Сарыпбекова газиза сейтанкызы


Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет4/18
Дата11.10.2023
өлшемі195.08 Kb.
#480466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
сарыпбекова газиза

Зерттеу жұмысының өзектілігі Жүсіп Баласағұн философиясының қазақтың тарихы мен мәдениетімен тамырластығы, сабақтастығы дау тудырмайтын ақиқат. Бұған Ж. Баласағұн дастанында келтірілген әдет-ғұрып, салт-дәстүр, шешендік сөздер, қанатты ойлар, адамгершілік, ізгілік, имандылық идеяларының үндестігі дәлел. Азаттық алған қазақ елі үшін қазіргі жағдайда рухани жаңғыру, төл мәдениетін қалпына келтіру жолында Жүсіп Баласағұн сияқты ойшылдың айтқан ойлары мен идеяларының маңызы зор.
Ұлтымыздың қоғамдық-философиялық ойының даму тарихына ерекше ықпал еткен қазақ даласынан шыққан ойшылдардық көрнекті өкілі Жүсіп Баласағұнның шығармашыдығы энциклопедиялық білімдігімен, әртүрлі философиялық-этикалық пікірлерінін жүйелілігімен, өміршендігімең дараланады.
Егемендікке қол жеткізгеп тәуелсіз мемлекетіміздегі қоғамдық-тарихи әлеуметтік саяси жағдайларға байланысты болып жатқан өзгерістер барысында туындап жататын қайшылықтарды шешу, өз жолын, өз идеяларын нақтылау мен дамыту, дүниетанымдық қағидаларымызды айқындау, ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қайта өрлеуі, халықтың рухани бастауларына көңіл аударуы және үзіліп қалған идеялық жалғастылықты іздеу, толықтыру, жаңа қоғамдағы жеке адамдардың нақтылы әрекеттері мен қоғамдық ойларын жаңылмай саралау кезінде Жүсіп Баласағұнның философиялық ойлары, өміршең идеялары маңызды да қажетті терең де соны толықтыру болмақ. Жүсіп Баласағұн идеяларының қазіргі маңыздылығын зерттеудің қажеттігін осыған тірейміз. Осылайша, өзінің шығармашылық шабытында бірнеше мәдени дәстүрді қорыта отырып және түрік халықтарының бай руханиятына сусындай отырып, Жүсіп Баласағұн орта ғасырлардағы ірі мәдени мұраның қатарына қосылатын түрік тілді философияның ұлы шығармасын дүниеге паш еткен.
Зерттеу жұмысының нысаны: Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі көпмағыналы сөздердің дамуындағы концептілік ерекшеліктер
Зерттеу жұмысының мақсаты: жұмыстың басты мақсаты ретінде түркі халықтарының ұлы данасы Жүсіп Баласағұнның рухани мұрасындағы әлеуметтік философиялық ойлардың қазақ халқының рухани мәдениетін қалыптастырудағы алатын орнын айқындауды ұсынуға болады. Сол сияқты Жүсіп Баласағұнның әлеуметтік философиясының сұхбат аймағын анықтау, «Құтты біліктегі» қарастырылған саяси-әлеуметтік мәселелердін ортағасырлық мұсылмандық Ренессанстын басқа да тұлғаларының шығармашылығымен үндестігін айқындау.- Жүсіп Баласағұнның философиялық толғамдарының, поэтикалық ойлау үрдістерінің болмыс мәселелерін зерттеу. «Құтты біліктегі» әлеуметтік-философиялық ой-дүниенің, онын маңызды қағидаларының қазіргі заманға байланысты өміршеңдігін көрсету.Жүсіп Баласағұн шығармашылығының әдістемелік негізін айқындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет