Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы 2002 ж. 17 қаңтардағы №284-іі қазақстан Республикасының Заңы



бет11/11
Дата25.02.2016
өлшемі0.92 Mb.
#24158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
176-бап. Жауапкершiлiктi шектеудің мiндеттi қоры

1. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде және (немесе) теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануынан келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі мiндеттемелерiн орындау үшiн кеме иесi өз жауапкершiлiгiнің шегiне тең жалпы сомада жауапкершiлiктi шектеу қорын құруға мiндеттi.

Жауапкершiлiктi шектеу қоры өзiнен шығасы ақшаны сот атына депозит жағдайларында орналастыру немесе банк кепілдiгiн беру не сот жеткiлiктi деп таныған өзге де қаржылық қамтамасыз ету арқылы құрылуы мүмкiн.

2. Кеме иесiнің қауiптi жүктердi тасымалдаудан және теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануынан келтiрiлетiн залалды болғызбау немесе азайту жөніндегі шығыстары оған жауапкершiлiктi шектеу қорына қатысты басқа кредиторларда қандай құқықтар болса, сондай құқықтар бередi.

3. Сақтандырушының немесе мiндеттемелердi қаржымен қамтамасыз етiп берушi тұлғаның не кеме иесiнiң осы бапта көзделген ережелерге сәйкес жауапкершiлiктi шектеу қорын құруға құқығы бар. Қордың құрылуы кеме иесiне қатысты зардап шегушiнің құқығына қолданылмайды.

4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес құрылған жауапкершiліктi шектеу қорына осы Заңның 202-бабында жауапкершiлiктi шектеу қорын бөлу туралы белгiленген ережелер қолданылады.

Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген залалды өтеу жөніндегі талаптар басқа талаптар алдында мұндай талаптардың жиынтық сомасы осы Заңның 174-бабының 1-тармағында белгiленген жалпы сомадан аспайтын шамада басымдықпен қанағаттандырылуға тиiс.

5. Кеме иесi жауапкершiлiктi шектеу қорын құрған жағдайда залалды өтеу туралы талаптар бойынша өндiрiп алуды кеме иесiнiң өзге мүлкiне қолдануға жол берiлмейдi. Бұл орайда соттың қауiптi жүктердi тасымалдау мен теңiздің кемеден аққан мұнаймен ластануынан келтiрiлген залалды өтеу туралы талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануына, оның iшiнде тыйым салуына болмайды.

 

177-бап. Жауапкершiлiктi сақтандыру немесе қаржымен қамтамасыз ету



1. Қауiптi жүк, сондай-ақ екi мың тоннадан астам мөлшерде мұнай тасымалдаушы кеме иесi ластау үшiн жауапкершiлiк тәуекелiн сақтандыруға не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта көзделген мiндеттемелердiң орындалуын осы Заңның 174-бабына сәйкес анықталатын ластаудан болған залал үшiн жауапкершiлiк мөлшерiнде қаржымен қамтамасыз етiп беруге мiндеттi.

2. 2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

3. Кеменiң бортында жауапкершiлiктiң сақтандырылуын немесе қаржымен қамтамасыз етiлуiн растайтын куәлiктiң болуы мiндеттi. Куәлiктi, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен кеменi мемлекеттік тiркеу органы бередi.

 

178-бап. Ластанудан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қою



1. Кеме иесiне, сақтандырушыға немесе кеме иесi мiндеттемелерiнiң орындалуын қаржымен қамтамасыз етiп берген тұлғаға ластанудан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қоюы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Сотта жауапкер ретiнде болатын сақтандырушы немесе кеме иесi мiндеттемелерiнiң орындалуын қаржымен қамтамасыз етiп берген тұлға, банкроттық және таратылу жағдайларын қоспағанда, соттың iс қарауы барысында кеме иесi жасайтын кез келген қарсылықты табыс етуге құқылы. Ластанудан болған залалды қасақана әрекеттер салдарынан кеме иесi келтiрген жағдайда, сот кеме иесiн тең жауапкер ретiнде тартуы мүмкiн.

 

19-тарау. Кемелерді және басқа да



мүлікті құтқару

 

179-бап. Құтқару туралы шарттар

Кеме капитанының кеме иесi атынан құтқару операцияларын жүзеге асыру үшiн құтқару туралы шарттар жасасуға құқығы бар. Кеме капитанының немесе кеме иесiнiң мұндай шарттарды кеме бортындағы мүлiк иесiнiң атынан жасасуға құқығы бар.

 

180-бап. Шарттардың жарамсыздығы немесе олардың өзгертiлуi



Шарт немесе оның кез келген талаптары, егер:

1) шарт қауiптiң шамадан тыс әсерiмен немесе ықпалымен жасалып, оның талаптары әдiлетсiз болса;

2) шартта көзделген ақы нақты көрсетiлген қызметтерге қатысты шамадан тыс жоғары немесе төмен болса, жарамсыз деп танылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн.

 

181-бап. Құтқарушының, кеме иесiнiң және кеме капитанының мiндеттерi



1. Қауiптi жағдайда тұрған кеме иесiне немесе қауiптi жағдайда тұрған басқа да мүлiк иесiне қатысты құтқарушы:

1) құтқару операцияларын iстiң мән-жайлары бойынша қамқорлықпен және сақтықпен жүзеге асыруға;

2) қоршаған ортаға залалды болғызбау немесе азайту жөнiнде шаралар қолдануға;

3) iстiң мән-жайларынан туындаған қажеттiлiк кезiнде басқа құтқарушылардан көмек сұрауға;

4) қауiптi жағдайда тұрған кеменiң капитаны немесе оның иесi не қауiптi жағдайда тұрған басқа да мүлiктiң иесi басқа құтқарушылардың қатысуын талап еткен кезде, егер бұл құтқарушы сыйақысының мөлшерiне әсер етпейтiн болса, және мұндай талап заңсыз деп танылмайтын болса, оған келiсуге мiндеттi.

2. Қауiптi жағдайда тұрған кеменiң капитаны және оның иесi немесе қауiптi жағдайда тұрған басқа да мүлiктiң иесi құтқарушыға қатысты:

1) құтқару операциялары барысында онымен ынтымақтасуға;

2) қоршаған ортаға залалды болғызбау туралы немесе азайту туралы тиiстi қамқорлық көрсетуге;

3) кеме немесе басқа да мүлiк қауiпсiз орынға жеткiзiлгеннен кейiн, егер мұны құтқарушы талап етсе, оны қабылдауға мiндеттi.

 

182-бап. Сыйақы төлеу шарттары



1. Мүдделi тұлға үшiн оң нәтижеге жеткiзiп, құтқару операцияларын жүзеге асырған құтқарушының сыйақы алуға құқығы бар.

2. Осы Заңның 184-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, егер құтқару операцияларының оң нәтижесi болмаса, сыйақы төленбейдi.

 

183-бап. Сыйақы мөлшерiн белгiлеу өлшемдерi



1. Құтқару операцияларын жүзеге асырғаны үшiн сыйақы мөлшерi мынадай өлшемдер ескерiле отырып белгiленедi:

1) кеменің немесе басқа да мүлiктің құтқарылған құны;

2) қоршаған ортаға залалды болғызбаудағы немесе азайтудағы құтқарушылардың шеберлiгi мен күш-жiгерi;

3) құтқарушылар қол жеткiзген табыстың дәрежесi;

4) қауiптiң сипаты мен дәрежесi;

5) кеменi, басқа да мүлiктi және адамдарды құтқарудағы құтқарушылардың шеберлiгi мен күш-жiгерi;

6) құтқарушылар жұмсаған уақыт және жасалған шығыстар мен келтiрiлген зияндар;

7) жауапкершiлiк тәуекелi мен құтқарушылар немесе олардың жабдықтары ұшыраған өзге де тәуекелдер;

8) қызметтер көрсетудiң жылдамдығы;

9) кемелердiң немесе құтқару операцияларына арналған басқа да жабдықтардың болуы мен пайдаланылуы;

10) құтқарушы жабдықтарының дайындық жағдайы, мұндай жабдықтардың тиiмдiлiгi және құны.

2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленген сыйақыны кемеге және басқа да мүлiкке барлық мүдделi тұлғалар кеме мен басқа да мүлiктiң тиiстi құтқарылған құнына бара-бар төлейдi.

3. Сыйақы төлеуге байланысты төленуге тиiстi зияндар мен сот шығындарын қоспағанда, сыйақының мөлшерi құтқарылған кеменiң және басқа да мүлiктің құнынан аспауға тиiс.

4. Осы Заңның 184-бабында көзделген арнаулы өтем анықталғанға дейiн кеменің және басқа да мүлiктiң ең жоғары құтқарылған құны мөлшерiнде сыйақы белгiлеуге жол берiлмейдi.

 

184-бап. Арнаулы өтем



1. Қоршаған ортаға залал келтiру қатерiн төндiрген кемеге (не оның жүгiне) қатысты құтқару операцияларын жүзеге асырған және осы Заңның 183-бабына сәйкес сыйақы алуға құқығы жоқ құтқарушы кеме иесiнен осы баптың 3-тармағында белгiленген мөлшерде арнаулы өтем төлеудi талап етуге құқылы.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мән-жайлар болып, құтқарушы өзi жүргiзген құтқару операцияларының нәтижесiнде қоршаған ортаға залалды болғызбаған немесе азайтқан жағдайда, осы баптың 1-тармағына сәйкес құтқарушыға кеме иесi төлейтiн арнаулы өтем оған жұмсалған шығыстардың ең көп дегенде отыз процентiне дейiн көбейтiлуi мүмкiн. Сот немесе аралық сот осы Заңның 183-бабының 1-тармағында көзделген өлшемдердi ескере отырып, арнаулы өтемнiң мөлшерiн құтқару операциясының барысында құтқарушы жасаған шығыстардың толық сомасына дейiн көбейтуге құқылы.

3. Арнаулы өтем мөлшерi анықталған кезде, осы Заңның 183-бабы 1-тармағының 8)-10) тармақшаларында көзделген өлшемдер ескерiле отырып, құтқарушының құтқару операцияларын жүзеге асыру кезiнде жасаған нақты шығыстары мен құтқару операциясында ақылға сыйымды пайдаланылған жабдықтар мен персонал үшiн төленген ақы ескерiледi.

4. Құтқарушының осы Заңның 183-бабына сәйкес алуы мүмкiн сыйақысынан арнаулы өтем асып түсетiн жағдай мен мөлшерде ғана сондай өтем төленедi.

5. Егер құтқарушы қоршаған ортаға залалды өзiнiң салақтығы салдарынан жоя алмаса немесе азайта алмаса, арнаулы өтем толық төленбейдi немесе iшiнара төленедi.

 

185-бап. Сыйақының құтқарушылар арасында бөлiнуi



Сыйақыны бірнеше құтқарушы арасында бөлу, осы Заңның 183-бабында белгiленген өлшемдер ескерiле отырып, олардың әрқайсысының құтқару операциясына қатысу деңгейiне мөлшерлес жүргiзiледi.

 

186-бап. Сыйақының кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнiң арасында бөлiнуi



1. Құтқару операциясын жүзеге асыру үшiн төленетiн сыйақыны кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнiң арасында бөлу құтқару операциясын жүзеге асыруға байланысты кеме иесi мен кеме экипажының мүшелерi жұмсаған шығыстар шегерiлгеннен кейiн мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) сыйақы мөлшерiнің бестен үшi кеме иесiне тиесiлi болады, бестен екiсi кеме экипажы мүшелерiнің арасында бөлiнедi;

2) кеме экипажы мүшелерiне тиесiлi үлес осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес олардың арасында құтқару операциясын жүзеге асыру кезіндегі қатысу дәрежесiне және әрқайсысының жалақысына мөлшерлес бөлiнедi.

Айрықша мән-жайлар болған ерекше жағдайларда сыйақыны бөлудің өзге де тәртібі қолданылуы мүмкiн.

2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелер құтқару операцияларын кәсiби қызмет ретiнде жүзеге асыратын кемелердің мұндай операцияларды жүргiзгенi үшiн алатын сыйақысын бөлуге қолданылмайды.

 

187-бап. Адамдарды құтқару



1. Құтқару операцияларын жүргiзу кезiнде құтқарылған адамдардан сыйақы төлеудi талап етуге жол берiлмейдi.

2. Адамдарды құтқару қажеттiгiн туғызған оқиғаға байланысты қызмет көрсетуге қатысқан құтқарушылардың кеменi және (немесе) басқа да мүлiктi құтқарғаны не қоршаған ортаға залалды болғызбағаны немесе азайтқаны үшiн құтқарушыларға тиесiлi сомадағы үлеске құқығы бар.

 

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 188-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)



188-бап. Құтқару шартын орындау кезiнде көрсетiлген қызметтер үшiн төленетiн ақы

Көрсетiлген қызметтер үшiн жасалған шығыстар құтқару шартын тиiсiнше орындау кезiнде туындаған шығыстардың мөлшерiнен асып түспеген жағдайда сыйақы төленбеуге тиiс.

 

189-бап. Құтқару операцияларын тиiсiнше жүзеге асырмаудың салдары



Құтқару операцияларын тиiстi түрде жүзеге асырмаған құтқарушыға оның кiнәсiнiң дәрежесiне қарай (қосымша құтқару операцияларын жүзеге асыру қажеттiгiнiң, құтқару операцияларын жүргiзу кезіндегі қиындықтардың және басқаларының туындауы) арнаулы өтем төлеуден толық немесе iшiнара бас тартылуы мүмкiн.

 

190-бап. Мүдделi тұлғаның құтқару операцияларына тыйым салуының салдары



Кеме иесiнiң және (немесе) қауiптi жағдайда тұрған кеме капитанының немесе қауіптi жағдайда тұрған өзге де мүлік иесiнiң тыйым салуына қарамастан жүргiзiлген құтқару операциялары аталған тұлғалардың құтқарушыға немесе үшiншi тұлғаларға сыйақы төлеу жөніндегі мiндеттемелерiне әкеп соқпайды.

 

191-бап. Кемелердiң белгiлi бір иеленушiге тиесiлi болуы



Осы тарауда белгiленген ережелер, құтқарылған кеме мен құтқару операцияларын жүзеге асырушы кеме белгiлi бір кеме иесiне тиесiлi болған жағдайда да қолданылады.

 

192-бап. Құтқарушының талаптарын қамтамасыз ету



1. Құтқарушының талап етуi бойынша сыйақы және (немесе) арнаулы өтем төлеуге жауапты тұлға өз мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етудi ұсынады.

2. Құтқарылған кеме иесiнің, жөнелтушi (алушы) құтқарушының талаптарын тиiсiнше қамтамасыз етудi енгiзгенге дейiн, құтқарылған жүктi беруге құқығы жоқ.

3. Құтқарылған кеме мен басқа да мүлiктi құтқарушының келісімiнсiз, мұндай кеме мен мүлiктi құтқару операциялары аяқталғаннан кейiн бастапқы жеткiзiлген теңiз портынан немесе орыннан тиiсті кемеге немесе мүлікке құтқарушының талаптарын тиiсiнше қамтамасыз етiп бергенге дейiн ауыстырылуға болмайды.

 

193-бап. Алдын ала төлем



Құтқарушы құтқару кезiнде өзi жұмсаған шығыстарды өтеу есебiне алдын ала төлем төлеудi талап етуге құқылы. Ол төленген жағдайда құтқарушының талаптарын кейiнгi қамтамасыз ету тиiсiнше төмендейдi.

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 194-бап жаңа редакцияда



194-бап. Мемлекеттік органдардың құтқару операцияларына қатысуы

1. Мемлекеттік органдар осы тарауда белгiленген қағидаға сәйкес құтқару операцияларына қатысады.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес құтқару операцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың сыйақы алуға құқығы жоқ.

 

20-тарау. Теңіз талаптары бойынша жауапкершілік мөлшерін шектеу



 

195-бап. Теңiз талаптары бойынша жауапкершiлiк мөлшерiн шектеуге құқығы бар тұлғалар

1. Кеме иесi мен құтқарушы жауапкершiлiгiнің мөлшерi осы Заңның 196-бабында көзделген теңiз талаптары бойынша шектеледi. Бұл орайда құтқару операцияларын жүзеге асыру жөнінде, соның iшiнде осы Заңның 196-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген операциялар бойынша тiкелей қызмет көрсететiн тұлға құтқарушы болып табылады.

2. Осы Заңның 196-бабында көзделген теңiз талабы, әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар жауап беретiн тұлғаға қойылған жағдайда, сол тұлға жауапкершiлiгiнің мөлшерi осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес шектеледi.

3. Сақтандырушының сақтандыру шарты бойынша төлейтiн сақтандыру төлемiнiң мөлшерi осы тарауда белгiленген ережелерге сәйкес шектелген теңiз талаптары бойынша сақтандырылған жауапкершiлiк мөлшерiнен аспауы керек.

 

196-бап. Жауапкершiлiктi шектеу өлшемдерi



1. Осы Заңның 197-бабында белгiленген ережелер сақталған жағдайда мынадай теңiз талаптары бойынша:

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) адамның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiне не мүлiктiң жоғалуына, кем шығуына немесе зақымдануына (бүлiнуiне) байланысты, соның iшiнде кеме бортында не кеменiң пайдаланылуына немесе құтқару операцияларына тiкелей байланысты болған порт құрылыстарының, су бассейндерiнiң, кеме жүретiн жолдардың және навигациялық жағдай құралдарының зақымдануына байланысты қойылатын талаптар;

2) жолаушыларды, багаж бен жүктердi теңiз арқылы тасымалдау кезiнде жеткізу мерзiмiн өткiзiп алуы салдарынан келтiрiлген залалды өтеу туралы талаптар;

3) шарттан туындамаған, қайта кеменi пайдалануға немесе құтқару операцияларын жүзеге асыруға байланысты құқықтарды бұзу салдарынан келтiрiлген өзге де залалды өтеу туралы талаптар;

4) залалды болғызбау немесе азайту жөнiнде қолданылған шаралар келтірген залал үшін жауапты тұлғадан гөрi, осындай шаралар келтiрген келесi залал үшiн жауапты тұлға ол жөнiнде осы тарауда белгiленген нормаларға сәйкес өз жауапкершiлiгiн шектей алатын тұлғаның талаптары бойынша жауапкершiлiк шектеледi.

2. Егер талаптар керi талап ету тәртібімен немесе шарттан немесе өзгеше түрде туындаған кепiлдiктер негiзiнде қойылса да, осы баптың 1-тармағында көзделген талаптар жауапкершiлiктi шектеуге жатады.

Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптар, залал үшiн жауапты тұлғамен жасалған шарт бойынша сыйақыға қандай дәрежеде қатысты болғанына қарай жауапкершiлiктi шектеуге жатпайды.

 

197-бап. Жауапкершiлiктi шектеудiң қолданылмауы



1. Осы тарауда белгiленген ережелер:

1) кеме иесi мен жолаушы Қазақстан Республикасының азаматтары немесе ұйымдары болған жағдайларда, кеме жолаушыларының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы;

2) кеме иесi, құтқарушы және зардап шегушi Қазақстан Республикасының азаматтары немесе ұйымдары болған жағдайларда, кеменi пайдалануға немесе құтқару операцияларына тiкелей байланысты азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу туралы;

3) еңбек мiндеттерi кемеге немесе құтқару операцияларына байланысты кеме иесi қызметкерлерiнің немесе құтқарушының өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды олардың мұрагерлерiне, сондай-ақ олардың асырауындағы немесе олардың күтiмiнде болуға құқығы бар адамдарға өтеу туралы;

4) құтқару операцияларын жүзеге асырғаны үшiн сыйақы, соның iшiнде осы Заңның 183-бабына сәйкес арнаулы өтем немесе жалпы авария бойынша жарна төлеу туралы;

5) теңiздің кемеден аққан мұнаймен ластануынан болған залалды өтеу туралы;

6) қауiптi жүктердi теңiз арқылы тасымалдауға байланысты залалды өтеу туралы;

7) ядролық залалы өтеу туралы;

8) суға батқан кеменi, оның iшiнде сондай кеменiң бортында бар немесе болған нәрсенiң бәрiн судан алып шығуға, аластауға немесе жоюға байланысты;

9) кемеден жүктi аластауға, жоюға немесе зарарсыздандыруға байланысты талаптарға қолданылмайды.

2. Залал үшiн жауапты тұлғаның, егер залал оның әрекетi (әрекетсiздiгi) салдарынан болғаны, қасақана немесе өрескел абайсыздықтан жасалғаны дәлелденсе, жауапкершiлiктi шектеуге құқығы жоқ.

 

198-бап. Жауапкершiлiктiң жалпы мөлшерi



1. Осы Заңның 199-бабында көрсетiлгеннен өзгеше және белгiлi бір оқиғадан туындаған талаптар бойынша жауапкершiлiктiң жалпы мөлшерi былайша есептеп шығарылады:

1) азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу талаптары бойынша:

сыйымдылығы екi мың тоннадан аспайтын кеме үшiн - екi миллион есептiк бірлiк;

сыйымдылығы екi мың тоннадан астам кеме үшін сыйымдылықтың әрбір келесi тоннасына осы тармақшаның екiншi абзацында көрсетiлген сомаға:

екi мың бір тоннадан отыз мың тоннаға дейiн - сегiз жүз есептiк бірлiк;

отыз мың бір тоннадан жетпiс мың тоннаға дейiн - алты жүз есептiк бірлiк;

жетпiс мың тоннадан жоғары - төрт жүз есептiк бірлiк қосылады.

2) басқа да кез келген талаптар бойынша:

сыйымдылығы екi мың тоннадан аспайтын кеме үшiн - бір миллион есептiк бірлiк;

сыйымдылығы екi мың тоннадан астам кеме үшiн сыйымдылықтың әрбір келесi тоннасына осы тармақшаның екiншi абзацында көрсетiлген сомаға:

екi мың бір тоннадан отыз мың тоннаға дейiн - төрт жүз есептiк бірлiк;

отыз мың бір тоннадан жетпiс мың тоннаға дейiн - үш жүз есептiк бірлiк;

жетпiс мың тоннадан жоғары - екi жүз есептiк бірлiк қосылады.

2. Азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу талаптары бойынша есептеп шығарылған сома, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, осындай талаптарды толық төлеу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес басқа талаптар бойынша есептеп шығарылған сома азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу талаптары бойынша төленбеген қалдықты төлеу үшiн пайдаланылады, ол басқа талаптармен қатар бара-бар негiзде қанағаттандырылады.

3. Кемеден әрекет етпейтiн немесе тек қана кемеде әрекет ететiн құтқарушы өзiне немесе өзiне қатысты құтқару жөнiнде қызмет көрсетудi ұсынатын құтқарушы жауапкершiлiгiнiң мөлшерi кеме сыйымдылығының екi мың тонна болуы негiзге алына отырып есептеп шығарылады.

4. Сыйымдылығы үш жүз тоннадан аспайтын кеме үшiн жауапкершiлiк мөлшерi осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптар бойынша сыйымдылығы екi мың тоннадан аспайтын кеме үшiн белгiленген жауапкершiлiк мөлшерiнiң алтыдан бірiне тең сомада есептеп шығарылады.

 

199-бап. Жолаушылардың талаптары бойынша жауапкершiлiктiң мөлшерi



1. Кеме жолаушыларының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар бойынша, егер олар бір оқыс жағдай нәтижесiнде пайда болса, кеме иесi жауапкершiлiгiнiң мөлшерi әрбір жолаушыға шаққанда жүз жетпiс бес мың есептiк бірлiкке тең сомамен шектеледi. Бұл орайда есеп айырысу жолаушылық куәлiкте көрсетiлген жолаушылар санына сәйкес жүргiзiледi.

2. Осы бапта белгiленген ережелерге сәйкес кеме жолаушыларының өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар:

1) теңiз арқылы жолаушы тасымалдау шарты бойынша;

2) тасымалдаушының келісімiмен тасымалдау жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша жүзеге асырылатын автокөлiк құралдарымен, жануарлармен бірге жүру үшiн зардап шегушi қойған немесе оның атынан қойылған талаптар болып табылады.

 

200-бап. Талаптарды бірiктiру



1. Осы Заңның 198-бабына сәйкес айқындалған жауапкершiлiк мөлшерi қандай да бір оқиғадан туындаған барлық талаптар жиынтығына:

1) кеме иесiне, сондай-ақ әрекетiне (әрекетсiздiгiне) кеме иесi жауапты болатын тұлғаға;

2) осы кемеде құтқару жөнiнде қызмет көрсететiн кеме иесiне, осы кемеден әрекет ететiн құтқарушыға, сондай-ақ әрекетi (әрекетсiздігі) үшін кеме иесi немесе құтқарушы жауапты болатын тұлғаға;

3) құтқару жөнiнде қызмет көрсетiлетiн, кемеде емес немесе тек қана кемеде әрекет ететiн құтқарушыға, сондай-ақ әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн құтқарушы жауапты болатын тұлғаға қолданылады.

2. Осы Заңның 199-бабына сәйкес айқындалған жауапкершiлiк мөлшерi қандай да бір оқиғадан туындауы мүмкiн барлық талаптардың жиынтығына, кеме иесiне, сондай-ақ әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн кеме иесi жауапты болатын тұлғаға қолданылады.

 

201-бап. Жауапкершiлiктi шектеудiң ерiктi қоры



1. Жауапкершiлiгi жүктелуi мүмкiн тұлға, сол тұлғаның жауапкершiлiгi шектелген талап бойынша, оған талап қою берiлген сотта жауапкершiлiктi шектеу қорын құруы мүмкiн.

2. Жауапкершiлiктi шектеу қоры жауапкершiлiкке әкеп соққан оқиға күнiнен бастап, осындай қор құрылған күнге дейiн осы Заңның 198 және 199-баптарына сәйкес есептеп шығарылатын сома мөлшерiнде құрылады. Жауапкершіліктi шектеу қоры жауапкершiлiктi шектеуге негiз болған талаптарды ғана төлеуге арналады.

3. Жауапкершiлiктi шектеу қоры сот атына депозит жағдайларында ақша енгізу не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот жеткiлiктi деп таныған өзге де қаржымен қамтамасыз етудi ұсыну арқылы құрылуы мүмкiн.

4. Бірнеше кеме иелерiнiң немесе құтқарушылардың белгiлi бір оқиғадан туындаған талаптары бойынша жауапкершiлiктi шектеуге құқығы болған жағдайда, осындай тұлғалардың бірi құрған жауапкершiлiктi шектеу қоры барлық кеме иелерi немесе құтқарушылар құрған деп есептеледi.

 

202-бап. Жауапкершiлiктi шектеу қорын бөлу



1. Жауапкершiлiктi шектеу қорын бөлу мәселелерi осындай қор құрылған сотта шешiледi.

2. Жауапкершiлiктi шектеу қоры талаптардың белгiленген сомаларына бара-бар талаптары бар тұлғалардың арасында бөлiнедi.

3. Жауапкершіліктi шектеу қорын бөлуге дейiн, талабы бойынша жауапты тұлға немесе оның сақтандырушысы осы қорға талап бойынша өтем төлеген жағдайда, мұндай тұлға осы тарауда белгiленген нормалар негiзiнде оның төлеген сомалары шегiнде өтем алған тұлға ие бола алатын құқықтарды иеленедi.

4. Жауапкершiлiктi шектеу қорын құрған жағдайда, залалдың өтелуiн талап ететiн ешбір тұлғаның мұндай қорды құрған тұлғалардың қандай да бір басқа мүлкi есебiнен осындай талапты қанағаттандыруға құқығы жоқ. Бұл орайда сот кеменiң тұтқындалуы мен залалды өтеу туралы талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шаралардың күшiн жоюға тиiс.

 

21-тарау. Кемеге теңіз кепілі. Кеме немесе



жасалып жатқан кеме ипотекасы

 

203-бап. Орындалуы кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттемелер

1. Кемеге теңiз кепiлiмен:

1) кеме капитанына және кеме экипажының басқа мүшелерiне олардың кеме бортындағы жұмысы үшiн тиесiлi жалақыға және басқа да сомаларға, соның iшiнде қайтаруға арналған шығыстарға және кеме капитаны мен кеме экипажының басқа мүшелерi атынан әлеуметтiк сақтандыру бойынша төленетiн жарналарға;

2) құрғақта немесе суда кеменi пайдалануға тiкелей байланысты азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеуге;

3) кеменi құтқару үшiн сыйақыға;

4) осы Заңда көзделген алымдарды төлеуге, сондай-ақ лоцманның қызмет көрсетуi үшiн төлемге;

5) кемемен тасымалданатын жүктен, контейнерлерден, багаждан, каюталық багаждан және жолаушылардың заттарынан басқа, кеменi пайдалану кезiнде өзге де мүлiктiң жоғалуы немесе зақымдануы салдарынан келтiрiлген нақты залалды өтеуге қатысты кеме иесiне қойылатын талаптар қамтамасыз етiледi.

2. Егер осындай талаптар:

1) кемелердiң ластануынан келтiрiлген залал немесе теңiз арқылы қауіптi жүктердi тасымалдауға байланысты залал келтiру;

2) ядролық отынның, оның өнiмдерi мен қалдықтарының радиоактивтiк қасиеттерiнiң әсер етуi не олардың радиоактивтiк қасиеттерiнің қауiптi қасиеттерiмен ұштаса отырып әсер етуi салдарынан туындаса, осы баптың 1-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көзделген талаптар кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлмейдi.

3. Кеменi конкурстық сауда-саттық (тендер, аукцион) өткізу арқылы соттан тыс тәртiппен мәжбүрлеп сату жағдайын қоспағанда, кемеге меншiк құқығы ауысқан, оның тiркелуi өзгертiлген немесе кеменің туы ауыстырылған жағдайда кемеге теңiз кепiлi күшiн сақтап қалады.

 

204-бап. Кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптардың басымдықпен қанағаттандырылуы



Осы Заңның 203-бабының 1-тармағына сәйкес кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерден туындайтын талаптар, осы Заңның 220-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды қоспағанда, өзге барлық талаптар алдында басымдықпен қанағаттандырылуға тиiс.

 

205-бап. Кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптарды қанағаттандырудың кезектiлiгi



1. Осы Заңның 203-бабының 1-тармағына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар олардың аталған тармақтағы кезектiлiк ретi бойынша қанағаттандырылады. Кемеге теңiз кепiлi құқығын беретiн құтқару операциялары жүзеге асырылардан бұрын туындаған, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген басқа да барлық талаптардың алдында кеменi құтқару үшiн сыйақы талаптары қанағаттандырылады.

2. Осы Заңның 203-бабы 1-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар әрбір кезек шегiнде талаптардың мөлшерiне бара-бар қанағаттандырылады.

3. Осы Заңның 203-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген, кеменi құтқару үшiн сыйақы талаптары кезектiлiк шегiнде осындай талаптардың туындаған уақытына керi тәртiппен қанағаттандырылуға тиiс. Талап құтқару операциясы аяқталған кезде туындады деп есептеледi.

 

206-бап. Кемеге теңiз кепiлінiң тоқтатылуы



1. Егер аталған мерзiм бiткенге дейiн кеме мәжбүрлеу тәртібімен сатылмаған болса, кемеге теңiз кепiлi осы Заңның 203-бабының 1-тармағында көзделген, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптардың туындаған күнiнен бір жыл өткен соң тоқтатылады.

2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiм:

1) осы Заңның 203-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар бойынша - осындай талап қойған экипаж мүшесiнiң кемеден босатылу кезiнен бастап;

2) осы Заңның 203-бабы 1-тармағының 2)-5) тармақшаларына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар бойынша - осындай талап туындаған кезден бастап есептеледi.

Аталған мерзiм тұтқынға алуға жол берiлмейтiн кезеңге тоқтатыла тұрады.

 

207-бап. Талап құқығын басқаға беру немесе талап құқығының ауысуы



1. Кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талап құқығын басқаға беру немесе талап құқығының ауысуы сонымен бірге кемеге теңiз кепiлi талабы құқығын басқаға беруге немесе оған құқықтың ауысуына әкеп соғады.

2. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптардың және теңiзде сақтандыру шарты бойынша кеменің меншiк иесiне тиесiлi сақтандыру төлемiн төлеу туралы талаптардың кемеге теңiз кепiлi құқығы бар тұлғаға ауыстырылуына жол берiлмейдi.

 

208-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi ұстап қалуға құқық



1. Кеменi жасауға, сондай-ақ кеменi жөндеуге, соның iшiнде оны реконструкциялауға байланысты туындайтын талаптарды қамтамасыз ету үшiн кеме жасау және кеме жөндеу ұйымдарының (мердiгер) мұндай кеменi, пайдаланылмаған материалдардың қалдықтарын және тапсырысшы тиiстi сомаларды төлегенге дейiн өздерiнiң қолындағы тапсырысшының басқа да мүлкiн ұстап қалуға құқығы бар.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген кеменi ұстап қалуға құқық, егер бұл тек оның тұтқындалуының салдары болмаса, кеме жасау немесе кеме жөндеу ұйымының (мердiгердiң) иелiгiнен кеме немесе жасалып жатқан кеме шығып қалған кезден бастап тоқтатылады.

3. Кеме немесе жасалып жатқан кеме мәжбүрлеп сатылған жағдайда кеме жасау және кеме жөндеу ұйымдарының (мердiгердiң) осы Заңның 220-бабының 4-тармағына сәйкес әлгiндей кеменi сатудан алынған сома есебiнен өз талаптарын қанағаттандыруға құқығы бар.

 

209-бап. Кеме ипотекасын белгiлеу



22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 209-баптың 1-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Кеме ипотекасы ақша мiндеттемесiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кеменiң меншiк иесi (кепiл берушi) мен кредитор (кепiл ұстаушы) арасында осы Заңның 211 және 212-баптарына сәйкес, мемлекеттік тiркелуге тиiстi шарт жасасу арқылы белгiленедi.

2. Кеменiң меншiк иесiнiң келісімiмен, оған шаруашылық жүргiзу құқығы бар тұлға да кеме ипотекасының кепiл берушiсi болуы мүмкін.

 

210-бап. Кеме ипотекасының нысанасы



1. Шартта өзгеше көзделмеген жағдайда, кеме ипотекасы нақ сол меншiк иесiне жататын кеме сияқты кеменiң керек-жарағына, сондай-ақ кеменiң опат болуы мен зақымдануына жауаптылық жағдайларында кеменiң теңiздегi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерiне де қолданылады.

Кеме ипотекасы жалдау ақысына қолданылмайды.

2. Шартта өзгеше көзделмеген жағдайда, жасалып жатқан кеменiң ипотекасы оны жасауға арналған және кеме жасау ұйымы орналасқан жерде жатқан және таңбалау арқылы немесе өзге де әдiспен анық бірдейлендiрiлген материалдар мен жабдықтарға, сондай-ақ жасалып жатқан кеменiң теңiздегi сақтандыру шарты бойынша жасалып жатқан кеменiң опат болуы мен зақымдануына жауаптылық жағдайларында сақтандыру төлемдерiне де қолданылады.

3. Егер екi немесе одан да көп кеме не жасалып жатқан кеме ипотека нысанасы болса, жеке алғанда әрбір кеменiң мiндеттеменi қамтамасыз ету мөлшерi туралы келісім болмаған жағдайда, мұндай кемелер мiндеттеменi толық мөлшерiнде қамтамасыз етушi болады.

 

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 211-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)



211-бап. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеу

1. Кеме ипотекасы нақ сол кеме тiркелген тiзiлiмде тiркеледi.

2. Осы Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге құқық уақытша берiлген шетел кемесiнiң ипотекасын, сондай-ақ шетелдiк алушы үшiн жасалып жатқан кеменiң ипотекасын Қазақстан Республикасында тiркеуге болмайды.

3. Жасалып жатқан кеменiң ипотекасы жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы тiркелген жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде тiркеледi.

 

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 212-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



212-бап. Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеудiң тәртібі

1. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы кемеге немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркегеннен кейiн кепiл берушiнің өтiнiшi негiзiнде тiркеледi.

2. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiште:

1) кеменi (кеменiң атауы, порт немесе оның тiркелген орны, кеменiң тiркелiм нөмiрi, үлгiсi және сыныбы, тоннажы) немесе жасалып жатқан кеменi (кеме жасалу жүзеге асырылып жатқан орын, жасалу нөмiрi, кеменiң үлгiсi, кильдiң ұзындығы және басқа негiзгi өлшемдер, тiркелiм нөмiрi) бірдейлендiретiн деректер;

2) ипотекаға кепiл берушiнiң есiмi мен мекен-жайы;

3) ипотекаға кепiл ұстаушының есiмi мен мекен-жайы немесе оның ұсынушыға белгiленгенi туралы мәлiметтер;

4) екi немесе одан да көп кемелерге не жасалып жатқан кемелерге ипотеканы белгiлегенде, ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ең жоғары мөлшерi - тараптардың ол туралы келісімi болған жағдайда, мiндеттеменi жеке алғанда әрбір кеме қамтамасыз ететiн мөлшер;

5) кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының аяқталу күнi көрсетiлуге тиiс.

Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiшке кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы туралы шарт осындай шартта аталған құжаттармен қоса берiледi.

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркейтiн орган, егер кеменiң немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы туралы шарт не осындай шартқа қоса берiлетiн құжаттар кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу талаптарына сай келмесе, оны мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқылы.

4. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш алынған күнi тiркеледi.

Теңiз кемелерiнің мемлекеттік кеме тiзілiмiне, кеме кiтабына немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiне, осы баптың 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiште аталған барлық мәлiметтер енгiзiледi.

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркейтiн орган кепiл берушi мен кепiл ұстаушыға, Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, кеме кiтабында немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде бар жазбаларға сәйкес кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу белгiленген үлгiдегi куәлiк беруге тиiс.

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

6. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен алым алынады.



22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды

6-1. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы ақпарат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

7. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы тiркелетiн Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiмi, кеме кiтабы немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмi мен тiркеу органына берiлуге тиiстi құжаттар ашық болып табылады және мүдделi тұлғаның олардан үзiндi жазбалар мен осындай құжаттардың көшiрмелерiн алуға құқығы бар.

8. Кеме ипотекасын мемлекеттік тiркеген кезде кеме құжаттарына ол туралы қандай да бір жазбалар енгізу талап етiлмейдi.

 

213-бап. Кеме ипотекасымен қамтамасыз етiлген талаптарды басымдықпен қанағаттандыру



1. Орындалуы кеменiң тiркелген ипотекасымен қамтамасыз етiлетiн мiндеттемелер бойынша талаптар, 203-баптың 1-тармағында және 220-баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарды қоспағанда, өзге де барлық талаптар алдында басымдықпен қанағаттандырылуға тиiс.

2. Осы Заңның 220-бабының 4-тармағында көзделген талаптарды қоспағанда, жасалып жатқан кеменiң тiркелген ипотекасымен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерден туындайтын талаптардың алдында ешқандай талаптар басымдықпен қанағаттандырылмауға тиiс.

 

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 214-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



214-бап. Кеме ипотекасымен қамтамасыз етiлген талаптардың қанағаттандырылу кезектiлiгi

1. Егер ипотека белгiленген кеме кепiл берушiнiң басқа талаптарын қамтамасыз ететiн тағы бір ипотеканың нысанасына айналса, одан кейiнгi кепiл ұстаушының талаптары оның алдындағы кепiл ұстаушылардың талаптарынан кейiн қанағаттандырылады. Кеме ипотекасымен қамтамасыз етiлген мұндай талаптардың қанағаттандырылу кезектiлiгi ипотеканың мемлекеттік тіркелген күнiмен белгiленедi.

2. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасымен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерден туындайтын талаптардың осы баптың 1-тармағында көзделген қанағаттандырылу кезектiлiгi кепiл берушi мен кепiл ұстаушының келісімiмен өзгертiлуi мүмкiн. Мұндай келісім Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, кеме кiтабында немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркелуге тиiс.

 

215-бап. Кеме ипотекасының шарты бойынша құқықтарды басқаға беру



1. Кепiл ұстаушы талапты басқаға беру арқылы негiзгi мiндеттеме бойынша кредитордың құқықтарын беру туралы ережелердi сақтай отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес, өзiнiң кеме ипотекасының шарты бойынша құқықтарын басқа тұлғаға беруге құқылы.

2. Кеме ипотекасының шарты бойынша құқықты басқаға берген жағдайда ол тiркелген Теңiз кемелерiнің мемлекеттік кеме тiзілiмiне, кеме кiтабына немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiм не басқаға берiлген датасы туралы және пайдасына берiлген басқа тұлғаның атауы мен мекен-жайы туралы жазба енгiзiледi.

 

216-бап. Ипотекамен қамтамасыз етiлген кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң сақталуы



Кепiл берушi ипотекамен қамтамасыз етiлген кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сақтау және күтiп ұстау жөнiнде тиiстi шаралар қолдануға мiндеттi. Егер осындай мiндеттi орындамау кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң едәуiр құнсыздануына әкеп соқса, кепiл ұстаушы оны мiндеттеменiң орындалу мерзiмi басталғанға дейiн мәжбүрлеу тәртібімен сатуға құқылы.

 

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 217-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)



217-бап. Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығының ауысуы немесе мемлекеттік тіркеудің өзгертiлуi

22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен 217-баптың 1-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң тiркелген ипотекасымен қамтамасыз етiлген талаптар қанағаттандырылмаған не барлық кепiл ұстаушылардың жазбаша келісімi болмаған жағдайда порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң, осы Заңның 219 және 220-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеменi Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығарып тастауға не жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу туралы жасалып жатқан кемелердiң тiзiлiмiнен алынған жазбаға өзгерiс енгізуге құқығы жоқ.

2. Кеменi Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан не жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын жасалып жатқан кемелер тiзiлімiнен шығарып тастау (ерiктi сату жағдайларын қоспағанда) мiндеттi болып табылған жағдайларда, тiркеу органы кепiл ұстаушылар өз мүдделерiн қорғау жөнiнде тиiсiнше шаралар қолдану үшiн кепiл ұстаушыларға кеменi немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тиiстi тiзiлiмдерден алдағы уақытта шығарып тасталатыны туралы хабарлама жолдауға тиiс. Олардың келісімi алынбаған жағдайда, кеме немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы тиiстi тiзiлiмдерден ақылға қонымды кезең бiткеннен кейiн, бірақ кепiл ұстаушыларға хабарланған соң кем дегенде үш айдан кейiн шығарылып тасталады.

 

218-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сатудың негiздерi



Кепiл берушi борышты төлеу жөніндегі мiндеттеменi орындамаған жағдайда, ипотека салынған кеме немесе жасалып жатқан кеме тұтқындалған кеменiң немесе тұтқындалған жасалып жатқан кеменiң тұрған орнында сот шешiмiнiң негiзiнде сатылуы мүмкін.

 

219-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сату тәртібі



Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сату Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

220-бап. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сатудың салдары



1. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi мәжбүрлi сату жағдайында, кеменiң немесе жасалып жатқан кемінiң барлық тiркелген ипотекалары, кепiл ұстаушылардың келісімiмен сатып алушы өз мойнына алғандарын қоспағанда, барлық кепiлдер және басқа да кез келген түрдегi ауыртпалықтар кемеге немесе жасалып жатқан кемеге қатысты қолданылуын тоқтатады.

2. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменің тұтқындалуына және кейiнгi сатылуына байланысты шығыстар бірiншi кезекте олардың сатылуынан алынған сомалар есебiнен төленедi. Мұндай шығыстар өзiне, атап айтқанда, кеменi тұтқындау кезiнен кеменi және кеме экипажының мүшелерiн ұстауға жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ осы Заңның 203-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында аталған жалақыны, басқа да сомалар мен шығыстарды қамтиды. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатудан алынған соманың қалдығы осы тарауға сәйкес тиiстi талаптарды қанағаттандыруға қажет болуына қарай бөлiнедi. Барлық тұлғалардың қойған талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатудан алынған сома, егер ол қалса, кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң меншiк иесiне қайтарылады және еркiн аударылуы мүмкiн.

3. Суға батқан кеменi мәжбүрлi сату жағдайында, теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету немесе теңiз ортасын ластанудан қорғау мақсатында, оның судан шығарылуын порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады, суға батқан кеменi судан шығаруға жұмсалған шығыстар, кемеге теңiздегi кепiлмен қамтамасыз етiлген кез келген талаптар қанағаттандырылғанға дейiн, оның сатылуынан алынған сома есебiнен төленедi.

4. Өз мiндеттемелерiн қамтамасыз етуге кеменi ұстап қалатын кеме жасау немесе кеме жөндеу ұйымы (мердiгер) оны мәжбүрлеу тәртібімен сату үшiн беруге мiндеттi.

Осы Заңның 203-бабының 1-тармағына сәйкес, кемеге теңiз кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптар болған жағдайда кеме жөндеу ұйымында мұндай құқық аталған талаптар қанағаттандырылғаннан кейiн пайда болады.

5. Кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатып алушы Қазақстан Республикасының азаматы немесе заңды тұлғасы болған жағдайда, кеме немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы Қазақстан Республикасының тиiстi тiзiлiмiнде осындай сатып алушының атына тiркелуге тиiс. Кеме немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы Қазақстан Республикасының тиiстi тiзiлiмiнде тiркелген және мұндай кеменi немесе жасалып жатқан кеменi сатып алушы шетелдiк азамат немесе шетелдiк заңды тұлға болған жағдайда, кеменi тiркеу органы не жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тiркеу органы осындай сатып алушыға кеменiң Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен, кеме кiтабынан шығарып тасталғаны туралы немесе кеменi немесе жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын шет мемлекеттiң тиiстi тiзiлiмiнде тiркеу мақсатында, жасалып жатқан кемеге меншiк құқығының жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнен шығарып тасталғаны туралы куәлiк беруге мiндеттi.

 

221-бап. Кеме ипотекасының тоқтатылуы



1. Кеме ипотекасы:

1) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеме тоқтатылған;

2) кеме немесе жасалып жатқан кеме конкурстық сауда-саттық (тендер, аукцион) арқылы сатылған жағдайларда, сондай-ақ оны сату мүмкiн болмай шыққан жағдайда;

3) кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының кепiл ұстаушысы теңiздегi сақтандыру шартына сәйкес, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің опат болуына байланысты тиесiлi сақтандыру төлемiне өз талабын жүзеге асыра алатын жағдайларды қоспағанда, кеме немесе жасалып жатқан кеме опат болған жағдайларда тоқтатылады.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тоқтату туралы дәлелдемелер табыс етiлген кезде, тiркеу органы тиiстi кемелер тiзiлiмiне немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiне кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тоқтату туралы жазба жасайды.

 

22-тарау. Кемені тұтқындау



 

222-бап. Кеменi тұтқындау негiздерi

1. Кеменi тұтқындау теңiз талабын қамтамасыз ету үшiн кеменi кiдiртiп қою немесе оның жүрiс-тұрысын шектеу болып табылады.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)

2. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, теңiз талабы бойынша ғана кеме тұтқындалуы мүмкiн.

3. Теңiз талабын қамтамасыз ету мақсатымен, басқа мемлекеттiң сотында қаралуға тиiс теңiз талабы туралы тиiстi шарттың талаптарына қарамастан, кеменiң тұтқындалуы мүмкiн.

4. Теңiз талаптарына жатпайтын талаптар бойынша кеме:

1) кеме иесiнің банкротқа ұшырауы немесе кеме иесiнiң - заңды тұлғаның таратылуы;

2) қылмыстық iс бойынша тәркiлеудiң қамтамасыз етiлуi жағдайларында ғана тұтқындалуы мүмкiн.

5. Бұл тарау осы Заңда көзделген теңiз порты капитанының кеменi теңiз портынан шығаруға рұқсат беруден бас тарту, кеме мен жүктi кiдiртiп қою құқықтарын қозғамайды.

6. Осы тарауда реттелмеген, кеменi тұтқындаудан туындайтын құқық қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

 

223-бап. Теңiз талабы



Мыналар:

1) кеменi пайдалану кезiнде залал келтiрiлуiне;

2) кеменi пайдаланумен тiкелей байланысты құрғақта не суда азаматтың өмiрi мен денсаулығына залал келтiрiлуiне;

3) құтқару операциясын немесе құтқару туралы шартты жүзеге асыруға;

4) егер мұндай талап Қазақстан Республикасының халықаралық шартынан, Қазақстан Республикасының заңынан немесе шарттан туындайтын болса, залалды болғызбау немесе азайту жөнінде шаралар қолдануға жұмсалған шығыстарға, соның iшiнде қоршаған ортаға келтiрiлген залалға, сондай-ақ осындай шаралар келтiрген немесе келтiруi мүмкiн залалға;

5) суға батқан кеменi немесе оның жүгiн шығарып алуға, аластауға немесе жоюға жұмсалған шығыстарға;

6) кеменi пайдалану туралы шартқа;

7) жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартына немесе теңiзде жолаушылар тасымалдау шартына;

8) кемедегi жүктің немесе багаждың жоғалуына, кем шығуына немесе зақымдануына (бүлiнуiне);

9) жалпы аварияға;

10) лоцмандық алып өтуге;

11) сүйретiп жүзуге;

12) тамақ өнiмдерiн, материалдар, отын, запастар, жабдықтар, соның iшiнде кеменi пайдалану немесе оны күтіп ұстау үшiн қажеттi контейнерлер беруге;

13) кеменің жасалуына, жөнделуiне, жаңғыртылуына немесе қайта жабдықталуына;

14) теңiз портында алынатын алымдар мен төлемдерге;

15) кеме капитаны мен кеме экипажының басқа мүшелерiне тиесiлi жалақыға және басқа да сомаларға;

16) кемеге қатысты жұмсалған шығыстарға;

17) сақтандыру сыйлықақысына;

18) теңiз агентiнiң, теңiз брокерiнiң сыйақысына;

19) кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар туралы дауға;

20) кеменiң меншiк иелерi арасындағы кеменi пайдалану мен пайданы бөлу туралы дауға;

21) кеменi сатып алу-сату шартынан туындайтын дауға байланысты мәлiмделген кез келген талап теңiз талабы болып табылады.

 

224-бап. Тұтқынға алуға жол берiлмейтiн кеме



1. Теңiз талаптары бойынша:

1) тұтқынға алынатын кезге қарай кемеге меншiк құқығы үшiншi тұлғаларға берiлген;

2) кеменi өзге кеме жалдаушы жалдап алған жағдайларда кеменi тұтқынға алуға жол берiлмейдi.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ережелер кемеге меншiк құқығы мен өзге де заттық құқыққа қатысты қолданылмайды.

 

225-бап. Тұтқындалған кеменiң иесiн қорғау



1. Сот кеменi тұтқынға алудың немесе оның бұрынғы тұтқынға алынуының ұзартылу талабы ретiнде кеменi тұтқынға алуды немесе тұтқындаудың ұзартылуын талап етушi тұлғаға кеменi тұтқынға алу салдарынан келтiрілуi мүмкiн зияндарға байланысты сот айқындай алатын көлем мен жағдайларда қамтамасыз етудiң берiлуiн мiндеттеуге құқылы. Бұл ереже осы Заңның 223-бабының 15) тармақшасында көзделген талап бойынша кеменi тұтқынға алуды немесе тұтқынға алудың ұзартылуын талап етушi тұлғаға қатысты қолданылмайды.

2. Тұтқындалған кеме иесiнің талап етуi бойынша кеменi тұтқынға алған немесе кеменiң тұтқынға алынуын болғызбау үшiн талаптың өзгеше қамтамасыз етiлуi жөнiнде шаралар қолданған сот талап етуi бойынша кеме тұтқынға алынған немесе қамтамасыз етiлген тұлғаның кеменiң тұтқынға алуынан келтiрілген зиян үшін жауапкершiлiк мөлшерiн анықтауға құқылы.

 

23-тарау. Теңіздегі наразылық



 

226-бап. Теңiздегi наразылық

1. Кеме жүзiп жүрген немесе тоқтап тұрған уақытта кеме иесiне мүлiктiк талаптар қою үшiн негiз бола алатын оқиға орын алған жағдайда, кеме капитаны дәлелдемелердi қамтамасыз ету мақсатында теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме беруге тиiс.

2. Теңiздегi наразылықта оқиғаның мән-жайы мен оны туғызған себептер жөнiнде толық ақпарат, соның iшiнде залал туралы және залалды болғызбау немесе азайту жөнiнде қолданылған шаралар туралы ақпарат болуға тиiс.

 

227-бап. Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме



1. Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме:

1) Қазақстан Республикасының портында - нотариуске;

2) шетел портында - Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнің лауазымды адамына немесе тиiстi мемлекеттiң заңдарында белгiленген тәртiппен шет мемлекеттiң құзыреттi лауазымды адамына берiледi.

2. Егер оқиға:

1) теңiз портында болса, оқиға болған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде;

2) кеме жүзiп жүрген кезде болса, кеменiң немесе кеме капитанының оқиға болғаннан кейiн алғашқы теңiз портына келген кезiнен бастап жиырма төрт сағат iшiнде теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме берiледi.

Оқиға жүзiп жүрген кезде болған жағдайда, оқиға болғаннан кейiн алғашқы портқа кіруге байланысты кететiн уақыт пен жұмсалатын шығыстардың елеулi ысырабын болғызбау үшiн, теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме кеменiң немесе кеме капитанының оқиға болғаннан кейiн алғашқы порт болып табылмайтын портқа келген кезiнде берiлуi мүмкiн.

3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмде теңiздегi наразылықты мәлiмдеу мүмкiн болмаған жағдайда, мұның себептерi теңiздегi наразылық туралы мәлiмдемеде көрсетiлуге тиiс.

4. Егер мұндай құқық тиiстi халықаралық шартта көзделсе, шетел кемелерi капитандарының өз кемесi туын көтерiп жүзіп жүрген мемлекеттiң консулдық мекемелерiне теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме беруге құқығы бар.

 

228-бап. Жүкке келтiрiлген залалға қатысты теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме



Оқиға салдарынан кемедегi жүкке залал келтiрiлген жағдайда, теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме люктер ашылғанға дейiн берiлуге тиiс. Теңiздегi наразылық мәлiмденгенге дейiн кемедегi жүктi түсiруге аса қажеттi жағдайда ғана жол берiледi.

 

229-бап. Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме жiберiлген тұлғаға кеме журналының берiлуi



1. Кеме капитаны теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме берiлген тұлғаға кеме немесе кеменiң капитаны теңiз портына келген, сондай-ақ оқиға портта орын алған болса, оқиғаның өзi болған кезден бастап жетi күн iшiнде танысу үшiн кеме журналын және кеме журналынан үзiндi жазбаны өзi куәландырып беруге мiндеттi.

2. Кеме журналы жойылған (жоғалған) жағдайда кеме журналының жойылуының (жоғалуының) мән-жайы мен себептерi теңiздегi наразылық туралы мәлiмдемеде баяндалуға тиiс.

 

230-бап. Теңiздегi наразылық туралы акт жасау



Теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеменi қабылдауға уәкiлеттi тұлғалар кеме капитанының мәлiмдемесi, кеме журналының деректерi, кеме капитанынан және қажет болған жағдайда кеме экипажының басқа мүшелерiнен сұрастыру негiзiнде теңiздегi наразылық туралы акт жасайды.

 

24-тарау. Актілер, кінә қою және талап қою. Талап қою мерзімі



 

231-бап. Теңiзде жүк тасымалдауға қатысушылардың жауапкершiлiгi үшiн негiз бола алатын мән-жайларды куәландыру

1. Тасымалдаушының, жөнелтушiнің, алушының және жолаушының жауапкершiлiгi үшiн негiз бола алатын мән-жайлар коммерциялық актiлермен немесе жалпы нысандағы актiлермен куәландырылады. Шет ел порттарында аталған мән-жайлар сол портта қолданылатын ережелерге сәйкес куәландырылады.

2. Коммерциялық акт:

1) жүктiң немесе нақты багаждың атауы, массасы немесе орындарының саны және тасымалдау құжатында көрсетiлген деректер арасындағы сәйкессiздiктi;

2) жүктiң немесе багаждың жоғалғанын, кем шыққанын немесе зақымданғанын (бүлiнгенiн);

3) құжатсыз жүк немесе багаж, сондай-ақ жүксiз немесе багажсыз құжаттар табылғанын;

4) тасымалдаушыға ұрланған жүктiң немесе багаждың қайтарылғанын куәландыру үшiн жасалады.

3. Актiлердiң нысандары, оларды жасау тәртібі және акт жасауды талап етпейтiн мән-жайларды куәландыру тәртібі уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелермен белгiленедi.

 

232-бап. Кiнә қою



Кiнә қою тәртібімен дауларды сотқа дейiнгi реттеу талап қоюдың мiндеттi шарты болып табылады.

 

233-бап. Кiнә қою мен талап қою құқығын беру



1. Кiнә қою мен талап қою құқығын, мұндай құқықты жөнелтушiнiң алушыға беруi немесе керiсiнше жағдайларды, сондай-ақ жөнелтушiнің немесе алушының экспедиторға немесе сақтандырушыға беретiн жағдайларын қоспағанда, басқа ұйымдарға немесе азаматтарға беруге жол берiлмейдi.

2. Кiнә қою мен талап қою құқығының берiлуi коносаменттегi немесе өзге де тасымалдау құжатындағы басқа біреуге (теңiз жүкқұжаты, чартер) беру түріндегі жазбамен куәландырылады.

 

234-бап. Кiнә қоюдың шарттары мен тәртібі



1. Теңiзде жүк тасымалдау шартынан туындайтын кiнә қою тасымалдаушыға талап қою мерзiмi iшiнде қойылуы мүмкiн.

2. Кiнә қою жүк тасымалдауды жүзеге асырған тасымалдаушыға, егер жүктi тасымалдау жүргiзiлмеген болса, теңiзде жүк тасымалдау шартына сәйкес оны жүзеге асыруға мiндеттi тасымалдаушыға қойылады. Аралас қатынастағы жүк тасымалынан туындайтын кiнә қою жүктi тасымалдаудың соңғы пунктiне жеткiзген тасымалдаушыға қойылады.

3. Жүктiң жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) туралы кiнә қоюға, тасымалдау құжаттарынан басқа, кiнә қоюға құқықты растайтын құжаттар және жөнелтілген жүктің мөлшерi мен құнын куәландыратын құжаттар қоса берiлуге тиiс. Тасымалдау құжаттары (теңiз жүкқұжаты, коносамент, чартер) түпнұсқасында көрсетiледi.

 

235-бап. Теңiзде жүк тасымалдау шартынан туындайтын кiнә қоюды қараудың тәртібі мен мерзiмдерi



1. Кiнә қою оның алынған күнiнен бастап бір ай мерзiмде қаралуға тиiс.

2. Бір құжат бойынша көлiктiң әр түрiнiң тасымалдаушыларымен жүзеге асырылатын тасымал жөнiндегі кiнә қоюға қатысты - үш ай iшiнде. Егер кiнә қою қабылданбаса немесе осы бапта белгiленген мерзiмде жауап алынбаса, арызданушының талап қою құқығы пайда болады.

 

236-бап. Жолаушыны, багаж бен жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартынан туындайтын талаптар бойынша талап қою мерзiмi



1. Тасымалдаушыға теңiз арқылы тасымалдау шартынан туындайтын талап қою тасымалдаушы кiнә қоюды қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тартқан жағдайда не кiнә қоюға тасымалдаушыдан жауап алынбаған жағдайда қойылуы мүмкiн.

2. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша талап қою мерзiмi бір жыл, жолаушы мен багаж тасымалдау шарты бойынша - алты ай.

3. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша аталған мерзiм:

1) жүктiң жоғалуынан және кем шығуынан келген залалды өтеу туралы талаптар бойынша - жүк берiлуi тиiс болған күннен бастап бір ай өткен соң, аралас қатынастағы тасымал кезiнде - тасымалдау үшiн жүктi қабылдаған күннен бастап төрт ай өткен соң;

2) жүктiң зақымданғаны (бүлiнгенi), жүктiң жеткiзiлу мерзiмiнiң өткiзіліп алынғаны үшiн залалды өтеу, тасымалдау ақысын қайтарып беру немесе өндiрiп алу туралы талаптар бойынша - жүк берiлген күннен бастап, егер жүк берiлмеген болса, ол берiлуге тиiс күннен бастап;

3) кеменің берiлмегенi немесе оның дер кезiнде берiлмегенi үшiн залалдарды өтеу, демерредж бен диспач төлеу туралы талаптар бойынша - жүк тасымалдау басталған немесе тасымалдана бастауға тиiс болған айдан кейiнгi ай бiтетiн күннен бастап;

4) басқа жағдайлардың бәрiнде - талапты беруге негiз болған оқиға басталған күннен бастап есептеледi.

 

237-бап. Өзге талаптар бойынша талап қою мерзiмi



1. Сүйретiп жүзу шартынан, теңiз агенттiгiн жүргiзу шартынан, теңiз делдалдығы шартынан, тайм-чартерден, бербоут-чартерден және жалпы авариядан туындайтын талаптар бойынша талап қою мерзiмi:

1) сүйретіп жүзу шартынан, теңіз агенттігін жүргізу шартынан, теңiз делдалдығы шартынан, тайм-чартерден және бербоут-чартерден туындайтын талаптар бойынша - талап қою құқық пайда болған күннен бастап;

2) жалпы авариядан туындайтын талаптар бойынша - диспаша алынған күннен бастап есептеледi.

2. Осы Заңның 169-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген керi талаптар бойынша талап қою мерзiмi бір жылға тиiстi сома төленген күннен бастап есептеледi.

 

238-бап. Теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануы келтiрген залалды және теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залалды өтеу туралы талаптар бойынша талап қою мерзiмi



Теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануы келтiрген залалды және теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залалды өтеу туралы талаптар бойынша талап қою мерзiмi зардап шегушi мұндай залал келтiрiлгенiн бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап үш жылдан соң бiтедi.

Бұл орайда залалды өтеу туралы талап қоюды:

1) теңiздiң кемеден аққан мұнаймен ластануы келтiрген залалды өтеу туралы талаптар бойынша - оқыс жағдай салдарынан осындай залал келтiрiлген күннен бастап алты жылдан кейiн;

2) теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залалды өтеу талаптары бойынша - оқыс жағдай салдарынан осындай залал келтiрiлген күннен бастап он жылдан кейiн беруге болмайды.

 

239-бап. Жалпы мерзiмдердiң қолданылуы



Осы Заңда талап қою мерзiмдерi белгiленбеген талаптар бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген талап қою мерзiмiнің жалпы мерзiмi қолданылады.

 

25-тарау. Қолданылатын құқық



 

240-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында шетелдiк элемент қиындатқан қатынастарға қолданылуға тиiстi құқықты айқындау

1. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында шетелдiктердiң немесе шетелдiк заңды тұлғалардың қатысуымен не шетелдiк элемент қиындатқан қатынастарға қолданылуға тиiстi құқық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi, осы Заң, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң танылған үрдiстерi негiзiнде айқындалады.

2. Осы Заңда көзделген шарт тараптардың келісімiмен таңдап алынған елдiң құқығымен реттеледi.

Шарт тараптарының тұтас шарт үшiн де, оның жекелеген бөлiктерi үшiн де қолданылатын құқықты таңдап алуына болады.

Шарт тараптарының келісімiмен құқық таңдау тасымалдаушыны жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян, жүктiң немесе багаждың жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) үшiн осы Заңда белгiленген жауапкершiлiктен не оның жауапкершiлiгiн шектеуден босатпайды.

3. Шарт тараптарының шартқа қолданылуға тиiстi құқық туралы келісімi болмаған жағдайда:

1) теңiз тасымалы шартында - тасымалдаушы;

2) теңiзде агенттiк ету, тайм-чартер және бербоут-чартер шартында кеме иесi;

3) сүйретiп жүзу шартында - сүйретiп жүзетiн кеменiң иесi;

4) теңiз делдалдығы шартында - сенімгер;

5) теңiз сақтандыру шартында - сақтандырушы болып табылатын тарап құрылған, тұрғылықты жерi немесе қызметiнiң негiзгi орны бар елдiң құқығы қолданылады.

 

241-бап. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар



1. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар, сондай-ақ олардың пайда болуы мен тоқтатылуы осы кеме мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген елдiң құқығы бойынша айқындалады.

2. Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде тiркелмеген жасалып жатқан кемеге құқық, егер кеменi жасау туралы шартта өзгеше көзделмесе, кеменi жасауға қабылдаған немесе кеме жасалып жатқан елдiң заңымен айқындалады.

 

242-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң құқықтық жағдайы



1. Кеме экипажы мүшелерiнiң құқықтық жағдайы мен кеменi пайдалануға байланысты кеме экипажы мүшелерiнiң арасындағы қатынастар кеме туы елiнiң заңымен айқындалады.

2. Егер кеме иесi мен шетелдiктер болып табылатын кеме экипажы мүшелерiнiң арасындағы қатынастарды реттейтiн шартта өзгеше көзделмесе, кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнің арасындағы қатынастар кеме туы елiнің құқығымен реттеледi.

Кеме иесi мен кеме экипажы мүшелерiнің арасындағы еңбек қатынастарына қатысты қолданылуға тиiс құқықты еңбек шарты тараптарының таңдауы кеме экипажы мүшелерiнiң құқықтарын шектеуге, тараптардың келісімi болмаған кезде құқығы қолданылуға тиiс елдiң заңдарында белгiленген еңбек жағдайларының нашарлауына және кепілдiктердiң бұзылуына әкеп соқпауға тиiс.

 

243-бап. Суға батқан мүлiкке құқық



1. Iшкi теңiз суларында немесе аумақтық теңiзде суға батқан мүлiкке меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтар, сондай-ақ суға батқан мүлiкке байланысты туындайтын қатынастар аумағында мүлiк суға батқан елдiң құқығы бойынша айқындалады.

2. Ашық теңiзде суға батқан кемеге, ондағы жүк пен өзге де мүлiкке меншiк құқығы мен басқа да заттық құқықтар кеме туы елiнiң құқығы бойынша айқындалады.

 

244-бап. Жалпы авария



1. Жалпы авариядан туындайтын қатынастар тараптардың қолданылуға тиiс құқық туралы келісімi болмаған жағдайда, жалпы авария туғызған оқиғадан кейiн портында кеме рейсiн аяқтаған елдiң құқығымен реттеледi.

Белгiлi бір елдiң азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдары болып табылатын адамдар арасындағы жалпы авария бойынша қатынастарға сол елдiң құқығы қолданылады.

2. Егер жалпы авария Қазақстан Республикасында бөлiнетiн болса, оны бөлу тәртібі осы Заңның 16-тарауына сәйкес реттеледi.

 

245-бап. Кемелер соқтығысқан жағдайда туындайтын қатынастар



1. Кемелердiң iшкi теңiз суларында және аумақтық теңiзде соқтығысуынан туындайтын қатынастар аумағында соқтығысу болған елдің құқығымен реттеледі.

2. Кемелердiң соқтығысуы ашық теңiзде болған және дау Қазақстан Республикасының сотында қаралатын жағдайда осы Заңның 17-тарауында белгiленген ережелер қолданылады.

3. Бір мемлекеттiң туын көтерiп жүзiп жүрген кемелердің соқтығысуы жағдайында туындайтын қатынастарға, кемелер соқтығысқан жерге қарамастан, кеме туы елiнiң құқығы қолданылады.

 

246-бап. Теңiздің кемелерден аққан мұнаймен ластануынан залал келтiрiлуi кезiнде туындайтын қатынастар



Теңiздiң кемелерден аққан мұнаймен ластануынан залал келтiрiлген кезде осы Заңның 18-тарауында белгiленген ережелер:

1) Қазақстан Республикасының аумағында теңiздің кемелерден аққан мұнаймен ластануынан келтiрiлген залалға;

2) олар қай жерде қолданылса да, мұндай залалды болғызбау немесе азайту жөніндегі ескерту шараларына қолданылады.

 

247-бап. Теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залал келтiрiлуi кезiнде туындайтын қатынастар



Теңiзде қауiптi жүктердi тасымалдауға байланысты залал келтiрiлген кезде осы Заңның 18-тарауында белгіленген ережелер:

1) Қазақстан Республикасының аумағында, соның iшiнде аумақтық теңiзде келтiрiлген залалға;

2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде, соның iшiнде аумақтық теңiзде қоршаған ортаның ластануынан келтiрiлген залалдан өзге залалға, егер мұндай залал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетiн кеменiң бортында тасымалданатын қауiптi және зиянды заттардан келтiрiлген болса;

3) олар қай жерде қолданылса да, залалды болғызбау немесе азайту жөніндегі ескерту шараларына қолданылады.

 

248-бап. Кеменi және өзге де мүлiктi құтқарудан туындайтын қатынастар



1. Кеменi және өзге де мүлiктi аумақтық суларда құтқарудан туындайтын қатынастарға қолданылуға тиiс құқық туралы тараптардың келісімi болмаған жағдайда, аумағында құтқару орын алған елдің құқығы қолданылады, ал егер құтқару ашық теңiзде жүзеге асырылса және дау Қазақстан Республикасында қаралса, осы Заңның 19-тарауында белгiленген ережелер қолданылады.

2. Құтқарушы және құтқарылған кемелер бір мемлекеттiң туын көтерiп жүзген жағдайда, құтқару қайда орын алғанына қарамастан, кеме туы елiнiң құқығы қолданылады.

3. Құтқарған кеме иесiнiң, оның капитанының және кеме экипажының басқа мүшелерiнiң арасында сыйақыны бөлуде кеме туы елiнiң құқығы қолданылады, ал, егер құтқару кемеден жүзеге асырылмаған болса, құтқарушы мен оның қызметкерлерi арасындағы қатынастарды реттейтiн шартқа күшiнiң ықпалы болатын заң қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының



Президенті

Н. Назарбаев

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет