Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет51/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

Список использованной литературы: 
1. Гете И.-В. Об искусстве. – М.: Искусство, 1975. – 623 с. 
2. Новейшая зарубежная литература: Коллективная монография. – Алматы: Жибек жолы, 2011. – 584 с. 
Summary 
The article "Study of Foreign Literature in Kazakhstan" is telling about preparation of joint scientific monograph 
"Contemporary Foreign Literature". The book was published in 2011 by M.O.Auezov Institute of Literature and Art. The monograph 
includes 16 researches, national literatures of 10 foreign countries and 6 CIS countries. The book was written with participation of 
literary critics of Azerbaijan, Bulgaria, Germany, Moldova, Romania, Russia, Slovakia. Particular attention is paid to German 
literature.
 
 
 
Сағындық Н.,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
ӘЛ-ФАРАБИ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ 
 
Қарахан мемлекеті тұсындағы немесе ислам дәуірі (Х-ХІІ ғғ.) аталатын кезеңді түркі халық-
тарының қоғамдық-мәдени даму тарихында қайта өркендеу дәуірі деп ерекшелеуге болады. Бұл 
кезеңге әл-Фарабидің «Риторика», «Поэзия өнері туралы» еңбектерін, Махмұт Қашқаридің «Диуани 
лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағын»), Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білігін», Қожа Ахмет 
Йасауидің «Диуани хикмет» («Ақыл кітабын»), Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырғани кітабын» және 
т.б. жәдігерліктерді жатқызатын болсақ осы дәуірдің зор жетістігін көрсететін құндылықтары болып 
табылады. Бұл туындылар орта ғасырдағы түркі жазба әдебиетінің өркендеп өсуіне, ілгері де іргелі 
дамуына өлшеусіз үлесін тигізді.
Кейінгі жылдарда Орта Азия мен Қазақстанның орта ғасырда жасаған ұлы адамдары туралы 
зерттеулер көбейе бастады. Қазақстан ғалымдары да бұл салада айтарлықтай бет бұрыстар жасап 
отыр.
Тарихымыздың тамаша тұлғаларының бірі – Мұхаммед Әбу Насыр әл- Фараби. Қазақстан Ғылым 
Академиясында әл-Фараби мұраларын зерттеушілер тобы оның мұрасын жариялау, зерттеу ісіне 
қызу ат салысты. Ә. Марғұлан, А. Машанов, А. Көбесов, Р. Бердібаев, т.б. ғалымдардың Фараби 
туралы зерттеулері баспа бетін көрді. 1971 жылы көрнекті фарабитанушыларымыз – Ақжан Маша-
новтың «әл-Фараби» атты тарихи деректі кітабы, Ауданбек Көбесовтың «әл-Фараби», академик
Ж.М. Әбділдиннің редакциясымен 1984 жылы шыққан «әл-Фарабидің әдеуметтік, этикалық және 
эстетикалық көзқарасы» деген зерттеу жинағы жарық көрді. Фарабитану қазір арнайы ғылым дәре-
жесіне көтерілді деп толық айта аламыз.
Қазақстанда Фарабидің «қайта тууына» көп қайрат жұмсаған ғалым Ақжан Машанов. Өзінің көп 
жылдық еңбегінің жемісі ретінде «әл-Фараби» атты кітабы ұсынылған болатын. Ғалым ұсынған бұл 
кітап Фарабидің туғанына 1100 жыл толуына орай дүниеге келді. 
Бұл зерттеу еңбегінде Фарабидің шәкірттік кезінен бастап, ғылым жолына көтерілгенге дейінгі 
кезеңге байланысты бірсыпыра мағлұматтар жинақталған. Кітапта алдымен Фарабидің заманы 


112 
сипатталады, халқымыздың сол кездегі, осыдан мың жыл бұрынғы өмір-тіршілігі, өнеркәсібі, мәде-
ниеті, ғылымы жайлы азды-көпті баяндалады. Соның ішінде қала тұрмысы, қолөнері, жер байлығы, 
кен қазу, металл қорыту, құрылыстар, ауыл шаруасы, тұрмыс, сауда-саттық жайлы сөз болады. 
Автор Фарабидің өз дәуірімен ғана шектелмей, одан арғы көне дәуірлерге тереңдеп барып, қайта 
оралып отырады. Мысалы, автор Ақжан Машановтың бұл еңбегінде мынадай жолдар кездеседі: 
«Фарабидің рухани моральдық жағындағы ұстазы Абу Мәлік өз тарапынан ғылымға, шындық 
жолына берілген адам. Екінші ұстаз Арыстанбап – табиғат тану ғылымының өкілі. Сонымен қатар, 
ғалымдар тарихын зерттеуші, халқымыздың мәдени қазынасының көзі деуге болады. Жалаңтөс 
батыр-сахарасының салтанаты, ерліктің бейнесі; Нысан Абыз, Қорқыт, Гауһар сияқтылар халқымыз-
дың әдебиет, музыка, ән-күй, эстетикалық сезімдерін елестетеді. Олардың барлығы біріне-бірі 
қосыла келіп, ақырында Фараби даналығының дариясына құймақ. Фараби − асқан астроном, мате-
матик, музыкант, табиғат зерттеуші, философ болған адам» [1,6]. 
Зерттеуші әл-Фараби жайлы ойларын дамыта келе, Фараби заманында Ислам елдерінің мәдениеті 
бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің шыңы болғандығын, сол кездегі ғылыми ортақ тіл - араб тілі екен-
дігін мәлімдей отырып, сонымен байланысты ғылым тарихында ол заманның мәдениетін «араб 
мәдениеті» деп атап кеткенінен де хабардар етеді. 
Кіндік Азияда фарабитанудың атасы Ақжан әл-Машани (Машанов)– Еуропалықтар Шығыс 
Аристотелі деп атайтын, дүниежүзілік екінші ұстаз – әл-муаллиму с-сани аталған Әбу Насыр 
Мұхаммед әл-Фарабидің Отырардан шыққан Қыпшақ тумасы екендігін алғаш дәлелдеп, он бір 
ғасырдан соң ұрпағымен қауыштырушы ғана емес, баба мұрасын жан-жақты зерттеп, фарабитанудың 
көпірін тұрғызушы. Бұл зерттеушінің 100 жылдық метейтойы қарсаңында шығарылған көп томдық 
шығармаларының 1-томына «әл-Фараби көпірі» ол менің бабам дегізген алғашқы хабарламалары 
және ұлы бабамыздың тұңғыш рет көркем бейнесі сомдалған «әл-Фараби» романын да енгізген.
«әл-Фараби және Абай» атты еңбегінде, сондай-ақ А. Машанов әл-Фарабидің дүниенің сегіз 
сипатын математикалық тұрғыдан дәлелдегенін жаза келіп, осы сегіз сипатты Абай да адамның 
бойынан іздеп, өзі тудырған өлең түрін «Сегізаяқ» деп атағаны жайлы ой айтады. Аталмыш 
тұжырымды негізге алған белгілі философ Т. Бурбаев Абайдың аталған өлеңінде «дүние» ұғымының 
сырын ашатын жолдардың барлығына назар аударып, осы ұғымның ұлт менталитетіндегі қолданылу 
аясына, даму көріністеріне тоқталады. Жалпы алғанда Фараби идеяларының бертінгі дәуір әде-
биетіндегі іздерін зерттеу мәселесі – әзірге түрен тимеген тың сала. Мұның өзі алдымен кейінгі 
дәуірлердегі шығармашылық иелерінің Фараби еңбектерімен қалай және қай дәрежеде таныс 
болғанын анықтауды қажет етеді. Ғұлама мұрасын әдебиет әлемімен зерттеудің болашақтық бағыт-
тардың бірі деп білеміз.
Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеуші Немат Келімбетов өзінің «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты зерттеу 
оқулығында орта ғасыр әдебиетінің философ-ойшылы әл-Фарабиді жеке тақырып ретінде қарас-
тырады. Бұл тарауда автор Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірбаянына қысқаша шолу жасайды: «... ол 
Арыс өзенінің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар (оны Қыпшақтар Қарашоқы деп 
атаған) қаласында туылған. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарда кезінде негізінен Қыпшақ, 
Қаңлы, Қоңырат тайпалары мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Отырар – бір жағы көшпелі мал 
шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағы отырықшы-егіншілікпен айналысатын түрлі түркі ру-
тайпаларын өзара байланыстырып тұрған буын іспеттес қала болған. Бұл шаһарды арабтар Фараб деп 
атаған. Сол бойынша, ұлы ұстаз әл-Фараби атанып кеткен» [2, 115]. Бұл жолдар арқылы зерттеуші Н. 
Келімбетов ғалымның Фараби атанудағы себебін ашып қана қоймай, «Фараб» сөзінің түп төркінін де 
айқындап тұрғандай. Сонымен қоса, автор Фараби жайлы мынадай мағлұмат береді: «әл-Фарабидің 
толық аты жөні: Мұхаммед ибн Мұхамед ибн Узлағ Тархани деп жазылатын болған. Мұндағы 
«тархан» сөзі екі нәрсені аңғартады: біріншіден, әл-Фарабидің түркі тектес ру-тайпалардан шыққан-
дығын білдіреді. Екіншіден, оның ата-бабасы дәулетті, қыпшақтар арасында есімі белгілі кісілер 
болғанын көрсетеді. Өйткені қыпшақтардың атақтылары ғана дәстүр бойынша «тархан» деп 
аталатын болған...» [2, 115]. 
Әрине Әбу Насыр әл-Фарабидің ең алдымен кезінде «Шығыстың Аристотелі» атанған есімі 
әлемге мәшһүр философ болды. Ол көне заманның Платон, Аристотель, Гален сияқты ақыл-ой 
алыптарының шығармалары туралы көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды. Сөйтіп, Фараби 
Шығыс пен Батыстың ғылыми қауымын грек философиясымен, логика ғылымымен, ежелгі мәдение-
тімен таныстыруда зор рөл атқарды. 
Фарабидің «Ақылдың мәні туралы трактат», «Данышпандықтың інжу маржаны», «Ғылымдардың 
шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» 
(«Поэтика», «Риторика», «Софистика», т.б.) сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде 


113 
танытты. Зерттеуші Н. Келімбетов осы шығармаларын атай келіп, Фарабидің әдебиет теориясы 
бойынша бірқатар келелі еңбектер жазғанынан, соның ішінде бұрын ғылымға белгісіз аса құнды 
шығармасы Братислава (Чехословакия) университетінің кітапханасынан табылған «Өлең кітабы» 
атты еңбегін жан-жақты талдап көрсетеді. Бұл жайында автор былай дейді: «әл-Фарабидің «Өлең 
кітабы» көлем жағынан шағын ғана туынды, оның тіпті кітап емес, мақала деп атаған жөн шығар. 
Мүмкін мұның өзі алғашта көлемді шығарма күйінде жазылған болуы да ықтимал. Кейінірек белгілі 
бір себептер әсерімен кітап көлемі әдейі қысқартылып, бізге тек тезис күйінде жеткен болуы да 
ғажап емес. Фарабидің бұл зерттеуі жеке кітап күйінде сақталмаған. Ұлы ғалымның он екі бөлімнен 
тұратын логика саласындағы кітабының ішіне қосылып, сонымен бірге түптелген екен» [2, 118]. 
Бұдан шығатын қорытынды – Фараби мұрасын игеруде оның кейінгі кезде табылған «Өлең кітабын» 
жан-жақты зерттеп, оқып үйренудің маңызы бар. 
Ғұлама ғалымның сондай-ақ, Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегінің ықпалымен жасалған 
«Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» шығармасы турасын танытуда, соның ішінде грек 
поэзиясына тән өлең түрлеріне (дифирамбы, ямб, драма, эпос, диаграмма т.б.) жеке-жеке тоқталып, 
мән-мағынасын ашып беруде де Н. Келімбетовтың зерттеу еңбегінің мәні зор. 
Келесі бір көрнекті ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Ханғали Сүйіншәлиев 
қазақ әдебиеті тарихын көп жылдар бойы іздене зерттеп, өзінің «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты 
еңбегінде әл-Фарабиді жіті зерттеп, бағасын беріп кеткен. Ол: «әл-Фараби өзінің еңбектерін өзі 
шыққан түркі тілінде жазды ма, жазбады ма? Бұл әзір мәлім емес. Бізге белгілісі – ол өз еңбектерін 
араб тілінде жазған. Сол тілде өзін танытқан. Ғылымға қосқан үлестерін сол тілде қалдырған. 
Сондықтан ғылым қауымы әл-Фарабиді араб ғалымы деп танып келеді. Оның шыққан тегі, дүниеге 
әкелген елі ескерілмеді. Соңғы 35-40 жылдардағы зерттеушілер ғана оның өмірінің белгісіз боп 
келген бетін ашып, түркі текті халықтарға ортақ ғалым екенін дәлелдеді » [3, 64].
Фараби ғұмыр кешкен кезең Шығыс елінің оянуға бет алған ұлы өзгерістері мен өрлеу дәуірі 
болатын. Бұл кез - арабтың әдеби тілі айтарлықтай дәрежеге көтеріліп, мұсылмандар өлкесіне кең 
қанат жая дамыған кезі еді. Осы кезеңде араб тілінде емес көптеген халықтардан шыққан ұлы 
ғұламалар, данышпан ақын-жазушылар өз еңбектерін жазып қалдырды. Сөйтіп, араб мәдениетін 
өркендетуде мұсылман дініндегі халықтар түгел қатысып, араб тілінде ұлы мәдениет жасалады.
Жоғарыда талданып өткендей, ғұлама ғалым туралы зерттеу еңбектері толастамай, күннен күнге 
жаңа пікірлермен жалғасын тауып отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет