Сарыбаев Е. Е., Бортебаев С. А



бет15/18
Дата18.05.2022
өлшемі0.86 Mb.
#456891
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
ПӨТжЖ әдістемелік құралы

6-зертханалық жұмыс
«Газбен пісіру және кесу қондырғысын құрастыру және баптау»
Жұмыстың мақсаты. Газбен пісіру және кесу қондырғысын жинақтау технологиясы және баптаумен танысу.
Жұмыс ұзақтығы – 2 сағ.
Тапсырма.
1. Қондырғы аппараттарының түгелдігін тексер.
2. Қондырғыны құрастыру технологиясына сай жина.
3. Ацетилен генераторын карбид салып, су құйып іске қосыңыз.
4. Оттегінің берілетін қысымын реттеңіз.
5. Жанарғыны жағып, жалынды реттеңіз.
6. Үлгіні пісіріп, кесіп көріңіз.


Жабдықтар мен материалдар.
1. Ацетилен генераторы.
2. Оттегі баллоны.
3. Майысқақ газ түтігінің жиынтығы.
4. Пісіру бастиектерінің жиынтығы.
5. Оттегі бәсеңдеткіші.

Теориялық анықтама


Газбен пісіруді пайдалану аумағы.
Газбен пісіру – балқытып пісіруге жатады. Газбен пісіру, салыстырмалы түрде қарапайым, күрделі жабдықтарды және электр энергиясымен нәрлендіру көзін қажет етпейді. Газбен пісірудің доғалы пісіруге қарағанда кемшіліктер бар. Бірінші ретте оған аз жылдамдығы мен үлкен қыздыру аумағы жатады.
Жұқа болат жаймаларды (1,5 мм-ге дейін) газбен пісіргенде, өнімділігі қаптамалы электродтармен доғалы пісіргенге қарағанда бір жарым есе жоғары. Дегенмен, жайма қалыңдығы 2 мм-ден асқанда, доғалы пісірудің өнімділігі жоғарылайды. Сондықтан көп жағдайларда газбен пісіру әртүрлі электрлі пісіру түрлерімен ығыстырылады. Газбен пісіру – диаметрі кіші және орташа құбырларды жинастыруда, құйылған шойын бұйымдарды жөндегенде, алюминий, мыс пен жез бұйымдарын пісіргенде, балқытып қаптастырғанда қолданылады. Газ жалынын дәнекерлегенде оны пайдаланған өте ыңғайлы. Газбен пісірудің беріктігі, иілімділігі және жік металының тұтқырлығы, пісірілетін металл қалыңдығына қарамай, доғалы пісіруден төмен (1‑сурет).



1 – жанарғы; 2 – ацетилен келтіретін шланг; 3 – оттегін келтіретін шланг; 4 – ацетилен баллоны (ацетилен генераторы); 5 – ацетилен бәсеңдеткіші; 6 –оттегі бәсеңдеткіші; 7 – оттегі вентилі; 8 – оттегі баллоны
1-сурет. Газбен пісіруге арналған орынының жабдықтары


Пісіру жалынын таңдау және реттеу.
Пісіру жұмыстарын орындағанда пісіру жалынының жылу қуаты жеткілікті болуы қажет. Жылу қуаты пісірілетін металл қалыңдығына және оның физикалық қасиеттеріне байланысты таңдалады. Жылу жалынының қуаты жанарғыдан өтетін ацетилен көлемімен анықталады, ол жанарғының бастиегімен реттеледі.
Әртүрлі металдарды пісіру үшін пісіру жалынының белгілі бір түрі – қышқылды, нормалы немесе көміртектіленген түрлері қажет. Газбен пісіруші жалынның қажетті түрін көзбен таңдауды білуі қажет.
Оң және сол пісіру.
Газбен пісіргенде оң және солға пісіру деп бөледі. Оңға пісіргенде (2-сурет) газ жанарғысын солдан оңға қарай жылжытады, ал солға пісіруде – оңнан солға қарай жылжытады.
Солға қарай пісіру әдісінде қосынды сым жалының алдында болады, оң пісіруде – оның артында болады. Солға қарай пісіру әдісінде жалын пісірілмеген жағына бағытталған. Жиектерді бірқалыпты қыздыруды қамтамасыз етіп үшін және пісіру ваннасы металының жақсы араласуы үшін бастиек пен қосынды сымның қозғалыстары зигзаг тәріздес жасалынады.
Солға пісіру көбірек таралған және жұқа жаймалар (5 мм-ге дейн) мен жеңіл балқитын металдарды пісіруге қолданылады. Бұл жағдайда, солға пісіру әдісі көбірек өнімділік пен және құнының төмендігін қамтамасыз етеді.
Солға пісіру әдісінде негізгі металдың жиектері алдын ала қыздырылады, ол пісіру ваннасының жақсы араласуына ықпал етеді.
Пісіруші жігін жақсы көретіндіктен, жіктің сыртқы түрі оң пісіру әдісіне қарағанда жақсырақ. Бұдан да басқа, солға пісіру әдісі, оңға пісіруге қарағанда қарапайым, ол пісіруші дәрежесінің жоғарылығын қажет етпейді.
Жаймалардың қалыңдығы 5 мм-ден жоғары болғанда, оңға пісіру әдісі тиімдірек. Ол сондай-ақ, жылуөткізгіштігі жоғары металдарды пісіру үшін қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет