Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет54/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Аймауытов Ж. Ақбілек: роман. - Алматы: Раритет, 2003. - 240 бет. 
2. Ысқақов Қ. Қараорман. –Алматы: Өлке, 2005.-368 бет. 
 
 
 
Мекебаева Л., 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
доценті,, филология ғылымдарының кандидаты 
 
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ РОМАНДАРЫ:
ӨМІР ШЫНДЫҒЫ МЕН КӨРКЕМДІК ШЕШІМ 
 
Қазақ әдебиетінің даму арналарынан проза жанрының бағыт-бағдарламаларымен бірге – "жаңа 
дәуір эпопеясы" (В. Белинский), "ұлы әңгіме" (А. Байтұрсынов) – деп бағаланған романның да бітім-
болмысы, жанрлық-көркемдік қырлары, тұтастай табиғаты терең танылады. Сонымен қатар қазақ 
әдебиетінде роман жанрының тарихы мен теориясы тақырып табиғатымен, мазмұн, түр ерекшелік-
терімен, суреткерлік әдіс-тәсілдермен де дараланды. Романда суреттелінетін дәуір дидары, ондағы 
өмір шындығы мен көркемдік шешім сипаттарын ашуға арналған еңбектер туды. Олар баяндау 
үлгісіне қарай әлеуметтік, мемуарлық тарихи, отбасылық-тұрмыстық, ал поэтикалық бітіміне сәйкес 
роман-пародия, роман-гротеск, тақырыбына қарай жастық, махаббат, өндіріс, колхоз, соғыс т.б. 
болып жүйе құрайды. Бұдан басқа ашық, жабық романдар, саяси-философиялық, мемуарлық, ли-
рико-драмалық роман, роман-зерттеу, роман-памфлет, роман-сапарнама, роман-трагедия т.б. түрлері 
де бар. 
Осы секілді өзгешеліктер әлем әдебиетінде, орыс қаламгерлерінің шығармашылықтарында да 
кеңінен ұшырасады. Әдеби-ғылыми еңбектерде –реалистік психологизм, романтикалық психологизм, 
реалистік шындық, атау, ұғымдар көптеп кездеседі. Демек, бүл роман жанры кең тынысты болуымен 
бірге әр алуан амал-тәсілді, әдіс-бағытты кеңінен қолдануға да мүмкіндіктері мол деген сөз. 
Профессор Б. Майтановтың зерттеу-салыстыруларында: "Достоевский шығармашылығының ұтымды, 
жаңашылдық қырлары, ал Толстой шығармашылығының сын көзбен бағаланатын тұстары әдебиет 
тарихынан белгілі. Барша классиктердің мұрасы жекелеген үздік жетістіктері мен қымбат дәстүр 


119 
үлгілерін байыта тұрып, әр бағыттағы күрделі тың идеялық-көркемдік ізденістерге тосқауыл болып 
көрген емес," – дейтіні де сондықтан. Оның тағы да: 
"Достоевскийдің өздері үшін маңызды қырынан ұғынып, рухани ұстазы санаған Джойс, Кафка, 
Пруст, "жаңа роман" өкілдері сияқты "сана тасқынын" пір тұтатын модернистермен бірге XIX ғасыр 
классиктерінің шығармашылығындағы жетістіктерді жаңа дәуір биігінен жаңғырта пайдаланатын
М. Горький, М. Шолохов, Т. Драйзер, К. Федин, А. Толстой, Л. Леонов, А. Фадеев, Э. Хемингуэй,
У. Фолкнер, Я. Кавабата, Г. Белль, Р.Роллан, М. Әуезов, Ш. Айтматов, Ю. Бондарев, В. Распутин,
Э. Ветема, Р.Салури сияқты қаламгерлер қоғамдық-саяси, моральдық-эстетикалық ақиқаттарды 
терең дүниетанымдық позициядан суреттеуге өнердің "тектік белгісі" – психологизм принциптерін 
жанр сипаттарына сәйкес соны стильдік нақыштар арқылы байыта түсіп отыр" деуі де осыған 
байланысты [1, 7 б.]. 
Ұлттық сөз өнері тарихында қазақ прозасының, соның ішінде роман жанрының тақырыптық, 
көркемдік-стильдік өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Айталық, М. Дулатовтың "Бақытсыз Жамал",
Т. Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С. Көбеевтің "Қалың мал", М. Көшімовтің "Мүңлы Мариям",
С. Торайғыровтың "Қамар сүлу", "Кім жазықты?", С. Сейфуллиннің "Тар жол, тайғақ кешу",
С. Мұқановтың "Адасқандар", Б. Майлиннің "Азамат Азаматыч", С. Ерубаевтің "Менің құрдастарым" 
т.б. шығармаларда жаңа уақыт тынысы, өмір шындығы, адам мен оның іс-әрекеттері нақтылы 
суреттеледі. Әсіресе, С. Сейфуллиннің "Тар жол, тайғақ кешу", С.Мұқановтың "Адасқандар",
Ж. Аймауытұлының "Қартқожа", "Ақбілек" романдарында – қазақ өмірі мен тұрмысы, 1916 жыл 
оқиғасы, кеңестік кезеңнің алғашқы жылдарындағы уақыт пен кеңістік ерекшеліктері, таптық күрес 
пен тұғырлы тұлғалар тағдыры, адамдық іс-әрекет пен сүйіспеншілік сыр-сезім тартымды да көркем 
суреттелінеді. 
Қазақ прозасындағы мұндай үлгі-үрдістер кейінгі тұстарда да жарасымды жалғасын тапты. 
Халықтың дәстүрлі мәдениетінің небір әсем, ғибратты үлгілері, олардың кейбір негізгі өлшемдері 
қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері М. Әуезовтің, С. Мұқановтың, Ғ. Мүсреповтің, Ғ. Мұстафиннің 
үлкен көлемді эпикалық шығармаларында суреттелініп отырған кезеңнің шындығын танытудың 
басты қызметін атқарады. Қазіргі күнгі қазақ тарихи романы саласында М. Мағауиннің "Аласа-
пыран", Ә. Кекілбаевтың "Үркер", "Елең-алаң", С. Сматаевтың "Елім-ай" және басқа шығармаларда 
белгілі тарихи оқиғалармен қатар халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі де кең суреттеледі. Белгілі 
кезеңнің тарихи шындығымен қатар рухани, мәдени бейнесі де көркем бейнеленеді [2, 72 б.]. 
Қысқасы, қазақ романы арқылы дәуірдің үнін, уақыт бедерін, өмір шындығы мен тұрмыс 
сырларын кең көлемде танып-таразыласақ, танымал тұлғалардың ел алдындағы қарыз-парызын, 
игілікті істерін жан-жақты көріп, сезінеріміз хақ. 
Қазақ прозасының бастапқы кезеңдерінде – Абай қара сөздерінің, Ыбырай әңгімелерінің әсер, 
ықпалы мол болды. Сондай-ақ, "Бақытсыз Жамал", "Қалың мал", "Қамар сұлу" сынды романдардың 
жарық көруі XX ғасырдың басындағы ұлттық прозаның қалыптасу, даму жолдарын кеңінен танытты. 
Басты ерекшелігі: " ... XX ғасырдың басында жазылған шығармалардың көркемдік деңгейлері әркелкі 
екені белгілі. Ақынның не жазушының білімі мен біліктілігіне, таным өрісіне, шығармашылық 
шеберлігіне сай түрлі деңгейде жазылуы заңды да. Өйткені, ол кезде прозамыз үйрену, қалыптасу 
сатысында еді. Ал олардың ортақ жетістігі бұл шығармалардың роман жанрының алғашқы қарлы-
ғаштары болуымен бірге, замана шындығын ашып көрсетуде ілкі қадам жасап, прогресшіл ой-пікірді 
дәл уақытында айта біліп, ұлттық сөз өнерінің қажетіне жарап, кейінгі өскелең прозамыздың 
дамуына игі әсерін тигізуінде", – еді [3, 104 б.]. 
Ұлттық сөз өнерімізге айрықша еңбек сіңірген Ж. Аймауытұлы әлгі жоғарыда сөз еткен проза 
жанрында да өнімді істер атқарды. Ең алдымен, шағын жанрдан көлемді романға дейін өнімді еңбек 
етті. Соның ішінде 1916 жыл оқиғасы мен қазақ әйелінің өмір тағдырын арқау еткен – "Қартқожа", 
"Ақбілек" романдарының алатын орны да, маңызы да зор. 
"Қартқожа" романы 1926 жылы Қызылорда қаласында жарық көріп, онда дүрбелең жылдардағы 
қазақ өмірі, әлеуметтік-қоғамдық жағдайлар, қыр көріністері, ондағы кедейдің түрмыс-тіршіліктері 
кеңінен көрсетіледі. 
Роман табиғаты мен көркемдік-стильдік сипаттары туралы академик С.Қирабаев: "Бұл қазақ 
кедейінің өмірін, оның әлеуметтік бейнелеуге арналған қазақ әдебиетінің алғашқы елеулі 
шығармасы" десе, [4, 6 б.] профессор Р. Сағынбекұлы: "Автор романның үш бөлімінде Қартқожаның 
адамдық, азаматтық әлемін, жаңалық-жақсылыққа құштар көңілін кезең келбетіне сай суреттеп, сол 
арқылы есею, өсу жолдарын тартымды баяндайды", – деп жазады [5,49 б.]. 
Роман табиғаты мен жазылу сыр-сипаттарында да өзіндік өзгешеліктер бар. Ақын-қаламгер
Д. Әбілев "Жүсіпбек аға" атты естелігінде романның жазылу тарихынан былай деп бірсыпыра 


120 
мағлұматтар береді: "Не жазғалы жүрсің? Нені өрнектеп жатырсың?" деп сүраған С. Дөнентаевтың 
сұрағына Жүсіпбек: – Екі романға ойым бар, Сәбит! Бірінің аты – "Қартқожа", екіншісінің аты – 
"Ақбілек" болмақ керек. Мұнымның өзі күлкілі-ау деймін. Құрсақта әлі қимылдай да қоймаған 
балаға ат қойған әке тәрізді боп отырмын-ау өзі... 
Сәбит: – Ондай перзентке бүкіл ел боп зәруміз ғой. Перзентіңнің екеуінің аты да періштенің 
құлағына шалынсын! 
Мағаз аға: – Әлгі ... ертегіде "Қарт қожақ" батыр ма оның? 
Жүсіпбек: – Ертеде Қарт қожақ емес, Маға. Бүгінгі Жұман ақсақалдың баласы – Қартқожа. 
Білесіз. Өзіңіздің Қартқожаңыз.
Маға: – Соны роман етпексің бе? 
Жүсіпбек: – Ия, Маға! Гәп, міне, сіздің осы таңдануыңызда. 
Тасқа ылғи қына шыға бермей. Шынар шығаруымыз керек. Кешегі өмір шиырынан бүгінгі өмір 
туралы. "Қартқожаң туады... 1916 жылғы көтеріліс есіңізде ме? Алабас тауындағы көтеріліс... Сонда 
көтерілісшілер ішінде, көтерілістің мәнін әлі түсініп те болмаған, босаң, момын, уыз жігіт Қартқожа, 
көтерілісшілер тарай бастағанда салы суға кетіп, арық торы байталына солбырайып мініп, солғын 
тебініп үйіне қайтып бара жатқан Қартқожа 1920 жылы апрель айында Сұлтанмахмұттың көңілін 
сұрай барады. Сонда орысша оқуға Сұлтанмахмұтқа уәде береді. Артынан Қартқожа Омбыға оқуға 
кетіпті. Рабфакқа түсіпті. Енді соның былайғы жәйін сөз етпекпін... Жаза бастасам да жазым баспау 
үшін аяқтауын асықпаймын". 
Қартқожа бейнесі – бүкіл қазақ кедейінің жиынтық бейнесі. Осы бейненің ішкі тілінде қазақ 
халқының феодалдық қоғамда көрген зорлық-зомбылығы да, ел билеген, ел басқарған даналығы мен 
батырлығы да, жаңа заман лебізін сезініп, күресе алатын қадір-қасиетін көреміз.
"Қартқожа" романында ұзақ заман хикаясы баяндалады. Ірі тұлғалар, мықты характерлер, мінез-
қүлықтар бар. Ескінің өшіп, жаңаның өсіп келе жатқан заманында күрескерлік дәрежеге көтерілген 
Қартқожадай қажырлы жанмен танысамыз. Қартқожаның көзқарасындағы, дүние танымындағы 
үлкен эволюция нанымды дамып отырады. Бұған романның соңғы бөлімінде Қартқожаның – саяси 
күрескер, қоғам қайраткері ретінде көрінуі дәлел бола алады. 
Қартқожаның өсіп-жетілуі, қалыптасуы – романның өзекті желісі. Оның іс-әрекеттерін бұл арада 
түгел айтып шығу мүмкін емес. А. Зейнуллина айтқандай: "Оқиға желісі – феодализм топырағында, 
феодализм дәуірінде өмір кешкен адамның қазақ даласындағы ғажайып құбылыстарды жіті аңғарып, 
жаңа адамның қандай қат-қабат жағдайда қоғамдық, таптық, ағартушылық идеяға қарай жылжуының 
заңды жолы баяндалады". 
Мұның бәрі сайып келгенде, Қартқожаның жүріп өткен жолы, өмір-тағдыры арқылы көркем де 
кестелі, кемел суреттелінеді. Жазушы қолтаңбасынан өмір-тұрмыстың сырлы суреттері, ой-сөз 
жүйесінің үйлесім-өрнектері, стиль сұлулығы ерекше серпінмен, шабытпен баяндалады.
Романның өріс-арнасынан Қартқожаның бойындағы қасиет, ерекшеліктер терең танылады. 
Әсіресе, Қартқожаның білім-өрісі мен саяси көзқарастарына "Табан жалтыратты" тарауы арқылы 
бұрынғыдан да жіті көз жеткізер едік. Осындағы "Алаш қаласы", "Алашорда" мекемесіне қатысты 
роман желілері 20-жылдар оқиғасын еске түсірсе, басты тұлғаның іргелі ақыны Сұлтанмахмұттың 
жүздесуі т.б. жайлар кезең шындығын тануға, таптық күрестің сыр-сипатын ашуда көп көмегі бар. 
Жазушы игерген әдеби әдіс өзінің стилімен, өзінің тіл өрнегіне қатысты ерекшелігімен тұтас 
бірлік тауып, шығарманың идеялық, көркемдік сапасын анықтаған жағдайда, сол сапаның белгісі 
шығарманың мазмұны мен пішінінің жарасымды бірлігі деп қаралған. Әдеби әдісті жазушының 
жалпы дүниетанымына сай өмірді көркемдік заңымен игеру жолы деп білуіміз керек. 
Қорыта келгенде, Ж. Аймауытұлының "Қартқожа", "Ақбілек" сынды романдары қоғамдық-
әлеуметтік құбылыстарды, өмір-уақыт шындықтарын, қазақ ауылындағы дәстүр өнегелерін, тұрмыс-
салт суреттерін басты тұлғалар (Қартқожа, Ақбілек) төңірегінде топтастырып, сол арқылы адам 
әлемін еңбегі мен мақсат-мұраттарын көркем, нанымды баяндайды. 
Жазушының "Қартқожа", "Ақбілек" романдарындағы көшпелі өмірдің көріністері, өмір шындығы 
мен уақыт сырлары тарихи дәлдікке, ақиқат жайттарға негізделеді. 
Қартқожа жолы мен Ақбілек әлемі – қазақ халқының басынан өткерген әр алуан құбылыс, 
көріністермен үндес, сәйкестікте суреттелінеді. 
Жазушы еңбегі мен шығармашылық ізденістерінен өмір шындығы, оны көркемдікпен игерудің 
алуан үлгі-өрнектері бар. Халық әдебиетінің үлгілері, адами құндылықтар мен өмірдің шынайы 
шындықтары кеңінен орын алған "Қартқожа", "Ақбілек" романдары – қоғамдағы адам факторын, 
адамгершілік-рухани мәселелерді, ең негізгісі, қазақ халқының қиын да күрделі кезеңдерін көркем, 
шебер де шешен сөз етеді.


121 
"Қартқожа", "Ақбілек" романдарының рухани байлығы – халқымыздың өткен өмір-тарихы 
туралы көркем де жүйелі баяндап, ондағы басты тұлғалардың (Қартқожа, Ақбілек) адами әлемі мен 
азаттықты аңсаған асыл бейнелерін, сол жолдағы саналы да сапалық қырларын кең көлемде 
керсеткен тағылымды туындылар қатарына жататыны толық танылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет