Саран қаласының 2014-2016 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту картасы



бет5/13
Дата09.06.2016
өлшемі3.02 Mb.
#123867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес Моноқалалар бағдарламасы бойынша микрокредит бөлуге қарастырылған 35,0 млн.теңге сомасында қаражатты игеру бойынша жұмыс ұйымдастырылды.




2.1 Кәсіпкерлікті дамыту картасын іске асырудың нақты тиімділік көрсеткіштерінің (индикаторлардың) тізбесі, күтілетін нәтижелер

Қазіргі уақытта өңірлер, әсіресе тұрғындардың барлық қажеттілігін игілікпен қамтамасыз ететін және қанағаттандыратын кәсіпкерлік ортаны дамытатын моноқалалар дамуы үлкен маңызға ие. Бұдан басқа, кәсіпкерлік дамуына қолайлы жағдай жұмыссыздық төмендеуін, тұрғындардың тіршілік ахуалымен және сапасымен қанағаттануын арттырады.

Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарлама талдауы әрі қарай бизнесті дамыту үшін қаланың жақсы жеткілікті әлеуеті бар екенін көрсетті.

Кәсіпкерлікті әрі қарай дамыту, сондай-ақ бірінші қажеттілік тауарларына бағаның негізсіз өсуін тежеу мақсатында, экономиканы жаңарту және өндірістің бәсекеге қабілеттілігін дамыту, ауылшаруашылық кешенінің бәсекеге қабілетін өсіру негізінде өнеркәсіпте құрылымдық алға жылжыту. Шағын және орта бизнес дамыту үшін, ішкі сауда тиімділігін арттыру және инвестиция тарту және қазақстандық қамтуды дамыту, Саран қаласында кәсіпкерлікті дамыту тиімділігінің келесі нысаналы индикаторын анықтады.


2 Кесте – Саран қаласында кәсіпкерлікті дамытудың нысаналы индикаторлары

Көрсеткіштер

2014 ж

2015 ж

2016 ж

% дейін жұмыссыздық деңгейін төмендету

4,9

4,8

4,7

Азаматтардың кәсіпкерлік бастамасымен жүзеге асырылған жобалар саны

14

16

21

2016 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын 15,1% арттыру, бірл.

1370

1419

1475

2016 жылы шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 14,4% арттыру, бірл.

7883

8285

8616

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өнімін (жұмыс, қызмет көрсету) шығару көлемін 18%, млн. теңге арттыру

9586,2

10065,5

10568,8



Қол жеткізу жолы:
қала әкімінің, мемлекеттік органдар және қала кәсіпкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізу;

қаланың әйел және отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушыларын іріктеу және қатысушыларына оқыту өткізу;

үздік инвестициялық жобаға инвестициялық көрме және конкурс өткізуге тұтынушылардың гранттық қолдау;

жобаларға жетекшілік ету, консалтинг, қаланың әйел және отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы конкурсы пайдаланушаларының бизнес-өнімдерінің алға жылжыту;

өзекті мәселелер бойынша кәсіпкерлер үшін әдістемелік құралдар және буклеттер шығару;

кәсіпкерлік қызметінің негіздері бойынша оқыту семинарларын өткізу;

қаржы-кредит мекемелерімен кездесу ұйымдастыру;

кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасына қатысу шарттарына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

кәсіпорындарға мемлекеттік бағдарлама шегінде мемлекеттік қолдау алуға көмек көрсету;

Кәсіпкерлікті қолдау орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

микрокредиттік, донорлық және ірі компанияларды тартумен бастаушы кәсіпкерлер үшін кешендік қолдау көрсету бойынша бизнес-инкубатор ашу және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес ортаны жақсарту бойынша нормативтік құқықтық базаны жақсарту бойынша қсыныстар енгізу.



3. Қалада экономика және кәсіпкерлік нысандарының ағымдық ахуалына талдау




3.1 Өнеркәсіп


Қаланың өнеркәсіптік әлеуетін экономика секторын өңдеуші және өндіруші ірі, орта және шағын кәсіпорындар анықтайды, сонымен бірге Саран қаласының өнеркәсіптік дамудың оң жағы өңдеуші өнеркәсіпті абсолютті басымшылық – 87,1% болып табылады. Резеңке және пластмасса бұйымдары, машина құрылыс және металл өңдеу саласының кәсіпорындары жүйеқұраушы болып табылады. Құрылыс материалдарының өндірісі жеткілікті жоғары қарқында дамуда. Қала экономикасының өңдеуші сектор жалпы Қарағанды облысының өнеркісіптік әлеуетін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру маңызды бөлімі болып табылады.

Қала экономикасы индустриялық маманданған. Қалада көмір, резинотехникалық бұйымдар, тұрғын үй және өнеркәсіптік құрылыс үшін материалдардың үлкен спектры сияқты өнеркәсіптік өнімнің маңызды түрлері өндіріледі.

Пайдалы казбалар: тас көмір, шой тас, керамикалық саздар, құмды-қиыршық қоспалар, ізбес тастар, керамзитті саздар.  

2013 жылы өнеркәсіптік кәсіпорын саны 52 бірлікті құрды, бұл 2012 жылы 61% көп. Жалпы 2011-2013 жылдың талдамалық кезеңінде өнеркәсіптік кәсіп орын саны орта деңгейде 18,1% артты.



Қала өнеркәсібі ұсынады:

Негізі көмір өндіруді жүзеге асыратын кәсіпорындармен, темір және барит кенін бауыту бойынша кәсіпорындармен берілетін тау-кен өнеркәсібі. Көмір өндірумен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД құрамына кіретін екі шахта, байытылған темір кенін алумен «Saburkhan Technologies» ЖШС айналысады.

Одан басқа, қала аумағында тас көмір таратумен және алумен: «Эдельвейс +» ЖШС, «Байжол» ЖШС және «Сарыарка Көмір» Тау-кен байыту компаниясы» ЖШС айналысады.

Азық-түлік өнеркәсібі, атап айтқанда шұжық тағамдарын және жартылай дайын өнім, наубайханалар «Саран нан комбинаты» ЖШС, «Дедов» ЖШС.

Азық-түлік өнеркәсібінің әрі қарай дауымы сондай-ақ қала аумағында 861,7 млн. теңге инвестицияның жалпы көлемімен және 85 жаңа жұмыс орнын ашумен 2014 жылдың маусымында «Эталон LTD» ЖШС диірмен кешенінің және «Алтай - 2030» ЖШС макарон зауытының жүктелуімен байланысты болады.

Тоқыма өнеркәсібі жасанды шөп өндіру бойынша «Карат» ЖШС кәсіпорнымен беріледі. «Карат» ЖШС жалғыз отандық тауар өндіруші болып табылады және жасанды шөптің 5 түрін өндіреді.

Сату нарығы жалпы Қазақстан Республикасына және Ресей Федерациясына ұсынылады.



Киім өндірісі 4 кәсіпорынмен атқарылады: «Galex plus» Саран тігін-трикотажды фабрикасы ЖШС, «Азия Тех» ЖШС, «Perfect Technologi Styl», ЖК Аменова. Бұл кәсіпорындар өнімнің бірқатар маңызды түрлерін шығарады: арнайы киім, Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің және Қорғаныс Министрлігінің қызметкерлеріне арналған форма.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру «Қарағандырезинотехника» ЖШС, «Восход» ЖШС, «Сараньстеклопакет» ЖШС, «Карал plast» КГ БК ЖШС, «СКЭП» ЖШС. Бұл кәсіпорындардың өнімдерін сату нарығы болып Қазақстан және Ресей Республикасы табылады.

Басқа да металл емес минералды өнімдерді өндіру бойынша құрылыс мақсатында өнім өндіретін кәсіпорындарды атап өтуге болады. Олардың қатарына: тауарлы бетон, қалқа плиталары, тіреулер өндіретін «Казтрансметалл» ЖШС, металдық профильдер өндіретін «ЕвроУниверсалСтрой» ЖШС, темірбетон бұйымдарын (қабырға панелдер, әшекей жабу плиталар), шығару бойынша «ККК Бетон» ЖШС(жоба Индустрияландыру картасының шегінде жүзеге асырылды), клинкерлік термопанель шығару бойынша «Мастер Klass Строй» ЖШС, (жоба Индустрияландыру картасының шегінде жүзеге асырылды), рубероид өндірісі бойынша «Казгрез. Т» ЖШС және тағы басқалар. Бұл кәсіпорындардың сату нарығы тек Қарағанды облысы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа да аймақтары бола алады.

Құрылыс материалдарының маңызды перспективалық бағыттарының бірі инвестициялық жобаларды, соның ішінде өңірлік индустрияландыру картасын жүзеге асыру болып табылады:

арнайы мақсаттағы тоқыма өндірісі бойынша зауыд құрылысы-«Геополимер» ЖШС, нәтижесінде мәңгі тоң жағдайында, жылжымалы топырақ үшін сульфатқа шыдамды, тез қатаятын, жоғары маркалы арнайы цемент түрлерін шығару бойынша өндірістік қуат пайдаланымға берілетін болады, жобаның жалпы құны 1286 млн. теңге;

темірбетон бұйымдарын өндірістік ұйым «Механикалық жұмыстар бірлестігі» ЖШС, жобаның жалпы құны – 106 млн.теңге, 15 – жұмыс орнын ашу.

диаметрі 16 мм-дан 1200 мм дейін фитинг өндірістік ұйым «Казфитингпласт» ЖШС, жоба құны 22 млн.теңге, 7 – жұмыс орнын ашу, 2014 жылғы наурызда жүктелді.

Машина және құрылғы өндіру саласы бойынша кәсіпорын стандартты емес техникалық құрылғыларды жөндеумен және дайындаумен айналысатын «Технология» ҒӨК ЖШС.

Облыстың, сонымен қатар, Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін қажетті құрылғылар өндірісі бұл саланың негізгі даму бағыты болады.



Металлургиялық өнеркәсіп, осы өнеркәсіптің дамуына әсер ететін құю өндірісін ұйымдастыру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыратын «СпецСталь» ЖШС. Ағымдық ахуалы: цехты қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кран асты жолдарына фундамент құрылысы және кран асты блоктарының құрылысы бойынша жұмыс басталды. Жабдық жеткізуге келісім бекітілді. Жабдықтың бір бөлігі сатып алынды және жеткізілді: индукциялық пеш («Рэлтек» ЖШҚ, Ресей) және спектрометр ДФС-500с («Спектр»ТҚБ, Ресей).

Электр құрылғыларын, электронды және оптикалық құрылғыларды өндірумен «Kazcentreleсtroprovod» ЖШС және «КЭЛСИС» ЖШС айналысады.

«Kazcentrelectroprovod» ЖШС-де 1000 жуық өнім түрлері өндіріледі, ол өнімдер Қазақстан ішінде және шетелдерге шығарылады.

Саланың әрі қарай дамуы сондай-ақ «КЭЛСИС» ЖШС шығаратын өнім номенклатурасының кеңуіне байланысты – 2014 жылғы наурызда FTP 6 санаттағы және UTR 6 санаттағы сыртқы аралықтарға - FTP кәбілін өндіру бойынша желі іске қосылды.

Электр энергиясын, газ және суды өндіру және тарату бойынша қала аумағында келесі кәсіпорындар қызмет атқарады: «Энергоуголь XXI» ЖШС және қала қазандықтарымен атқарылады.

Орталықтанған жылу орталығының құрылысын 2015 жылы аяқтау қызмет көрсету рыногының кеңуіне, жылу қуатын өндіру көлемінің артуына, 40 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.



Келешекте электрқуатының баламалы көзін игеру мақсатында 20 МВт-тан 3 секциялы қуатымен күн батареяларына электростанцияларының құрылысы бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған, жоба бастамашысы: «IGM ECO Consulting» ЖШС бірге «В4В» Компаниясы.

Сумен қамту, кәріз жүйелері, қоқыстарды жинау мен таратуға бақылау «Саранькоммунсервис» ҚМК – табиғи суды өндіру және тарату бойынша қызмет көрсетеді.
3 Кесте – Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі

Көрсеткіш атауы

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Барлық өнеркәсіп

Қарағанды облысы, соның ішінде:

102,8

97,6

102,1

Саран қаласы

107,3

101,4

112,8

Тау-кен өнеркәсібі және карьер құрылысы

Қарағанды облысы, соның ішінде:

96,2

110,7

122,2

Саран қаласы

85,7

93,2

121,6

Өңдеу өнеркәсібі

Қарағанды облысы, соның ішінде:

106,3

93,3

99,7

Саран қаласы

108,8

102,8

105

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа кондиционерлеу

Қарағанды облысы, соның ішінде:

102,6

105

100,3

Саран қаласы

131,5

208,8

97,1

Сумен қамту, кәріз жүйелері, қоқыстарды жинау мен таратуға бақылау

Қарағанды облысы, соның ішінде:

110,5

113,9

101,1

Саран қаласы

110,3

141,7

190,1

Соңғы жылдарда қала өнеркәсіптік жалпы өнімінің нақты көлем индексінің динамикасы тау-кен өнеркәсібі және карьер құрылысы; сондай-ақ сумен қамту, кәріз жүйелері, қоқыстарды жинау мен таратуға бақылау НКИ өсуіне негізделген, өсу қарқыны бар.


4 Кесте - Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млн.теңге

Көрсеткіш атауы

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Өсу қарқыны, 2013 ж. 2011ж-ға.,%

Барлық өнеркәсіп

22497,3

22986,4

21360,6

94,9

Тау-кен өнеркәсібі және карьер құрылысы

2324,8

1530,8

678,1

29,2

Салыстырмалы салмағы, %

10,3

6,7

3,2



Өңдеу өнеркәсібі

18931,3

19643,0

18603,4

98,3

Салыстырмалы салмағы, %

84,1

85,4

87,1


-

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа кондиционерлеу

1091,1

1445,3

1489,0

136,5

Салыстырмалы салмағы, %

4,9

6,3

7,0



Сумен қамту, кәріз жүйелері, қоқыстарды жинау мен таратуға бақылау

150,1

367,2

590,1

393,1

Салыстырмалы салмағы, %

0,7

1,6

2,7

-

Көрсетілген мәліметтер бойынша ағымдық бағада өнеркәсіптік өнім көлемінің қысқаруы байқалады. Сонымен, 2011 жылдан 2013 жыл бойынша кезең ішінде жалпы 5,1% қысқарды, өңдеу өнеркәсібі саласында 1,7%, , тау-кен өнеркәсібі 70,8% қысқарды, сумен қамту, кәріз жүйелері, қоқыстарды жинау мен таратуға бақылау 2,9 есеге, электрмен қамту, газ, бу беру және ауа кондиционерлеу - 36,5% артты.

Қала өнеркәсіптік өндірісінің негізгі үлесі өңдеу өнеркәсібіне - 87,1%, тау-кен өнеркәсібі - 3,2%, электрмен қамту - 7,0%, сумен қамту үлесіне сәйкесінше 2,7% тиесілі. Қарағанды облысы өнеркәсіптік өндіріс құрылымына қалаға облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындар өнімін өндірудің жалпы көлемінен 1,6% тиді.

Облыста өнеркәсіптік өндіріс көлемі өнеркәсіптік өндіріс құрылымы қала үлесінде өңірде қысқарады. Сонымен, егер 2011 жылы қала үлесіне облыстық өнеркәсіптік өндіріс жалпы көлемінен 1,7% тиді, жоғарыда аталғандай 2013 жылы қала өнеркәсібіне жалпы көлемінен 1,6% тиді.

Егер қаланың өнеркәсіптік өндіріс құрылымын қарастырсақ, 2013 жылы тау-кен өнеркәсіп үлесіне өндірістік өнімнің жалпы көлемінен 3,2% тиді. Сонымен қоса 2013 жылы электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа кондиционерлеу саласына 7%, Сумен қамту, кәріз жүйелері, қоқыстарды жинау мен таратуға бақылауға 2,8% тигенін ескере кету қажет. Өңдеу өнеркәсібіне 87,1% үлесі тиеді, сонымен өңдеу өнеркәсібінде жыл сайынғы өсу үлесі байқалады, ол 2013 жылы 2011 жылмен салыстыру бойынша 3 пайыздық пунктта артты.

Өнеркәсіпте жұмыспен қамтылған тұрғындар саны («АрселорМитталТемиртау» АҚ КД құрамына кіретін шахталар қызметкерлерін есепке алмағанда) 2 821 адамнан 3 120 адамға дейін немесе 10,6% өсті. Еңбек өнімділігі 2011-2013 жыл кезеңі ішінде 7 975 мың теңгеден 6 846 мың теңгеге дейін қысқарды.

Саран қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындарының инновациялық белсенділік деңгейі 2013 жылы 5,8% тең (облыстық көрсеткіш – 7,6%).

2013 жылы инновациялық өнім 1 093,8 млн. теңге болды. Жалпы, қарастырылып отырған 2011-2013 жылдар кезеңінде инновациялық өнім өндіру көлемі 44,1% төмендеді.

Инновациялық қызметтің негізгі түрі – жаңа технологияларды, құрылғыларды, материалдарды енгізу.

Технологиялық инновацияларға кеткен жалпы шығындар көлемі 2013 жылы 15,3 млн. теңге болды. Технологиялық инновациялармен байланысты машина және құрылғылар сатып алуға кеткен шығындар – 42%, ішкі ҒЗТҚТ ((ҒЗТҚТ үшін арнайы ғимарат және имаратқа еңбек ақы және капиталды салым) ағымдық шығындар) 45%, жобалауға, маркетингтік зерттеуге, оқыту және басқа да ісшараларға – 13% құрастырды.

2003-2015 жж. Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясындағы басымдылықтарға сәйкес есеп беру жылы ішінде қала кәсіпорындары инновациялық және инвестициялық жобалар бойынша, жаңа технологияларды енгізу бойынша, жаңа өндірістерді ашу және жұмыс істеп тұрғандарды кеңейту бойынша және жаңа технологияларды, соның ішінде энергия үнемдеуші технологияларды, қолдану бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

2010-2013 жылдары 5 жаңа өндірісті құруға мүмкіндік беретін 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

Қазақстандық қамтудың дамыту мақсатында кешендік шаралар жүзеге асырылады, дәлірек айтқанда мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық қамтуды ұлғайту бойынша, ірі компаниялармен ынтымақтастықты жақсарту арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдау.

Қазақстандық қамтуды арттыру процессіне жергілікті тауар өндірушілерді тарту мақсатында айсайын отандық жеткізушілердің қала кәсіпорындармен алынатын тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер сатып алуда қазақстандық қамту үлесіне мониторинг жүргізіледі. Саран қаласы бойынша қазақстандық қамту мониторинг құралы ретінде 9 қала құрушы кәсіпорын анықталды.

2013 жыл қорытындысы бойынша қазақстандық қамту жалпы тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетуді мемлкеттік сатып алу көлемінде 81,3%, соның ішінде тауарлар бойынша - 80,0%, жұмыстар және қызмет көрсетулер бойынша – 97,4% құрды.

Өткізілген талдау кәсіпорын қызметі саласына сатып алуда қазақстандық қамту үлесі ерекше әсерін тигізетінін көрсетті.

Тау-кен, арнайы кокс және азық-түлік өнеркәсібі өндірісі кәсіпорындарына қазақстандық қамту тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулерді сатып алу 100% жуыққа жетеді.

Құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп, машина құрылысы және металл өңдеу саласында 62,3%-93,7%.

Резеңке және пластмасс өндіру кәсіпорындарында қазақстандық қамту үлесі 42,4% құрды.

Қазақстандық қамтудың осы саланың өндірілетін өнім пайызының төмен болу себебі негізгі шикізатты Қазақстанда болмауынан, шетелден сатып алу болып табылады: полиэтилен, пластикаттар, әр түрлі құрамдаушылар. Сондай-ақ нарықта бағаның тұрақсыздығына байланысты шикізат және материал көлемін анықтау қажеттілігінен кезеңдер разрезінде қазақстандық қамтудың салыстырмалық салмағының өзгеруі ерекше орын алады.

Қазақстандық қамту үлесіне арттыру мақсатында тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді: арнайы киім, жабдықдық қосымша бөлшектер, құрылыс материалдар, жөндеу-құрылыс жұмыстары, көлік қызметін сатып алу үшін шағын бизнес субъектілерімен қаланың жүйе құраушы кәсіпорындарымен ынмақтастық орнату және дамыту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Өңір ішілік қауымдастық арасындағы байланыс қатысушыларының ортасы тұрақты түрде кеңіп отырады.

Қазақстандық қамту үлесіне арттыру мақсатында қала кәсіпорындарымен отандық тауар өндірушілердің республикалық және өңірлік форумдарға, семинарларға, мәжілістерге, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмеге қатысуына көмек көрсетіледі.

Кәсіпорындармен Қазақстаннан тыс сатып алынатын шикізаттың және тауарлардың баламалы көзін іздеу, және оны отандықпен ауыстыру іске асуда.

Қазақстандық қамту шегінде жалпы жұмыс отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жүйелі негізде ұйымдастырылған.

Сыртқы экономикалық қызметпен «Қарағандырезинотехника» ЖШС, «Kazcentrelectroprovod» ЖШС, «Карат» ЖШС, «КЭЛСИС» ЖШС айналысады.

Сыртқы экономикалық қызметтің жалпы көлемінің басым бөлігі «Қарағандырезинотехника» ЖШС үлесіне тиеді. Бұл кәсіпорын бойынша экспорттық өнім көлемі жалпы өндіріс көлемінің 50% құрастырады, экспорт ТМД елдеріне бағытталған.

Негізгі экспортталатын тауарлар қатарына келесілер жатады: транспортерлі таспа, телефон байланысы үшін электр аппаратурасы, электр кабельдері мен сымдары, спорттық құрылыстар үшін жасанды жабындар.

Қала кәсіпорындарының өнімдері Ресейге, Беларусияға, Украинаға, Орталық Азия елдеріне экспортталады.

Негізгі импортталатын тауарлар шикізаттар және материалдар болып табылады:

«Kazcentrelectroprovod» ЖШС – Ресейден - полиэтилендер, пластикаттар, алюминдік катанка, ПТ және АПК пленклар, метиздер, Қытайдан, Швейцариядан және Германиядан – телекоммуникациялық және энергетикалық муфталарды толымдаушыларды сатып алады.

«Карат» ЖШС Ресейден және Қытайдан – пластик және полиэтилен сатып алады.

«Карал plast» БК ЖШС – Ресей және Оңтүстік Корея өндірісінен толықтай шикізат сатып алынады.

«Восход» ЖШС - Ресейден шикізат сатып алады.

«Технология» ҒӨФ ЖШС – Ресейден толықтаушыларды сатып алады.

«Казтрансметалл» ЖШС – Ресейден ТББ: арматура, құю ұщін тор және т.б. металл бұйымдар жеткізіледі.

Негізгі импорттаушы мемлекеттер – Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея.

Саудадан тыс саясатта кәсіпкерлік қызметін, саудада кедергілерді жою, әлемдік сауда кеңістігіктегі өндірісті және интиграцияны дамытуға ынталандыруды іске асыру үшін рәсімдерді оңтайландыру мақсатында Кеден одағы елдері шегінде саясатты жетілдіру болжануда.

Қалада өнеркәсіпті дамытудың бір қатар проблемалары бар, оның ішінде: дәстірлі және ескі технологияларларға басым жағдай жасауды, негізгі өндірістік қордың баяу жаңаруын, инвестицияның тапшылығын жатқызуға болады.

Инновациялық қызметтің негізгі түрі жаңа технологияларды, құрылғыларды, инновацияларды енгізу болып табылады.

Осы уақытта 2011-2013 жылдар ішінде экономикалық өсудің белсенді қарқыны қала экономикасы құрылымының түбегейлі жылжуына әкелген жоқ.

Жалпы экономика салалық теңгерімсіздік: өндіріс және инвестиция көлемінде өңдеу өнеркәсібі үлесінің төмендеуі, шағын бизнес төмен деңгейлі әртараптануы тән.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет