Қазіргі терроризмнің ерекшеліктері.
Терроризм және оның Қазақстанда таралу ерекшеліктері.
Әлеуметтік, сауатсыздық, идеологиялық азғыру, көрші мемлекеттен төнетін қатер.
Экстремизм: түсінігі және оның таралу формалары.
Экстремизм (extremus) – латын тілінен тура аударғанда СОҢҒЫ, ШЕТКІ деген мағынаны білдіреді. Ал, саяси мағынасы экстремизм – шектен шыққан көз қарас пен іс әрекетімен ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Ғылыми түсінік ретінде «экстремизм» терминін ХХ ғ басында алғашқылардың бірі болыпфранцуз заңгері М. Лерой қолданды. Экстремизмнің ең қауіпті формасы – терроризм. Терроризм экстремизмдегі экстремизм. Ол жүйелі түрде зорлық, қорқыту мен үркітудіқолдануға негізделген саясат болып табылады. ЭКСТРЕМИЗМ – саяси және басқа мақсаттарға жету үшін заңсыз, күштеу, зорлау тәсілдерін пайдаланатын әрекет. Ол ұлтаралық араздықты қоздырады, демократиялық принциптерді шектейді, елді тұрақсыздандырады, саяси шиеленістерді бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік бермейді. ТАРАЛУЫ: Ақпараттық желі арқылы діни экстремизм мен терроризм идеяларының шетелден насихатталуы; Идеологиялық сана арқылы. / ҚР-ның президентінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты( атты жолдауында басым міндеттердің ішінде радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен көрінітеріне қарсы іс-қимыл айқындалған. Бұл ретте қоғамда, ең алдымен, жастар ортасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажеттілігіне, сондай-ақ конфессияаралық бейбітшілік пен келісім орнаған, діншілдер менатеистік көзқарасты ұстанған азаматтардың да құқықтары сақталатын және құрметтелетін зайырлы мемлекет – ҚР.
Діни экстремизм: түсінігі және мәні.
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ – діни өшпенділікті немесе алауыздықты, соның ішінде зорлық-зобылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондй-ақ азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндіретін кез-келген діи практиканы қолдануды көздейтін іс әрекет ұйымдастыруы және жасауы. Діни экстремизм – ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кіналайды. Діни эктремизм қоғамда діни құндылықтарды күштеп тарату тәсілі арқылы, зайырлы мемлекеттің діни ұйымдарын шетке ығыстыра отырып, өз ықпалын жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |