Сарыпбекова газиза сейтанкызы



бет14/18
Дата11.10.2023
өлшемі195.08 Kb.
#480466
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
сарыпбекова газиза

Ондай жанды періште деп қараңыз,
Шынында да періштеге балаңыз.
Жалпы, дастанда дəулетқұмарлық, дүниеқорлық, байлық, мансапқа құмарлық жан-жақты сыналады. Ғұламаның пайымдауынша, нағыз байлық — жан тазалығы. Өйткені рухың таза болса, сен аспандай бересің. Байлыққа құмарлық тұлғаның мінез-құлығының азып-тозуына жол ашады. Ойшыл ақын «опасыз өткінші ғұмырда байлық қумай, білімге ұмтылыңдар» деп үндейді:
Кісіден кісі айырмасы — парқы көп,
Айтсам, білім — бұл парықтың нарқы дөп.
Бұл сөзімді білімдіге арнадым,
Білімсіздің тілін ұға алмадым.
Білімсізбен ешбір сөзім жоқ менің,
Ей, білікті, қызметшіңмін мен сенің.- [40, 91].
Баласағұни əлемдік үйлесімділік негізінде əділетті адамзат əулетін құруды армандаған. Сондықтан да ол ғылым мен білімге зор мəн берген. Ақын мемлекет, қоғам, ел басқарған əкімдер, мораль, этика, тағы басқа мəселелерге арналған тарауларында білімнің күш-құдіретін ардақтап, ғалымдарды көкке көтере мадақтайды
Ақыл — шырақ, қара түнді ашатын,
Білім — жарық, нұрын саған шашатын.
Ақыл болса, асыл болар — болса ер,
Білім болса, бектік қылар — қылса ер.
Ақыл кімде болса — болар асыл ол,
Білім кімде болса — бек һəм басың ол.
Кісі ұланы қара жерге қол салды,
Көтерді бəрін, білімін ол қолданды.
Ақылмен кісі асыл атанар,
Бекке ел ісі білімімен жасалар.
Талай ізгі іс, атқарылды ақылмен,
Мың рахмет ақыл-еске асыл кен!
Пайдасы көп, аз ақылды аз деме,
Қадыры көп, аз білімді аз деме!
Жұпарға ұқсап білім де тез таралар,
Сақтап болмас басқалардан даралап.
Жасырсаң жұпар, оны иісі білдірер,
Жасырсаң білім, тілің айтып бүлдірер.
Білім — байлық, азаймас һəм жоғалмас,
Еш қарақшы, ұрыға да тоналмас!
Ақыл, білім бейне кісен кісіге,
Кісенді ашып бармас қылмыс ісіне-[40, 92]. Жүсіп Баласағұн оқыған, парасатты, көзі ашық адамдар, ғалымдар ел басқару ісінде, ел-жұрттың талап-тілектерін жүзеге асыруда патшаларға, түрлі дəрежедегі əкімдерге, бектерге ұдайы ақыл-кеңес беріп көмектесіп отыруы тиіс деп түсінеді. Ақын ел билеушілердің, білімді адамдардың ақыл-кеңесін тыңдап, соған сəйкес елге билік жүргізуге шақырады. Дастанда мынадай ой-пікір бар: Патша ел-жұртын қылыштың күшімен, қатал тəртіппен басқарып отырады, ал ғылымдар қалың бұқараны ақыл-парасатымен басқаруы керек. Философ-ғалым адам бойындағы жаман қасиеттердің бəрі, атап айтқанда, зұлымдық, қатыгездік, сараңдық, опасыздық, т.б. — бəрі түптеп келгенде білімсіздіктен, надандықтан туындайды деп есептейді.
Баласағұн ең алғашқы ағартушылардың бірі ретінде сауаттылықты дəріптеп, оны халықтың мəдени деңгейін көтеретін бірден-бір құралы деп білді. Бүгінгі күнде мəнін жоймаған мына бəйітті оқиық:
Білімді — аз, білімсіздер қаптаған,
Ақылсыз көп — ақылдыны таптаған.
Философ білікті, парасатты адамдарды қоғам өз дəрежесінде бағаламайтын, бұл дүниеде ашкөз надандардың ұтатынын, олар пайдакүнемдік пен парасатқа, білімге, адам тағдырына, адамзаттық мұраттарға көз жұма қарайтынын айтады . Бұл жағдайды түзеу үшін өмірдің бар салаларына білім нұрын сеуіп, қараңғы халықтың көзін ашып, оларды бұл дүниелік күйкі əрекеттерден серпілту керек дейді ғұлама. Жалпы, Баласағұни бəйіттері арқылы біз «білім мен ақыл — адам болудың нағыз кемел жолы» деген ой түйеміз. Сондықтан да дастанда ақыл мен білім жайында айтылған ойлар көп. Осы белгілеріне қарап, оны ғибратнама үлгісіндегі дастан деуге болады :
Ақыл, сенің анттасқан нақ жолдасың,
Білім, сенген мейірімді қандасың.
Немесе : Ей, ақылды! Өкпе-сорға шалдырма!
Сақтап атты, ашуға бой алдырма! — деп келетін өсиетке толы жыр үлгілері — соның айғағы [40, 95].
«Құтты білікте» көтерілген этикалық-философиялық мəселелердің бірі — қанағат, ынсап мəселесі болып табылады. Ақын «қанағат» ұғымын философиялық категория ретінде қарастырады. Ел басқарған əкімдердің бəрін қанағатшыл, ынсапты болуға шақырады. Сондай-ақ ол дүниеқұмарлықты, ашкөздікті, парақорлықты өлтіре сынайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет