2012 жылғы 21 маусымдағы №5-8 Қазақстан республикасының «Жеке кәсіпкелік туралы» Заңын іске асыру барысы туралы. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы Заңын ауданда іске асыру туралы» Заңының 16 бабы 2 тармақшасы негізінде, ауданда шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағытында аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі біршама жұмыстар атқарылуда.
Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте 1790 субъект тіркелген. Ағымдағы жылы осы субъектілердің 1444белсенді жұмыс жасауда. Оның ішінде 41 шағын кәсіпкерлік субъектісі, жеке кәсіпкерлікте 802 субъект, орта кәсіпкерлікте 16 субъект, 485 шаруа қожалығы.
Аталған субъектілерде барлығы 3988 адам жұмысқа тартылған, оның ішінде 279 адам орта кәсіпорындарда, 413 адам шағын кәсіпкерлікте, 1294 адам жеке кәсіпкерлікте, 2002 адам шаруа қожалықтарында жұмыс істейді.
Талдап айтар болсақ, ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТЕ 88 заңды тұлға тіркеліп оның 41-і белсенді жұмыс атқарып, оларда барлығы 413 адам жұмыспен қамтылған. Жылдың басынан өндірілген өнім, көрсетілген қызмет, жасаған жұмыстары 28 млн. 762 мың теңгеге жетіп, бюджетке 7 млн. 274 мың теңгенің салық төлемі түсті.
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТЕ 1091 субъектінің 902-і белсенді жұмыс жасауда, оларда 1294 адам жұмыспен қамтылған. Олардың өндірілген өнімі, көрсетілген қызметі, жасаған жұмыстарының көлемі 168 млн. 269 мың теңгеге жетіп, бюджетке 9 млн. 507 мың теңге салық түсімін түсірді.
ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТА 595 шаруа қожалығының белсенді 485-і жұмыс жасауда, оларда 2002 адам жұмыспен қамтылған, өндірілген өнім, көрсетілген қызметі 86 млн 910 мың теңгеге жетіп, бюджетке 1 млн 560 мың теңге салық төлемі түсті.
ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТЕ 16 субъект тіркеліп жұмыс істейді, оларда 279 адам жұмыспен қамтылған, өндірілген өнім, көрсетілген қызметі 89 млн 946 мың теңгеге жетіп, бюджетке 7 млн 822 мың теңге салық төлемі түсті. 2013 жылдың қаңтар- мамыр айларында аудан экономикасының осы саласында 373 млн 887 мың теңгенің өнімдері өндіріліп, бюджетке барлығы түскен түсімдер 26 млн 163 мың теңге құрады.
Қазақстан Республикасы Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жақында, 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында он басымды бағыттары бойынша міндеттер жүктеген болатын. Солардың бірі әрі бірегейі «ҚР Үдемелі – индустриалдық - инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып отыр.
Ауданда мемлекеттік бағдарлама аясында индустриаландыру картасына жаңа жобалар енгізу үшін 2013-2015 жылдарға болжамды жобалар іріктеліп тізімдері жасалды. Атап айтқанда:
«Қазақсода» ЖШС-гі аудан көлемінде «Кальцийлендірілген сода өндірісі зауыты» (директоры Қуанышбек Құдайбергенов) Соркөлден құрылысын соғу жоспарланды. Жобалық құны 250 млн АҚШ доллары. Қазіргі таңда «Қазақсода» ЖШС-не берілген жер учаскесі ауыл шаруашылығы жерлеріне келтірілген мемлекетке 23,0 млн теңге зиян көлемі анықталып отыр. Бұл өтем ақыны төлеу мәселесіне байланысты жұмыстары кешіктірілуде. Аталған жоба жылына 400 мың тонна кальцийлендірілген содасын өндіретін болады. Зауыттың толық көлемде жұмысы тұрақтандырылғанда 250-300 адамға дейін жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Аталған кәсіпорын Соркөл аумағынан 1436,8 га берілген жер көлемінің қазықтарын қағып, мемлекеттік акт алу жөніндегі құжаттарын казіргі уақытта рәсімдеу үстінде.
Сонымен қатар, ауданда «Жаңатас Жел электр станциясы» ЖШС-нің директоры ( Алмаганбетов Ерлан) Сарысу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 тамыздағы №171 қаулысымен «Жаңатас Жел электр станциясы» ЖШС-не желдің әлеуетін өлшейтін мачта орналастыру үшін жалпы көлемі 1,0 гектар учаскесі берілген. Серіктестік тарапынан 2011 жылдың қыркүйек айында аталған жерге желдің әлеуетін өлшейтін мачта орнатылды, бір жыл уақыт мерзім бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Жобаның құны 150 млн ЕВРО валютасы. Қуаттылығы 100 Мвт. Жобаның басталу мерзімі 2013 жылдың сәуір айына жоспарлануда. Әлеуметтік тиімділігі, Сарысу ауданы тұрғындары мен өнеркәсіп орындарына арзан бағамен электр қуатын беру көзделіп отыр.
Осындай индустриялды-инновациялық жобаның бірі «НАР» ЖШС-нің директоры (Бураев Серік) атты азамат желден энергия алу бағытында жұмыстар жүргізуде. Жобаның құны 420 млн ЕВРО валютасы. Құрылыс 2013 жылдың қыркүйек айынан басталу жоспарланған. Жоба толық іске асқанда 50-60 адамға дейін жұмысшы күшін тартуға жағдай қарастырылған. Аталған жобаны іске асыру үшін Алматы қаласынан келіп жұмыс істеп отырған бұл «НАР» ЖШС-гіне 150,48 га жер учаскесі берілді.
Жел энергетикалық станциясының құрылысы жоғарғы кернеулі, әуе және кабелді электр желілерінің құрылысын жүргізіп, қуаттылығы 210 МВт Жел энергетикалық станциясы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін жасап отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуіріндегі №301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бүгінгі таңда аудан бойынша 16 кәсіпкер екінші деңгейлі банктерден несие алуға байланысты құжаттарын рәсімдеуде. Биыл жыл басынан бері 56 кәсіпкерлік субъекті аталған бағдарлама аясында несие алуға ынталанып, бөлімнен бағдарлама бағыттары туралы кеңестер алып, оларға нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 4 шаруа қожалық төрағалары мен 52 кәсіпкер азаматтар бар. Әрине бизнес жобаларын дамытуға талпынған бұл кәсіпкерлерге несие алу жолындағы қояр кепілдіктері банктер тарапынан үлкен кедергілерді туғызуда. Несие беруші Тараз қаласындағы екінші деңгейлі банктер аудандағы осы 56 кәсіпкердің 16-сының ғана жобаларын қуаттауда. Нақты жобаларды іріктеп, оны алға қарай дамытуға ықпал жасап жүрген аудан әкімінің орынбасары О.Көкей мен бөлім қызметкерлері бұл бағытты дамытамын деуші кәсіпкерлермен әр аптаның бейсенбісі күндері аудан әкімдігінің кіші залында жиындар өткізіп зерделенуде.
Өздеріңізге белгілі ауданда жоспарланған Медиа – жоспарға сәйкес, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мен Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі бағыттарын кеңінен аудан кәсіпкерлеріне түсіндіру, насихаттау мақсатында 2013 жылдың наурыз айының 12-сі күні Жаңатас қаласында аудандық мәдениет үйінің мәжіліс залында Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Б.Жолболдиевтың, «Даму» кәсіпкерлікті қодау қоры» АҚ мен Тараз қаласындағы екінші деңгейдегі банктердің өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Аталған семинар-кеңеске қатысқан банк өкілдері ішінен «Халық банк» АҚ Жамбыл облыстық филиалы, «Евразийский банк» АҚ Жамбыл облыстық филиалы, «Цесна банк» АҚ Жамбыл облыстық филиалы, «Банк Центр Кредит» АҚ Жамбыл облыстық филиалы тараптарынан сол күні Сарысулық кәсіпкерлерге несие беруді және аудан көлемінен кепілдік мүліктер алуды уәде еткен болатын.
Бірақ та бұл шешімнің орындалуына толық атсалысып біздің кәсіпкер азаматтарымызбен жұмыс жүргізіп отырған тек қана «Халық банкі» филиалы мен «Банк Центр Кредит» филиалдары ғана маңызды істерді атқаруда.
Сонымен қатар, бағдарламаның әр ауылдық округтерде 2 жобадан іске асыру туралы аудан әкімі Қ.Мәдібектің 2013 жылғы 09 қаңтардағы №1 хаттамалық тапсырмасы берілген.
Ауданда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру, ондағы мемлекеттен берілетін жеңілдіктерге қол жеткізу бағыттары туралы семинар-кеңестер, насихат жұмыстары жиі жүргізіліп келеді. Соның бірі, өткен аптада, яғни, мамыр айының 06-14 күндері аралығында аудан әкімінің орынбасары кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары және жер қатынастар бөлімінің бастығы кәсіпкерлік субъектілерді дамытудағы түсіндіру жұмыстары жүргізу барысында барлық ауылдық аймақтарда іс-сапарда болды.
Бағдарламаны насихаттау іс-шаралары тиісті деңгейде орындалғанымен ауылдық округ әкімдері тарапынан демеушіліктер жетіспей тұрғанды байқалып келеді. Мысалға, аудан бойынша белсенділік танытып, банктерден несие алу арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытамын деуші 16 кәсіпкердің ішінен Жаңатас қаласынан 12 кәсіпкер, Саудакент ауылынан 1 кәсіпкер, Тоғызкент ауылынан 1 кәсіпкер, Жайлаукөл ауылынан 1 кәсіпкер, Жайылма ауылынан 1 кәсіпкер ғана несие алу жолындағы құжаттарын рәсімдеу үшін банктермен жұмыстар жүргізуде. Аталған бағдарлама аясында 1,5 млн теңгеден 3,0 млн теңгеге дейін жаңадан инновациялық жоба тапқан азаматтарға гранттар беру туралы ақпараттарда тиісті деңгейде хабарланған, бірақ бұл бағытта Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына өтінішін ұсынған 2 ғана кәсіпкер болып отыр, олар осы Жаңатас қаласының тұрғындары.
Сонымен қатар, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 2013 жылдың мамыр айының 21,22 күндері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен бірлесе отырып, оқу семинарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл оқу семинарында кәсіпкерлерге несие құжаттарын рәсімдеуді, бюджетке салық және басқа да төлем түрлерімен есеп айрысуы туралы және бухгалтерлік заңдылықтарды оқыту туралы ақпараттар тегін берілетін болады.
Ауданда мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы саласын дамытуға құрылған шағын несие ұйымдары «Саудакент-НС» ЖШС-гі арқылы 2013 жылы ақпан айларына дейін 2 шаруашылыққа 8 млн 124 мың теңге көлемінде 5 жылға 9 пайызбен несие берілді. Несие беру, құжаттарды жинау жұмыстары бүгінде жалғасуда. Сонымен қатар, ауданда 2013 жылы наурыз айына дейін «КазМикроФинанс» шағын несие ұйымы аудан көлеміндегі кәсіпкерлерге бизнеске, ауыл шаруашылығына және тұтынушылық мақсаттарға ағымдағы жылы 406 адамға, 84 млн 155 мың теңгенің несиелері берілді. Несие беру, құжаттарды жинау жұмыстары бүгінгі күнде жалғасуда
Аудан көлемінде негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін және бағаның өсіміне жол бермеу мақсатында Жаңатас қаласында «Темірлан» сауда орталығының алдында арнайы белгіленген орындарда аудан бойынша жасалынған іс-шаралар жоспарына сәйкес барлығы мамыр айына дейін 31,0 млн теңгенің ауыл шаруашылығы тауарлары сатылды.Сатылған тауарлар базар бағасынан 10-15 пайыз төменгі бағада сатылуда.
Ұн және нан өнімдері бағаларын тұрақтандыру және мал басы санын азайтпау мақсаттарында өткен жылдың 26 шілдесінде Жамбыл облысы әкімдігінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «КазАгро» ҰК АҚ-ның араларында Меморандумға қол қойылды. Осы қабылданған Меморандумға сәйкес бидайдан өндірілетін 1 кг ұн бағасы 47 теңгеден, нан пісірумен айналысатын кәсіпкерлерге арзандатылған ұн босатылуда. 2013 жылы бүгінгі күнге дейін Тараз қаласынан аудан кәсіпкерлерінің берген өтіміне сәйкес 441,0 тонна арзандатылған ұн сатып алынып кәсіпкерлер өздерінің оператор алдындағы төлемдерін толықтай өтеді.
Аудан көлемінде бүгінгі таңда 6 наубайхана Жаңатас қаласы мен Саудакент ауылында жұмыс жасап, наубайханалардағы бір бөлке нанның бағасы 35 теңгеден өндіріліп, қала және қалаға жақын орналасқан Саудакент, Өндіріс, Игілік және Ұйым ауылдарының дүкендерінде 40 теңгеден сатылуда, сатылған нандар жөнінде ай-сайын қала, ауыл кәсіпкерлерінен тиісті есептері алынып, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына өз мерзімінде тапсырылуда.
Ауданда, шалғайда орналасқан елді мекендерде нан пісіретін наубайханалар жоқ болғандықтан, шалғай ауылдағы халық арзандатылған нанды сатып аламауда. Сол себептерден, ауылдық округ әкімдерінің сұраныс хаттарына байланысты, шалғайдағы орналасқан елді мекендерге Тараз қаласындағы «Дара МіII»ЖШС-нен нақты ақшасына арзан бағадаға ақпан,наурыз айының ішінде 342,7 тонна арзандатылған ұнды 47 теңге/кг сатып алынып, ауыл тұрғындарына бірінші кезекте әлеуметі төмен азаматтарға 50 теңге/кг сатылуда.
Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, экономиканы көтеруге шағын бизнесті қолдау барысында жаңадан кәсіпкерлік нысандардың жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал жасауға тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
2012 жылғы 21-маусымдағы №3-6 «Байқадам ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функцияларымен міндеттерінін орындауы туралы» шешімі.
Ауылдық округ әкімі аппаратына үстіміздегі жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардан 224 өтініш түсті. Оның 223 жеке тұлғалардан 1 заңды тұлғалардан. Өтініштерді қарау нәтижесі бойынша 218 өтініш қанағаттандырылып, 6 өтінішке түсінік берілді. Азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау бекітілген кесте бойынша жүргізіліп отырады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді орындау бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Бекітілген жоспар бойынша жер, мүлік және автокөлік құралдарынан алынатын төлемдер толық орындалды.
Қазақстан Республикасы Заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс әрекеттер жүргізілді. Жыл бойына 37 нотариаттық іс әрекеттер жүргізілді.
Ауылдық округте мемлекеттік тұрғын үй қоры қарастырылмаған.
Дегенмен жеке меншіктегі тұрғын үйлердің қалыпты сақталуы қадағалануда. Ауыл бойынша 970 жекеменшіктегі тұрғын үйлердің апатты жағдайда тіркелгені 5 үй.
12 қаңтар 2013 жылғы қатты дауылдан келген залалды өтеу үшін ауыл тұрғындарына 3300 шифер таратылды.
Биылғы жылы жыл басынан бері 2 үй пайдалануға берілсе, 8 тұрғын үй салынуда. 16 үй қоршауын жаңа үлгідегі шарбақпен ауыстырып, 5 үй шатырын жаңалауда.
Орталық саябақ «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес ағымдағы жөндеуден өткізілуде.Осы мақсатқа бөлінген 2050,0 мың тенге игеріледі.
«Туған жерге туыңды тік » бағдарламасы аясында Адамбаев мектебі жанынан көгалды шағын спорт алаңы пайдалануға берілді. Шоқай датқа мен Ықылас кесенесі арасы жарықтандырылады. 3820,0 мың тенгенің сметалық құжаты дайындалып, биыл игеріледі. Ауыл әкімі аппараты ғимаратына 10000,0 мың тенгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жақында басталады.
Байқадам ауылдық округінде 1 маусым 2013 жылға 2465 бас мүйізді ірі қара, 206970 бас қой - ешкі, 879 бас жылқы, түйе 360 бас, 6000 құс өсірілуде.
Індетті ауруларға қарсы емдеу шаралары жоспарлы жүргізілуде.
Сарып ауруы (бруццелез) анықталған 45 бас уақ мал, 5 түйе, 20 сиыр жойылды. Бірдейлендіру жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде. Бүгінгі күнге 11942 дана сырға уақ малға салынып, компютерлік базаға енгізілді.
Қырым қанды безгегі /КГЛ/ ауруына қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге ауылдық округ бойынша кене тиіп ауыруы нақтыланған адам болған жоқ.
Ауылдық аймақта салық түсімі де өткен жылмен салыстырғанда орындалып отыр.
Ауыл тұрғындарына жеңілдетілген бағамен 66,1 тн ұн таратылды.
Ауылдық аймақта көктемгі санитарлық тазарту жұмыстары белгіленген жоспарға сай өткізілді.
Бүгінгі күнге жоспардағы 2000 түп талдың орнына 3050 түп тал көшеті отырғызылды. 220 шаршы метр гүлзарлар отырғызылды. 37 көшенің барлығында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда Адамбаев орта мектебі 100 түп қара тал, 96 түп роза гүлі, Байқадам орта мектебі 500 түп жеміс талы мен гүлзарлар, Туберкулез диспансері 130 роза , 20 түп туя 40 түп жеміс ағашы, 30 қара тал отырғызды. Ауылдық аймақтағы барлық мекемелер тал отырғызып, гүлзарлар орналастырды.Ауыл тұрғындары отырғызған тал көшеттері саналуда. Мысалы ауыл тұрғыны Исаев Абутан 70 түп тал, Қ.Қуанышев 100 терек, Бекмағанбетова Қалыш 100 түп тал, Ауыл кәсіпкерлері көмегімен көше арықтарынан шыққан қоқыстар 10 борт ауыл сыртындағы қоқыс төгетін орынға жөнелтілді. 500 түп тал бұтақталды. Биыл жөнделмейтін көшелерге ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен 5 борт кұмшағал төселді. Бұл жұмыстар жыл бойы жалғаса береді. 130 шаршы метр бильборд ауыстырылды. Ауылға кіре берістегі арка ішінара әрленді. Саудакент белгілері әрленіп , жаңаланды.
Шоқай Датқа кесенесі, ескерткіші және Орталық саябақтың күтімін жасайтын 1 адам қоғамдық жұмыс есебінен алынды.Ауылға кіре берістегі мүрденің кабырғасы әктелді.Ауыл көшелеріндегі 122 темір бетон бағана сырланды. 3 Аялдама жөндеуден өткізіліп, әрленді. Орталық алаңның шарбақтары әрленді. Аталған жұмыстарға қоғамдық негіздегі бөлінген 10 адам жұмыс істеді.
Ауылдық аймақта көріктендіру ережесін бұзған 28 азаматтарға ескерту берілді.
Ауылдық аймақтағы көрнекілік үгіт насихат құралдары уақытылы жаңартылып отырылды.
Ауылдық аймақта 37 көшенің 7 уі жарықтандырылған. Осы көшелерде 132 түнгі электр жарығы орналастырылған.
Көктемгі егіс науқанына байланысты 88,5 га жерге жүгері, 40 га жаңа жоңыжқа, 23 га көкөніс, 9 га картоп, 14 га бақша егілді.
Есепті мерзімде ауыл тұрғындарымен 3 рет жиын өткізілді. 34 өкім, 24 шешім қабылданды.
2012 жылғы 21-маусымдағы №5-9 «Жайылма ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функцияларымен міндеттерінін орындауы туралы» шешімі .
|Округ бойынша аббаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары бойынша 1800 түп тал отырғызылды, ауыл ішіндегі көшелерде тазалау, бағандарды сырлау, бұзылған үйлердің орындарын тазалау жұмыстары жүргізілді. Демеушілер көмегімен ауыл орталығдағы бір көшеге шағыл тас түсіріліп тегістелді. Ауылды көгалдандыру, аббаттандыру мақсатында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер мен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне орнатылған монумент маңын күтіп-баптау мақсатында демеушілердің көмегімен құбырлы құдық қазылды. Сонымен қатар Әйтеке би атындағы орта мектептің 1993 жылы бітірген түлектерінің демеушілігімен Жайылма ауылының орталығында шаңырақты арка орнатылды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Жайылма ауылы орталығындағы Қ.Байзақов және Ә.Әбішұлы көшелеріне жарықтандыру жұмыстарына республикалық трансферт 1502000 теңге қаржы бөлініп, тиісті сметалық құжаттары жасалынған. Үстіміздегі жылдың маусым айында ағымдағы жөндеу жұмыстарына жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта Жайылма ауылының Абай және Қ.Шалабайұлы көшелері түнгі жарықпен қамтамасыз етілген. Ауылдық округтегі елді мекендер бойынша санитарлық тазалық жұмыстары үнемі назарда ұсталып, бильборд, керме, тақтайшалар уақытылы ауыстырылып жаңартылып тұрады.
Жайылма ауылдық округіндегі көше атаулары және үй номерлерін біріздендіру және ретке келтіру жұмыстары бойынша биылғы жылы Жайылма ауылының Абай және Т.Рахым көшелері, Маятас ауылындағы Абай және Ғ.Мұратбаев көшелерінің атаулары жазылған аншлагтары жаңа ұлттық нақыштағы үлгіге сай ауыстырылды. Алдағы уақытта Социалистік Еңбек Ерлерінің атымен аталатын, Т.Күлшеев, Б.Нұғыманов, М.Есжанұлы көшелерінің аншлагтарын ауыстыру көзделуде. Бұдан басқа ауылдық округ орталығындағы Қ.Байзақ, С.Кенжебаев атындағы көшелердің атауларын сол азаматтардың ұрпақтары демеушілік жасап өз қаражаттарына жаңа ұлттық нақыштағы үлгіге сай аншлагтар жасап берді
Кәсіпкерлік қызметін дамыту жұмыстарына жәрдемдесу бағытында «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасын ауыл тұрғындарына кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізіліп отырады. Осы жылға «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдық округтегі Әйтеке би атындағы орта мектепті күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырылып отыр. Осы аталған жұмысқа байланысты округтегі жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тарту көзделген, қазіргі уақытта 16 жұмыссыз азаматты тізімі жасақталып, аудандық жұмыспен қамту орталығына құжаттары өткізілуде. «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие алу үшін ауылдық округтен 20 азамат құжаттарын өткізген болатын. |Қазіргі уақытта 2 кәсіпкердің кепілдемісің құжаттары реттеліп, тапсырыстар берілді.
2012 жылғы 18-шілдедегі №6-2 «Сарысу ауданы әкімінің өзіне жүктелген функцияларымен міндеттерінін орындауы туралы» шешімі.
-
Жаңатас қаласындағы бұзылған ғимараттардың орнын тазалау.
2013 жылға республикалық бюджеттен бұзылған апаттық жағдайда тұрған үйлерді бұзып орынын тазалауға 62-тұрғын үйге -337 млн. 988 мың теңге бөлініп бүгінгі танға 35 үйге бұзу жұмыстары жұмыстар жүргізілуде.
2.Ш.Уалиханов, Абылайхан мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат көздерін қарастыру.
«Бір салалы шағын қала» дамуының 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарына Ш.Уалиханов атындағы мектеп гимназиясын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу енгізілді жобалық құны 150 млн. теңге .
Абылайхан атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2013 жылға облыстық бюджеттен 139 млн. 456 мың теңге бөлініп бүгінгі танға келісім шарттар жасалынып жұмыстар басталуда.
2. 5 А мөлтек ауданы тұрғындарын жылу жүйесімен қамтамасыз ету жолдарын қарастыру.
5 А мөлтек ауданы тұрғындарын жылу жүйесімен қамтамасыз ету туралы жылу жүйесінің жобалық сметалық құжаттары жасалынып мемлекеттік сараптамадан өткізіліп бүгінгі танға жоғарғы тұрған бюджеттен 551 млн. теңге қаржы бөлу күтілуде.
4. Дегерес елді мекенінде балабақша ашу жолдарын қарастыру.
«Бір салалы шағын қала» дамуының 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарына Дегерес елді мекеніне 280 орындық бала бақша құрылысының жобалық сметалық құжатын дайындауға облыстық бюджеттен 8.0 млн теңге бөлуге сұраныс берілді.
5 Жібек жолы-Әулие ата көшелелерінің қилысына бағдаршам орнату. Жаңатас қаласына жалпы бағдаршам орнатуға 2013 жылға бюджеттен 7 млн. теңге бөлінім оның ішінде Жібек жолы-Әуле ата көшелелерінің қилысына орнатуға 2 млн.784 мың теңге бөлініп бүгінгі таңға бағдаршам орнатылып жұмыстар толық аяқталды.
6. Ауылдарда мал бордақылау алаңдарын ашу жолдарын қарастыру. Ауданда «Ет бағытындағы мүйізді ірі қара малының экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасын іске асыруға арналған «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2011-2012 жылдары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы және «Агарлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы 6 шаруашылық барлығы 49,9 млн теңге несиеге 277 бас мүйізді ірі қара малын сатып алып, Ақпараттық сараптамалық жүйесі (АСЖ) бағдарламасына тіркеліп, жұмыс атқаруда.
2013 жылы Тоғызкент ауылдық округінен «Шоқпарбай-2» шаруа қожалғы басшысы Ә.Елікбаев «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 5,0 млн. (бес миллион) теңге несие алып, 25 бас сиыр, 2 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды сонымен қатар «Мақтатай» шаруа қожалығы шаруашылықтағы мүйізді ірі қара малының тұқымын жақсарту мақсатында 2 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа сатып алды.
«ҚазАагро» АҚ-ның «Ет бағытындағы мүйізді ірі қара малының экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасына сәйкес «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ауданға Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының жылдық жоспар-тапсырмасына сәйкес барлық ауылдық округ әкімдіктеріне мүйізді ірі қара малын өсіруге мүмкіндіктері бар шаруа қожалықтарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, берілген тапсырмаға байланысты шаруашылықтарды «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алу үшін құжаттарын дайындау жөнінде хат жолданып, бақылауға алынды.
Ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алу үшін Жаңатас қаласынан «Айтуған» шаруа қожалығы, Байқадам ауылдық округінен «Байғозы», Жаңаталап ауылдық округінен «Ынталы» шаруа қожалықтары несие алып, бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу үшін құжаттарын дайындауда.
Ауданда 2012 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жұмыс атқарып жатқан Досбол ауылдық округінен «Әбдісаттар» шаруа қожалығы селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізгені үшін 780,0 мың теңге, Тоғызкент ауылдық округінен «Бірлік» шаруа қожалығы 852,0 мың теңге, «Керімбай» шаруа қожалығы 936,0 мың теңге субсидия алды. Сонымен қатар шаруашылықтағы мүйізді ірі қара малдарын ақпараттық-сараптау жүйесіне тіркеп, шаруашылықтағы аналық бас үшін ірі сабақты мал азығын ішінара арзандату мақсатында төленетін субсидиядан Жайылма ауылдық округінен «Сарысу» шаруа қожалығы 108,0 мың теңге және Тоғызкент ауылдық округінен «Керімбай» ш/қ 81,0 мың теңге, «Бірлік» ш/қ 153,0 теңге субсидия алды. Сондай-ақ сатып алған асыл тұқымды бұқаларға «Сарысу» ш/қ 2 басқа 214,0 мың теңге, «Әбдісаттар» шаруа қожалығы сатып алған асыл тұқымды 3 бас бұқаға 321,0 мың теңге, «Елдос-2004» ш/қ 3 басқа 321,0 мың теңге, «Бірлік» ш/қ 5 басқа 535,0 мың теңге, «Керімбай» ш/қ 3 басқа 321,0 мың теңгеге ақша алды. (барлығы 16 басқа 1712,0 мың теңге).
2012 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жұмыс атқарып жатқан шаруашылықтар мемлекет тарапынан барлығы 4622,0 мың теңге субсидия алды.
2013 жылы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатындағы субсидиялау» қағидаларына сәйкес болжамдық есеп бойынша 7834,0 мың теңге субсидия алатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |