2.«ҚҰТАДҒУ БІЛІК» - ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ
2.1.«Құтадғу білік» еңбегіндегі діни-философиялық толғамдар
2.2.Ж.Баласағұн болмыс ұғымының зерттелуінің қазақ ойшылдары шығармашылығымен сабақтастығы ...................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНЛЫҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылды:
СМЖ ОҚУ ПР 7.28-2020 сапа менеджменті жүйесі. Рәсім. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми (эксперименттік) – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.
ҚР СТ ИСО 9001-2017 сапа менеджменті жүйесі. Негізгі ережелер мен сөздік.
ҚР СТ ИСО 9001-2017 сапа менеджменті жүйесі. Талаптар:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
МЕСТ 7.1 – 2003. Баспаханaлық жұмыс және кітапханалық, ақпараттық стандарттар жүйесі. Кітапханалық жазба. Библиографиялық сипаттама. Дұрыс құрылысы мен жалпы талап.
МЕСТ 7.5 – 98. Кітапхaнaлық және бaспa ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі. Журналдар, жинақтар, ақпараттық баспа. Жарияланған мақалалардың рәсімделуі.
МЕСТ 7.9 – 95. Кітапхaнaлық және бaспa ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі. Рефераттар мен аннотация. Жалпы талап.
МЕСТ 7.32 – 2001. Кітапханалық және баспа ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі. Ғылыми жұмыс бойынша есеп. Құрылысы мен дұрыс рәсімделуі.
И 1 ИУС № 6-2005 22. 06. 2005
И П ИУС № 5-2002 01. 05. 2002
СТРК ИСО 690-2-2007. Ақпараттар мен құжаттар. Библиографиялық сілтемелер. Электрондық құжаттар және олардың бөлімдері.
СТРК ИСО 5127-2007. Ақпараттар мен құжаттар. Сөздік.
АНЫҚТАМАЛАР
Осы диссертацияда келесі терминдер пайдаланылды:
ТІЛ БІЛІМІ - қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең, ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді.
ГРАММАТИКА - тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы.
МОРФОЛОГИЯ- дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.
СИНТАКСИС- сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді.
ФОНЕТИКА- тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы.
Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.
ЛЕКСИКА- Лексика (грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады.
ТҮРКІТАНУ- түркі тілінде сөйлейтін халықтардың тілін, этнографиясын, тарихын, ауыз әдебиетін, мәдениетін зерттеу нәтижесінде қалыптасқан.
ТІЛДІК ЖҮЙЕ – тілде бар үлгілердің, қолданыс типтерінің (түрлерінің) белгілі бір тәртіппен келуі.
ТІЛДІК ҚҰРЫЛЫМ – осы жүйенің іске асқан (көрінген) материалдық мүмкіндіктері.
ТІЛДІК НОРМА – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру.
КІРІСПЕ
Соңғы жылдары өріс алған ұлттық мәдениетке жету қолға алынуда. Философия саласында, оның өркениеттік көріністеріне терең бойлауға бағытталған зерттеулер тек ата-бабалар парызын өтеу емес, сонымен бірге заман талаптарынан туатын өзекті мәселе.
Кеңес өкіметінің тар құрсауынан шығу үшін тек экономикалық өзгерістерге сүйену жеткіліксіз. Ол үшін адам санасын да өзгерту керек. Жоғары жақтан келетін нұсқауға негізделген мемлекеттерде таңдау да, шешім де, шығармашылық пен жасампаздық та жоқ. Авторитарлық әкімшіл қоғам тұлғасыз қалады, руханилықты «шайтан өрнек» идеология ауыстырады. Осыдан әлеуметтік өмірдің түрлі қырлары тұманданып, өктемдік саясат, бюрократтық жүйе, таптық принцип өз үстемдігін жүргізеді. Өркениеттіліктің әлемдік және дәстүрлік үлгілерінен аласталған қоғам өзінің адамсыздандырылған ішкі табиғатында мәңгүрттенген тетік адамдарды ғана қалдырады.
Міне осы мәселелерге, әсіресе ұлттық санаға байланысты ұлт менталитетіне тікелей қатысы бар дүниелер тез қарастырылып, жеткілікті дәрежеде назар аударылмай келді. Мұның барлығы тіліміз бен дінімізден қол үзуге, ой-санамыздың өзгеруіне, тіпті мәңгүрттене бастауымызға, ұлттық тәрбиенің өзіндік нәрін жоғалтуға алып келді. Өткеннің озық философиялық дәстүрін оқып-үйренудің тарихымызды тануға, қоғамдық сананың даму заңдылықтарын білуде, қазіргі философиялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде, оларды жүзеге асыруда, ұлт менталитетінің қалыптасуында маңызы зор болмақшы. Өйткені «елдің экономикалық мүдделерінің дұрыс шешімін табу үшін де алыс-жақындағы мемлекеттердің бізді танығаны, сыйлағаны керек. Ал осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың сенімді жолы - тағылымды тарихың, озық ғылымың, өрелі мәдениетің. Бірақ осы уақытқа дейін тарихымыз бен мәдениетіміз "олардың болашақ қазақ ұлтымен сабақтастығы деген мәселелер әлі терең зерттелмей келеді»
Достарыңызбен бөлісу: |