Қазақстандағы діни экстремизмнің таралу ерекшеліктері.
Діни экстремизм дегеніміз – саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады. Дінімізді брмалап әр түрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін слт дәстірімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып,, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жсап жатқандыығы осының дәлелі. Бүкіл әлемде кез келген мемлекет бұл «қоғамдық қасіретке» қарсы күресті жеке жүргізу қиындыққа соғады. Сондықтан, 2006 жылы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясын қабылдады. Ынтымақтастық арқылы әрекет етуге дайын екендігін көрсетті. Елімізде «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңның (2005ж 18 ақпан) 10-бабында «ҚР мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы өзара іс-қимыл» деп аталады.
Діни фундаментализм түсінігі.
Діни фундаметализм тіркесе өзге де «діни фанатизм», «діни радикализм», «діни экстремизм» секілді лаңкестік әрекеттерге байланысты қолдана бастады. «Радикализм» латынның “radix» «түбір, тамыр» деген сөзден шыққан. 2002 жылы Атырауда Шейх Халил немесе Халил ұстаз деген жас жігіт жастарға теріс ілімдерімен дәрістер жүргізе бастайды. Пәкістанда, одан кейін Шымкенттегі діни оқу орындарында оқып келген ол 2003 жылы ҚМДБ-ға тіркемей мешіт ашып, сол мешітте жұмыс жасайды. Ол намаз оқымаған адамды кәпір санайды. Қазақстанға осы идеологияны алғаш енгізгенде осы Халил еді. «Такфир» идеологиясын әкелген осы. «такфир» - кафир деген ұғымнан шығады, яғни жеке адамды, қоғамды, мемлекетті күпірлікпен айыптау еген сөз. Л қазіргі таңдағы басты проблемалардың бірі – салафизм немесе уахабтың ағым. Салаф сөзі «бұрынғылар» деген мағынаны білдіреді. Ислам дінінің алғашқы үш ғасырына жататын құламалар тобы «салафтар» деп аталған. Ал бүгінгі Қазақстандағы салафилерміз деп жүргендер олардың ешқайсысын мойындамайды және мазхаб имамдарының бірінің де жолын ұстанбайды. Олар тіпті, қазақ сал дәстүрлерді де түбегейлі мойындамайды. Мақсаты – жамағатын қоғамнан оқшаулап, өз мүддесіне пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |