Сарсенова әсел берікқызы әлеуметтану (кесте түрінде)



Pdf көрінісі
бет1/33
Дата05.12.2022
өлшемі1.57 Mb.
#466553
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Aleumettanu Sarsenova



ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
САРСЕНОВА ӘСЕЛ БЕРІКҚЫЗЫ 
 
ӘЛЕУМЕТТАНУ (КЕСТЕ ТҮРІНДЕ) 
ОҚУҚҰРАЛЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы, 2013 


 
Пікір жазғандар: Филос.ғ.к, доцент К.Толысбай 
Саяси ғ.к. В.А.Изтаева 
 
 
 
 
 
Ұсынылып отырған «Әлеуметтану (кесте түрінде)» атты оқу 
құралында әлеуметтану ғылымының қалыптасу тарихы, теориялары
қағидалары мен әдістемелері, оның даму үрдістері мен негізгі түсініктерінің 
мазмұны көрсетіледі. Ыңғайлы пайдалану және жақсы меңгеру үшiн кітаптің 
мәтiнi сызбалар түрінде берілген. Әлеуметтану бойынша басқа оқу 
құралдарынан ерекшелігі аталмыш жұмыста дидактикалық-көркемделген 
материалдар түрінде беріліп, студенттердің матералды есте сақтауын және 
дайындалуын жеңілдетеді.
Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, 
магистранттарына және оқытушыларға арналған.


Алғы сөз 
 
Қазіргі кезеңде өмірдің өзі, әлеуметтік даму логикасы әлеуметтану 
ғылымының қоғамда алатын орнын ақиқат көрсетіп отыр. Әлеуметтанулық 
білімнің басты мақсаты – әлеуметтік ойлауды, әлеуметтік мәселелердің шығу 
негіздерін және оларды шешу жолдарын іздестіруді қалыптастыру. 
Әлеуметтану саласы елімізде әлі жас, енді буыны қатайып келе жатқан 
ғылымның маңызды бір саласы болып табылады. Әлеуметтану ғылымы 
қазіргі өмір дамуында философия, экономика, саясаттану, құқық және т.б. 
ғылымдармен қатар басты орынға ие.
Берілген кітапта әлеуметтану тарихы, оның әлемге белгілі өкілдері – 
О.Конт, Э.Дюргкейм, М.Вебер, Г.Спенсер, П.Сорокин, Т.Парсонс және т.б. 
тұлғалардың әлеуметтану ғылымына қосқан үлестері, көзқарастары, 
концепциялары, теориялары қысқа әрі нақты түрде берілген. Оқулықтың 
тағы бір жетістігі – қазақ ойшылдарының соның ішінде, Абайдың, 
Шәкәрімнің, Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары көрсетілген. 
Оқу құралда әлеуметтанудағы орта деңгей теорияларына, соның ішінде 
«Неке және отбасы әлеуметтануы», «Мәдениет әлеуметтануы», «Жанжал 
әлеуметтануы», «Этнос әлеуметтануы» т.б. арнайы салалары қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет