7. Б.Адамбаев, Әйтеке би, Досбол мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат көздерін қарастыру.
Әйтеке би мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы трансферттер есебінен - 77 млн. 376 мың тенге бөлініп бүгінгі танға мердігермен келісім шарт жасалынуда жұмыстар маусым айының соңында басталады.
Б.Адамбаев орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде - 177млн. 376 мың теңге жоғарғы тұрған бюджеттен бөлу күтілуде.
Досбол орта мектебі қазіргі таңға жағдайы жақсы басқа елді мекендердегі қауіпі бар, жағдайы нашар мектептердің жөндеу жұмыстары бар, соған орай 2013 жылға күрделі жөндеу жұмыстары Досбол мектебіне жоспарланбай отыр.
8. Аудандағы шаруа қожалықтарына көктемге және күзгі егіс науқанына жеңілдетілген бағамен берілетін жанар-жағар майды «Жарас» ЖШС-нің мұнай өңдеу және сақтау зауытына сұраныс жасау арқылы беру жолдарын қарастыру.
«Жарас» ЖШС-нің атқарушы директоры - Саян Саятұлы Жаңатас қаласынан қуаттылығы жылына 25,0 мың тонна шикі мұнай өңдеу зауытын қайта жаңартып іске қосылды. Жобаның жалпы құны 320,0 млн. теңгені құрайды, 30-35 адамға жаңа жұмыс орындары ашылды. Барлық жұмыстар өз қаражаты есебінен жүргізілді. Жобаның мақсаты, мұнай өнімдерін сақтау және өңдеу, оның ішінде ( дизел отыны, мазут және бензин Аи-80 маркасы) мұнай өнімдерін аудан халқына арзан және сапалы өніммен қамтамасыз ету көзделген. 2011 жылдың қараша айынан бастап, бүгінгі күнге дейін зауыт толық өз деңгейінде жұмыстар атқаруда. Аудандағы шаруа қожалықтарына көктемгі және күзгі науқандық дала жұмыстарына жанар-жағар майларды «Жарас» ЖШС-нен беру, босату мәселеріне байланысты Қазақстан Республикасы өткізетін тендірге қатыстыру үшін облыс әкімшілігіне ұсыныс беріліп облыс әкімшілігі келісімін бермеді. Кәзіргі танға аудандағы шаруа қожалықтарына көктемгі және күзгі науқандық дала жұмыстарына жанар-жаға жеңілдетілген бағамен «Тараз-Каусар-Мұнай» ЖШС-гі қамтамасыз етуде.
2012 жылғы 26-қыркүйек №9-4 «Аудандағы денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің 2012-2013 жылғы қысқы маусымға дайындығы туралы» шешімі.
Отын көздерін дайындау: Биылғы 2013-2014 жылғы қысқы кезеңге дайындық жүргізу, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарың ұйымдастыру үшін аудандық штаб құрамы нақтыланып, тиянақты іс-шара жоспарлары жасалынып, онда оның қаржы көздері қаралып бекітілді. Биылғы жылы 4 рет штаб отырысы өткізілді.
2013-2014 жылғы қысқы кезеңнен шығу үшін «Жаңатас-Су-Жылу» КМК-ның орталық қазандығына 10500 тонна мазут қажет. Бүгінгі күнге өткен кезеңнен 2620 тонна мазут қалдығы қалып отыр.
Сол сияқты аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерге биылғы қысқа 4507 тонна көмір, оның ішінде білім саласына 3632 тонна, мәдениет саласына 875 тонна, ал облыстық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау мекемелеріне 2336 тонна көмір керек. Қазіргі таңда сатып алу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Тұрғын үй саласы бойынша: Жаңатас қаласында бүгінгі таңда 82 көпқабатты тұрғын үй және 41 екі қабатты котедждер, барлығы 5406 пәтер бар.
Қаладағы көпқабатты үйлерді 2013-2014 жылғы қысқы кезеңдерге дайындау, оның пәтер ішіндегі, жертөледегі инженерлік жүйелерді ағымдағы жөндеуден өткізудің іс-шаралар жоспарын қала әкімшілігі, пәтер иелері кооперативтерімен бірлесе отырып жасады.
«Тұрғын үй коммуналдық салаларды модернизациялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасына сәйкес Жаңатас қаласында бүгінгі таңда 82 көпқабатты тұрғын үйдің 14-ін 200,0 млн. теңге көлемінде ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарының жобалық сметалық құжаттары дайындалып, ағымдағы жөндеу жұмыстарына дайындық жасалуда.
Биылғы жылы № 1 шағын аудандағы № 33 көпқабатты үйді қайта қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 284545 мың. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Үстіміздегі жылдың 12-13 қаңтар айындағы төтенше жағдайдың салдарынан зардап шеккен 64 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жөнделуде.
Жаңатас қаласындағы барлық 81 көпқабатты тұрғын үйдің жер төлелерінде залалсыздандыру (дезинфекция) жұмысы жүргізілді және 13 сәуір күні жылу жүйесінің құбырлары су қысымымен өткізілді, шыққан ахаулары жөнделуде. Бүгінгі таңда 29 көп қабатты тұрғын үй қыс кезеніне дайын, ол 37% құрап отыр.
Білім саласы бойынша: Аудан көлемінде 27 мектеп, 7 бала бақша, 6 мектептен тыс мекемелер, оқу-өндірістік комбинаты, 3 колледж және 4 спорт мектебі бар. Қазіргі кезде дизелдік отынмен істейтін 7 мектеп, 1 балалар бақшасының кіші қазандығы, электр қуатымен істейтін 1 мектеп, 1 саз мектеп қазандығы және көмірмен істейтін 16 мектеп, 4 балалар бақшасының қазандықтарындағы жөндеу жұмыстары бастауға дайындалуда.
Биылғы 2013-2014 жылғы қысқы кезеңге жергілікті бюджеттен ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 10 млн теңге қарастырылуда
Ал күрделі жөндеу жұмыстары 278 млн 875 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Мәдениет саласы бойынша: Аудан көлемінде 3 мәдениет үйі, 17 клуб және 26 кітапхана жұмыс істейді. Өткен қысқы кезеңде орталық жылу жүйесімен 1 мәдениет үйі, жеке көмір қазандығымен 2 мәдениет үйі, қалған 43 нысан жеке пештері арқылы көмірмен жылытылды.
Сонымен қатар аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге 220 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттары дайылдалды.
Екі мәдениет үйі, 16 клубтар, және 25 кітапханалар көмірмен жылытылады, бір мәдениет үйімен бір кітапхана орталық қазандықтан жылытылады.
Қысқа дайындық іс-шараларына сәйкес ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Денсаулық саласы бойынша: Аудан көлемінде бір орталық аурухана, бір поликлиника, 6 СВА, 19 медпункт, бір тубдинспансер және бір ауылдық аурухана жұмыс жасайды.
Жаңатас қаласындағы орталық аурухана және поликлиника ғимараты орталық қазандықпен, Саудакент ауылының ауруханасы көмір, тубдиспансер сұйық (солярка) отындар бойынша дербес қазандықтармен, ал қалған 25 нысан жеке көмір пештерімен жылытылды.
2013-2014 жылдары қысқы жылу маусымына Саудакент ауылдық ауруханасы қазандығына 1700 тонна тас көмір, ал ауылдық амбулаториялары медициналық пунктерінің пештеріне 635 тонна Шұбаркөл көмірін сатып алу жұмыстары басталуда.
Ауылдық аймақтардағы медициналық пунктерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Орталық аудандық аурухананың бас ғимаратың шатырын толығымен жөнделіп бітті.
Орталық аурухана орталық қазандықтан , 22 медпункт көмірмен , және екі инфекциялық аурухана дизель отынымен жылытылады. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Электр жүйелері бойынша: Аудан көлемінде электр қуатын пайдаланатын 7296 тұтынушы және 189 заңды тұлға бар. Электрмен қамту жұмыстарын «Жамбыл электр жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Сарысу аудандық электр жүйесі мекемесі жүргізеді. Оған қарасты 110/35/6кВ және 8 дана 35/10/6 кВ қосалқы станциялар бар.
Биылғы 2013 жылдың бүгінгі күніне дейін аудан көлемінде орналасқан 78 дана қосалқы тораптар лобараторияның сараптардан өтіп, оның 22-данасы «ЖЭЖ» ЖШС-нің орталықтандырылған жөндеу бөлімдерінде күрделі жөндеуден өтуде.
2 мөлтек ауданында орналасқан коттеждердің есептегіш құралдары сыртқа шағарылып, 0,4 кв әуе желісінен есептегіш құралдарына дейінгі кабель желілері ауыстырылуда.
Әуе желісіндегі -35кВ жылдық жоспарлы кестесіне сәйкес ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізілуде.
«Жаңатас–Су-Жылу» кәсіпорны бойынша: «Жаңатас-Су-Жылу» КМК-ны 2013-2014 ж.ж. жылу беру маусымына дайындық бекітілген іс-шаралар бойынша жүргізілуде. 15.05.2013 жылы өткізілген өңірлік облыстық штаб мәжілісінің хаттамасына сәйкес іс-шаралар толықтырып, өзгертілді. Осы іс-шаралар бойынша қысқа дайындық жұмыстарына кәсіпорынның өз қаражаты есебінен 20,3 млн.тенге қаралып, оның ішінде жылумен жабдықтау, жөндеу жұмыстарына – 16,0 млн.тенге, сумен қамтамасыз ету жабдықтарын ағымды жөндеу жұмыстарына – 3,3 млн.тенге, шайынды су – 1,0 млн.тенге бөлінді.
Су қазандары бойынша: ПТВМ-30 №1 ағымды жөндеу, конвективтік бөлімнің коллекторын кірпішпен қалау жұмыстары жүргізілуде.
КВГМ-30 №2 ағымды жөндеу жұмыстары шілде айында басталып, диагностикалық зерттеуден өткізілетін болады.
КВГМ-30 №3 су қазанының ағымды жөндеу жұмыстары тамыз айының 15-де толық бітеді.
ПТВМ-30 №1, КВГМ-30 №3 қазандары 2011 жылы диагностикалық зерттеуден өтіп, 2013 жылға дейін пайдалануға қорытынды берілген.
Резервтік ЦНСГ-40/176 су сорғысы мен ЦНСГ-60/198 мазут сорғы қондырғылары сатып алынды. Резервтік Д-1250/125 сорғын сатып алу жоспарланып, бүгінгі күнде поставщиктермен жұмыс жүргізілуде.
Электр шаруашылығында РУ-6 кВ, ЩСУ-04 кВ және басқа электр жабдықтар іс-шараларға сәйкес ағымды жөндеуден толық өткізілуде.
13.04.2013 ж. қала бойынша барлық жылу жүйелері гидравликалық сынақтан өтті. Гидравликалық сынақ кезінде анықталған ақаулар жөнделуде. Жылу жүйелерінің ағымды жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Жөндеу жұмыстарының бітуіне байланысты 22 қырқүйек айында қайта гидравликалық сынақ өткізілді.
2012 жылғы 26-қыркүйек №9-3 «Жаңатас қаласы әкімінің өзіне жүктелген функцияларымен міндеттерінін орындауы туралы» шешімі.
Сарысу аудан әкімдігінің қаулысын орындау мақсатында қала бойынша аумақтарды санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуге көктемгі екі айлық жарияланып сенбіліктер ұйымдастырылды.
Қаланы көгалдандыру және көріктендіру үшін 75 млн. теңге қаражат бөлініп, көптеген жұмыстар атқарылды.
Әулие-Ата көшесі бойына 4 млн 500 мың теңгеге тамшылатып суару жүйесін жүргізу жұмыстары атқарылуда.
Әулие-Ата көшесі бойына жарықтандыру жұмыстары үшін 12 млн. 528 мың 606 теңгеге «ISS KAZAKHSTAN» ЖШС –мен келісім шарт жасасып 62 дана көпбұрышты бағаналарға тапсырыс берілді.
Қаладағы Орталық саябақтың көріктендіру жұмыстарын жүргізу үшін 6 млн. 945 мың теңге бөлініп «Асыл Инвест Professional» ЖШС-і жұмыстарын жүргізуде.
Бәйтерек аллеясын көріктендіру жұмыстарын жүргізу үшін 11млн 998 мың теңгеге «J.V. Групп» ЖШС-н келісім шартпен орындауда.
Жаңатас қаласындағы бұзуға жататын көп қабатты 62 үйлерді бұзып орнын тегістеу жұмыстарына 90 млн. 532 мың 500 теңге бөлініп жұмыстар жүргізілуде.
Қаладағы көше атауларын және үй нөмірлерін жаңа ұлттық нақыштағы үлгіге сай 13 көшеге (306 дана) тарату жұмыстары жүргізілуде, қалған көшелерге тапсырыс берілді.
Қаладағы кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызметті дамыту жұмыстары ұйымдастырылуда.
Жол белгілерін, оның ішінде жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар үнемі жаңартылу жұмыстар ұйымдастырылып жүргізілуде.
Жаңатас қаласы бойынша жеке тұрғын үй секторларынан мүлік және жер салықтарын аудандық салық басқармасының мамандары жинайды. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, Жаңатас қаласы әкімі аппаратының мамандары салық басқармасының салық жинау жұмыстарына ықпал жасайды.
2012 жылғы 20-желтоқсандағы №12-6 «Жаңаталап ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функцияларымен міндеттерінін орындауы туралы» шешімі.
Елді мекендерді абаттандыру, жарыктандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары бойынша, Ұйым елді мекеніндегі көше бойындагы күйіп, жанбай калған лампылары уыстырылып, қосымша Жаңаталап ауылының көшелеріне жаңадан көше жарығына лампылар орнатылып жұмыстар жүргізілді.
Көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары бойынша, 2013 жылдың көтемгі санитарлық тазалық жұмыстарына іс-шара жоспары жасалынып, көктемгі абаттандыру және санитарлық тазалық айлығы басталып мектеп, мекеме, клуб үйі алдындағы гүлзарлар, бардюрлер жаңартылып өңделді, тал теректер бұталып, жаңадан жемістік және жәй талдар отырғызылып күтіліп бапталды аулалардағы күл-қоқыс шығарылды.
Көрнекі үгіт-насихат тақталары, стенділер, насихаттық бильборд суреттері әр кезеңге байланысты жаңаруда.
Көше атауы мен үй номерлері бойынша ауылдық округте екі көше жанартылды.
Жаңаталап және Ы.Сүлейменов орта мектептерінің шатырларының жұмыстарын жүргізу бойынша, 2013 жылғы 12-13 қаңтардағы төтенше жағдайда орын алған кезде Жаңаталап орта мектебінін шатырынын үшуына байланыс, мемлекет тарпынан толығымен жаңартылды.
Ұйым ауылындағы Ы.Сүлейменов орта мектебінің шатырына және санитарлық нормаларға сай жылу қазандығының құрлысын жүргізу үшін, аудандық білім бөлімі тарапынан сметалық құжаттары жасалынып, ағымдағы жылы құрлыс жөндей жұмысын бастау жоспарлануда.
Ұйым ауылындағы клуб үйінің құрылыс жұмысы, жұргізіліп толығымен аяқталып, Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан тиісті (Төл құжаты) құжаттары толығымен жасалынуда.
2012 жылғы 20-желтоқсандағы №12-7 «Түркістан ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функцияларымен міндеттерінін орындауы туралы» шешімі.
Түркістан ауылдық округі бойынша 2013 жылдың 6 айлығындағы қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
Қаңтар айының 11-12 жұлдызындағы қары боран салдарынан Ә.Бүркітбаев ауылындағы 104 отбасынан көмек сұрап өтініш түсті. Комиссия мүшелерінің анықтауымен барлық өтініш иелеріне барлығы 2200 шифер таратылып берілді. Сонымен қатар алғашқы көмек ретінде азық-түлік таратылды. Ауылдық округ бойынша қыс айларында Үшбас ауылына 7 рет, Арыстанды ауылына 9 рет жол ашу жұмыстары жүргізілді.
Түркістан ауылдық округі бойынша 2013 жылдың 16 наурызы мен 16 мамыр аралығындағы көктемгі екі айлықта 7-рет сенбілік өткізілді. Осы аталған екі айлық сенбіліктерде ауылдық округ бойынша 9 мекеме, 3 автокөлік қатысуда. Апта сайын орташа есеппен 170 адам қатысып отырды.
Аталған мерзім ішінде сенбілікке ауылдық округ бойынша барлық мекеме ұжымы толығымен белсене қатысты. Ауылдық округ бойынша 1 билборд және 5 көрнекі үгіт насихат қалқандары сырланып жаңартылды. Ә.Бүркітбаев ауылының көшелеріндегі бағаналар сырлануда. Бүгінгі күнге барлығы 70 бағана сырланды. «Ер-Төстік» балабақшасының, М.Әуезов орта мектебінің қыстайғы жаққан көмірдің күлдері шығарылды. М.Әуезов орта мектебінің алдындағы апатты жағдайда тұрған 4 бағананың 1 бағанасы аудандық электр желісі мекемесінің көмегімен ауыстырылып, қалған 3 бағаны түзету жұмыстары жүргізілуде, Ауылдық округ бойынша қоршауы бар аулалар мен мекемелерге барлығы 500 түп тал, 60 түп жеміс ағашы егілді. Ауылдық округ бойынша барлығы 308 аула саны бар (Ә.Бүркітбаев ауылы-180, Үшбас ауылы-45, Арыстанды ауылы-75, Қаратас ауылында-8) көктемгі тазалық айлығына байланысты тұрғындарға ескерту қағаздары таратылды. Барлығы 300 тоннадай күл-қоқыс тиісті орындарға шығарылды. Ә.Бүркітбаев-Жаңатас қаласы аралығындағы автомобиль жолының бойындағы бағаналар ақталып, жол бойының тазалық жұмыстары жүргізілуде. Үшбас ауылы бойынша барлығы екі көшедегі бағаналар толығымен сырланып, көшелер мен аулаларда тазалық жұмыстары жүргізілген.
Ауылдық округ әкімі аппаратына 101 жеке тұлға, 1 заңды тұлғадан өтініштер түсті. Бұл өтініштер мен сұраныстарға уақытылы жауаптары қайтарылуда.
Аудан бекіткен салық түрлері бойынша болжамдар толығымен орындалуда. Атап айтсақ мүлік салығы 29,3 пайызға, жер салығы 79,3 пайызға, көлік салығы 78,00 пайызға орындалып, округ бойынша салық төлемдерінің болжамы 146,55 пайыз болды.
Ауылдық округ әкімі аппаратында 7-шешім, 18-өкім шығарылып, 5-азаматтан, 1-заңды тұлғадан, жер учаскесін алуға өтініштер түсті, бұл өтініштер мен сұраныстар Заң талаптарына сай шешімін тапты.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы шыққалы бері атаулы әлеуметтік көмекті арнайы әкімшілік жанынан арнайы құрылған комиссия ақылдаса отырып шешеді. Бүгінгі таңда ауылдық округ бойынша аз қамтылған отбасыларының 18 жасқа дейінгі балалары үшін 82 отбасына әлеуметтік көмек тағайындауға уәкілетті органға құжаттары ұсынылған.
Округте 2013 жылға арналған 900 га арпа, 3355 га мақсары, 317 га жерге жоңышқа, 2250 га жерге күздік бидай егілді.
Ауылдық округ тұрғындарының екінші бір айналысатын шаруалары мал шаруашылығы. Бұл салада да алға ілгерілеушілік бар 01.05.2013 жылға мүйізді ірі-қара 1971 бас, қой-ешкі 22210 бас, жылқы 884 бас, құс 3134 дана болып өткен жылмен салыстырғанда мал басы біршама өсті.
Биылғы жоспар бойынша Арыстанды-Түркістан аралығындағы автомобиль жолына бөлінген қаржыға байланысты конкурсқа беріліп жеңімпазды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы жұмыс басталады. Сонымен қатар Арыстанды ауылында ФАП құрылысы басталып, биылғы жылы іске қосылады.
Аудан әкімі аппаратының
басшысы Қ.Аукенов
Ж. Жарықбасов 62192
Достарыңызбен бөлісу: |