайтын мүлік, көлік, жабдық және басқа да материалдық мүлік үшін).


227. Жүйе операторы Сауда-саттықты ұйымдастырушы деректер қорына мәліметтерді енгізген сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде Электрондық сауда-саттықты өткізу регламентінде белгілеген талаптарға сәйкестігін және қателердің бар болуына тексеруді жүзеге асырады.

228. Сауда-саттық туралы хабарламаны мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жариялау үшін Сауда-саттықты ұйымдастырушы әр Актив немесе Объекті бойынша қазақ және орыс тілдерінде мынадай мәліметтерді қосымша енгізеді:


        1. Электрондық аукционның күні мен уақыты;

        2. Активтің немесе Объектінің атауы;

        3. Сауда-саттықтың нысаны және әдісі;

        4. Активтің немесе Объектінің бастапқы бағасы, ал Голландтық әдісті қолданып Электрондық аукционды өткізу кезінде Ең төменгі баға;

        5. Қамтамасыз ету мөлшері, Қамтамасыз ету ретінде берілетін банктік кепілдіктің қолданылу мерзімі;

        6. Қамтамасыз ету ретінде енгізілетін кепілді жарнаны аударуға арналған банктік деректемелер;

        7. Электрондық аукционның талаптары, сондай-ақ Қатысушыға және/немесе Сатып алушыға қойылатын қосымша талаптар;

        8. Электрондық сауда-саттықты жүргізу регламентіне сәйкес жасалған сауда-саттыққа қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі;

        9. Жүйе операторының телефоны және мекенжайы;

        10. Сауда-саттықты ұйымдастырушының телефоны және мекенжайы;

        11. Сауда-саттықты ұйымдастырушының шешімі бойынша қосымша ақпарат.

229. Сауда-саттық туралы хабарламаны мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталына жариялағанға дейін ұйымдастырушы 1 жұмыс күні ішінде онда қателердің болуын және осы Қағидалардың 225 және 228-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.

230. Деректер қорына енгізілген мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша Жүйе операторы мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында Сауда-саттық туралы хабарламаны жариялайды не Жүйе операторы анықтаған қателерді түзетпеген жағдайда Сауда-саттықты ұйымдастырушы оны жариялаудан бас тартады.

231. Сауда-саттық туралы хабарлама Электрондық аукцион өткізгенге дейін кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын, ал ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы акциялар мен үлестерді сату кезінде – Электрондық аукцион өткізгенге дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырады. Қағидалардың осы тармағында белгіленген Сауда-саттық туралы хабарламаларды жариялау мерзімдері егер заңнамаға сәйкес Қатысушы стратегиялық объектіні сатып алу үшін қажетті рұқсаттар мен келісімдерді алу үшін қосымша уақыт қажет болса, Сауда-саттықты ұйымдастырушымен (оның ішінде, Комиссияның шешімі бойынша) ұзартылуы мүмкін.

232. Сауда-саттықтың өткізілгені туралы хабарламаны жариялағаннан кейін ұйымдастырушы тізілім веб-порталында орналастырылған сату объектісі бойынша ақпаратқа барлық ниет білдіргендердің еркін қолжетімділігін қамтамасыз етеді, сатушы сату объектісіне барлық ниет білдіргендердің еркін қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

233. Сауда-саттықтың ағылшындық әдісін қолданумен Электрондық аукционды өткізген кезде сату объектісінің бастапқы бағасы бастапқы бағаға тең.

Голландтық әдісті қолданумен Электрондық аукционды өткізген кезде бастапқы баға әуелгі бағаны жоғарылататын коэффициентке көбейту жолымен анықталады. Осы коэффициентті сатушы белгілейді, алайда 5-тен төмен болмауы керек. Электрондық аукционды өткізген кезде сату объектісінің әуелгі, бастапқы және ең төменгі бағасын сатушы белгілейді.

234. Актив немесе Объект (бұдан әрі Қағидалардың осы 3-тарауында – сату объектісі) алғаш рет сауда-саттықтың ағылшындық әдісін қолданып, аукционға шығарылады. Екінші және кейінгі аукциондарға арналған сауда-саттық әдісін сатушы айқындайды.

Сауда-саттықтың ағылшындық әдісін қолданумен екінші және кейінгі сауда-саттыққа сату объектісін шығарған кезде сауда-саттықтың ағылшындық әдісімен өткізілген алдыңғы аукционның бастапқы бағасынан 50 пайыздан аспайтындай етіп, сату объектісінің бастапқы бағасын төмендетуге жол беріледі.

Сауда-саттықтың голландтық әдісін қолданумен сауда-саттыққа сату объектісін шығарған кезде бастапқы ең төменгі баға 50 пайыздан аспайтындай етіп, бастапқы бағаны төмендету жолымен белгіленеді.

235. Голландтық әдіс бойынша әрбір келесі аукцион кезінде голландтық әдісті қолданумен үшінші және келесі сауда-саттықты қоспағанда, алдыңғы аукционның ең төменгі бағасынан 50 пайызға аспайтындай етіп, ең төменгі бағаны төмендетуге жол беріледі, олар бойынша сатушы ең төменгі баға бойынша шектеулердің күшін жою туралы шешімді қабылдауға рұқсат етеді. Электрондық аукционның қатысушылары аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукциондық нөмірді пайдаланып, аукциондық залға кіреді. Аукционды сату объектісінің бастапқы бағасын аукциондық залға автоматты орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақытымен бастайды.

236. Аукциондық залда электрондық аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін болады. Электрондық аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап 17:00 аралығында өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат
15:00-ден кешіктірілмей басталады.

Егер сауда-саттықтың ағылшындық әдісін қолданумен Электрондық аукционды аяқтау сәтінде сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы анықталмаса, онда сату объектісін сатып алуға өз ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады және осы сату объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады.

Егер голландтық әдісті қолданумен Электрондық аукционды аяқтау сәтінде сағат 17:00-де Электрондық аукционның жеңімпазы анықталмаса, онда осы сату объектісі бойынша Электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады.

237. Бағаны өзгерту қадамы мынадай түрде белгіленеді:

      1. сату объектісінің Бастапқы немесе Ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткішінің 20 000 еселікке дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      2. сату объектісінің Бастапқы немесе Ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткішінің 20 000 еселік мөлшерінен айлық есептік көрсеткішінің 50 000 еселігіне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 7 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      3. сату объектісінің Бастапқы немесе Ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткішінің 50 000 еселік мөлшерінен айлық есептік көрсеткішінің 100 000 еселігіне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      4. сату объектісінің Бастапқы немесе Ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткішінің 100 000 еселік мөлшерінен айлық есептік көрсеткішінің
        250 000 еселігіне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 2,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      5. сату объектісінің Бастапқы немесе Ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткішінің 250 000 еселікке дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 1 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      6. сату объектісінің Бастапқы немесе Ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткішінің 500 000 еселік мөлшерден жоғары болған кезде өзгерту қадамы 0,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

Аукцион төменде сипатталған екі әдістің біреуі арқылы жүргізіледі:

238. Сауда-саттықтың ағылшындық әдісі бойынша аукцион:


1) егер аукцион басталғаннан бері жиырма минуттың ішінде аукцион залындағы қатысушылардың бірі осы Қағидалардың 237-тармағына сәйкес белгіленген сату объектісінің бастапқы бағасын бір қадамға ұлғайту жолымен өзінің сатып алғысы келетінін растамайтын болса, онда осы сату объектісі өткізілмеді деп танылады;

2) егер аукцион басталғаннан бері жиырма минуттың ішінде аукцион залындағы қатысушылардың бірі осы Қағидалардың 237-тармағына сәйкес белгіленген сату объектісінің бастапқы бағасын бір қадамға ұлғайту жолымен өзінің сатып алғысы келетінін растайтын болса, онда бастапқы баға бір қадамға ұлғайтылады;

3) егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін жиырма минуттың ішінде қатысушылардың бірде-бірі ағымдағы сату объектісін ағымдағы бағасын ұлғайту жолымен өзінің сатып алғысы келетінін растамайтын болса, онда сату объектісін сатып алғысы келетінін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы сату объектісі бойынша Электрондық аукцион өткізілді деп танылады.

Сауда-саттықты ағылшындық әдіс арқылы сату объектісі бойынша электрондық аукцион қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғарғы бағаға дейін жүреді.

Сауда-саттықты ағылшындық әдіс арқылы сату объектісі бойынша электрондық аукцион егер сату объектісінің бастапқы бағасы кемінде екі қадамға ұлғайту бағасына жоғарылаған жағдайда ғана өткізілді деп саналады, бұл ретте бастапқы бағаны екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.

239. Сауда-саттықтың голландтық әдісі бойынша Электрондық аукцион:


1) егер аукцион басталғаннан бері бес минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі сату объектісін аукционнан сатып алғысы келетінін білдірмесе, онда осы Қағидалардың 237-тармағына сәйкес белгіленген сату объектісінің бастапқы бағасы бір қадамға азайтылады;

2) егер баға азайтылғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі сатып алу объектісін сатып алғысы келетінін растамайтын болса, онда сатып алу объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадамға азайтылады.

Жарияланған баға бойынша сату объектісін сатып алуға өз ниетін бірінші растаған қатысушы сауда-саттықтың голландтық әдісі бойынша аукционның жеңімпазы болып танылады және осы сату объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады;

3) егер сату объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-бірі сатып алу объектісін сатып алғысы келетінін растамаса, онда аукцион өткізілмеді деп танылады.


240. Осы Қағидалардың 236-тармағының үшінші бөлігінде,
238-тармағының 1) тармақшасында және 239-тармағының 3) тармақшасында, 243-тармағында көрсетілген жағдайларда сатып алушы сатып алу жүргізу туралы хабарламада көрсетілген сауда-саттық уақыты мен күнінен кейін
24 сағат ішінде ЭСҚ пайдалана отырып тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қояды.

241. Әр сатылған объект бойынша Электрондық аукционның нәтижесі сауда-саттық нәтижелері туралы электронды хаттамамен ресімделеді, оған аукцион өткізілген күні ЭСҚ пайдаланып сатушы және жеңімпаз тізілімнің веб-порталында қолдарын қояды.

242. Сауда-саттық нәтижелері туралы электронды хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша объектіні сатып алу-сатудың үлгі шартының жобасын тізілім веб-порталында жинақталған міндеттемелеріне қол қоюды тіркейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шарты тізілім веб-порталында сауда-саттық қорытындылары жасалған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Осы 242-тармағында белгіленген объектіні сатып алу-сату шартына қол қою мерзімі рұқсат және келісім алу үшін қажетті кезеңге, оның ішінде қолданыстағы шарт, заңнама немесе үшінші тұлғалардың немесе мемлекеттің басымдық немесе өзге де міндетті артықшылық актісі негізінде ұзартылуы мүмкін, алайда осындай мерзім сауда-саттық қорытындыларын шығарған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспауы тиіс.

243. Егер комиссия Электрондық аукционға жіберген конкурсқа қатысушылар екеуден аз болса, онда оларда сату объектісі жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкін үшінші және одан кейінгі сауда-саттықты қоспағанда, аукцион өткізілмеді деп жарияланады.

244. Электрондық аукцион барысында техникалық істен шығу туындаған кезде, ұйымдастырушы техникалық істен шығудың болуын тіркейді және тізілім веб-порталы тарапында техникалық істен шығу болған кезде аукционның барлық қатысушыларын тізілімнің веб-порталында ақпаратты орналастыру жолымен хабардар етеді. Қатысушының компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдықтарында техникалық істен шығу болғанда Электрондық аукцион жалғаса береді.

245. Аукцион өткізуге кедергі келтіретін тізілімнің веб-порталында техникалық істен шығу фактісі болған жағдайда, ұйымдастырушы бұл туралы сатушыны хабардар етеді және ұйымдастырушы аукционды техникалық істен шығуды түзеткеннен кейінгі үшінші жұмыс күніне аукционға қатысқан қатысушыларды осы аукционның күні мен жалғастыру уақыты туралы ақпаратты тізілімнің веб-порталында орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электронды мекенжайына электронды хабар жіберу арқылы ауыстырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет