Сарузенова Айгерім Әбдіқадырқызы Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау



бет6/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.97 Mb.
#134073
1   2   3   4   5   6   7

10-кестенің жалғасы


1

2

3

4

5

3

«Өзінің болашақ отбасы жайлы түсініктері» жаттығуы

2

Отбасы туралы жағымды елестерді дамыту

«Көздеріңізді жұмып, босаңсыңыз және барлықтарыңыз өзіңіздің ішкі кеңістігіңізге еніңіз. Сіз ересек адам екендігіңізді көз алдыңызға елестетіңіз. Міне сіз көшеде келе жатырсыз, өз үйіңізге жақындадыңыз, баспалдақпен көтеріліп келе жатырсыз, есікті өз кілтіңізбен ашасыз. Сіз не көріп тұрсыз, не істеп тұрсыз, қандай иістер сезесіз? Сіздің отбасыңыз сізді қуана қарсы алып жатыр немесе әркім өз ісімен айналысып жатыр? Сіз бөлмеге өттіңіз. Жақсылап қарап алыңыз, не көріп тұрсыз, онад кім бар екен?». Содан соң әрбір қатысушы не көргені жайлы айтып береді. Бұл жаттығуды топ қатысушыларының күйін анықтау үшін тренинг барысында бірнеше рет жүргізуге болады.

4

«Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы

2

Болашққа жоспар құру, отбасын құруға этностық құндылықтар негізінде дайындау

Қатысушыларға осы тақырыпқа екі коллаж жасау ұсынылады. Коллажбен жұмыс істеу картонның үлкен парақтары немесе ватман және әртүрлі қағаз, түрлі- түсті газеттер, журналдар, ашық хаттар, жарнамалық қағаздар, ескі кітаптар. Әдетте студенттерге коллаж жасаған ұнайды, бірақ ұсынылған тақырыптар кейде қиындық тудырады. Студент өзін жалғыз сезінуі мүмкін. Тек өзі ғана отбасын белгілейтіндей болып көрінеді. Бұл жағдайда жетекші студентке қолдау көрсетіп, оның назарын басқа жақын адамдарына аударуға ұмтылу қажет. Коллажде этностық құндылық элменттерін қосу сұралады.

Коллаж жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстары жайлы әңгімелеп бере алады.

Немесе тағы бір нұсқаны қолдана алады «Біздің отбасы» тақырыбында жаттығу барысында құрылған отбасы мүшелері біріге отырып коллаж жасайды.


Сонымен біз, бұл бөлімде студенттердің отбасылық өмірге дайындығы мен отбасылық этностық құндылықтар көрсеткіштері анықталып, нәтижелері бойынша статистикалық талдау жасалды.



ІІІ. 3 Студенттерді отбасылық өмірге этностық құндылықтар арқылы дайындау бойынша қорытындылар мен ұсыныстар
Біздің теориялық және экспременттік бөліміміздің қорытындысы бойынша отбасы татулығын сақтауға арналған психотерапиялық әдістемелерді жүйелеп ұсынуды жөн санап отырмыз.

Практикалық психологияда тұлғаға бағытталған түрлі әсер ету тәсілдері бар. Бұл тәсілдер көбіне психологилық терапия (емдеу) бағытында қазіргі таңда көп пайдаланылып жүр. Солардың бірі отбасылық психотерапия бағыты болып табылады. Отбасылық психотерапия–тұлғааралық қарым-қатынастағы кейбір ұғынылмайтын, шешім табуда қиындықтар туындататын жағдайларды түзетуге бағытталған және отбасы мүшелерінде айрықша көрінетін эмоциялық қайғыруды жою мақсатында жүргізілетін психотерапияның ерекше түрі болып табылады. Бүгінгі күні практикада отбасылық терапияны бірнеше кезеңдерге бөліп жүр. Бұл кезеңдердің әрқайсысының ұзақтығы психикалық қайғырудың күрделілігіне, отбасындағы тұлғааралық шиеленістердің сипатына, сонымен қатар, терапевтік өзгеріске жетуге деген отбасы мүшелерінің мотивациясына да тікелей байланысты болып келеді.

Отбасылық психотерапияны өткізудің өзіндік ерекшеліктері де бар. Отбасылық терапия алғашында жиілігі аптасына 1-2 кездесу, кейіннен екі аптада бір рет, содан кейін үш аптада бір кездесу болып жалғасын табады.

Практикалық психология саласында отбасылық терапияны жиі төрт кезеңнен қарастырады:









10 –сурет. Отбасылық психотерапияның кезеңдері



Жоғарыда суретте көрсетілген кезеңдерге қысқаша тоқталып өтеміз.

1. Диагностикалық кезең. Отбасылық «диагноз» ұғымында отбасы мүшелерінің жекелік –тұлғалық қасиетін есепке алу арқылы қарым- қатынастағы бұзылысты белгілі бір типке келтіру болып табылады. Отбасылық психодиагностика біріншіден барлық кезеңде де алдын ала психотерапевтік техника іріктеліп отырса, екіншіден отбасы мүшелерінің бірінен алынған мәліметтің басқа мүшелерімен сәйкестігі, психотерапевтің қатысушылар мінез-құлқы туралы бақылау және сұрау барысындағы қалыптасқан өз әсері («отбасы бала көзімен», «отбасы психотерапевт көзімен», «шын мәнінде біз қандаймыз») де басты назарға алынады.

2. Отбасы шиеленісін жою. Бұл кезеңде психотерапевт отбасы мүшелерімен бір жақты кездесуде отбасындағы шиеленісті анықтап, оның туындай себебі мен қайнар көзін табады. Психотерапевт пен отбасы мүшелері арасында тепе-теңдік байланыс орнату нәтижесінде, шиеленіске қатысушылардың эмоциялық деңгейін төмендетуге және жоюға болады. Психотерапевт шиеленіске қатысушылардың бәріне бірдей түсінікті тілде сөйлеуге үйретеді. Сондай-ақ өзіне делдалдық бағыт алып, шиеленіс туралы бірінен алған ақпарат көлемін келісу арқылы екіншісіне жеткізіп отырады. Вербальді емес (ым –ишара, мимика және адамның басқа да қимыл әрекеттері, даусы және дауыс қарқыны, түр, бет - әлпетін сәндеуі) құрамда алынған ақпаратты психотерапевт отбасылық терапияда «робот-манипулятор» тәсілін қолдана қарама-қайшылық туғызатын хабарды ым-ишарада көрсете отырып, сезім мен төзімділік ым-ишарасын да байланыстыра кетуі қажет.

3. Қайта құру кезеңі. Бұл кезең топтық пікір сипатында ұйымдастырылады. Мұнда отбасы мәселелерін немесе бір отбасын жеке алып, сондай-ақ қарама-қарсы топтағы ұқсас мәселемен оның туыстарымен салыстыра отырып, қарастыруға әбден болады. Осы топта мінез-құлықтық тренинг өткізумен қатар, белгілі бір ереже бойынша талас сөзді құрастыру жағдайын үйретеді.



4. Қолдау көрсету кезеңі. Отбасылық психотерапияда жағдайға байланысты рөлдік мінез-құлықтың кеңейтілген өрісін табиғи сипатта қолдануды меңгертеді. Сонымен қатар, алдыңғы кезеңдерде қалыптасқан эмпатиялық қарым-қатынас дағдыларын бекіту болып саналады. Психологиялық кеңес беру мен психокоррекия жұмыстарында шынайы өмірде қолданатын қарым-қатынас дағдыларын үйретеді. Отбасы психотерапиясында бөлінген кезеңдерді процесстік құрылымға келтіріп, психодиагностикалық көрсеткіштердің мақсаты мен көлеміне байланысты оның әдістерінің жүйелі қолдануы негізделеді.

Төменде отбасы психотерапиясында көбірек қолданылатын тәсілдер беріліп отыр:



  • Үнсіздікті мәнді пайдалану;

  • Тыңдай білу қабілеті;

  • Сұрақтар көмегімен меңгерту;

  • Қайталау;

  • Жинақтау және түйіндеу;

  • Аффект бейнесін нақтылау (ашып түсіндіру);

  • Конфрантация-ерлі-зайыптыларда саналы меңгерілмеген белгілер, қатынас және мінез-құлық таптаурындарын қайта өңдеу мен саналы меңгеруге мақсатталған;

  • Рөлдерде ойнау;

  • «Жанды скульптура» жасау;

  • Бейнетүсірілімдерді талдау.







11- сурет. Отбасылық психотерапия мектептері және бағыттары


Қорыта келе, отбасылық психотерапия тұлғаның оған деген жағымды қатынас орнатуына, отбасылық шиеленістің алдын алуға бағытталған практикалық психологияның негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

ІІІ бөлім бойынша тұжырым
Эксперименттік бөлім үш кезеңде ұйымдастырылды. Бірінші кезең диагностикалық кезең, мұнда студенттердің отбасылық өмірге дайындығы, отбасына эмоциялық қатынасы анықталды. Үшінші және төртінші курс студенттерінің отбасына деген қатынасына талданып, пайыздық көрсеткіштері талданды.

Екінші кезеңде психопрофиликалау мақсатында «Отбасылық психотерапия» арқылы студенттердің этностық құндылықтары негізделді. Бұл кезеңде біз авторлық негізде отбасылық конструкторлар құру арқылы этностық құндылық көрсеткіштерін анықтап алдық.

Этностық құндылықтардың отбасылық өмірге дайындауда көрсеткіштері анықталып, студент-жастардың оған қатынасы зерттелді. Отбасылық қобалжулар мен эмоциялық қатынасы этностық құндылықтар арқылы негізделді.

Соңғы үшінші кезеңде біз студенттермен өткізілетін әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасын ұсынып отырмыз.

Қорытындылай келе болашақтағы отбасылық дағдарыстардың алдын алу, келеңсіз әрекеттерді болдырмау мақсатында отбасылық татулықты сақтауға арналған әдістемелерді жүйелеп ұсыныдық. Сонымен, студенттерді отбасылық өмірге дайындауда зерттеу мақсатымызға жеттік.


ҚОРЫТЫНДЫ
Диссертация жұмысымыздың тақырыбы бойынша жүргізілген жұмыстарды талдай келе біз төмендегідей қорытындыларға келеміз:

Біріншіден, отбасы психологиясында қалыптасқан тұжырымдамалық көзқарастарға теориялық талдау жасау арқылы ғылыми принциптерге сипаттама жасалынды. Теориялық талдауда отбасының қоғамдағы орны, оның функциясы мен іс-әрекеттеріне және отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне анықтама жасалып, сипаттама берілді.

Отбасы кешенді әлеуметтік құбылыс ретінде анықталып, оның кеңестік, шетелдік және отандық психология ғылымындағы зерттелуі теориялық тұрғыда жүйеленді. Отбасының функциялары, ерекшеліктері мен құрылымдары тұжырымдалды. Отбасын этностық тұрғыда негіздеу мақсатында қазақ халқының мәдениетi жөнiнде толық түсiнiк беру дiни дәстүрлер мен қағидаларды ғылыми түрде ой елігiнен өткiзу мәселесі терең талданады. Оның үстiне қазіргі таңда қазақ отбасының көптеген дiни дәстүрлерi мен қағидалары этнопедагогика мен этнопсихологияның элементтерiмен тығыз байланыса келе халықтың тұрмыс-тiршiлiгiне тереңдей бойлап, оның ажырамас бөлiгiне айналып отырғаны дәйекті тұжырымдармен беріледі. Халқымыздың қанына сіңген ұлттық сипатымыздың нақышына айналған құндылықтармызды отбасылық өмірде пайдалану мәселесімен айналысқан ғалымдардың еңбектері жүйеленді.

Отбасылық өмірге психологиялық дайындауда этностық құндылықтардың негізделуіне орай ұлтымыздың рухани қазынасы сараланып, жағымды қатынас туындату жағдайы қарастырылады. Отбасында әке мен ананың қарым-қатынасы тұлғаның болашақтағы отбасы егесі ретінде қалыптасуының негізі болып табылатындығы тұжырымдалады.

Екіншіден, жастарды отбасылық өмірге дайындауда қоғамның отбасының мектептің, яғни әлеуметтік институттардың рөлі теориялық тұжырымдалып, олардың әрқайсының орны жүйеленеді. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы әлеуметтік қатынастардың, яғни нарық жағдайының отбасылық өмірге тигізіп жатырған жағымсыз жақтары да сараланады. Отбасылық дағдарыстар мен шиеленістер себептері анықталып, қазіргі таңдағы түйткілді мәселелердің шешу жолдары бойынша тұжырымдар жүйеленді.

Отбасындағы қазіргі таңдағы түйткілді жағдайларды саралай келе оны шешуде этностық құндылықтардың рөлі көрсетіледі. Отбасылық қарым-қатынастардың жай-күйін, сондай-ақ, оның өнегелік ахуалын, әлеуметтік, құрамын, демографиялық ерекшеліктерін ескеріп, жастарды оған дайындау және оған негізделген зерттеулерді жүргізу аса маңызды екендігі баса айтылады.

Қазіргі таңдағы ұлтымыз тарихи дамудың өзіндік жолынан өткен, өзінің бай мұралары арқылы жалпы адамзаттық мәдени өркениетке зор үлесін қосу жағдайында дәстүрлер, әдет-ғұрыптар отбасылық өмірді ғылыми негіздеуде этнопсихологиямен тығыз астасып жатырғаны белгілі.

Сондықтан қазақ халқының мәдениетіндегi, әдебиетiндегі, өнердегi, этнопсихологиясындағы ұлттық және жалпыадамзаттық мәселелердің басты тақырыбы жалпы және айрықша қасиеттерi болып есептеледi. Жалпы алғанда-оларды жақындастырады, ал айрықша қасиетi болса сол, олардың әрқайсысы ерекше мәнге ие болып келетінінде болып табылады.

Тұлға қоршаған әлеммен эмоциялық байланысқа түсе отырып, оны сезінеді, оқиғалардың мәнділігін түсінеді. Осы орайда, жоғарыдағы айтылғандардың барлығы дерлік құндылықтарға бағдарланған өзіндік анықталу болып табылады.

Қазақ халқының ұлттық тұрмыс-тiршiлiгі мен жалпыадамзаттық мәселелері бүгiнгi таңда әртүрлі халықтардың этнопедагогикасын және этнопсихологиясын зерттеушiлердi толғандыруда. Осы орайда, халықтық педагогика мен психологиясының ұлттық ерекшелiктерiн бүгінге жеткен тарихымен және өткен тарихи кезеңдерiмен салыстыра отырып қарастыру дәстүрге айналып келедi.

Үшіншіден, студенттерді отбасылық өмірге этностық құндылықтар арқылы психологиялық дайындау эксприменттік тұрғыда жүргізілді. Студент-жастардың отбасылық өмірге деген көзқарасын, яғни болашақ отбасына деген қатынасын этностық негіздеу арқылы біз жұмысымыздың құндылығын жоғарылаттық.

Экспериментте қолданылған әдістемелер қазақ аудиториясына бейімделіп, сенімділігі мен валидтілігі жоғарылығымен ерекшеленеді. Экспериментке қатысқан респонденттердің белсендігі жоғары болды.

Эксперименттік бөлім үш кезеңде өткізілді.

Бірінші кезең психодиагнстикалық әдістерді пайданау арқылы студенттерді отбасылық өмірге дайындығы мен эмоциялық қатынасы анықталды. Бұл жерде студенттердің берген жауаптарына математикалық-статистикалық талдау жасалып, нәтижелері кесте мен суреттерде көрсетілді.

Екінші кезеңде отбасылық психотерапия арқылы студенттердің отбасылық және этностық құндылықтары анықталды. Қазіргі жаһандану мен нарық жағдайындағы жастардың құндылықтары анықталды. Тұлға өмірінде құндылықтардың алар орны ерекше екені сөзсіз. Себебі, өмірлік құндылықтар тұлғаның бағыттылығын анықтайды. Сондықтан толыққанды үйлесімді тұлға дамуында құндылықтар рөлі ерекше. Осы орайда, отбасылық құндылықтарды негіздеу арқылы біз болашақтағы отбасылық дағдарыстардың алдына алу мүмкіндігі артары сөзсіз.

Үшінші кезеңде әлеуметтік институттардың бірі ретінде ЖОО студенттеріне арналған әлуеметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы ұсынылды. Бұл тренингтер арқылы студенттерді отбасылық өмірге дайындау тәжірибелік сипат алып, олардың отбасылық өмірге деген жағымды қатынасының дамуына тікелей әсе ететіні дәлелденді.



Сонымен, біздің зерттеуміздің нәтижелері батыстық мәдениетке еліктеуші студент-жастарымыздың бойында азаматтық парызын дұрыс орындау дағыдаларын дамытары сөзсіз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында.-Алматы: Өнер, 1996.- Б. 272.

  2. Торыбаева М.З Жасөспірім оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы мектеп, отбасын және қоғамдық қауымның бірлескен жұмысы Автореф.канд.дис. -Алматы, 2004.- С. 24.

  3. Социальная психология детства: развитие отношений ребенка в детской субкультуре.- М., 2000.-С. 137.

  4. Ковалев С.В. Психология современной семьи. - М., 1988. –С.208.

  5. Варга А.Я. Системная семейной психотерапия// Журнал практической психологии и психоанализа. 2002.№ 2.-С.7-13.

  6. Немов Р.С. Психология.: Кн. №1. -М.: Гуманит. изд. Центр ВЛАДОС, 1997. - С.608.

  7. Васильева Н.Л. Процесс индивидуализации как условие нормального развития семьи // Семейные психотерапевты и семейные психологи: Кто мы?- СПб., 2001.-С. 145.

  8. Қазақстан-2030 бағдарламасы

  9. Семья сегодня / Под ред. Т.М. Афанасьевой. - М.: Знание, 1977. –С.95.

  10. Олифирович Н.И., Зинкевич-Куземкина Т.А., Т.Ф.Велента., Психология семейных кризисов. - СПб.:Речь, 2006.- С. 360.

  11. Карцев Л.М. Изменение образа Я в ситуациях жизненных перемен: Автореф. дисс… канд. психол. наук. – М., 1989.- С.27.

  12. Винникотт Д.В. Разговор с родителями.- М.,1995.- С.123.

  13. Мудрик А.В. Социализация человека: уч.пособие для студ. высш. учеб.заведений.- М.: Издательство центр Академия, 2004.- С. 304.

  14. Запорожец А.В. Избранные психологические труды. М: Директ- Медиа, 2008.- С. 1287

  15. Жарықбаев Қ.Б. Этнопсихологическая наука Казахстана в ХХ веке.- Алматы, 2006. –С. 256.

  16. Намазбаева Ж.Ы. Психология и культура // Вестник КазНПУ им. Абая. Серия Психология. - Алматы, 2005.- № 2 (7). - С.3-9.

  17. Жақыпов С.М.. Управление познавательной деятельностью студентов в процессе обучения. –Алматы, 2002.- С.117.

  18. Мұқанов М.М Жас және педагогикалық психология- А.: Білім, 2002.-Б.321.

  19. Свердлов Г.М. Советское семейное право. Учебник. –М.: Госюриздат, 1958.- С.299

  20. Брак, семья, закон. Отв.ред. Рясенцев В.А. -М.: Наука.1984. С. 145.

  21. Сатир В. Как строить себя и свою семью. -М., 1992.-С123.

  22. Тийт Э.А. Факторы риска, вызывающие расторжение брака// Социально-демографические исследования семьи. -Рига, 1980.-С. 211.

  23. Карабанова А.О. Социальная ситуация развития ребенка: структуре, динамика, принципы коррекции: Дис.... д-ра психол. наук. - М., 2002.-С.201.

  24. Антонов А.Н. Микросоциология семьи. - М., 1998.-С.103.

  25. Харчев А.Г.Брак и семья в СССР.- М., 1979.-С.132.

  26. Шибутани Т. Социальная психология. -Ростов –на Дону, 1998.- С. 538.

  27. Қабақова М.П. Бірлескен өмірлік іс-әрекет процесіндегі ерлі-зайыптылардың қатынас тұрақтылығының психологиялық факторлары:... Автореф.дис канд. психол наук.-А,2004.- Б.17

  28. Абульханова-Славская К.А Стратегия жизни.–М.: Мысль,1991.-С.299.

  29. Домбровский А., Велента Т. Кризис семьи // Семейная психология и семейная терапия. 2005.№3. – С.45.

  30. Спиваковская А.С. Как быть родителями.- М.,1985- С.132.

  31. Шмелев А.Г. Острые углы семейного круга: Психология обыденной жизни. - М. Знание, 1986, 1986. –С.93.

  32. Маслоу А. Психология бытья / пер. с англ. -М., Прогресс, 1997.-С.167.

  33. Фромм Э. Анатомия человеческой деструктивности: пер. с нем. Э. Телятниковой. – М.: Аст, 2004. – С. 635.

  34. Р. Мэй Любовь и воля. -М., 1997. -С. 123.

  35. Кэмпбелл Р. Как на самом деле любить детей. -М., 1992.- С.176.

  36. Андреева Т.В. Семейная психология: -СПб.: Речь, 2004.- С.244

  37. Столин В.В. Системная семейная психотерапия //Вопросы психологии. –1982. -№4 –С. 105-115.

  38. Алешина Ю.Е. Цикл развития семьи: исслед.и проблемы. -Вестник МУ Сер14 №2.- С.122.

  39. Мясищев В.Н. Психология отношений. - М.: Институт практической психологии, Личность в экстремальных условиях. - М.: Политиздат, 1989. –С. 303.

  40. Ярошевский М.Г. История психологии. -М., 1996.- С.139.

  41. Аристотель. Сочинение: в 4-х т. Т.4. –М.: Мысль, 1981.- С. 613.

  42. Семенов Ю.И. Льюис Генри Морган: легенда и действительность// Советская этнография.- 1968.- № 6. С. 3-24.

  43. Ганичева А.Н. Взаимосвязь семейного и общественного воспитания. - М., 2002.-С.130.

  44. Руссо Ж.Ж. Педагогические сочинения. -М.,1981.-С.234.

  45. Джуринский А.Н. История педагогики: Уч. пособие для студентов пед вузов.- М.: Гуманит. изд. центр. ВЛАДОС, 1999.- С.432

  46. Ушинский К.Д. Педагогические сочинение в шести томах. Том 3. Изд-во: Педагогика. - М., 1989.-С.234.

  47. Педагогика Учебное пособие/ Под.ред. В.А. Сластенина.- М.,2004.-С.189.

  48. Макаренко А.С.Педагогическая поэма. Изд-во: Правда. –М., 1976-С.124.

  49. Жанұзақов Т. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. А.: Драйк- пресс. 2008.-С. 968.

  50. Зацепин В. И. Цимбалюк В. Д. Мы и наша семья.- М.: Молодая гвардия. 1983.-С.127.

  51. Алешина Ю.Е. Цикл развития семьи: исследования и проблемы // Вестник Моск.ун. Сер. 14 Психология. 1987.№ 2.-С. 60-72.

  52. Матвеев Г. К. Советское семейное право: Учебник. М., юридическая лит-ра.1985.- С. 208

  53. Семенов Ю. И. Брак и семья: Воникновение и развитие. «Научный Атеизм» 2000. М., 1993-С.45.

  54. Земска М. Семья и личность.- М.1986.-С.123.

  55. Хрипкова А. Г., Колесов Д.В. В семье сын и дочь: Кн.для учителя.- 2-е изд., испр.- М.: Просвещение,1985.- С. 240.

  56. Зидер Р. Социальная история семьи. М., 1997.-С.213.

  57. Қалиев С. Этнопедагогика. А., 1995.-Б.123.

  58. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы.-А., 1994.-Б.196.

  59. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р. Педагогика. – Алматы, 1998.-Б.145.

  60. Қоңырбаева С. Отбасы: бала мен ата-ана.- Алматы, 2006.- Б. 199.

  61. Оспанова Д.Б.Қазіргі Қазақстандағы гендерлік психологиялық зерттеулердің дамуы. Жоғары білім берудің қазіргі мәселелері: жетстіктері мен болашағы. А., 2010- Б. 105-108

  62. Жүнісова-Елшібаева Қ.Ғ. Қазақ отбасы мәселелерінің психологиялық аспектілері. -А.; 2010.- Б.131.

  63. Гордон Т. Повышение родительской эффективности // Популярная педагогика. Екатеренбург,1997.-С.45.

  64. Карабанова О.А. Психология семейных отношений и основы семейного консультирования. М., Гардарики. 2007.- С.309.

  65. Шапиро А.З. Семейная психология // Социальная энциклопедия. – М., 2000.-С. 134.

  66. Минухин С.Техники семейной терапии.М., 1994.-С.123.

  67. Шнейдер Л.Б. Семейная психология: Уч. Пособие для вузов.М.: Академический проект, Екатеренбург: Деловая книга,2005.-С. 786.

  68. Ковалев С.В. Психология семейных отношений. М., 1991.-С.156.

  69. Эйдемиллер Э.Г. Методы семейной диагностики и психотерапии: Методическое пособие/ М.: «Фолиум», 1996.- С. 48

  70. Адлер А. Практика и теория индивидуальной психологии. М.,1990.-С.198.

  71. Фромм Э.Искусство любви. Исследование природы любви. М., 1990.-С.106.

  72. Гребенников И.В.Основы семейной жизни: учебное пособие для ст-тов пед. Инст-ов. М.: Просвещение, 1991.- С. 158.

  73. Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы Заңы. 17.12.1998ж.

  74. Флоренская Т.А.Диалоги о воспитании и здоровье: духовно ориентированная психотерапия. М., 1995.-С.134.

  75. Торохтий В.С. Психология социальной работы с семьей. М., 1996.-С.135.

  76. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. А.: «Аруна Ltd» ЖШС. 2005.-С.456.

  77. Майерс Д. Социальная психология. СПб. 1999.-С.124.

  78. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. – М.: Аспект Пресс, 2003. – С. 368.

  79. Васильцова В.Н. Народная педагогика. –М.: Школа-Пресс,1996.- С. 123.

  80. Дүйсенбеков Д.Д. К вопросу об этнопсихологическом анализе проблемы индивидуальности//Системное исследование индивидуальности. – Пермь, 1991. - С. 56-67.

  81. Олейник Ю.Н. Исследование уревней совместимости в молодой семье// Психологический журнал. Т.7.№ 2. 1986.-С.12-18.

  82. Джандилдин Н. Природа Национальной психологии. - Алматы: Казахстан, - 1971.- С. 304.

  83. Бөлеев Қ.Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасы. Тараз, 2001.-Б. 343.

  84. Жұмадуллаева А. Жастарды отбасы-некелік өмірге даярлаудың негізі-ата-ана өнегесі. Ұлт тағылымы.-Б.12-15.

  85. Панферов В.Н. Актульные проблемы преподавания психологии в пединституте и в школе.М., изд-во «Прометей», 1990.-С.127.

  86. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке. А., 1995.-Б. 124.

  87. Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі.-Б.98.

  88. Қоянбаев Р.М.Тәрбие теориясы.- А.,1991.- Б. 102.

  89. Ибраимова Л. Қазақ халқының отбасылық тәрбиесі. Оқу әдістемелік құрал.-А.-Б.65.

  90. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. СПб Питер., 2001.

  91. Маклаков Г.А. Общая психология. ПИТЕР. Санкт-Петербург., 2001. С.592.

  92. Айдарбеков Қ.А. Развитие диалогическии сруктуры самосознания у подростков в системе внутрисемейных взаимодействии Автореф.дис. канд. психол. наук. Алматы, 2003.-С.135.

  93. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ психологиясының тарихы. - Алматы: Қазақстан, 1996.- Б. 160.

  94. Рувинский Л.И., Хохлов С.И. Ерік пен мінезді қалай тәрбиелеу керек. /Нүсіпбаев Т./ -А., Мектеп. 1989.-Б. 150.

  95. Кон И.С. В поисках себя // Личность и ее самосознание. – М.: Политиздат, 1984. – С. 335.

  96. Кузьмин Е.С., Семенов В.Е. Методы соцальной психологии. Монография. Л., Изд-во Ленинградского ун-та, 1977. –С. 129

  97. Свинецкий А.Л. Социальная психология: Учебник. М.: ООО «ТК Велби».2003. –С. 336.

  98. Роджерс К. Несколько важных открытий // Вестн. Моск. ун- та. Сер. 14, Психология. – М., 1990. - №2. – С. 58-65.

  99. Маслоу А. Мотивация и личность. Перевод Татлыбаевой А.М. СПб,: Евразия 1970. –С. 105.

  100. Социология семьи: уч.пособие для ст. вузов /Е.И. Зритнева.-М. Гуманитар. изд. Центр ВЛАДОС, 2006.-С. 150.

  101. Р.С. Немов. Психология.: Кн. №2. М.: Гуманит. изд. Центр ВЛАДОС, 1997.-С.608.

  102. Крайг Г. Психология развития/ СПб.: Питер,2002-С. 992.

  103. Леонтьев А. Н. Избранные психологические произведения: В 2-х т. М.: Педагогика,1983.-С.123.

  104. Джеймс У. Психология. М.: Дайджест, 1991.-С.154.

  105. Хьелл, Зиглер Д. Теории личности. СПб.: Питер. 1997.-С 456.

  106. Калмыкова Е.С. Психологические проблемы первых лет супружеской жизни / С.И. Калинин// Вопросы психологии.1983.- №3.-С.83-89.

  107. Левкович В.П., Зуськова О.Э. Социально- психологический подход к изучению супружеских конфликтов // Психологический журнал.Т.6 1985.-С. 12.

  108. Обозов Н.Н., Обозова А.Н Три подхода к исследованию психологической совместимости// Вопросы психологии.1984.№2-С.6-12.

  109. Франкл В. Доктор и душа. Перевод. Бореев А. СПб.: Ювента, 1997.-С. 242.

  110. Фрейд А. Психология «Я» и защитные механизмы. М., 1993.-С. 134.

  111. Голод С.М. Моногамная семья: кризис или эволюция//Социально-психологический журнал.1995.№6-С.4-9.

  112. Сысенко В.А. Молодежь вступает в брак. М., 1986.-С134.

  113. Сысенко В.А. Супружеские конфликты. М., 1989.- С.123.

  114. Елизаров В.И. Структурно–функциональные особенности субъективной репрезантации жизненных событий: Автореф. дис… канд. психол. наук.- М.,2000.-С.27.

  115. Бердібаева С.Қ. Творчестволық іс -әрекеттің этнопсихологиясы. – Алматы: Қазақ университті, 2006. - Б. 102.

  116. Аяғанова А.Ж. Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері: психол. ғылымд. канд. дис.: 19.00.01. – Алматы, 2009.- Б. 138.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет