Саурыкова жулдыз мейрхановна



Pdf көрінісі
бет37/61
Дата23.09.2023
өлшемі3.24 Mb.
#478395
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61
Саурыкова-Ж.-диссертация

ҚОСЫМША А 
Біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың теориялық және тәжірибелік-
әдістемелік бөлімдерінің бірлігін, зерттеудегі болжамның расттығын, 
педагогикалық шарттардың анықталуы мен осының негізінде жасалып, 
ұсынылған нобайлардың жұмыс жасау қызыметінің мүмкіндіктерін анықтау 
және диссертациядағы қойылған мақсаттарға қол жеткізу мен міндеттердің 
орындалу барыстарын басшылыққа ала отырып, жаңартылған білім мазмұны 
жүйесінде пәнаралық байланысты ұйымдастыру, ортақ тақтырыптарға 
негізделген сабақтарды өткізуге педагогикалық бақылау жүргіздік. Бұл 
бастауыш сынып мұғалімдері және бастауыш сынып оқушыларына бағытталған 
әрекеттер жиынтығын құрады. 
Мысалы, бастауыштағы жаңартылған білім мазмұны жүйесінде 
пәнаралық байланысты ұйымдастыруды анықтау және диагностикалау үшін 
бағдарлама дайындалып, төмендегідей тапсырмалық сұрақ-жауап, саулнамалар 
мен кәсіби әрекет мазмұндағы әңгіме жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстарымыз бастауыш сынып мұғалімнің кәсіби 
әрекетіндердің білім берудің жаңа жүйесіне бейімделуі және мамандық 
қызметтерінің мазмұндық құрылымының өзгеру түріне байланысты /А.В.Усова, 
А.А.Реан, В.А.Якуниннің тәсілдері/ анықтау жүргізілді /1-5 балдық деңгейлік 
шкала/.
Жаңартылған білім мазмұны негізінде мұғалімдердің пәнаралық 
байланысты меңгеруінің біліктілік деңгейін анықтау бағыттары: 
1. Жаңартылған білім мазмұны бойынша педагогикалық үдерісті 
ұйымдастыру білігі мен білімі (ЖБМПҮББ) 

Жаңартылған бастауыштың білім мазмұны аясында пәнаралық байланыс арқылы 
жүзеге асыру жолдарын көп іздену арқылы қарастьырамын. 

Мұғалім үшін пәнаралық байланыстағы сабақтарды өткізу – оқушының танымдық 
әрекетіндегі дербестігіне ықпал жасау екендігін түсінемін. 

Мұғалім үшін пәнаралық байланыстағы сабақтарды өткізу – оқушының танымдық 
әрекетіндегі белсенділігін, қызығушылығын арттыру болып табылады. 

Қазіргі білім мазмұнында пәнаралық байланыста оқытудың тиімділігі мен жүйелілік 
жолының басымдығы оқулықтардағы «ортақ тақырыптарға» байланысты. 

Пәнаралық байланыс сабақтарының мазмұндық бағытын басты пәнге негізделген 
белгілері арқылы түсінік бере аламын. 

Жаңартылған оқу бағдарламасы мазмұны жүйесімен пәнаралық байланысты ынта-
ықыласыммен жүрігемін және соған сәйкес кәсіби қызығушылығымда артады. 

Пәнаралық байланыстағы сабактастық пен жүйеліліктің дидактика талаптарына сай 
келуін басшылыққа аламын. 

Пәнаралық байланыстағы оқыту мақсатын жеке ала отырып, міндетті талаптарды 
жеткіліктілік орындаймын. 
 
2. Жаңартылған білім мазмұнындағы бөлім, ортақ тақырыптар 
бойынша пәнаралық байланысты меңгеру белсенділігі (ЖБМБОТПБМБ) 

Оқушының жеке тұлғалық болмысын дамытуда пәнаралық байланысты басшылыққа 
алатын жаңартылған білім мазмұнына негізделген оқу бағдарламасын пайдалану 
маңызды. 


143 

Кәсіби педагогикалық тәжірибеде пәнаралық байланыс сабақтарын жиі өткізем, 
жаңашылдық әдіс-тәсілдерді кеңіне қолданамын (бөлім, тақырыптар, оқу 
материалдарының жақындығы ). 

Пәнаралық байланыс сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің ғылыми-әдістемілк 
ерекшеліктеріне мән беремін. 

Оқушының танымдық болмысының дамуына пәнаралық байланыс сабақтарының
ықпалын басшылыққа аламын. 

Пәнаралық байланыста оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруды жүйелі 
жүзеге асырамын. 

Оқушыларға кіріктірілген оқу материалдары негізінде ұйымдастырылған сабақтарда 
алған білімдері арқылы әлеуметтік ортада өз орнын таба білуге үйретемін, баулимын. 

Кіріктірілген сабақтарда жеке пәндерде кездесетін түрлі ұғымдардың өзара 
байланыстарын мағыналық-мазмұндық тұрғыдан толықтыру жүйесімен біріктіруді 
(себеп-салдардық, логикалық сабақтастық, мазмұндық үйлесімділік) жүзеге 
асырамын. 

Жаңартылған оқу бағдарламасы оқушыларға жағымды көңіл-күй жағдай туғызуға, 
әрі оларды ынталандыруға мүмкіндік жасайды. 
 
3. Жаңартылған білім мазмұнына сүйеніп өз тәжірибесінде пәнаралық 
байланысты жалпы пайдалану белсенділігі (ЖБМПБЖБ) 

Оқушының жеке ғылыми-танымдық әрекетінің дамуына пәнаралық байланыстағы 
оқыту түсінігін байланысын жүзеге асырамын.

Пәнаралық байланыста оқушылардың ғылыми-танымдық әрекетін белсендірудің 
жұмыстарын жүргіземін. 

Пәнаралық байланыста оқушылардың білім сапасын жеке пәндерді топтастыру 
арқылы жинақтап беруді жүзеге асырамын. 

Пәнаралық байланыста оқушылардың жеке қабілеттерінің дамуына, олардың өзіне 
деген сенімінің артып, ізденімпаздық және шығармашылық жұмыстармен 
айналысуына ықпал етемін. 

Оқушылардың ғылыми танымдық қабілеті мен мүмкіндіктерін бекітіп, жеке ізденіс 
әрекеттерін белсендіріп, шығармашылықпен айналысуға, өзін-өзі тәрбиелеуге 
басшылық жасаймын. 

Оқушылардың білім алуында жеке пәндердің оқу материалдарын өзара 
байланыстыру арқылы олардың өзін қоршаған әлемін ғылыми тұрғыдан тануға және 
оның заңдылықтары мен байланыстарын терең түсінін жүзеге асырамын. 

Оқушылар өздерін қоршаған әлемнің, табиғаттың, қоғамның бөлшегі ретінде сезіне 
білуіне баулимын, тәрбиелеймін. 

Пәнаралық байланыс сабақтарынан меңгерген білімдеріне оқушылар сүйеніп өзін 
бағдарлай алуға және оның жеке тұлғалық болмысының қалыптасуы мен дамуына 
мүмкіндік беретін жұмыстарды ұйымдастырамын, жүргіземін. 
Жаңартылған білім мазмұны негізінде мұғалімдердің пәнаралық 
байланысты меңгеруінің біліктілік деңгейін анықтау бағыттары бойынша 
зерттеуге қатыстырылған бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби іс-
әрекетіндегі атқаратын қызмет мазмұндарының пәнаралық байланысты 
жаңартылған білім жүйесімен қайта құру, ойластыру бағытындағы /рефлексия/ 
жұмыстарының деңгейлік көрсеткішін /А.В.Усова, М.Грант тәсілімен/ 
анықтаулар жүзеге асырылды. 


144 
ҚОСЫМША Ә 
Бастауыш сынып мұғалімдерінің пәнаралық байланыс сабақтарды өткізу 
әдістемесін сипаттаудың нәтижесі ретінде оқушылардың жеке тұлғалық 
болмысының дамуы, ғылыми-танымдық түсінігінің қалыптасу әрекеттерінің 
деңгейін анықтау және оларды нақтылау мәселелері ретінде оқушылардың 
өзіндік рефлекциясын бағалау жұмыстарын бөліп көрсету қажет деп санаймыз.
Бастауыш сыныптарда жүргізілген пәнаралық байланыс сабақтардың 
нәтижесінде оқушыларда қалыптасып, дамитын жеке танымдық іс-әрекетін, 
ойлаудың, зейін, талдау, шешімдер қабылдаудың, көңіл-күй сезімінің, мінез-
құлық үлгілерін болмыстық бейнесін көріністерін /рефлексия/ анықтау 
жолдары /А.В.Усова, М.Грант/.
ӨЗІНДІК РЕФЛЕКЦИЯСЫ. 

Жеке пәндердің оқу материалынан меңгерген білімдерді түсінемін, талдай білемін 
/зерделеу іскерлігі/; 

Сабақтарда әртүрлі пәндерден кездесетін ұғымдардың мазмұнын ашып, ажырата 
аламын; 

Бір пәннің сабағына дайындалу барысында көп пәндерді оқимын ; 

Мен үшін барлық пәндерді жақсы оқу керек; 

Сабақта алған білімдерім жайында ойланамын, үйде, көшеде, табиғаттағы 
өзгерістерді бақылаймын, салыстырамын; 

Әр түрлі пәндердің байланыстырып оқу барысында көптеген жаңа сөздерді 
түсінемін; 

Сабақта және сабақққа дайындалуда тапсырмалардың байланыстары мені 
қызықтырады сондықтан өздігімнен орындаймын; 

Оқулықтардағы берілген «ортақ тақырыптар» бойынша оқуда барлық нәрсенің бір-
бірімен байланысы бар екендігін түсінемін; 

Бір пәннен сабақ айтқанда басқа пәннен оқыған, үйренген білімдерімді қосып 
айтамын; 
10 
Сыныпта сабаққа дайындалмаған оқушы болса тез байқап қоямыз, себебі, ол- сабақ 
айтқанды көп айта алмайды, басқа пәндердегі тақырыптарды қосып айтпайды; 
11 
Сабақта алған білімімді қай оқулықтармен байланысқанын білемін, анықтай алымын; 
12 
Барлық нәрсенің байланысты екендігін түсінемін, түсіндім; 
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік рефлекциясын тексеру, 
бақылау, бағалауға бағытталған 12 тапсырмалық тікелей мақұлдамалық
сауалнама енді. Бғалануы – 6 балдық шкала. 6-өте жақсы түсінемін, 5-жақсы 
түсінемін, 4-түсінемін, 3-түсінуім қиындау, 2-түсінбеймін, 1-мүлдем 
түсінбеймін. Диагностика қорытындысын 1-12 бал аралығын қамтиды. Бұнда: 
1-2 бал ↔ 1- мүлдем түсінбеймін; 3-4 бал ↔ 2 –түсінбеймін; 5-6 бал ↔ 3-
түсінуім қиындау; 7-8 бал ↔ 4- түсінемін; 9-10 бал ↔5 жақсы түсінемін; 11-12 
бал ↔ 6-өте жақсы түсінемін. Бұлар: төмен, орта, жоғары деңгейлерді 
анықтаудағы сандық және сапалық көрсеткіштерді негіз болды. 
.


145 


146 


147 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет