Саясаттану бойынша білімдерін тексеру үшін сұрақтар Саясаттың табиғаты және әлеуметтік мақсаты


Түрлі түсті қозғалыстың күштерімен зорлықсыз күрес әдістерін басымырақ пайдаланып, жүзеге асыратын мемлекеттік төңкеріс



бет18/26
Дата21.12.2023
өлшемі56.98 Kb.
#487517
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
саясаттану

Түрлі түсті қозғалыстың күштерімен зорлықсыз күрес әдістерін басымырақ пайдаланып, жүзеге асыратын мемлекеттік төңкеріс. Шет елдің, шет елдік коммерциялық ұйымдардың әсерінен ұйымдастырылады. Өзінің сценариі болады ттаныстырылады. Түрлі түсті сөзі оның тікелей ұйымдастырушылары мен қатысушыларының белгілі бір түсі, нышандары, эмблемаарды, формаларды белсенді қолдануларына байланысты айтады. Олнышандар кейін сол қозғалыспен ассоциацияланады (мысалы Украинадағы «тоқсары» революциясы. 1974 жылы Португалияда әлемдегі гүл атауын иеленген алғашқы революция болды. Тарихта бұл «қалампыр төңкеріс» деген атаумен белгілі. Өйткені Лиссабондағы шерушілер әскерге қалампыр гүлін сыйлаған. МЫСАЛЫ: -Көзге түскен 10-20 адамнан мықты лидерлер әзірлейді. Халықты көшеге шығарудың жолдарын іздеп, кез-келген даулы тақырыпқа араласа береді. Жанжал ушыққан кезде, смс, әлеуметтік желілер арқылы шерудің уақытын хабарлайды. Дәл осы кезде телеарналар камераларымен оқиға орнна бәрінен бұрн жетеді. Сөйтіп, әлемге көшеге шыққан жастарды полиция соққыға жықты деп хбарлайды. Жалынды қыз-жігіттер арбауға тез сенгіш.

  1. Терроризм: ұғымы және түрлері.

Терроризм (лат, terror – қорқыныш, үрей) – саяси себептермен жеке адамдарды көпшілікті қорқыту, жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет. Ол жеке адамдарға, ұйымдарға, мемлекеттік институттарға немесе оның өкілдеріне қарсы бағытталуы мүмкін. ТҮРЛЕРІ: 1) САЯСИ ТЕРРОРИЗМ – бұл билік үшін күреспен байланысты терроризмнің бір түрі; 2) МЕМЛЕКЕТТІК ТЕРРОРИЗМ – бүгінгі күнде кейбір мемлекеттер дүние жүзінде террорлық ұйым ретінде саналатн топтарға өзінің мемлекеттік саясаты ретінде көмек көрсететін және өз елінде қарсыластарын террор арқылы қорқытып бағындыратын мемлекеттер жатады; 3) ДІНИ ТЕРРОРИЗМ – діни бірлестіктер мен ұйымдар, секталармен жүзеге асырылады; 4) ҰЛТТЫҚ ТЕРРОРИЗМ – бұл басқа ұлттың, адамдардың қорқыту арқылы оларды шеттету үшін және басқа ұлттың билігіне бөліну үшін жүзеге асырылады; 5) ӘСКЕРИ ТЕРРОРИЗМ – соғыс кезінде көрініс табады; 6) КРИМИНАЛДЫҚ ТЕРРОРИЗМ – бұл қылмыстық топтардың құқық қорғау органдарының өкілдерін өлтіру не қорқыту үшін, өздерііне тиімді шешімдер қабылдату үшін жүзеге асырылады. / Ұғым 18 ғ, соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессииялық саясатты атауда қолданылды. / 1977 ж, Еуропалық кеңеске мүше елдер терроризммен күрес жөнінде Еуропалық конвенция қабылдады. / Қазақстанда: Терроризмге қарсы іс-қимыл заңы (1999 жылы, 13 шілде), Экстремизмге қарсы іс-қимыл (2005 жылы 18 ақпан).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет