5-бап. Каботаж
Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген кемелерді қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртiппен уәкілеттi орган берген рұқсат негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелер, сондай-ақ шет мемлекеттiң туын көтеріп жүзетiн кемелер каботажды жүзеге асырады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-1-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)
5-1-бап. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердi пайдалану
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелерді гидрографиялық, ғылыми, гидротехникалық, құтқару қызметіне және сауда мақсатында теңiзде жүзумен байланысты өзге де қызметке пайдалану уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен берген рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
6-бап. Лицензиялау
Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы жекелеген қызмет түрлерi Қазақстан Республикасының заң актілері негiзiнде лицензиялануға тиiс.
7-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы сақтандыру
1. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы ерiктi сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерiнiң ерiк бiлдiруiне қарай жүзеге асырады. Ерiктi сақтандырудың түрлерi, талаптары мен тәртібі тараптардың келісімiмен белгіленедi.
2. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктің мiндеттi сақтандырылуға тиiстi түрлерiне:
1) жолаушының өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң тәуекелi;
2) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) қауiптi жүктердi тасымалдау кезіндегі, сондай-ақ кемелерден аққан (екi мың және одан да көп тонна мұнай тасымалдау кезiнде) мұнаймен теңiздi ластаудан келтiрiлген залал үшiн тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң тәуекелi жатады.
Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленедi.
Қызметкерлер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жазатайым оқиғалардан мiндеттi түрде сақтандырылуға жатады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
8-бап. Сәйкестікті растау
1. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қызметке жататын өнімді және оның өмірлік циклі процестерінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау жөніндегі құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды
1-1 тарау. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары
8-1-бап. Жалпы талаптар
1. Тасымалдау процесіне қатысушылар адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сауда мақсатында теңізде жүзу қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
2. Сауда мақсатында теңізде жүзу қауіпсіздігі адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесіне қатысушылардың авариясыз жұмыс істеу жағдайын ұйымдастыруға, су жолдарын теңізде жүзетін қалыпта ұстауға, кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілерді және ішкі су жолдарындағы құрылыстарды техникалық жарамды жағдайда ұстауға, сондай-ақ кемелерде авариялардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі.
Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы техникалық реттеу объектілері:
1) сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелер, порттар, жағалаудағы объектілер және су жолдарындағы құрылыстар;
2) сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілерді және су жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау), пайдалану процестері болып табылады.
2015.13.01. № 276-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Кемелердің теңіз порттарындағы және оларға кіреберістердегі қауіпсіздігін навигациялық қамтамасыз етуді мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын навигациялық орталық жүзеге асырады.
8-2-бап. Сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелерді, порттарды, жағалаудағы объектілерді және су жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерді жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезінде олардың жобалау құжаттамасы мен Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерді жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезінде дайындаушы жобалық құжаттамада айқындалған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және теңізде жүзу қауіпсіздігіне қатысты болатын барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
3. Егер сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерді дайындау процесінде немесе одан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақ жүргізу талап етілсе, онда олар жобалық құжаттамалардың барлық талаптарын орындай отырып, толық көлемде жүргізілуге тиіс.
4. Әрбір кеме корпусы сәйкестендіру нөмірімен таңбалануға тиіс. Таңбалау көрінетін, анық және өшірілмейтін болуға тиіс.
5. Кеме борттан асып құлап кету қаупін болғызбайтындай және борттан тыс қалған адамдарды құтқаруды қамтамасыз ететіндей түрде әзірленуге тиіс.
6. Негізгі рульдік басқару орны айналаны шолуды қамтамасыз етуге тиіс.
7. Кеме пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен жабдықталуға тиіс, онда өрт туындау және бату қаупіне ерекше назар аударылуы керек.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)
8. Жағалау объектілерін жобалау, орналастыру, салу және пайдалану жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша жүзеге асырылады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-3-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 8-3-тармақ өзгертілді
8-3-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалау объектiлері мен су жолдарындағы құрылыстарды пайдалану кезіндегі қауiпсiздiк талаптары
1. Кемелер, порттар, жағалау объектiлері мен сауда мақсатында теңiзде жүзу процесiмен байланысты теңiздегi құрылыстар қауiптiлiгi жоғары аймақтар болып табылады және сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлері мен Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2. Кемелердi, порттарды, жағалау объектiлерін және теңiздегi құрылыстарды пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлері мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілері талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиiс.
3. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi пайдалану адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға терiс әсер етпеуге тиiс.
4. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелер шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
5. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді техникалық қадағалауды уәкілетті орган бастапқы, жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландырулар жүргізу, сондай-ақ арнайы және бақылап тексеруді жүргізу арқылы жүзеге асырады.
6. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану Шағын көлемді кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
7. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүзетін кемелердің кеме жүргізушілері кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өтуге және оларда өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі өзімен бірге болуға тиіс.
Шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiк берудi, кеме жүргiзушiлердi даярлау бағдарламасын келiсудi және шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды есепке алуды жергілікті атқарушы органдар Кеме жүргiзушiлерін шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Ұйымдар шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстардың ашылуы кезiнде жергілікті атқарушы органға:
1) оқытушылар құрамының су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша жоғары немесе орта техникалық білімі туралы дипломдарының көшірмелерін;
2) кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгі бағдарламасы негізінде әзірленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бойынша оқу бағдарламасын;
3) оқу процесін ұйымдастыру үшін меншік құқығында немесе жалға алынған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама жібереді.
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар аумақтық бөлімшеге шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан табысты өткен адамдардың тізімін жіберуге міндетті. Оқудан өткен адамдар туралы ақпаратты беру тәртібі кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында айқындалады.
2015.13.01. № 276-V ҚР Заңымен 8-4-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-4-бап. Кемелер жүрісін басқаруды ұйымдастыру
1. Навигациялық орталықтың кемелерге қызмет көрсетуі мынадай кезектілікпен жүргізіледі:
1) авариялық кемелер, көмек көрсету үшін жүзіп келе жатқан кемелер және бортында сырқаты ауыр адамдар бар кемелер;
2) кесте бойынша жүзіп келе жатқан паромдар мен жолаушылар кемелері;
3) тез бүлінетін жүктері бар кемелер;
4) сүйретіп келе жатқан объектілері бар сүйреткіш кемелер;
5) қауіпті жүктері бар кемелер;
6) желілік кемелер;
7) өтінімдер келіп түскен уақытқа сәйкес өзге де кемелер.
2. Кемелерді радиолокациялық алып өтуді навигациялық орталық кеменің өтінімі бойынша кез келген көрінетіндей жағдайда жүзеге асырады.
3. Радиолокациялық алып өту тәртібі радиолокациялық алып өту басталғанға дейін теңіз портының капитанымен келісіледі.
4. Кемелер жүрісін басқару жүйесінің әрекет ету аймақтарындағы кемелер жүрісі (аймаққа кіру, зәкірге қою, зәкірден алу, айлақтың кіреберісіне келу және арқандап байлау және одан кету, қайта арқандап байлау және тағы басқалар) теңіз порты капитанының рұқсатымен жүзеге асырылады.
5. Кемелер жүрісін басқару жүйесінің әрекет ету аймағына келгенге дейін теңізден жүзіп келе жатқан кемелер осы аймақтағы жүрісті реттейтін навигациялық орталықпен ультрақысқа толқындарда радиобайланыс орнатады.
6. Навигациялық орталықпен радиобайланыс орнату кезінде кеме:
1) кеменің типін, атауын және мемлекеттік тиесілігін (туын);
2) аймаққа келу уақытын;
3) маневр жасау режиміндегі жылдамдығын;
4) межеленген портын;
5) өлшем куәлігі бойынша жалпы сыйымдылығы мен негізгі мөлшерлерін;
6) нақты шөгуін;
7) жүктің түрі мен санын;
8) кеменің радиолокациялық стансасының жай-күйі туралы мәліметтерді;
9) жүзу және маневр жасау қауіпсіздігіне әсер ететін бар шектеулер туралы ақпаратты хабарлайды.
7. Кемелер жүзіп келе жатқанда, егер басқа арна көрсетілмесе, өздері аймағында болатын навигациялық орталықтың жұмыс арнасында тұрақты радиовахтаны (кезекшілікті) атқарады.
8. Навигациялық орталықтың кемелермен радиоалмасуы, сондай-ақ ағымдағы радиолокациялық ақпарат құжатталады. Жазбалар үш тәулік бойы сақталады. Егер авариялық ахуалдар немесе авариялық жағдайлар орын алса, жазбалар тергеп-тексеру аяқталғанға дейін сақталады.
9. Навигациялық орталықтың көрсететін қызметтерін пайдалану уәкілетті орган бекітетін тарифтер бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады.
2-тарау. Кеме
9-бап. Кемеге меншiк құқығы
1. Кемелер:
1) мемлекеттiң;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларының;
3) егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердiң, шетелдiктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгінде болуы мүмкiн.
2. Кеменiң меншiк иесi кемеге қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекет iстеуге, соның iшiнде кеменi басқа тұлғалардың меншiгiне берiп, иелiктен айырылуға, меншiк иесi болып қала отырып, оларға кеменi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын беруге, кеме ипотекасын белгiлеуге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық салуға, өзге де түрде билiк етуге құқылы.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)
10-бап. Кеме атауы. Кеменi дараландыру тәртібі
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 10-баптың 1-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жататын кеменің өз атауы болуға тиіс.
Меншік иесі кеменің атауын береді және өзгертеді.
Кемелерге бірдей атаулар беруге жол берілмейді.
2. Кеме атауының өзгертiлгенi туралы меншiк иесi кеменiң тiркелген кепiлдерiн кепiлге ұстаушыларға дереу хабарлайды.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
3. Спутниктік байланыстың кеме станциясының шақыру сигналын және сәйкестендiру нөмірін беру тәртібін байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)
11-бап. Кеменiң ұлттығы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланушы кеме Қазақстан Республикасының ұлттығында болады.
2. Қазақстан Республикасының ұлттығын иеленушi кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге мiндеттi.
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Кеме осы Заңның 16-бабының 1-тармағында аталған Қазақстан Республикасының кемелерi тiзiлiмдерiнiң бірiнде мемлекеттік тiркелген кезден бастап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығына ие болады.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 11-бап 3-1-тармақпен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
3-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы:
1) мемлекеттiң;
2) азаматтардың және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншiгіндегі кемелерге;
3) өнім бөлу туралы келісімге сәйкес Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалардың меншігіндегі кемелерге (мердігерлік компаниялар, оператор, агенттер) беріледі, бұл ретте осындай кемелерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын берудің ерекшеліктері Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен айқындалады.
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде меншiкке сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының консулдық қызметi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын куәландыратын және кеме Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тіркелгенге дейiн, бірақ бір жылдан аспайтын уақыт жарамды болатын уақытша куәлiк берген кезден бастап осындай құқықты пайдаланады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
5. Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында көзделген тәртіппен уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерiп жүзу құқығы бербоут-чартер бойынша:
1) қазақстандық жалға кеме алушыға;
2) өнім бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген филиалдары арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларға (мердігерлік компанияларға, операторға, агенттерге, қосымша мердігерлерге) пайдалануға берілген, шет мемлекеттiң кемелер тiзiлiмiнде тiркелген кемеге уақытша берілуі мүмкін.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланбайтын кемеде осы тудың көтерiлгенi үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылықты мойнына алады.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 12-бап толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
12-бап. Кемені шет мемлекеттің туын көтеріп жүруге уақытша ауыстыру
Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде немесе кеме кiтабында тiркелген кеме бербоут-чартер бойынша шетелдiк кемені жалдаушының иеленуiне немесе пайдалануына берiлген кезде, мұндай кеме уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде, кейіннен әрбір екі жыл сайын ұзарту құқығымен екi жылдан аспайтын мерзімге, бірақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге тиiстi тiзiлiмге тiркеліп және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатыла тұрып, шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстырылуы мүмкін.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)
13-бап. Кеменi сенімгерлiк басқаруға беру
1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, кеменiң меншiк иесi меншiк иесiнiң мүдделерiне сыйақы алу үшiн кеменi басқаруды сенімгерлiк басқару шарты бойынша жүзеге асыру үшiн сенімгер басқарушыға беруге құқылы.
Шаруашылық жүргiзудегi немесе оралымды басқарудағы кеменi меншiк иесiнің немесе уәкiлеттi органның келісімiнсiз сенімгер басқаруға беруге болмайды.
Кеменiң сенімгерлiк басқаруға берiлуi оған меншiк құқығымен сенімгерлiк басқарушыға ауысуына әкеп соқпайды.
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Кеменi сенімгерлiк басқаруға беру Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде мiндеттi мемлекеттік тiркелуге жатады.
3. Кемелердi басқару және оларды пайдалану саласында құзыреттi тұлға сенімгер басқарушы бола алады.
4. Кеменi сенімгерлiк басқару шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)
14-бап. Кеме құжаттары
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)
1. Кеменің уәкілетті орган тізбесін, жүргізу тәртібін және оларға қойылатын талаптарды айқындайтын кеме құжаттары болуға тиіс.
Көшірмесін осы құжатты берген орган растауы немесе нотариус куәландыруы тиіс кемеге меншік құқығы туралы куәлікті қоспағанда, кеме құжаттарының түпнұсқалары кемеде болуға тиіс.
2. Шетелде жүзуге шығатын кемелердiң, Қазақстан Республикасының суларында жүзуге арналған тиiстi қағидада көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттары болуға тиiс.
3. Шет мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының аумақтық суларына кiретiн кемелерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
Достарыңызбен бөлісу: |