Газ түтігі (шлангі).
Газ түтіктері газды кескішке немесе жанарғыға беруге арналады. Түтіктер резеңкеден бір немесе екі мата қабаттарымен жасалады. Түтіктер үш түрмен шығарылады (МЕСТ 9356-75):
– I - түрі – ацетилен мен ацетиленді алмастыратын газдар (пропан және басқалары) үшін;
– II - түрі – сұйық жанғыштар үшін (түтіктер бензинге берік резинадан жасалып шығарылады);
– III - түрі – оттегі үшін.
Түтіктер әртүрлі ішкі диаметрлерімен шығарылады: 6, 9, 12, 16 мм және басқалар). Қуаты төмен жанарғыларға ішкі диаметрі 6 мм түтіктер қолданылады.
Газға арналған түтіктер газдарға сай боялады: ацетиленге – қызыл түсті, оттегіне – көк, түтігі сүйық жанғыштар үшін (II-түрі) – сары түске боялады. Төменгі температурада (-35 0С-дан төмен) жұмыс істегенде аязға берік резинадан жасалған боялмаған түтіктер қолданылады. Қолданғанда түтіктің ұзындығы 4,5 м-ден жоғары, 20 метрден аспайтындай болуы керек (ұзындау түтіктерді пайдаланғанда, газ қысымы біршама төмендейді). Жеке жағдайларда, ұзындығы 40 м-ге дейін түтіктерді қолдану рұқсат етіледі. Түтіктер бәсеңдеткіштерде, жанарғыларда, сұйық жанғыштардың сыйымдылықтарында сенімді бекітілуі қажет.
Түтіктер тиісті жұмыс қысымына сай: I және II түрі үшін – 0,6 МПа-ға дейін, III тип үшін – 1,5 МПа-ға дейін шығарылады.
Пісіру жанарғылары.
Пісіру жанарғысы дегеніміз – жанатын газды (немесе жанғыш сұйықтық буларын) оттегімен араластыруға және пісіру жалынын алуға арналған техникалық қондырғы.
Пісіру жанарғынарының жіктелуі (МЕСТ 1077-69):
– қолданылатын жанғыш газдың (немесе сұйықтықтың) тегімен: ацетиленге, алмастыратын газдар үшін, сутегі газы үшін, сұйық жанғыштар үшін;
– арналуына қарай: әмбебап (пісіру, кесу, дәнекерлеу, балқыту үшін) және арнайы (белгілі бір операцияны орындау үшін);
– жанар газ бен оттегін араласатын бөлмешікке беру әдісімен (инжекторлы және инжекторсыз жанарғылар);
– жалын санымен (көпжалынды және бір жалынды);
– жалын қуатымен: микроқуатты жанарғылар ацетилен шығыны 5-60 л/с, қуаты аздау (25-700л/с), орташа қуатты (50-2500 л/с), қуаты үлкен (2500-7000 л/с);
– пайдалану әдісімен (қол жанарғылары және машиналық жанарғылар).
Инжекторлы жанарғының жұмыс принципі:
Инжекторлы жанарғыларда араластыратын бөлмешікке жанар газ беру шүмектің (сопло) тесігінен үлкен жылдамдықпен шығатын оттегі ағынының, оны соруы әсерінен болады. Қысымы төмендеу газды жоғарырақ қысыммен келетін оттегі ағынымен сору процесі – инжекция деп аталады. Осындай принципте қолданылатын жанарғылар – инжекторлы деп аталады. Инжекторлы жанарғылардың дұрыс істеуі үшін ацетилен қысымы, оттегі қысымынан (0,001-0,12 МПа және 0,15-0,5 МПа тиісінше) елеулі төмен болуы қажет. 4-суретте инжекторлы жанарғы қондырғысының сұлбасы келтірілген.
Жанарғы екі негізгі бөліктен – сабы мен бастиектен тұрады. Сабында, оттегі емігі (1) мен ацетилен емігі (16) түтікшелерімен (3) және (15), қолсап (2), тұғырында (4) ацетилен (14) мен оттегіне 5 арналған екі вентильдер орналасқан.
1, 8 – оттегі және ацетилен емігі; 2 – тұтқаҢ 3, 15 – оттегі және ацетилен түтігі (жолы); 4 – тұғыр; 5,14 – оттегі және ацетилен вентилі; 6‑бастиек емігі; 7 – мүштік; 8 – пропан-бутан-оттегі қоспаларының мүштігі; 9 – штуцер; 10 – жылытқыш; 11– жанғыш қоспа түтігі; 12 – смесительная камера; 13 – инжектор; а, б – инжектор аралыстырғыш бөлмешіктің шығыс арнасының диаметрі, в – инжектор мен араластыру бөлмешігінің арасындағы саңылау мөлшері, г – қоспаны қыздыруға арналған штуцеріндегі бүйір тесіктері, d – мүштік тесігінің диаметрі
4- сурет. Инжекторлы жанарғының құрылысы
Вентильдер жаққанда газ беру үшін, жалынды сөндіргенде газды тоқтатуға, сондай-ақ газ шығынын реттеуге арналады.
Жанарғының бастиегі араластыру бөлмешігінен (12), инжектордан (13), түтікше (11), бастиек емігінен (6) және мүштіктен (7) тұрады. Барлық бастиек түйіні жанарғы сабы тұғырына арнайы қапсырма сомынмен жалғасады.
Жанарғы жиынтығына бірнеше әртүрлі нөмірлі бастиектер енеді. Әрбір бастиекке арналып, инжектор арнасының мөлшері мен мүштік мөлшері белгіленген.
Пропан-оттекті жанарғылардың құрылымы басқаларынан, пропан-оттекті қоспаны қыздыруға арналған мүштік алдындағы қондырғы (10) болуымен, айырмашылығы бар.
Қосымша қыздыру, жалын температурасын жоғарылату үшін қажет.
Инжекторсыз жанарғылар.
Инжекторсыз жанарғыларда жанар газ бен оттегі шамасы бірдей қысыммен (0,05-0,01 МПа) беріледі. Жанарғыда инжектор болмайды: оның орнында жанарғы бастиегінің құбырына бұралатын, қарапайым араластыру шүмегі бар (5-сурет). Оттегі майысқақ түтікпен емік (4), вентил (3) және арнайы мөлшерлі арна арқылы жанарғының араластырғышына беріледі. Осылайша, ацетиленде жанарғыға беріледі.
Жақсы пісіру, жалынын қалыптастыру үшін жанар қоспа жанарғыдан белгілі жылдамдықпен шығуы қажет. Атап айтқанда, жану жылдамдығымен. Егер шығу жылдамдығы жану жылдамдығынан көп болса, онда жалын мүштікпен шығып үзіліп кетіп, сөнеді. Егер керісінше болса, яғни газдың шығу жылдамдығы оның жану жылдамдығынан аз болса, онда жанар қоспа бастиектің ішінде жанады. Осыған байланысты пісіру постылары (орындары), ацетилен мен оттегі қысымдарының теңдігін қамтамасыз ететін, қосымша автоматты реттегіштермен жабдықталады.
5- сурет. Инжекторсыз жанарғының сұлбасы
Есеп мазмұны.
– Жұмыстың атауы мен мақсаты.
– Жабдықтар, айлабұйым, саймандар тізімі.
– Газбен пісіру және кесу кешенінің сұлбасын салу, құрамындағы аппараттарды жазу.
– Жұмыс туралы қорытынды.
Бақылау сұрақтары.
1. Газбен пісіру мен кесу кешенінің құрамына не кіреді?
2. Оттегі баллоны дегеніміз не?
3. Газ бәсеңдеткіштері қалай жұмыс істейді?
4. Әртүрлі газ баллондары қандай түске боялатынын айтыңыз?
5. Газ жанарғысы дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |