1. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЬІРУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮРГІЗУ
1.1 Зертханалық жұмыстарды жүргізу жөніндегі жалпы нұсқаулар
Зертханалық жұмыстардың саны, дәрістік сабақтар мен зертханалық жұмыстардың көлемі көрсетілген мамандықтың оқу бағдарламасымен анықталады. Оқытушының өз қалауымен зертханалық жұмыстардың тізімі мен санын анықтайтын өзгерістер енгізуі мүмкін. Зертханалық жұмыстың сипаты мен көлеміне қарамай, студент мына талаптарды орындауы қажет:
– зертханалық жұмыстарды жүргізгенде, қауіпсіздік техникасы нұсқауымен танысып, нұсқау журналына қол қояды;
– жұмыс орнын дайындайды;
– қажетті жабдықтармен танысып, жұмысты орындағаннан кейін, зертханалық жұмыс бойынша есеп дайындайды.
Зертханалық жұмыстың нәтижесі мен студенттер жасаған қорытындылардың сапасын бағалау мақсатыңда, оқытушы не лаборант оның жұмыстарын тексереді.
1.2 Зертханалық жұмыстарды орындау және қорытынды есеп жасау тәртібі
Зерттеу параметрін анықтаудың теориялық тұжырымдарымен, құрал-саймандармен танысқаннан соң, алдын ала оқытушымен келіскеннен кейін, студенттер жұмысқа кіріседі. Зертханалық жабдықтардың ақауы білініп, түсініксіз жағдайлар болғанда студенттер, оқытушы не лаборантқа айтуы керек. Әрбір зертханалық жұмысты орындау барысында студенттер сызба, кесте және графиктерімен қорытынды есеп жасауы қажет. Есеп форматы А 4 ақ қағаздарда (оқушы дәптерін пайдалануға болады) жеке-жеке жасалынады.
Есептің мазмұны:
1) Жұмыстың аты және мақсаты;
2) Оқитын курс немесе бөлімнен қысқаша мәліметтер;
3) Орындаған жұмыстың (зерттеудің) қысқаша жазбасы;
4) Зерттеу, тәжірибелік байланыстар, тәжірибелер мен есептеу нәтижелерін салыстыру қорытындылары;
5) Қорытындылау.
Мұндай есепті жасаған соң студент оны қорғап, келесі зертханалық жұмысты орындауға рұксат алады.
Барлық зертханалық жұмыстарды тапсырып, қорғаған соң ғана баға қойылады.
1.3 Зертханалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері мен өртке қарсы шаралар
Пісіру лабораториясында жұмыстар жүргізгенде студенттер пісіру жабдықтарымен, ток өткізуші бөлшектермен, кабельдер, сымдар, т.б. жұмыс жасайды. Балқытып - пісірудің барлық әдістерінде пісірушіге әртүрлі деңгейде, төмендегі факторларға байланысты, қатерлі әсердің ыкпалы тиюі мүмкін :
1) Электр тізбегінің бөлшектеріне адам тиіп кеткенде, оның электр тоғымен зақымдануы:
2) Терінің ашық жерлерінің және көздің электрдоға сәулесімен зақымдануы:
3) Пісіру кезінде металл мен қож тамшыларынан болатын күйік;
4) Пісірілген металл, қаптама және электрод металы, сондай-ақ флюстер балқып, пісіру кезінде буланғанда пайда болатын зиянды газдармен улану;
5) Жарылыс қаупі – пісіру кезінде, баллонда қысылған күйінде, қорғаушы газдарды пайдалануға байланысты;
6) Өрт қаупі – пісіру процесіндегі балқитын металл мен қождың әсерінен;
7) Дайындық жұмыстарында механикалық сипатта әртүрлі жарақат алу.
Бұл ережелермен студенттер аддын ала таныстырылуы қажет. Өртке карсы шаралар мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар міндетті түрде лаборатория бөлмесінде көрнекті жерде ілініп қойылады. Лабораторияда жұмыс істеушілер үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау өткені туралы, нұсқауды тіркейтін журналда тиісті мәлімет жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |