114
Той болады. Біршама уақыт өткен соң Мырзабектің ата-анасы қайтыс болады. Мырзабек
қайын
атасы Махмұдбектің қолына көшеді. Осында көп ұзамай оның Раушан Әли деген ұлы дүниеге келеді.
Бала бес жасқа толғанда атасы Махмұд өледі. Әкесі өзінің отбасымен Жалали тайпасына оралады.
Әрі қарай «Көрұғлының» батыстық версияларына тән оқиғалар аз-кем өзгешеліктермен қайта-
ланып отырады. Мәселен, басты кейіпкер әкесінің көрсоқыр болып қалуын баяндайтын эпизодты
былайша тарқатады:
Мырзабек Аббас шахтың жылқысын бағып жүріп, бір қызық жайтты көзі шалады: теңізден
шыққан айғыр табын ішіндегі бір биеге шабады да, қайтадан теңізге сүңгіп жоқ болады. Мырзабек
қашан құлындағанша әлгі биені назарында ұстайды. Көп ұзамай үсті-басын қалың жүн басқан
ұсқынсыз құлын дүниеге келеді. Мырзабек мықты сыншы болғандықтан оның келешекте елде жоқ
тұлпар атанатынын жақсы біледі. Бірде шах «асыл тұқымды тай-құлыннан екі-үшеуін әкелсін» деп
Мырзабекке хабар айтады. Мырзабек басқа тай-құлындармен бірге
теңіз жылқысының құлынын да
ерте барады. Шах Аббас ұсқынсыз жабағыны көріп қатты ашуланады, «жылқының екі көзін
көрмейтін етіңдер» деп бұйрық береді.
Ұсқынсыз, ажарсыз аттың уақыт өте жүйрік атқа айналуы – әлем фольклорында жиі кездесетін
дәстүрлі сарын. Тіпті берідегі «Саржан батыр», «Топжарған» сияқты тарихи жырлардың өзінде
көптің көзіне шалына бермейтін жаман торы Үш жүздің басы қосылған үлкен аста үш жүз аттың
алдын орап, бас бәйгені иеленеді.
Батыс және түрікмен версияларындағы кейіпкердің ат баптау эпизоды бір-біріне жақын. Қос
жанарынан айырылған Мырзабек өзінің бейшара халге түсуіне себеп болған құлынды шах Аббастан
қалап сұрап алады. Оны Раушан Әли әкесінің айтуымен атқора соғып, жарық түсірмей, тас қараңғыда
ұстайды.
Бір күні Мырзабек аттың арқасын сипап тұрып, бір кемшілік барын байқайды. Оған себеп – әлгі
жерге жарықтың түсуі көрінеді. Сонда ол сәуле түсірместен атты тағы да қырық күн қамауда ұстауды
бұйырады.
Әзірбайжан, түрікмен нұсқаларында тұлпар ат қораға түскен сәуленің салдарынан ұшар
қанатынан айырылады. Басты кейіпкердің аты барлық нұсқалар мен версияларда Герат деп аталады.
Өзбек нұсқасында Көрұғлы түрікменнің теке тайпасы мен Мерв хандарынан тарайтын текті
тұқымнан. Атасы Толыбай сыншы – Кабушта деген Мерв ханының баласы. Толыбай бір шапқын-
шылықта түрікмен тайпасының ханы Әділдің қолына түседі. Әділ хан оған үйір-үйір жылқыларына
бас-көз болуды тапсырады. Ханның Орайхан, Ахмедбек деген екі ұлы, Бибі Айша атты қызы болады.
Қыз Толыбайға ғашық екен, Әділ хан екеуін қосады. Бұлардың ұлы Раушан (Көрұғлының әкесі) жас
күнінде қызылбастың Шахдар ханының қолына тұтқынға түседі. Онымен бірге теке тайпасының
ханы Жигелінің Таджумбек атты ұлы мен Бибі Халал атты қызы да тұтқында болады. Кейін Раушан
осы Бибі Халалға қосылады.
Шахдархан Таджумбектің ақылымен Раушанбекті тәжірибелі сыншы ретінде сарайға шақырады.
Артынша өзіне қарасты табын ішінде асыл тұқымды тұлпар бар болса, хабарын айтсын деп тапсырма
береді. Бірақ сарай маңындағы атқорадан, не үйір ішінен шын жүйрік табылмайды.
Патша қала
тұрғындарына: «өздеріңнің мініс аттарыңды шаһар маңына жинап, Раушанның алдынан өтіңдер» деп
бұйырады. Раушан олардың ішінен де нағыз тұлпар ат таппай қиналады. Тек бірде қарапайым
диірменші патша бұйырығымен сидиған арық атын жетектеп келгенде ғана: «Міне, асыл тұқымды
тұлпарды енді таптым» деп патшаға хабар айтады. Ашу қысқан патша: «Раушанның екі көзі көр
болсын» деп тапсырма береді. Раушан диірменшінің атын сұрап алып, күн сәулесі түспейтін қараңғы
жерде әбден баптайды. Оған Таджумбек те көп көмек көрсетеді. Жас тұлпар қажетті сынақтан өткен
соң Раушан мен Таджумбек екеуі еліне қашуға шешім қабылдайды. Бұлардың соңына түскен
патшаның 500 адамы шаң қауып қала береді.
Аяғы ауыр Бибіхалал толғақ үстінде қайтыс болады. Оны ағасының Рүстем деген қойшысы көріп
қалып, қала сыртына алып барып жерлейді. Сөйтіп, осы молада өлі анадан Көрұғлы туады. Баланы
Рүстемнің табынындағы құлыны өлген бір бие емізіп жүреді. Мұны Рүстем байқап қояды. Рүстем
әлгі баланың ұл не қыз екенін байқау үшін сол маңға қуыршақ пен ер-тоқым қалдырып кетеді. Бала
ерді таңдап, зират маңынан ұзай береді. Қойшы баланы өз қолына алып тәрбиелейді.
Көрұғлының ғайыптан тууы туралы аңыз қос жанары суалған әке оқиғасын кері ысырып,
батырдың жауға мінер жүйрік аты Гераттың дүниеге келуі туралы эпизодтың дамуына әсер-ықпалын
тигізді. Әзірбайжан версиясында, ілгеріде айтқандай, Герат – ертегілік «теңіз жылқысының» тұқымы.
Тәжірибелі сыншы ретінде бір қарағанда ұсқынсыз, қораш көрінетін құлынды өзінің мырзасына алып
барып, сол үшін екі көзден қатар айрылды. Ол кезде Көрұғлы – іске жарап қалған бозбала. Әкесіне ат
баптауға көмектеседі, сол атқа мініп, қанаушылардан кек қайтарады. Өзбек дастандарында бұл мүлде
байқалмайды. Өйткені әкесінің соқыр атану оқиғасы Көрұғлы дүниеге келгенге дейін орын алады. Ал
115
әкесі еліне мініп қашатын тұлпар туралы дастанда әрі қарай әңгіме қозғалмайды. Бұл дастандағы
ғайыптан туу мотиві
адам баласын бауырына басып, асыраған ұрғашы жануар туралы ең көне
тотемдік түсініктерден бастау алады және ол көптеген халықтардың ертегілерінде кездеседі. Көрұғлы
Бадгерді өлтірген соң, осы биемен қашып, басқа тайпаны паналайды. Бірақ Көрұғлыны асыраған бие
жасы жағынан Көрұғлыға өмірдік серік болуға жарамайды. Сондықтан осы бие мен Рейханның арабы
айғырынан Герат туады. Биенің Гератты туып жатып өлуі толғақ үстінде жан тапсырған Көрұғлының
анасын еске түсіреді. Сосын бұлардың екеуі де тұл жетім, оның үстіне оларды бір ананың сүтін емген
бауыр десе де болады.
Таяу шығыста кең тараған нұсқалардың бірінде Көрұғылының артында қалған батыр ұлы туралы
баяндалады.
Әзірбайжан нұсқасында Көрұғлы Дербенттік Араб пашаның қызы Малика ханымға үйленіп, той
өткен соң жас жұбайын қалдырып, Чымлыбелге оралады. Аяғы ауыр Малика ханымға күйеуі қош-
тасарда жеңқап қалдырады. Хасанбек бала күнінен батырға лайық қасиеттерімен танылады. Бірде
Хасанбек өз қатарлы баланы ұрады, ол «әкеңнің кім екенін білмейсің» деп мазақтайды. Ол анасын
қинап бар шынын айтқызады, әкесі қалдырған жеңқапты алады. Жолға жиналған Хасанбекке не ат,
не қылыш шақ келмейді. Атасының табынындағы жирен биеден туған құлын ғана оын көтере алады.
Өйткені ол құлынның әкесі Герат екен. Әрі қарай әке мен бала арасында жекпе-жек суреттеледі.
Хасанбек өзінің әкесін екі рет жеңеді. Үшінші кезекте әкесінің ұрандаған ащы даусы оның құлағын
бітеп тастайды. Олар жеңқапты байқап қойған Көрұғлының әйелі Нигар ханымның араласуымен ғана
бір-бірін таниды. Хасанбек пен Малика ханым Көрұғлымен бірге Чымлыбелде қалады.
Өзбек нұсқасында Гератты іздеп шыққан Көрұғлының жолда
қырық шілтен мен Қызырға
жолығатыны бар. Көрұғлының қонаққа шақырған әулиелер Гератты Көрұғлы үшін баптап, бағып
жатқанын, аттың таудағы екі қыздың қарауында екенін айтады. Шілтендер Көрұғылыға батасын
беріп, үш түрлі қалауын орындайтынын айтады. Көрұғылы, біріншіден, жүйрік ат пен атақ, даңқ
керек дейді. Екіншіден, әулиелер оған ұзақ өмір сыйлайды. Ол 120 жыл жасайтын болады. Шілтендер
үшіншіден пері қыздардың махаббатына бөленесің дейді. Төртіншіден, өтініш ретінде бала сұраған
батырға үш өтінішті орындап, қойдың үш Көрұғлыға баласын қалдырады.
Түрікмен «Көрұғлы» эпосының [35,76] атын іздеп шыққан басты
кейіпкер шәшар ағашының
көлеңкесінде ұйқыға кетеді. Түсте әулиелер еніп, қырық кесе шарап береді. Артынша әулие Әли
жоғалған атын жетектеп келеді. Басқа әулиелер оның қару-жарағын қайтарып, атын ерттеп өзін де,
атын да 120 жыл жасайсыңдар, денеңе жарақат түспейді, қылышың үнемі жеңіс сыйлайды, 72 тіл
білетін боласың дейді. Бірақ соңынан еретін ұрпағы жөнінде ештеңе айтпайды.
Осыған
ұқсас сарындар, басқа да ғашықтық дастандар кездеседі. Мұның негізінде, сөз жоқ,
шиизм идеологиясы жатыр.
Бартольд «шиизм ислам дінінің бір бағыты ретінде Таяу шығыстың біраз елдеріне тарады. Негізі-
нен ауылды жерлердегі халық қозғалысының идеологиялық құралы болды» деп жазады. [12.VII. 255-
254]
Құлағұ ұрпақтарының билігі ыдырағаннан кейін(XIVғ. 30 жылдарынан бастап) , Таяу Шығыстың
бар жеріне Хорасанда(1337-1384), Самарқанда (1365) т.б елдерде шаруалар көтерілісі орын алды.
[94,201]
XIV ғасырда Анадолы түріктері Кавказ бен Әзірбайжанда, Кіші Азияда тұрып жатқан түрікмен-
дерді «Қызылбастар» деп атады. Шиизм сефевидтер тұсында (1502-1736) Иран, Әзірбайжан, Анадолы
өлкесіне кең тарады. [95,205]
XV ғасырда сефевидтердің басты сүйеніші түрікмен тайпалары болды. Сефевид шейхтарының
бірі Шейх Хайдар бұл тайпа азаматтарына дәстүрлі Түркімен бөркін 12 шиит имамының құрметіне
12 қызылжолақ салынған бас киім киюді міндеттеді. Содан бастап, көшпелі түрікмен тайпалары мен
сефевидтерді қызылбас атайтын болды.
Әзірбайжандық деректер Көрұғлыны парсы шахы Аббастың замандасы деп көрсетеді. Мұны
армян тарихшысы Аракела Тавридский де (1670 жылы қайтыс болған) мақұлдайды. Ол Аббас шах
пен түрік сұлтандарына қарсы көтерілген топтардың басшыларының бірі ретінде Көрұғлының да
атын атайды.
Достарыңызбен бөлісу: