Бақылау сұрақтары
1. Саясаттану ғылымның негізін қалаушы
2. “Саясат” ұғымының шығуы
3. Саясаттың қоғам өміріндегі орны
4. Саяси ойлар мен білімдердің даму кезеңдері
5. Саясаттану ғылымының теориялық негіздері
6. Б. Спинозаның саясатқа көзқарасы
7. Саяси ғылым дамуындағы Н. Макиавеллидің орны
8. Әл-Фарабидің саяси көзқарастары
9. Саясаттанудың зерттеу тәсілдері
10.Саясаттану ғылымының болашақ мамандардың білімін жетілдіру мен
көзқарастарын қалыптастырудағы маңызы
26
ІІ тарау
ДЕМОКРАТИЯНЫҢ НЕГІЗІ, САЯСИ БИЛІКТІҢ КӨЗІ
ХАЛЫҚ БОЛУ ПРИНЦИПІНІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ.
1. Демократиялық мемлекеттің мәні және негізгі белгілері
Демократия мәселесі - саясаттанудағы негізгі тақырыптардың бірі. Оның
себебі, біз жоғарыда айтқанымыздай, саяси ғылымның, яғни саясаттанудың
кілті саяси билік болатын болса, ал қоғамдағы саяси биліктің сапасы, әсіресе
қазіргі кезеңде, демократияның деңгейімен тікелей байланысты. Осы жағдай
қазір дүние жүзіндегі көптеген елдердің саяси өмірінен байқалып отыр.
Мысалы, қазіргі кезеңде көптеген мемлекеттердің саяси өміріндегі ең жиі
айтылатын сөздің бірі - “демократия”. Мұның себебі неде?
Демократия
туралы мәселенің өте маңызды болуына бірнеше себептер бар. Біріншіден,
қазіргі кезеңде демократия дүниежүзілік жалпы адамзаттың рухани құндылығы
болып табылады. Ол халықтар арасындағы бірлестіктің, қауымдастықтың
дамуына зор әсер етеді. Екіншіден, әрбір мемлекеттегі саяси биліктің сапасы
қоғамдағы демократияның деңгейіне байланысты. Үшіншіден, демократия
біздің Қазақстан мемлекетінің мақсаты мен болашағы. Оған дәлел Қазақстан
Республикасының Конституциясының ең бірінші бабы осы мақсаттан
басталады. “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық … мемлекет ретінде
орнықтырады” – деп жазылған. Әсіресе осы соңғы себепке байланысты әрбір
қазақстандық, әсіресе болашақтағы мамандар елдің демократияландыру
жолдарын жақсы танып білуі тиіс, бұл процеске өзінің үлесін қосуға да
міндетті.
Демократияның ерекше маңызды болуының тағы да бір себебі, оның
әрбір адамға тиімді, пайдалы болуында. Бұны демократияның негізгі
ұстанымдарынан (шарттарынан) байқауға болады.
Демократияның негізгі ұстанымдары:
1. Демократия ұжымдық шешімді қолданады.
2. Мемлекеттік билік органдарына азаматтардың, әлеуметтік топтардың
арасынан ең таңдаулылары, ең қалаулылары сайланады.
3. Билікке сайланғандар сайлаушылардың алдында есеп береді.
4. Әрбір азаматтың билікке сайлануына (өзін-өзі ұсынуына) мүмкіндік беріледі.
Демократиялық ұстанымдардың әрбір адам үшін тиімділігі осында. Енді
“демократия” деген ұғымның ежелгі және теориялық мағынасына көшелік.
Демократия деген сөз гректің “demos” –халық және “kratos” – билік деген
сөздерінен құралған. Яғни, халық билігі деген мағынаны білдіреді. Бірақ бұл
ұғымды ертедегі гректер өздерінің қоғам, мемлекет құрылыстарымен
байланыстырған. Себебі ежелгі гректердің, римдіктердің мемлекеті негізінде
бір қала көлемінде ғана болды.
Осыған байланысты мемлекеттің толық құқықты азаматтары шешім
қабылдау үшін бір алаңға жиналып шешім қабылдауына мүмкіншілігі болды.
27
Ол уақытта қазіргідей мемлекет пен қоғамның арасында басқа саяси субъектлер
болған жоқ.
Қазіргі жағдай басқа. Қазір мемлекет пен қоғам арасында көптеген
демократиялық институттар бар, мысалы, әртүрлі қоғамдық ұйымдар, саяси
партиялар, сайлау комиссиялары және т.б.
Қазіргі кезеңдегі демократияның ұстанатын басты мақсаты – билікті
қалыптастырудың көзі халық болуында. АҚШ-тың он алтыншы президенті
Авраам Линкольндің айтуы бойынша: “Демократия: халық үшін сайланған
халық билігі”.
Қазір ежелгі антикалық уақытпен салыстырғанда демократия түсінігінің
ауқымы да, мазмұны да біраз кеңейді. Демократия қазір тек қана сайлау
мәселесімен шектелмейді. Қоғамдағы көптеген саяси процестер, саяси
құбылыстар, саяси қарым-қатынастар демократиялық ұстаным негізінде
сипатталады. Мысалы, мемлекеттің сипаты (типі, режимі) демократиялық
бағамен белгіленеді. Қоғамдық құрылымның мақсаты, идеалы, яғни қоғамның
даму бағыты – ол да демократия түсінігімен бағаланады. Қоғамда азаматтардың
теңдігі, құқығы, еркіндігі бар ма, жоқ па? Бұл да демократиямен сипатталып,
бағаланады.
Ал енді осы белгілердің барлығын: азаматтардың теңдігін, құқығын,
әділеттілікті, еркіндікті, әр адамның өзі қабілетін іске асыру мүмкіншілігін,
яғни, демократиялық ұстанымдарды қоғамда қалай орнықтыруы қажет, ол үшін
қандай жолдарды пайдалану керек? Бұның негізгі жолы – мемлекет билігін
демократиялық жолмен қалыптастыру.
Бұл жоғарыда аталған құндылықтарды ұйымдастыруға қабілеті бар билік
жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Яғни, халыққа қажетті тәртіптілікті билік арқылы орнықтыру. Егер
халықта сондай мүмкіншілік болса, бұл - демократияның бірінші белгісі.
«Қазіргі кезеңдегі демократия дегеніміз не?» – деген сұраққа жоғарыда
келтірілген пікірлердің барлығын қорытып айтатын болсақ, «қоғамдық билікті
халық сайлайтын, теңдік, құқықтық, әділеттік, еркіндік ұстанымдарына
негізделген мемлекеттік құрылыс», – деп жауап беруге болады.
Демократияға байланысты тағы да бір түсінікті анықтап алғанымыз жөн.
Ол демократия мен бостандықтың ара қатынасы туралы мәселе. Мысалы,
көпшілік “демократия” деген не? - деген сұраққа көп жағдайда “демократия –
ол еркіндік” деп жауап береді. Осы дұрыс па? Демократия – тек қана еркіндік
пе? Егер олай болатын болса, демократия әркімді күнделікті міндетінен,
тәртіптен, жауапкершіліктен босатып жібере ме? Демократия ондай еркіндікке
қарсы. Сонда, демократия қандай еркіндікті жақтайды? Бұл мәселені анықтап
алу үшін, біріншіден, демократияның шешім қабылдау тәсілі есте болуы керек.
Демократиялық шешім қабылдау дегеніміз ол көпшіліктің пікірі арқылы шешім
қабылдау.
Бұл ұстаным бойынша демократияның қолдайтын бостандығы, әр
азаматқа беретін құқығы санаулы ғана. Олар:
1) Ұжымдық шешім қабылдауға қатысу.
2) Шешім қабылдау үшін өз пікірін, ұсыныстарын білдіру.
28
Яғни, еркіндік тек ғана шешім қабылдағанша ғана құқылы. Ал шешім
қабылдағаннан кейін көпшіліктің шешімі барлығы үшін заң. Азшылық дауыс
берген уақытта қарсы болса да, көпшіліктің шешімін орындау оларға да заң.
Бұл демократияның тәртібі, заңы, мәдениеті, сонда ғана демократия көпшілікке
қажет тәртіпті орнатуға мүмкіндік береді. Ал кейбір азаматтардан өз
міндеттерін, жауапкершіліктерін талап ету немесе талап етпеу демократияның
қызметі емес. Бейберекетсіздік, анархиялық бостандық – ол демократияның
ұстанымына жатпайды.
Сонымен, демократияның мақсаты – қоғамда өлшемсіз, ретсіз бостандық
орнатып, билікті әлсірету, бәсеңдету емес, көпшілік үшін қажетті тәртіп орнату.
Демократия – ол бостандықтың өзі емес, демократия – бостандықты орнатудың
жолы.
Демократия мәселесіндегі маңызды сұрақтың бірі – демократиялық
мемлекет қандай болуы керек? Демократиялық мемлекеттер бір түрде, бір ғана
жолмен орнықпайды. Бірақ демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне
қарамастан, олардың бәріне ортақ белгілері бар.
Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілері:
1. Саяси биліктің негізгі органдарының сайлануы.
2. Шешім қабылдаудағы азшылықтың көпшілікке бағыну тәртібін ресми
мойындау.
3. Азаматтардың жалпыға бірдей сайлау құқығының болуы.
4. Сайлауда бір орынға бірнеше үміткердің болуы (балама сайлау).
5. Саяси, экономикалық, рухани әртүрлілік.
6. Саяси биліктің үш тармағының болуы.
7. Қарсылықты (оппозицияны) заңдылық ретінде мойындау.
8. Саяси биліктің заңға бағынышты болуы.
9. Қоғамдық-саяси шешімдер қабылдаудағы жариялылық.
10.Азаматтардың заң алдындағы теңдігі.
2. Демократиялық үрдістердің даму тарихы
Демократия туралы ой-пікірлер ерте замандарда ежелгі шығыс елдерінде:
Мысырда, Вавилонда, Үндістанда, Парсыда, Қытайда пайда болды. Бұл елдерде
демократиялық идеялардың шарықтап дамып, сонымен қатар, құлдырап
төмендеген де кезеңдері болды.
Мысалы, ежелгі Қытай ойшылы Конфуцийдің б.з. дейінгі VI-V
ғасырларда “Ардақты, киелі билік ол біреудің тәуелдігі немесе біреудің
тәуелсіздігі емес, шынайы билік - ол өкімет пен жеке адам арасындағы өзара
тәуелділік” – деп айтқан пікірі демократияның қазіргі ұстанымына сәйкес
келеді.
Ежелгі Шығыс елдерімен бірге Қазақ даласында да демократияның
көптеген белгілері орын алды. Мысалы, сақтар қауымында патшалар болды,
бірақ монархия болған жоқ.
Егер бұл жағдайға ғылыми көзқараспен қарайтын болсақ – бұл
Достарыңызбен бөлісу: |