«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына»



Дата17.06.2016
өлшемі108.65 Kb.
#141523
«Самұрық-Қазына» АҚ

Директорлар кеңесінің

2014 жылғы 28 мамырдағы

№ 110 шешіміне

қосымша

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі ұйымдардың активтер мен объектілерді қайта құрылымдау саясаты

(«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ІШКІ ОТЫРЫСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒЫ 19 МАУСЫМДАҒЫ № 120 ШЕШІМІМЕН ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕРІМЕН)




Астана, 2014 жыл



  1. Жалпы ережелер


1.1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі ұйымдардың активтер мен объектілерді қайта құрылымдау саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1202 қаулысымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының даму стратегиясын, «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) ішкі құжаттарын іске асыру шеңберінде әзірленді және «Самұрық-Қазына» АҚ және және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде Қорға тиесілі ұйымдардың (бұдан әрі – Компаниялар) активтер мен объектілерді қайта құрылымдау мәселелері жөніндегі мақсаттарды, міндеттерді, қағидаттарды және бірыңғай тәсілдемелерді айқындайды.
1.2. Активтер мен объектілерді қайта құрылымдаудың мақсаты және міндеттері

1.2.1. Активтер мен объектілерді қайта құрылымдаудың мақсаты Қордың және Компаниялардың стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуін қамтамасыз ететін активтер мен объектілердің тиімді құрылымын құру болып табылады.

1.2.2. Қайта құрылымдаудың міндеттері:

1) Компанияның операциялық тиімділігін ұлғайту;

2) Компанияны дамыту үшін ұзақ мерзімді капитал тарту;

3) Компанияның бәсекеге қабілеттілігін, нарықтық құнын және кірістілігін артыру;

4) Компанияның инвестициялық белсенділігі үшін жағдайлар жасау;

5) ресурстарды бейіндік активтер мен объектілерге шоғырландыру;

6) бейіндік активтер мен объектілердің және қосалқы-бейіндік активтер мен объектілердің құрылымын оңтайландыру;

7) қосылған құнды және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін бейіндік активтер мен объектілерді сатып алу;

8) жеке бастаманы дамыту және Қазақстан Республикасының экономикасына мемлекеттік қатысуды азайту, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту;

9) активтер мен объектілерді қайта құрылымдау нәтижесінде құнды ұлғайту;

10) өткізу нарықтарына қол жетімділік алу, олардың капиталына білікті стратегиялық инвесторлардың қатысуын қамтамасыз ету есебінен Компаниялардың өндірістік және басқару процестеріне озық технологияларды тарту;

11) Қазақстан Республикасының стратегиялық объектілері болып табылатын активтер мен объектілерді қайта құрылымдау кезінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

12) активтер мен объектілерді – Қорға/Компанияларға тән емес функцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындарды бәсекелік ортаға беру болып табылады.

1.2.3. Қордың және Компаниялардың активтері мен объектілерінің құрылымын реттеу, Компанияның ресурстарын (адами және қаржылық) бейіндік операциялық қызметен басқаға бұруды азайту шеңберінде қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада Компаниялар активтерді және/немесе объектілерді оларды бәсекелік ортаға сату, жергілікті атқарушы органдарға беру, қызмет түрлерін өзгерту не басқа компанияларға біріктіру жолымен өткізуді қамтамасыз етеді.

Құнды арттыру, сату алдындағы дайындықты өткізу және кейіннен ойдағыдай өткізу мақсатында Қор жарғылық капиталына Қор активтердегі немесе объектілердегі иелену үлесін енгізетін, инвестор/басқарушы компания ақша енгізетін Бірлескен қорды құру арқылы ортақ инвестициялау талаптарында мамандандырылған ұйым басқармасына (инвесторға/басқарушы компанияға) активтерді немесе объектілерді бере алады.

Холдингтің құрамына кіретін ұйымдар, Қор Басқармасының тиісті шешімімен уәкілеттік берілген тұлғалар Басқарушы компания ретінде шыға алады.

Активті немесе объектіні басқаруға инвесторды және/немесе басқарушы компанияны тартудың түпкі мақсаты сату үдерісін басқару және ұйымдастыру ретінде сапаны арттыру арқылы активтің немесе объектінің құнын ұлғайту, сондай-ақ активті немесе объектіні сатудан пайданы көбейту болып табылады.

1.2.4. Активтер мен объектілерді өткізу процесі Қордың Директорлар кеңесі бекіткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тиесілі ұйымдардың активтер мен объектілерді өткізуінің бірыңғай қағидаларына (бұдан әрі – Бірыңғай қағидалар) сәйкес жүзеге асырылатын болады.


2. Активтер мен объектілерді қайта құрылымдау қағидаттары:

2.1. Қорға/Компанияларға тиесілі активтер мен объектілерді сатудың заңдылығы;

2.2. жүргізілетін іс-шаралардың экономикалық жағынан тиімділігі;

2.3. жүргізілетін іс-шаралардың транспарентілігі;

2.4. босатылатын ресурстарды барынша және тиімді пайдалану.
3. Активтер мен объектілерді қайта құрылымдау үшін қолданылатын әдістер және тәсілдемелер:

3.1. Актив және объект құру/сатып алу Қор/Компаниялар үшін стратегиялық маңызы бар бағыттарды нығайту және одан әрі дамыту мақсатында жүзеге асырылады.

3.2. Активтерді және объектілерді құру/сатып алу Қордың/Компанияның жаңа заңды тұлғалар құру және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акциялар пакеттерін/қатысу үлестерін сатып алу тәртібін реттейтін құжаттар ескеріле отырып, сондай-ақ мынадай ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады:

- активті және объектіні сатып алу туралы шешім қабылданған кезде Қор/Компания құнның арту әлеуетін бағалаумен қатар корпоративтік басқару жүйесін және актив пен объектіні сатып алу кезінде Қор/Компания тартылатын бизнестен шығу жөніндегі шектеулер мен «кедергілерді» де талдайды;

- активтерді құру/сатып алу жөніндегі шешімдерді Қор/Компаниялар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының 2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясында жазылған инвестициялық қызметтің басым бағыттарын ескере отырып қабылдайды;

- активтерді және объектілерді құру/сатып алу жөніндегі шешімдерді Компаниялар Компанияның ішкі құжаттарын ескере отырып қабылдайды.

3.3. Қордың/Компанияның тобына кіретін заңды тұлғаларды қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру жолымен активті және объектіні қайта ұйымдастыру активтерге және объектілерге қатысудан болатын синергетикалық тиімділікке қол жеткізу, Қордың/Компанияның тобына кіретін ұйымдардың функцияларды қайталауын болдырмау мақсатында жүргізіледі.

3.4 . Заңды тұлғаға Қордың/Компанияның басқа активтері мен объектілерінің акциялар пакетін/қатысу үлесін толық немесе бір бөлігін өткізу мына талаптарды сақтаған кезде жүзеге асырылады:



  • Қор/компаниялар үшін актив пен объектіні иелену Қордың/Компаниялардың стратегиялық мақсаттарына сәйкес келмейді және/немесе Қор/компаниялар үшін актив және/немесе объектіні иеленуге байланысты елеулі тәуекелдер бар және/немесе актив немесе объекті бейінді емес болып табылады және/немесе экономикалық тұрғыдан алғанда барынша тартымды Қор/Компаниялар қызметінің бейініне сәйкес келетін инвестициялау объектілері бар.

  • Қор/Компания актив пен объектіні өткізуден барынша ықтимал кіріс алу мақсатында актив пен объектіні алдын ала сатуға дайындауға тиісті көңіл бөледі.


4. Активтер мен объектілерді қайта құрылымдау процесі

4.1 Бірінші кезең.

4.1.1. «Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысына сәйкес бәсекелестік ортада толық немесе ішінара өткізуге жатқызылатын активтер мен объектілер тізбесін айқындау;

4.1.2. Сауда-саттықты ұйымдастырушыны, актив пен объектіні бәсекелі ортаға өткізу мерзімі мен тәсілін белгілеу;

4.1.3. Активтер мен объектілерді өткізудің жоспар-кестесін айқындау (қажет болған кезде).

4.1.4. Компаниялардың уәкілетті органдарының активтер мен объектілерді қайта құрылымдау және/немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу процесін реттейтін құжаттарды уақтылы қабылдауын қамтамасыз ету.

Бұл ретте мыналар:



  • Компаниялардың қоржынындағы активтер мен объектілердің ағымдағы құрылымы мен сипаттамасын талдау, оның ішінде Компаниялардың ресурстарды пайдалану тиімділігін және Компаниялардың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін бизнес-процестердің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдарды талдау;

  • Компаниялардың шоғырландырылған пайдасын/шығынын алуда әр актив пен объектінің әсер ету деңгейін айқындау;

  • бейінді емес және бейінді-қосымша активтер мен объектілерді және олардың Қордың/Компаниялардың бейінді бизнес тиімділігіне әсерін анықтау, аутсорсингке бейінді-қосымша активтер мен объектілерді шығару орындылығын талдау;

  • әр актив бөлінісінде сату алдындағы дайындықты өткізудің орындылығына анықтау жүргізіледі.


4.2 Екінші кезең.

4.2.1 Белгілі бір кезеңге Жоспар-кестені (бұдан әрі - Жоспар) әзірлеу.

Компаниялар үшін активтер мен объектілердің ағымдағы қоржынына қайта құрылымдау жүргізудің бастапқы мерзімін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауымен Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп мемлекет қатысатын барлық компанияларға талдау жүргізу 2014-2016 жылдар кезеңінде жеке секторға беруге жататын кәсіпорындар тізбесін анықтау тапсырылуына байланысты 2016 жылға дейін қарастыру ұсынылады, онда:


  • Қордың/Компаниялардың стратегиялық мақсаттары негізінде қайта құрылымдау мақсаттары мен міндеттері нақтылануда;

  • Стратегиялық мақсаттарды іске асыру үшін Қорға/Компанияларға қажетті жаңа активтер мен объектілерді сатып алу/құру туралы ниеттерді ескере отырып, Қордың/Компаниялардың активтер мен объектілерінің нысаналы құрылымы айқындалады;

  • Қажеттіліктерді алдын ала бағалау/ақша қаражатын босатуды қоса алғанда, Қордың/Компаниялардың әр активі мен объектісі үшін қайта құрылымдау түрлері белгіленеді;

  • Қордың/Компаниялардың активтері мен объектілерін қайта құрылымдауға байланысты ықтимал тәуекелдер бағаланады;

  • Активтер мен объектілерді қайта құрылымдаудан күтілетін нәтижені қоса алғанда, сапалы да, сандық та секілді нысаналы көрсеткіштер айқындалады;

  • активтер мен объектілерді қайта құрылымдауға тартылған ресурстардың көлемдері бағаланады;

  • әр актив пен объекті бойынша жауапты орындаушыны белгілеумен және іс-шараларды орындау мерзімдерін анықтаумен Жоспарды іске асыру бойынша кезеңдер және қажетті іс-шаралар айқындалады;

  • қайта құрылымдау нәтижесінде Қордың/Компаниялардың босатылатын ресурстары бағаланады және оларды мақсатты пайдалану айқындалады;

  • акциялары ІРО-ға шығаруға жататын компанияларға активтерді және объектілерді сату алдындағы даярлық өткізудің кезеңдері мен тетіктерін анықтай отырып, активтерді қайта құрылымдаудың кешенді жоспары әзірленуде.

4.2.2. Директорлар кеңесінің не Қордың/Компаниялардың өзге уәкілетті органының Жоспарды, сондай-ақ (қажет болған кезде) өзге де құжаттарын бекіту.
4.3 . Үшінші кезең.

Жоспарды іске асыру.

4.3.1. Жоспардың орындалуын тұрақты мониторингілеуді қамтамасыз ету.

Жоспардың орындалуын мониторингілеу осы Саясаттың 5.4-тармағына сәйкес тұрақты негізде жүзеге асырылады.

4.3.2. Жоспардың орындалу нәтижелері және Қордың/Компаниялардың активтері мен объектілерін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты пайдалану туралы Қордың/Компаниялардың Директорлар кеңесінің қарауы үшін жыл сайынғы Қорытынды есепті дайындау және тиімділігін талдау.


5. Активтер мен объектілерді қайта құрылымдау саясатын іске асыру тетігі

5.1. Компанияның бейінді активтері мен объектілерін өткізу

Сауда-саттықтарды ұйымдастыру және жүргізу Қордың Уәкілетті органының шешімімен белгіленетін Сауда-саттықты ұйымдастырушы жүзеге асыратын болады.

Таңдау басымдылығы тәртібімен өткізудің тәсілдемелері (ең көп басымдыдан ең азына):

а) егер активті және объектіні сату бағасы ашық сауда-саттықтың, электрондық сауда-саттықтың жеңімпазын таңдаудың бірден-бір өлшемі болып табылған жағдайда, ағылшын немесе голландтық әдістер бойынша аукцион, электрондық аукцион, бұл ретте бірінші рет аукцион ағылшын тәсілін қолданумен өткізіледі. Аукционның жүргізілетіні туралы ақпарат міндетті тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

б) активті және объектіні сату бағасынан басқа мәнге болған жағдайларда тендердің ашық сауда-саттықтың, электрондық сауда-саттықтың жеңімпазын таңдаудың басқа да өлшемдері болады. Тендердің өткізілетіні туралы ақпарат міндетті тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Бастапқы кезеңде аукцион немесе тендер тәсілдерімен активтер мен объектілерді өткізу Қор Басқармасының шешімімен айқындалатын электрондық сауда-саттықтарды ұйымдастыру және жүргізу процестерінің автоматтандырылуын қамтамасыз ететін Ақпараттық жүйе арқылы электрондық тендерге көшу перспективасымен қағаз тасығышта жүзеге асырылатын болады;

в) Бірыңғай қағидаларда көзделген жағдайларда, оның ішінде өтеусіз иеліктен шығару жолымен тікелей атаулы иеліктен шығару, сондай-ақ компаниялардың акцияларын ІРО шеңберінде көпшілікке орналастыру мерзімдері осы компанияның активтерін және объектілерін өткізу жүргізу мерзімдеріне сәйкес келген жағдайда, бұл ретте осы Саясаттың


1.2.3-тармағына сәйкес активті сату алдындағы даярлық және кейінгі өткізу шеңберінде қажетті рәсімдерді өткізу үшін активтерді басқару бойынша мамандандырылған компанияның сенімгерлік басқаруына активті беруге де болады.

_________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет