а – солға, ә – оңға
2‑сурет. Оңға және солға газбен пісіру
Оң пісіру әдісінде жалын пісірілген жікке бағытталған, бұл – пісіру ваннасын аудағы оттегі мен азоттан қорғауды жақсы қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, кристалдану процесінде жік металының салқындауын баяулатады. Осының салдарынан жік сапасы оң пісіруде, солға пісіруден гөрі жоғары.
Оң пісіру, жалын жылуының шашырауы соңғы әдістен аздау. Сондықтан жиектерді өңдеу бұрышы 90 0 емес, аздау – 60-70 0 құрайды. Бұл балқитын металдың көлемін азайтып, бұйымның шалыстануын төмендетеді.
Пісірудің оң әдісіне, жанарғы мүштігімен толқу қозғалыстарды жасамайды, ал қосынды сыммен спираль тәрізді қозғалыстар жасайды. Онда да қозғалыс амплитудасы сол әдіске қарағанда аздау.
Пісіру жалынының қуаты (болат үшін) сол әдіспен пісіргенде ацетиленді 100-130 дм3/с, ал оң жақ пісіру әдісінде 120-150 дм3/с ацетиленді 1 мм пісірілетін металл қалыңдығына деген есеппен таңдалады.
Жанарғы және қосынды сымның қалпы.
Газ жанарғысы жалыны пісірілетін металдың жиегі ядро шетінен 2 – 6 мм қашықтықта қалпына келтіру аумағында болатындай етіп бағытталады.
Жалын ядросының шетін металл мен қосынды сымға тигізуге болмайды. Өйткені ол пісіру ваннасы металын көміртектендіріп, жалынның кері соққысын қалыптастырады.
Металды қыздыру жылдамдығы, пісірілетін металл бетіне мүштіктің көлбеу бұрышын өзгертумен реттеледі. Бұл – көлбеудің шамасы (α – бұрышы 3-суретте) пісірілетін металдың қалыңдығы мен түріне байланысты таңдалады.
Металл қалыңдығы көп болған сайын, көлбеу бұрышы да (α) көп болуы керек. Мұнда пісірудің алдында көлбеу бұрышы біршама көбірек қойылады да, металл қызғаннан кейін оны қажетті бұрышқа дейін азайтады. Пісіру соңында керісінше, көлбеу бұрышын бірте-бірте азайтады.
3-сурет. Жанарғы мүштігінің көлбеу бұрышының графигі
Қосынды сымның көлбеу бұрышы әдетте 30 – 40 0 шамасында, оны пісіруші әртүрлі факторларға байланысты – жіктің кеңістіктегі қалпы, көпқабатты жіктің қабат санына, т.б. байланысты реттейді.
Қоршаған ауадан жанарғы газының қалпына келтіру аумағы қорғайтындай, пісіру сымының ұшы тұрақты түрде пісіру ваннасының ішінде болуы қажет. Олай болмаса сым металының қышқылдану қаупі туады.
Пісіру процесінде мүштік ұшы бір мезгілді екі қозғалыс жасайды – бойлық (негізгі) ось бойымен және қосымша, жік осіне перпендикуляр.
Көлденең қозғалысы негізгі металдың жиегімен қосынды металды және қажетті енімен жік алу үшін бірқалыпты қыздыруға қолданылады. Бұл қозғалыстар әртүрлі әдістермен орындалады (4-сурет).
Бірінші әдісте жарнарғы жалыны мезгіл-мезгіл сыртқа бағытталады. Мұны газбен пісіргенде қолдануға ұсынылмайды, өйткені балқыған металдың ауамен қышқылдануы мүмкін.
4-сурет. Жанарғыны жылжыту әдісі
Екінші әдіс – спиральмен қозғалу, үшіншісі – «жарты ай» түрімен қозғалу, бұл – қалыңдығы орташа металдарды пісіргенде қолданылады. Төртінші әдіс жұқа жаймаларды пісіруге қолданылады.
Бұйымды пісіруге дайындау және құрастыру.
Газбен пісірер алдында пісірілетін металдың жиектері мен оған жақын учаскелер күйдірме, тот, бояу, т.б. тазартылады. Металды барлық қалыңдығында толық балқуы үшін, газбен пісірер алдында пісірілетін бөлшектердің жиегіне дайындық жасалады.
Пісіру алдында бөлшектерді өзара қысқа жіктермен (ұстатпалармен) жалғастарады. Бұл бөлшектер арасының саңылауы пісіру процесінде тұрақты қалуы үшін жасалады. Ұстатпалардың мөлшері мен олардың ара қашықтығы пісірілетін металдың қалыңдығы мен жік ұзындығына байланысты таңдалады.
Жұқа жаймаларды пісіргенде қысқа жіктер болғанда, ұстатпа ұзындығы 5 мм-ден аспауы қажет, ал олардың арасының қашықтығы – 50–100 мм. Қалың жаймаларды пісіргенде және ұзындығы елеулі жіктерде ұстатпа ұзындығы 20–30 мм шамасында, олардың арасының қашықтығы 300–500 мм. Ұстатпаларды, пісіру ережелеріне сай орындайды.
Әртүрлі кеңістік қалпында газбен пісіру.
Газбен пісіруде төменгі, көлбеу және төбелік жіктер орындалады. Ең көбірек қиындық төбелік жіктерді пісіргенде кездеседі: пісіру ваннасы металының тамшылары төмен ағады, пісіруші жіктегі сұйық металды газ жалынымен үрлеп ұстатуы қажет.
а – жиегінен пісіру; ә – жік ортасынан пісіру
5-сурет. Жіктерді жасау реті
Төменгі жіктерді пісіру, барлығынан жеңіл: балқыған металл ауырлық күші әсерінен кратерге ағады да, пісіру ваннасынан – сыртқа ақпайды. Мұнда пісірушіге процесті бақылау ыңғайлы.
Ұзын жіктерді пісіргенде, сатылы немесе кері сатылы пісіру әдістері қолданылады. Барлық жіктерді белгілі ретпен пісірілетін учаскелерге бөледі (5-сурет).
Тік жіктерді әртүрлі әдістермен пісіреді: а) жұқа бөлшектерді – оң әдіспен жоғарыдан төменге немесе сол әдіспен, төменнен жоғары (6-сурет).
а – жоғарыдан; ә,б, – төменнен ; в – екі жікпен пісіру сұлбасы
6-сурет. Тік жіктермен пісіру
Төбелік жіктерді пісіргенде алдымен жиектерін балқығанша қыздырады; осы кезде пісіру ваннасына, ұшы тез балқитындай, қосынды сымды енгізеді. Балқыған металл төмен ағудан, газ жалынының қысымымен ұсталады. Пісіруді оң әдіспен әр қабаты аздау қалыңдықпен бірнеше қабат етіп жүргізеді.
Газбен пісіргенде бір қабатты және көп қабатты жіктер жасалады. Қалыңдығы 10 мм-ден жоғары жаймаларды үш және одан көп қабат етіп пісіреді.
Газбен пісіргенде көп өтпелі жіктер қолданылмайды, өйткені енсіз жіктерді жасау өте қиын.
Газбен пісірудегі кернеулер мен деформациялар.
Газбен пісіргенде пісірудің басқа түрлеріне қарағанда, пісіру аумағы үлкен. Сондықтан газбен пісіргенде, пісіру деформациясының шамасы үлкен болады.
Газбен пісіргенде деформацияны азайту үшін төменгі ұсыныстарды орындау қажет:
– пісіру ережесін дұрыс таңдау;
– бөлшекті бірқалыпты қыздыру;
– балқытылған металдың көлемін бірқалыпты бөлу;
– пісіру жіктерінің дұрыс жасалу тәртібін сақтау;
– бөлшектерді аздау нүктелермен ұстатпа жасау.
Есептің мазмұны:
1. Жұмыстың атауы мен мақсаты.
2. Қажетті жабдықтар, саймандар тізімі.
3. Газбен пісіру және кесу қондырғысының нобайы.
4. Қондырғыны жұмысқа дайындау және баптауы.
5. Жұмыс туралы қорытынды.
Әдебиеттер. 1 нег. [160-171]
Бақылау сұрақтары.
1. Газбен пісіру мен кесу қондырғысының құрастыру ретін айтыңыз?
2. Газ жанарғысын баптаудың реті қандай?
3. Ацетилен генераторында қысым қанша болады?
4. Су бекітпесі (затвор) дегеніміз не?
5. Газбен пісіріп және кескендегі оттегінің қызметі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |