Сборник материалов Международной научно-практической конференции



бет19/23
Дата02.07.2016
өлшемі1.92 Mb.
#172013
түріСборник
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Список литературы:


  1. См.: Выступление Президента Республики Узбекистан Ислама Каримова на пленарном заседании Саммита ООН Цели развития тысячелетия.//Народное слово. 2010 г. 22 сент.

  2. См. подробнее: Иванов. И.С. Международная безопасность в эпоху глобализации: //Дипломатический вестник. 2003..№3. С.12-16.

  3. Рахимов. М. Этапы трансформации ШОС в условиях геополитических изменений в Центральной Азии: «Общественное мнение и права человека». 2006..№4(36). С.17.

  4. См.: Народное слово.2010 г. 5 июня

  5. Лукин А.. Шанхайская организация сотрудничества: проблемы и перспективы: //Международный вестник. 2003.№3. С.125

  6. См.: Народное слово. 2010 г. 3 июня.

  7. См..:Народное слово. 2010 г. 22 сент

  8. «Народное слово», 2010, 11 июня



Насырканова.Н.К., студент 2-го курса специальности «Международное право» ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КЕМЕЛ

БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛДІГІ
Қазақстан Конституциясы – бұл заң қарпінде өрнектелген жалпыұлттық идея. Ол біздің ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтарының азаттық және өз тағдырын өзі шешу мүмкіндігі туралы, билік барша халықтың мүддесіне қызмет ететін мем­лекет туралы, бүкіл әлемге белгілі әрі құр­мет­телетін тәуелсіз ел туралы арман­дарының осы заманғы құқықтық түсінік­те­рін бейнеледі.
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, ҚР Президенті)
Қазақстан халқы осыдан 15 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, бағыт-бағдарын айқындап, алға қойған мақсаттарына жету жолында жаңа қадам жасап, жана Конституцияны қабылдады.

Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы  1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды.[ Қазақстандағы референдум (30 тамыз 1995 жыл).] 1998 және 2007 жылдары Конституцияға елеулі  өзгерістер енгізілді.  Бұл оқиға сол кезде қазақ халқы үшін, біздің мемлекетіміз үшін үлкен қуанышты жағдай болды. Өйткені, Кеңес Одағының құрамында жүргенде біздің Республикамыздың Конституциясы Одақтық Конституцияның сарынымен жасалып, сол арқылы жұмыс істейтін. Ал бұл Қазақстан дербес мемлекет болып құрылған соң қабылданған, реттелген, бірізділікке келтірілген Конституция болды. Ол Конституцияның ең бірінші ерекшелігі – мемлекет басқару жүйесін толық бір жүйе ретінде қарастыруы еді. Яғни, заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерін өз алдына бөлек орган ретінде емес, тұтас құрылымдық жүйе қылып қалыптастырып, олардың міндеттері және жауапкершілігін белгілеп берген Конституция болды. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Осы Атазаңымыз қабылданған сәттен бастап, тәуелсіздік туын желбіретіп, дербес, егеменді елдердің қатарына қосылып, алға қарай дамуымыздың жаңа сатысына көштік. Құндылықтарымыздың негізін айнытпай орындаудың нәти­же­сінде аз ғана уақыттың ішінде тұғыры берік, туы биік мем­лекеттігімізді орнатып, тәуелсіздігімізді паш еттік. Конституция біздің еліміздің бірлігінің, тұтастығының белгісі іспеттес болды.[2] Елбасымыз айтып өткендей, Атазаң – мемлекеттік биліктің қай­нар көзі – халықтың өзі екенін ай­қын­дады, жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Конституцияны қабылдау кезінде жүргізілген референдум егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды. Француз ойшылы Шарль Монтень “ең жақсы мемлекеттік құрылым - бұл халықты тұтас бірлік ретінде сақтай алған құрылым” екенін атап өткен. Негізгі заң халыққа түсінікті де мағыналы түрде баяндалған. Конституциямызда айтылғандай, еліміздің ең басты қазынасы адам, оның құқығы мен бостандықтары болып табылады. Аталған заңнама осындай ұлан ғайыр елімізде бірлігіміз жарасып, бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып,тату тәтті өмір сүруіміздің кепілдігі мен айқын нышаны болып табылады. Оның айқын дәлелі, елімізде қазіргі таңда 140 этнос пен 46 діни қауымдастық келісім мен достықта өмір сүріп отыруы. Осы негізде басты конституциялық қа­ғидаттар – бейбітшілік пен тұрақ­ты­лық, бүкіл халық игілігі жолындағы экономикалық даму қамтамасыз етіледі. Халықтың бірлігі – бұл ең алдымен мем­лекеттік институттардың мызғымастығы. Бұл мақ­сатқа Конституцияның арқасында қол жеткізілді. Елімізде халықтың барынша ба­сым қолдауы жағдайында күшті прези­дент­тік би­лік орнықты. Мемлекеттің қа­лыптасуы, әлеуметтік, экономикалық және саяси жаң­ғырту жағдайында жоғары биліктің әлсіз болуға құқығы жоқ. Барлық мәселелер біртұтас мемлекеттік билік тармақтарының өзара ықпалдастығы туралы қатаң конститу­циялық қағидаттар негізінде шешілді.Конституциялық заңдылықты қамта­ма­сыз етуде Конституциялық Кеңес ма­ңызды рөл атқарады. Оның қызметі – қазақстан­дық заңнаманың Негізгі Заңның рухы мен қарпіне сәйкестігінің сенімді кепілі.Конституция қоғамның демократия­лық әлеуеті өсуінің сенімді негізі болды. Бұл – көп­ұлтты халыққа, оның тілдері, діндері мен мәдени қажеттіліктері туралы қам­қорлық. Негізгі Заң Қазақстанның сыртқы сая­сатының басты қағидаттарын – теңдес­тіру­шілікті, салиқалылықты, достастық қатынасты, көпвектор­лықты орнықтырды. Конституциямыз барлық адамдардың теңдігін, құқықтарының біркелкілігін қамтамасыз етеді.[2] Соның ішіндегі ерекше орын балалар құқығына, яғни ювеналды юстицияға тиесілі.

Атам қазақ ерте кезден «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген екен. Сол себепті біз, яғни ертеңі мол еліміздің, елім десе елжіреп, халқым десе қасық қанын беретін азаматтары, ел болашағы жарқын болуы үшін халықтың құқықтары мен тәлімін ең алдымен жас өскелең ұрпақ - балалардан бастағанымыз жөн. Жастар – кезек күттірмейтін мәселе. Өйткені оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мен жағымсыз әдеттерге бой алдырмауына тыйым салу бүгіннен басталады. Ал осы міндетті жеткілікті деңгейде орындамаған жағдайда бұл ахуал ушығып, қоғамымыздың басты мәселесіне айналуы мүмкін. Сондықтан мамандар қылмысқа бой алдырған жеткіншектерді дұрыс жолға салып, олардың әлеуметтік қалыптасқан жағдайларын дер кезінде сараптан өткізіп тұруы тиіс. Алайда, бұл салада кейбір жауапты тұлғалардың немқұрайлылығы салдарынан жасөспірімдер қараусыз қалып, тәртіп сақтамау, қылмыскерлерге еліктеу және солардың әдеттерін жұқтырып алып жатады. [11] Бүгінгі таңда еліміздегі барлық азаматтарды алаңдатып отырған жағымсыз құбылыс соңғы жылдары жасөспірімдердің кісі өліміне қатысты қылмыстарының санының еселеп кетуі. Оның ішінде мектеп қабырғасында білім алып жүрген мектеп оқушылары кәмелетке толмай жатып, адам қанын мойындарына жүктеп отырған деректер көптеп кездеседі. Адам өмірінің құнын бағаламайтын жеткіншектердің ертеңгі күні қандай азамат болып өсетіндігі барлығымызды алаңдататындығы белгілі. Батыстың киноларындағы мылтық кезеген «батырларына» еліктеген бұзық жастар қазір аса қатыгездікпен қылмысты көптеп жасауда. Бейбіт күнде қару асынып, көшеде бейқам жүрген балалардың бассыздығы осы мәселеге жауапты құзыретті органдардың дәрменсіздігінен және жауапсыздығынан орын алып отырғанын айтпай кету жөн болмас.[12] Алайда, ерте кездің даналары жайдан жай «шешілмейтін дау болмас,жеңілмейтін жау болмас» деп айтпаса керек. Бұл мәселенің де өз шешімі, өз ұшығы бар. Бүгінгі таңдағы оның заңды көрінісі –ювеналды юстиция.

Ювеналды юстиция— кәмелет жасқа толмаған азаматтардың ісімен айналысатын заң саласының бір тармағы (балалар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау, кәмелетке толмағандардың қылмыстарын қарастырып, сараптама жүргізу).[6] Қазіргі таңда көптеген батыс елдерінің сот жүйесінде қолданылады. Балалардың құқығын және заң жүзіндегі мүдделерін қорғау – бұл Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі. Ювеналды юстицияның пайда болу уақыты ерте кезден бастау алады. Оның бастамасы балалар үйіндегі жасөспірімдерге қолданылатын заң жүйесі жетілдіріліп, барлық жеткіншектерге қатысты қолданыла бастауынан негізделеді. Бұл әдіс қылмысқа қатысты қолданылатын дәстүрлі жазалау жүйесінің бір бөлігіне айналды. Алайда аталған әдіс дұрыс емес еді. Өйткені кәмелет жасқа толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыстар классикалық тәсілдегі, Чезаре Беккарияның тұсында қалыптасқан жазалау арқылы өтелетін қылмыстық- құқықтық заң бұзушылық емес, қалыптасқан әлеуметтік жағдайлармен байланысты және реабилитацияны қажет ететін қоғамда жүріп жатқан кемшілік ретінде қарастырылуы тиіс еді.[13] Негізінен алғанда балалардың құқығын қорғау, кәмелет жасқа толмағандарға қатысты сот ісін жүргізу жаңадан енгізіліп жатқан дүние емес. Тіпті Рим құқығының орта ғасырларда жүргізілген құқықтық актілерінде, XVIII-XIX ғасырлардағы Еуропа елдерінің бірқатарының заңнамаларында жасөспірімдер тарапынан жасалынатын қылмыстарды ерекше жағдай ретінде қарастырып, жасаған қылмыстарына қатаң жазадан қорғауға талпыныс жасағаны белгілі.[13] Кәмелет жасқа толмағандарға арналған ең алғаш рет арнайы пенитенциарлық мекеме ұйымдастырған Италияның шіркеуі мұндай қадамға барған алғашқы еуропалық ел еді. Римде Папа Клемент XI өзінің жарлығы бойынша, жасөспірімдерге арналған түзету үйін ашты. Ол үй Сан-Мишель дап аталып, Папа Клемент XI өзі балаларға арналған түзету ережелері мен тәртіптің негізін бекітті.Алайда кәмелетке толмаған азаматтарға қатысты заңнаманың жоқтығын тіпті XIX ғасырдың басында көптеген елдерде кездестіруге болатын еді.

Біздің еліміз 1994 жылғы 8 маусымда балалар мен ересектердің дүние танымын өзара реттейтін және балалыққа қатысты жаңа этиканы анықтайтын, ережелері мен принциптері халықаралық құқықтық нормалардың күшіне иеленген, бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.Соған сай Қазақстан Республикасының басқа да балалар мен жасөспірімдерге қатысты заңнамалары қабылданды. Қазіргі кезде Қазақстанда балалардың құқықтарын реттеу мен қорғаудың нормативтік-құқықтық базасын мынадай арнайы заңнамалық актілер құрайды:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы

2.Бала құқықтары туралы Конвенция

3. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

4. «Балалардың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Аталып өткен және қосымша тағы да басқа заңдар мен заңға сәйкес нормативтік актілердің, бағдарламалар мен конвенциялардың қабылданып, өз жұмыстарын атқаруы әрине қуанарлық жағдай. Алайда соның өзінде бүгінгі таңда «бала құқығы» мәселесі әлі күнге өз шешімін толық тапқан жоқ. Қазақстан республикасындағы осындай проблемалардың бірі ювеналды юстиция мәселесі. ҚР конституциясының бірінші бабында айтылғандай адам мен азаматтырдың құқықтары мен бостандықтары ең алдымен кәмелетке толмағандарды қамтуы қажет. Себебі жастар еліміздің болашағы және ертеңге деген үмітіміз. Олардың деңгейі қандай болса, еліміз де сол деңгейде дамиды. Жас ұрпақ ел мәртебесінің өлшеуіші іспеттес. Республикамыздың түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм болып табылады. Соған сай, қазіргі таңда халқымыздың ертеңін ойлап, елімізді көркейтетін жастарды тәрбиелеу үшін бар мүмкіндіктер жасалып, мемлекеттік деңгейдегі мәселе ретінде қарастырылып отыр.

Данышпан ата бабаларымыз «Еліңнің болашағы көркем болсын десең, балаңды азамат қыл» деп тектен тек айтпаған. Себебі қандай дамыған ел болса да, егер олардың жастарының дамуы мен тәрбиесі дұрыс арнада, дұрыс бағытта жүргізілмесе сол мемлекеттің болашағы жоқ деп айтуға болады. Сондықтан қандай ел болмасын, мемлекеттік бірінші ұстанатын саяси қағидасы: «ел болашағы- жастардың қолында». Бұл қағида біздің елімізде де озінің нақты бейнесін тауып, іс жүзінде жүзеге асырылуда.

Атап айтсақ, соңғы кездері елімізде ювеналды юстиция жақсы дамуда. Оған дәлел болатын ҚР «балалар құқығы туралы» заңы, түрлі нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, халықаралық «Қазақстандағы ювеналды юстиция» жобасын іске асыру. Алайда Қазақстан республикасындағы заңның бұл жүйесі қарқынды даму жолына енді ғана түсті.Ювеналдық юстицияның қалыптасуының алғышарттарының негізгілері: заңды әсер етудің айқын концепциясы, нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру, институционалдық базаны қалыптастыру, мамандарды кәсіптік даярлау мен деңгейін көтеру жүйесі. Ювеналды юстицияның нормативті және институционалды базасының өзекті сұрақтары Қазақстан Республикасының президенті бұйрығы бойынша қабылданған құқықтық саясат концепциясында көрініс тапқан. Мемлекеттегі сот жүйесін дамытудың перспективті бағыттарының бірі- ювеналды соттар.Әрине, арнайы сот ювенальды юстиция жүйесіндегі маңызды бөлімдердің негізгісі болып табылуы тиіс және ҚР конституциясында баяндалғандай: ҚР сот билігі конституция негізінде пайда болған барлық істер мен дауларға, заңдар мен нормативтік актілерге, халықаралық келісімді реттеп, оларға әсер етеді.Көптеген заңнамалар қабылданғанымен, олқылықтар мен кемшіліктер әлі де болса да бар.Атап айтсам, қазіргі кезде кәмелетке толмағандардың сот ісін жүргізуде педагог пен психолог қызмет атқарады. Алайда оның міндеті кәмелетке толмаған азамат немесе адамның құқығы мен бас бостандығын қорғау емес, қылмыстық сот ісін жүргізетін органның мүддесін қорғау болып табылады. Яғни бұл жағдайда жасөспірім ешқандай моральдық, психологиялық қолдаусыз қалады. Ал бұл өз кезегінде жас жеткіншектің ішкі жан дүниесіне орны толмайтын із қалдыру арқылы, оның болашағына балта шабады.[9]

Сонымен қатар Қазақстандағы ювенальды юстицияны қалыптастырудағы тағы бір кемшілік-кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын арнайы әлеуметтік қызметкерлердің болмауы. Бүгінгі таңда аталған жүйе көптеген дамыған мемлекеттерде қолданылады. Қызметтің негізгі жұмысы: құқық бұзушылық жасаған жасөспірім туралы негізгі мағлұматтарды жинау, жасөспірім және оның отбасымен танысу, әлеуметтік жағдайын ескеру, психологиялық жағдайын тексеріп, керек болған жағдайда психолог көмегіне жүгіну.

Жасөспірімдер туралы мәселенің тағы бірі- кәмелетке толмаған, қоғамға қауіпті қылмыс жасаған, қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеген адамдар мен азаматтарға қазіргі кезде процессуалдық емес жүйе бойынша қылмыстық іс жүргізіледі. Мұның салдарында кәмелетке толмаған қылмыскер, жасөспірім құқықбұзушыға қарағанда мемлекет тұрғысынан жақсы қорғалған. Менің ойымша бұл жерде «Ерекше жағдайлар» қатарында ҚПК (қылмыстық процессуалдық кодекс) жеке бөліміне «кәмелетке толмағандардың қоғамға қауіпті әрекет жасаған жағдайларын қарау, ерекшеліктерін ескеру» сияқты бөлім енгізген жөн деп санаймын. Аталған бөлімде сотқа дейінгі материалдарды даярлаудан бастап, сот қарауындағы материалдардың да ерекшеліктерін ескеру қажет.[10]

Сонымен қатар қазіргі таңдағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы заң бұзушылығының бір себебі- балалар үйінде тәрбие алған азаматтардың психологиялық, моральдық және материалдық жағдайдан қарастырғанда да өмір талабына сай болмауы. 1989 жылы 20 қарашада қабылданған «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенциясының» преамбуласында баяндалғандай, отбасы баланың жақсы тәрбие алып, жанжақты дамуына негізгі септігін тигізетін қоғамдық ұяшық немесе механизм болып табылады. Конвенцияға сай әр бала отбасы атмосферасындағы ата ана қамқорлығы мен махаббатын сезініп, олар тарапынан түсінушілікке ие бола отырып өсуі қажет. Тек сол жағдайда ғана еліне елеулі, халқына қалаулы азамат ержететіндігіне кепілдік болады. Ал қазіргі кездегі еліміздің жағдайын алып қарайтын болсақ, балалар үйінің саны өте көп. Олардың көптеп пайда болуының негізгі бірнеше себептерін атап айтуға болады:[9]

Басты себептерінің бірі, халықтың әлеуметтік жағдайының төмен болуы. Көптеген ата аналар балаларын тиісті деңгейде материалдық жағынан қамтамасыз ете алмағандықтан ата ана құқығынан айырылып жатады. Сондықтан статистика бойынша пайыз 63% балалар үйінің тәрбиеленушілері әке шешесі бола тұра, тірі жетім атануда.

Жас өскелең ұрпақ, яғни кәмелет жасқа толмаған қыз жігіттерге гинеколог, сексопатолог сияқты мамандардың жетекшілігімен танымдылық жиындарын жиі жиі өткізіп отыру. Бұл көптеген жас қыршын қаздардың ойнаймын деп от басуына жол бермей, балалықпен шалт басып, кейіннен кінәсіз жас сәбидің көз жасына қалуына мүмкіндік бермес еді.

Экологияның қолайсыздығы. Себебі, бүгінгі таңда еліміздің табиғи жағдайы өте мүшкіл. Атап өтсем: Арал, Балқаш мәселесі, Семей полигонының өткен күндердің қателігінен жас сәбилердің зардап шегуі, завод фабрикалардың улы газдарды ауаға жіберуі, ауыз су мәселесінің толық шешімін таппауы, зиянды қалдықтардың суға тарауы.т.б. Осылардың барлығы дені сау ұрпақтың дүниеге келуіне өз зиянын тигізеді. Сол себепті, көптеген ата аналар кіндік қаны бір балаларынан бас тартып жатады.

Медициналық, әлеуметтік қамтамасыз етудің тиісті деңгейде жүргізілмеуі. Соған байланысты, ана мен бала өлімі көптеп белең алуда және кемістігі бар балаларға медициналық көмек көрсету орталықтарының аз болуы, оларға толыққанды емдеу жұмыстарының жүргізілмеуі соның айғағының бірі. Осыдан кейін баласына еш шарасы болмаған ата ана өз нәрестесін балалар үйіне беруге мәжбүр болады. Ата заңымыздың 28-бабында әрбір азаматтың жасы мен мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуынан байланысты заңды негізде оларды әлеуметтік жағынан қорғауға кепілдік беріліп[1], «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғау туралы» Заңында мемлекеттік органдар мен мекемелердің, ұйымдардың меншік түріне қарамастан мүгедектердің кез келген ғимаратқа кедергісіз енуіне жағдай жасау жүктеліне тұрса да, көптеген жерлерде басшылардың жауапсыздығы салдарынан заңның осы талаптары сақталынбай келеді. Қысқасын айтқанда, арнайы арбаға таңылған мүгедектердің әкімшілік ғимараттарына, оның ішінде әлеуметтік инфрақұрылымдардың нысандарына кедергісіз енуіне жағдай жасау назардан тыс қалған, облыс орталығы мен қалалардағы ғимараттар арбаға таңылған мүгедектердің кедергісіз енуіне лайықталынып, жасақталынбаған. Оны айтпағанда көптеген мемлекеттік органдар тарапынан мүгедек жандарға әлеуметтік көмек пен жеңілдіктер жасауда да бірқатар заң бұзушылықтар орын алған. Мысалға, Қызылорда облысының қылмыстық істер, прокуратура органдары және жастар ісі жөніндегі комитеттің деректеріне сүйенсек, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорңау бағытында 85 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 1731 заң бұзушылық анықталған, 212 лауазымды тұлға тәртіптік, 11 әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 наразылық негізінде 50 заңсыз актінің күші бұзылды.Сотқа шағымдану нәтижесінде жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған 10 жеткіншектің қолы жетпей жүрген 2 млн.теңгеден астам жәрдемақылары қолды болғаны, 5 жетім баланың туу туралы ресми куәліктері болмағандығы, 967 кәмелетке толмағандардың құқықтары бұзылғандығы анықталды.

Жоғарыда аталған «балалар құқығы туралы конвенциясының» 7 бабында , әрбір бала бар мүмкіндігінше өз ата анасын білуге және олардың тарапынан қамқорлыққа ие болуға құқығы бар делінген. Яғни балалар үйіндегі кез келген бала ата анасынан қамқорлық немесе материалдық қамтамасыз етуді талап ете алады. Сол жағдайда баланың заңды мүддесін тиісті заң органы қамтамасыз етуі тиіс, ал бұл біздің елімізде әлі дұрыс жолға қойылып, дамыған жоқ.[9]

ҚПК 495-бабында айтылғандай, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуін күштеп әсер ету арқылы тәрбие жұмыстарын жүргізу арқылы іске асады. Сонымен қатар мұндағы іс-әрекеттер детальды регламентациялық тұрғыдан толықтырылып, кәмелетке толмағандардың арнайы мекемелерде тәртіптік түзелу уақытын қарастыру қажет. [10]

Осы аталған мәселелер шешімін табу үшін, алдымен заңда келесі құқықтық идеялар орын табуы тиіс:

1.Кәмелетке толмаған адам немесе азамат сот алдында заң бұзушы ретінде емес, ерекше субъект ретінде қарастырылуы керек.

2.Баланың жеке басының ерекшеліктері мен оның тұрып жатқан аумағын ескеру қажет.

3. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмысты болдырмаудың алдын алу қызметтерін құру.

4. Сот жүйесінің жанындағы әлеуметтік қызметкерлер арқылы кәмелетке толмағандардың әлеуметтік әл-ауқатын түзету

5. Аз қамтылған және көпбалалы отбасында немесе балалар үйінде және интернаттарда тәрбиеленетін балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесіне жіті көңіл бөліп, олармен қарым-қатынаста болып, психологиялық тренингтер жүргізу.

6. Мектептер мен арнайыланған лицейлерде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы баяндалатын арнайы пәнді енгізу. Осы арқылы әрбір жеткіншек өз құқықтары мен міндеттерімен таныса отырып, кез келген жағдайда өз құқығын қорғай алады.

Қорытындылайтын болсам, қазіргі кездегі мемлекетімізде жүргізіліп отырған саясат және Атазаңымыз өзінің фундаментальдылығы мен нақтылығын әбден дәлелдеді. Алайда соның өзінде кез келген заңнама уақыт талабына сай өзгертулер мен жаңартуларға мәжбүр. Сол себепті, біздің заңнамамыз да заман ағымына сай жаңарып, өзгеріп отыруы тиіс. Ол мақсатта еліміздің заңнамасына көптеген өзгерістер мен жаңартулар енгізілуде. Ең бастысы, аталған жаңартулар мен өзгерістердің барлығы халықтың әл-ауқаты мен әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайын жақсартып, оңалтуға арналған. Менің пікірімше Қазақстан республикасындағы балаларды қорғау конвенциясы ювенальдық юстицияға өтудің сатылы жүйесінің негізін құрайды. Оның ең бірінші баспалдағы болып табылатыны- Қазақстан Республикасының Конституциясы. Және бұл жан-жақты аспектілі түрде қарастырылған «ювеналды юстиция туралы» заңның қабылдануына өз үлесін қосады деген сенімдемін!
Әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақстан Республикасының конституциясы

  2. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйлеген сөзі. 27.08.10 ж

  3. Р. Максудов, М.Флямер/ Ювенальная юстиция: взаимодействие государства и общества в реагировании на правонарушения и отклоняющееся поведение несовершеннолетних(исторический экскурс и методологический анализ)

4.Ювенальная юстиция или ювенальная диктатура? (дело Н.Захаровой), http://www.polemics.ru.

5.Суд над семьей.Интервью с адвокатом Ларисой Октябристовной Павловой, http://www.portal-slovo.ru.

6.Судебно-правовая реформа: Ювенальная юстиция

7. Уложение о нкакзаниях уголовных и исправительных 1845 года

8.Актуальные проблемы исполнения уголовных наказаний в отношении несовершеннолетних

9. 1989жылы 20 қарашада қабылданған «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенция».

10. Қазақстан Республикасының қылмыстық процессуалдық кодексы

11. «Заң және заман» ғылыми-құқықтық журналы,№ 3 (112) наурыз 2010 ж, 30 б.

12. «Закон и время» научно-познавательный журнал, № 1 (110), январь 2010 г, 23 стр.

13. Юридическая газета, № 130 (1530), 27 августа, 2008 года, 4 стр

14.Мельникова Э. Б. Ювенальная юстиция: Проблемы уголовного права, уголовного процесса и криминологии. М., 2000.
Наурызова А.А., к.ю.н., старший преподаватель кафедры уголовного

судопроизводства и криминалистики КазГЮУ
ПРИГОВОР ИЛИ СУДЕБНЫЙ ПРИКАЗ?
Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан от 13 декабря 1997 г. (далее – УПК РК) [1] предусмотрел введение такой новеллы, как упрощенная уголовно-процессуальная форма судебного следствия – судебное разбирательство в сокращенном порядке (ст. 363 УПК РК).

Как следует из сути разбирательства дела по существу, судебное разбирательство в сокращенном порядке завершается вынесением итогового процессуального акта – постановления или приговора, к которым предъявляются общие требования, установленные УПК РК. Вместе с тем, по мнению М. Алимбекова, «упрощенная процедура уголовного судопроизводства должна заканчиваться постановлением судебного приказа, а не приговора. И в этом имеется определенный смысл, поскольку приговор может быть постановлен лишь при условии рассмотрения всех доказательств в полном объеме на принципах всесторонности, полноты, объективности и непосредственности их исследования» [2, с.2].

Данное предложение подтолкнуло нас к изучению вопроса о природе судебного приказа в уголовном процессе и смежной отрасли законодательства – гражданском процессе.

Институт судебного приказа в России был введен в 1912 г., впоследствии отменен и возрожден в УПК Российской Советской Федеративной Социалистической Республики (далее – УПК РСФСР) 1922 г. [3, с.128]. Имеющиеся исследования производства в порядке судебного приказа по уголовно-процессуальному законодательству Российской империи, а затем РСФСР [3, с.127-130], [4, с.499-503], [5, с.118,120], [6, с.220-221], дают о нем следующее представление:

дело должно быть небольшой тяжести, как правило, проступок, за который грозило денежное взыскание или пеня не свыше 50 рублей или арест до 15 дней (положение 1912 г.) или конкретные составы преступлений по УПК РСФСР 1922 г.;

дело не должно относиться к делам частного обвинения;

по делу должно быть проведено предварительное расследование;

по делу не предъявлялся гражданский иск;

доказательства обвинения должны полностью убеждать судью в виновности обвиняемого (положение 1912 г.), в соответствии с УПК РСФСР 1922 г. из материалов дела должна усматриваться явная бесспорность нарушения;

дело в судебном заседании не рассматривается и стороны не вызываются;

в случае явки обвинителя и подсудимого к разбору дела, им предоставляется возможность дать объяснения, если они о том просят;

судебный приказ постановляется судьей единолично;

судебный приказ выносится по форме приговора, но без описательно-мотивировочной части;

в судебном приказе указывалось право осужденного в течение семи дней (по УПК РСФСР 1922 г. - пяти дней) ходатайствовать о проведении полноценного судебного разбирательства; обжалование вело к проведению судебного разбирательства в обычном порядке;

по истечении указанного срока судебный приказ вступал в законную силу.

Как отмечал И.Я. Фойницкий, система судебных карательных приказов имела свои недостатки, среди которых юристы дореволюционной России указывали: 1) система карательных приказов предполагает существование в стране хорошо организованной и надежной обвинительной власти, которой можно было бы предоставить формулирование обвинений с назначением наказаний, немедленно обращаемых в приказы; 2) обжалование судебного приказа требует соответствующего уровня грамотности и правовых знаний у населения; 3) вместо ускорения система судебных приказов грозит замедлением производства, так как, сохраняя все виды пересмотра, она прибавляет лишнюю стадию в первой инстанции [4, с.503].

В 1990-х гг. предложения и аргументы, направленные на возрождение производства в порядке судебного приказа, с разработкой условий его осуществления, выдвигались Ю.К. Якимовичем, Т.В. Трубниковой [6, с.222-224]. Проектом Уголовно-процессуального кодекса Российской Федерации 2002 г. также предусматривалась процедура вынесения уголовного приказа [7, с.114], но в принятую редакцию уголовно-процессуального закона России она не вошла.

Производство в порядке судебного приказа в настоящее время известно зарубежному уголовно-процессуальному законодательству. Так, во Франции уголовный приказ – это форма производства по делам о малозначительных нарушениях уголовного закона (правонарушениях), не предусматривающих в качестве санкции тюремное заключение. В данном порядке не подлежат производству дела, если правонарушение предусмотрено Трудовым кодексом, если речь идет о правонарушении 5-го класса (наиболее опасная категория правонарушений), совершенном несовершеннолетним, и если уголовное преследование возбуждено потерпевшим путем непосредственного вызова обвиняемого в суд. Порядок производства по делу заключается в следующем: прокурор, если сочтет целесообразным вынесение уголовного приказа, передает материалы дела со своим требованием в полицейский суд. Если судья усматривает препятствия для вынесения уголовного приказа, дело возвращается прокурору; если нет, то он без проведения судебного заседания и без вызова сторон заполняет бланк установленной формы. В бланке уголовного приказа судья излагает свое решение: либо оправдать, либо осудить к наказанию в виде штрафа. Уголовный приказ направляется прокурору, и если прокурор не согласен с размером наказания или оправданием лица, он вправе в течение 10 суток обжаловать его в форме оппозиции (протест или жалоба). В таком случае уголовный приказ аннулируется, и дело слушается в обычном порядке с участием сторон. Если прокурор согласен с уголовным приказом, решение доводится до сведения осужденного. У осужденного есть 30 суток для того, чтобы или добровольно исполнить наказание, или подать оппозицию, что также аннулирует приказ и приводит к слушанию дела в обычном порядке. При такой форме пересмотра, как оппозиция, дело рассматривается в полном объеме и тем же судом, который вынес уголовный приказ [8, с.392]. Если в течение предоставленного времени осужденный не подает оппозицию, то уголовный приказ считается вступившим в законную силу и исполняется принудительно [8, с.389-390].

Производство в порядке уголовного приказа известно Германии, где для него характерны следующие особенности: в качестве меры наказания за инкриминируемое деяние уголовным законодательством предусматривается штраф; штраф налагается на обвиняемого прокурором; после получения письменного предложения прокурора у обвиняемого есть двухнедельный срок для принятия решения о согласии либо отказе от уголовного приказа с требованием судебного рассмотрения дела; в случае отсутствия отказа уголовный приказ вступает в законную силу; копия предложения прокурора по делу направляется судье, который вправе в случае недостатка доказательств отклонить приказ и назначить судебное разбирательство [6, с.67], [9, с.35].

Таким образом, судебный (карательный) приказ – самостоятельная сокращенная уголовно-процессуальная форма производства в суде первой инстанции (а также выносимый по ее результатам судебный акт) по делам небольшой общественной опасности, при которой дело по инициативе прокурора разрешается судом без проведения судебного разбирательства. Гарантиями соблюдения прав личности при производстве в порядке судебного приказа являются: ограничение материально-правовых оснований применения в виде категории преступления (правонарушения), предусмотренной санкции; решение вопроса о вынесении судебного приказа остается на усмотрение суда; право обжалования судебного приказа, реализация которого влечет отмену судебного приказа и разбирательство дела в обычном порядке.

Следует отметить, что приказное производство и понятие судебного приказа известны как уголовному процессу зарубежных государств, так и гражданскому процессуальному законодательству Республики Казахстан (Глава 13 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан от 13 июля 1999 г.) [10].

Данному виду гражданского судопроизводства свойственны такие признаки, как:

1) бесспорность требования (отсутствие материально-правового спора или выраженное признание заявленных требований);

2) особенности гражданско-процессуального отношения: участники правоотношения именуются взыскателем и должником, они не вызываются для заслушивания объяснений;

3) особенности гражданско-процессуальной формы: отсутствие судебного разбирательства; судебный приказ выносится в течение трех дней со дня поступления заявления и направляется с уведомлением о вручении должнику, который вправе в десятидневный срок со дня его получения направить в вынесший судебный приказ суд возражения против заявленных требований; при поступлении возражения должника судья определением отменяет судебный приказ, данный судебный акт обжалованию или опротестованию не подлежит, взыскателю разъясняется, что требования могут быть заявлены в порядке искового производства.

На наш взгляд, вышеприведенным мнением, высказанным М. Алимбековым, во-первых, смешиваются разные сокращенные уголовно-процессуальные формы судебного разбирательства, во-вторых, посредством предложения о вынесении судебного приказа презюмируется ущербность судебного разбирательства в сокращенном порядке, с чем мы не можем согласиться. Сокращенный порядок судебного разбирательства основан на единых принципах, преследует единую цель уголовного процесса, содержит достаточные гарантии защиты прав и законных интересов личности, является реализацией диспозитивных начал уголовного судопроизводства. Точная реализация данной уголовно-процессуальной формы позволяет сохранить режим законности в уголовном судопроизводстве.

Подчеркнем, что судебный приказ – это не только наименование судебного акта, но и самостоятельная сокращенная уголовно-процессуальная форма, при которой по делу выносится данный судебный акт.

Согласиться с предложением о вынесении судебного приказа по результатам судебного разбирательства в сокращенном порядке нельзя. По нашему мнению, тем самым смешиваются разные дифференцированные уголовно-процессуальные формы, каждая из которых характеризуется собственными условиями и порядком производства по делу (таблица 1).


Таблица 1. Сравнительно-правовая характеристика производства в порядке судебного приказа и судебного разбирательства в сокращенном порядке


Производство в порядке судебного приказа (общие черты)

Судебное разбирательство

в сокращенном порядке



Небольшая тяжесть преступления; уголовно-правовая санкция не предусматривает лишение свободы

Небольшая или средняя тяжесть; требования к мере допустимого санкцией наказания не устанавливаются

Гражданский иск не предъявляется

По делу может быть заявлен гражданский иск, подсудимый должен признавать исковые требования

Явная бесспорность преступления; материалы дела свидетельствуют о виновности обвиняемого, что презюмирует привлечение к уголовной ответственности и назначение наказания судебным приказом

Суд не связан мнением сторон, никакие доказательства не имеют заранее установленной силы; суд не ограничен в праве вынести как обвинительный, так и оправдательный приговор, прекратить дело

Дело не рассматривается в судебном заседании, стороны не вызываются; в случае явки обвиняемого он может быть допущен к даче объяснений, если просит о том

Реализация права потерпевшего и подсудимого участвовать в судебном разбирательстве дела в суде первой инстанции и пользоваться всеми правами стороны, подсудимому также обеспечивается реализация права на последнее слово

Судебный приказ составляется по форме приговора, но без описательно-мотивировочной части

Соблюдаются общие требования к структуре и вынесению приговора

При заявлении соответствующего ходатайства судебный приказ аннулируется и дело рассматривается в обычном порядке в суде первой инстанции

Постановленный по результатам судебного разбирательства в сокращенном порядке приговор при обжаловании (опротестовании) пересматривается вышестоящими судебными инстанциями

Сокращенный срок обжалования судебного приказа

Общие сроки и порядок обжалования и опротестования приговора, общий срок вступления в законную силу

Как видно, судебный приказ, в отличие от приговора, выносится без судебного разбирательства, не мотивируется, теряет свою юридическую силу при обжаловании в краткий (до десяти суток) срок, что влечет обычную процедуру рассмотрения дела в суде первой инстанции, то есть не обладает свойствами мотивированности и устойчивости, которые характерны для приговора и являются элементами его правосудности. Установленные к приговору требования законности, обоснованности, справедливости, мотивированности, устойчивости и правосудности обусловлены значимостью данного процессуального акта, которое придает ему закон.

Предложение при судебном разбирательстве в сокращенном порядке заменить приговор судебным приказом также противоречит установленному пп. 1) п.3 ст.77 Конституции Республики Казахстан принципу правосудия, в соответствии с которым лицо считается невиновным в совершении преступления, пока его виновность не будет признана вступившим в законную силу приговором суда. В данной правовой норме помимо прочих условий ясно указан итоговый процессуальный акт, которым лицо признается виновным в совершении преступления и опровергается презумпция невиновности, - приговор, иные виды судебных актов не могут без надлежащего на то закрепления прежде всего в Основном законе страны разрешать вопрос о виновности или невиновности подсудимого. Закрепленный ч.2 ст.11 УПК РК принцип осуществления правосудия только судом также содержит указание на приговор как судебный акт, которым, независимо от уголовно-процессуальной формы главного судебного разбирательства, лицо может быть признано виновным в совершении преступления и подвергнуто уголовному наказанию. Только приговор суда обладает подобной законной силой, и «в этом одна из наиболее важных гарантий прав и интересов гражданина, обвиняемого в совершении преступления» [11, с.34].

Список литературы:

1 Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан от 13 декабря 1997 г. // ИС «Параграф» (по состоянию на сентябрь 2010 г.).

2 Алимбеков М. Что нужно для сокращенного порядка? // Юридическая газета. - 2005. - 30 марта. - С.2.

3 Великий Д.П. Единство и дифференциация уголовно-процессуальной формы: дисс. ... канд. юрид. наук. - М., 2001. – 211 с.

4 Фойницкий И.Я. Курс уголовного судопроизводства. Т. 2. Изд. «АЛЬФА», Спб. 1996. - 606 с.

5 Якуб М.Л. Процессуальная форма в советском уголовном судопроизводстве. - Москва, «Юридическая литература», 1981. – 144 с.

6 Трубникова Т.В. Упрощенные судебные производства в уголовном процессе России: дисс. ... канд. юрид. наук. - Томск, 1997. - 267 с.

7 Пути совершенствования уголовно-процессуального законодательства в условиях судебно-правовой реформы // Вестник Московского университета. Серия 11. Право. – 2001. - №6. – С.93-116.

8 Гуценко К.Ф., Головко Л.В., Филимонов Б.А. Уголовный процесс западных государств. – ИКД «Зерцало-М», 2001. – 480 с.

9 Тейман С. Сделки о признании вины или сокращенные формы судопроизводства: по какому пути пойдет Россия? // Российская юстиция. - 1998. - №10. - С.35-37.

10 Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан от 13 июля 1999 г. // ИС «Параграф» (по состоянию на сентябрь 2010 г.).

11 Бандурин С.Г., Громов Н.А., Ивенский А.И. Приговор – итог осуществления правосудия // Российский судья. - 2005. - №1. - С.34-37.



Нұғыманов Е.Е., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Азаматтық, табиғиресурстық және экологиялық құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Бүгінгі уақытта еліміздің ауыл шаруашылығы мен жер шаруашылығы терең өзгерістерді өткізіп, әрі қарай жүйені жетілдіру бағытында жұмыс жүргізуді қажет етіп отырған секторлардың қатарында. Ол осы саланы құқықтық қамтамасыз ету мәселесін шешу мен жетілдіруді қажет етеді.

Менің ойымша жер қатынастарын реттеуде жер пайдалану құқығына назар аудару қажет. Соңғы уақыттары заң әдебиеттерінде жерге меншік құқығы жөнінде зерттеліп жүр, шындығына келгенде оның өзі жер пайдалану құқығына негізделгенін ескеру қажет.

Жердің меншік иесі болуы оның жерді тиімді және рационалды пайдаланатынының кепілі бола алмайды. Жердің меншік құқығы иесіне артылып отырған сенім мен үміт ақталмай отыр, өйткені оның негізі болып отырған жер пайдалану құқығы жеткілікті деңгейде бағасын алған жоқ. Меншік иесі болу оны пайдаланушы дегенді білдірмейді.

Адам баласына әлемде берілген, табиғат берген баға жетпес құндылық, бақыт, осы бақытты толыққанды етіп көрсететін сый-сыралғының бірі де бірегейі ЖЕР. Жер – барлық адамзат баласының өмір сүруінің негізі, іргетасы болып табылатын негізгі табиғи ресурс. Жер дүние жүзінің басым бөлігін алып жатқан құрлық ресурстары болса, оның су қоры, орман қоры, ондағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі ажыратылмас бөлігі болып табылады. Ұлтарақтай жер үшін қасық қаны қалғанша күрескен ата-бабалар тектен текке таласқан жоқ. Келер ұрпақ үшін, оның салауатты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін, ел бірлігін сақтау үшін жер мәселесі қашанда өзекті болды.

Адамзат қоғамының барлық өмiрiнде, оның қалыптасуы мен дамуында жер өте маңызды роль атқарған. Жер адам баласының барлық мұқтаждықтары үшiн керек бiрден-бiр арсенал болған.

Аталған міндеттің жүгі қазіргі уақытта қалай жүргізіліп отырғаны назар аударуды қажет етеді. Артылып отырған міндет жүгі жоғары, оны қорғау, жеткілікті дәрежеде сақталуын қамтамасыз ету мәселесі қашанда күрделі.

Қазақстан Республикасы өз егемендігі мен тәуелсіздігіне қол жеткізген уақытта тарихи қалыптасу мен даму жолында кең байтақ территорияны иеленіп қана қоймай, оның экологиялық тұрғыдан қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін де алдына тартты. Бұл міндетті жүзеге асыру жер мәселесін құқықтық тұрғыда реттеудің негізділігін көрсетті. Құқықтық реттеу болса, жер құрамының, жер қорының заң жүзінде бекітілуін, олармен жасалатын қатынастардың жан жақты реттелуін ғана емес, оның сапалық көрсеткіштерінің тиісті талаптарға жауап беруін, оның құрамының адамзат тіршілігімен үндесіп тұруын да қамтамасыздандырады. Жер мәселесін құқықтық жағынан реттеу Қазақстан мемлекетінің жер қорының болашаққа, экологиялық қауіпсіз нысанда жеткізілуіне үлес қосатын тәсілдердің қатарда. Өзімізге мәлім, ұлан байтақ территориясы бар Қазақстан үшін жер мәселесін, жердің құрамын сақтау қазіргі таңда тек меншік иесі болып табылатын Қазақстанның қызығушылығын ғана емес, көршілес жатқан елдердің де қызғанышын тудырып отырған проблема.

Жер – табиғаттың берген сыйы ретiнде, адам қоғамының пайда болуына дейiн болған. Бiрақ, жер өзiнiң еңбектiң жалпы заты қызметiн атқаруы үшiн мiндеттi түрде оны бiреу иемденуi қажет және өндiрiстiк процесiн жүзеге асыруы қажет.

Мемлекетіміздің басты байлығы – оның экономикалық және әлеуметтік қолайлы негізі болып табылатын жер ресурстары.

Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық құрылысты реформалау процессі жер қатынастарын түбегейлі өзгерту және мемлекеттің тікелей бақылауы мен басқаруы арқылы жер реформасын жүргізу қажеттілігін туындатып отыр. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту жердің негізгі өндіріс құралы, аумақтық кеңістіктің негізі және маңызды табиғи объект ретінде жердің басты функцияларын сақтай отырып, жерге әртүрлі меншік нысандарын, жер пайдалану құқығының ақылығын енгізу және жерді заңды түрде азаматтық және шаруашылық айналымның объектісі ретінде тану қажеттілігін объективті түрде туындатып отыр.

Қазақстан Республикасындағы жерлерді ұтымды пайдалану және онда тиімді шаруашылық жүргізіп, сақтай отырып кейінгі ұрпаққа қалдыру – басты мемлекеттік және қоғамдық мақсат және әрбір азаматтың конституциялық борышы болып табылады.

Осы орайда жер тек мемлекеттік меншікте емес, жеке меншікте де бола алады. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Бұл өз кезегінде келесі бір проблемалар кешенін туындатып берді. Ол жерлердің тек Қазақстан азаматтарының атында болмай, шетелдік азаматтар мен компаниялардың қолына өту фактілері толғантады.

Мемлекетімізде жер реформасын жүргізу мемлекеттік монополияны жойып, жерге жеке меншік құқығының кеңінен етек жаюына алып келді. Қазіргі таңда мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтардың жеке меншігіне үш млн. жер учаскелері немесе 589,9 мың гектар жер берілген [1, 5 б.]. Жер ресурстары ұтымды пайдалану және табиғи жағдайын ұдайы жақсартып отыру нәтижесінде ішкі және сыртқы қажеттіліктерді қанағаттандырып отыратын көлемді азық-түлік өндіруге қабілетті.

Жер құқықтық өзгерістерінің нәтижесінде туындаған жерге мемлекеттің монополиясының жойылуы, жекелеген жер санаттарына жеке меншік құқығының пайда болуы, ақылы жер пайдалануға көшу, жерді жеке меншікке немесе пайдалануға алғаны үшін ақы төлеу, жердегі шаруашылық етуші субъектілердің тең құқықты дамуы, жер нарығының қалыптасуы сияқты әрекеттер орынды құбылыс болып табылады.

Біздің мемлекетіміздің жер қорының құрамында өзінің көлемі, экономикалық қызметі мен пайдалылығы бойынша үлкен маңызға ие болып табылатын жерлер – бұл ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер болып табылатындығы. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының жер аумағы 272 490, 2 мың гектар екен. Осылардың ішінде ауыл шаруашылық жерлері – 222 513, 6 мың гектарды құрайды. Соңғысының ішіне сәйкесінше ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер де кіреді, оның жалпы көлемі 90 910, 35 мың гектар. Ал жер аумағының қалған бөлігін ауыл шаруашылық өндірісінің мақсатында пайдаланылатын жердің басқа да санаттары құрайды [2.17 б.].

Егер де 1990 жылдары ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер Қазақстан Республикасы жер қорының 81,2 % құраса, 2000 жылдардың бас кезеңінде олардың ара салмағы небәрі – 39,6 % құрады. Егер де осы жағдай өзінің жалғасын ары қарай да тауып отыратын болса, онда біз жақын жылдары-ақ ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлерге зәру болып қалуымыз мүмкін.

«Жер дегеніміз – мемлекет пен халықтың өмір сүру қызметінің негізі болып табылатын табиғаттың басты объектісі. Жерге меншік нысаны, оның иелену мен пайдалану үшін кімге берілгеніне және жердің сандық, сапалық жағдайына біздің болашағымыз тәуелді»,-деп Б.Ж. Әбдірайымов жазған болатын [3.21 б.].

А.Х. Хаджиевтың пікірі бойынша – жердің табиғи қасиеті өзге қоршаған табиғи орта объектілермен өзара байланыс жүйесінде басым орнын белгілейді. Орман, су, жануарлар дүниесі табиғат объектілері ретінде жермен байланыссыз өмір сүре алмайды. Тек қана жермен тығыз байланыста бола отырып, олар өздерінің өсіп-өну мүмкіндіктері мен ерекше қасиеттерін сақтайды және барлық табиғи кешендермен бірге экологиялық қызметін жүзеге асырады [4.34 б.].

Қазақстан Республикасының Жер кодексінде жерлердің бірқатар түрлері нақты көрсетілген. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 97 - бабы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жерлер ретінде бекітіп берген. Ол - жер санаттарының ішіндегі ең негізгі жер санаты, оның басты ерекшелігі болып жердің өндіріс шикізаттары мен адамдар мен жан-жануарларға қажетті азықтардың басты құралы болып табылатындығы болып отыр [5, 78б].

Қазақстан Республикасында нарықтық жағдайға өтуге байланысты әртүрлі меншік нысандарының пайда болуы, шаруашылық етуші субъектілердің және олардың нысандарының көбеюі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға алуды шектемейді, керісінше, оның әрі қарай дамуына алғышарт ретінде танылады.

Қазақстан Республикасы өз алдында егемендi ел болғалы қоғамдық қатынастар, соның iшiнде жер қатынастары Қазақстан Республикасының негiзгi заңының нормаларына сай дами бастады. Яғни тәуелсiз жас мемлекетiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси және құқықтық қатынастарының жаңа өмiр талабына сай дамуы, өзiмiз үшiн және болашақ ұрпақ үшiн жоғарыда аталған мемлекетiмiздiң негiзгi қатынастарын қайта реттеп, экономикалық, құқықтық реформаларды қазiргi өмiр талабына сай жүргiзудi талап еттi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң айтуы бойынша басты саяси мақсат тұрғысында, әсiресе өтпелi кезеңде экономикалық реформаларды ойдағыдай жүзеге асырудың қажеттi шарты ретiнде тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бiрге Н. Ә. Назарбаев өз халқына Жолдауында жаңадан қабылданған жер туралы заңның халықты өркениеттi нарыққа алып келмегенiн және аталған заңда жiберiлген кемшiлiктердi тез арада жойып жөнге келтiру керек екендiгiн атап көрсеткен болатын [6, 36 б.]. Мемлекетiмiзде жер қатынастарының дұрыс дамуы елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық дамуына зор ықпалын тигiзетiнiн ұмытпағанымыз жөн. Сол себептi жер қатынастарының реттелуiн мемлекеттен ажыратып алуға болмайды. Қазiргi нарықтық қатынастарға байланысты, жердiң мемлекет меншiгiнен жеке меншiкке өтуi және жеке меншiктегi жерлердiң азаматтық құқықтық мәмiлелер арқылы сатылуы, жалға берiлуi сияқты жүргiзiлiп жатқан қатынастардың барлығы ақылы негiзде жүзеге асырылады. Бұл дамыған нарықтық қоғамның талабынан туындаған заңды құбылыс болып табылады және бұл өте орынды. Себебi, жердiң мемлекет меншiгiнен жеке меншiкке өтуi азаматтардың өздерiнiң рухани-материалдық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылады. Жеке меншiктегi жер учаскесiн әр тұлға заңда көрсетiлгендей иелену, пайдалану және билiк ету құқығын жүзеге асыра отырып, азаматтық мәмiлеге түсу арқылы сатып, өзiне сатып ала алады және шарт бойынша жалға бере алады. Бұл қатынастың барлығыда ерiктi негiзде шарт негiзiнде ақылы түрде жүзеге асырылады. Ал, мемлекет жеке меншiкке берiлген (сатылған) жер арқылы өзiн қаржыландырса, сонымен қатар, мәжбүрлi түрде салық салу арқылы қаржылық шаруашылығы қызметiн реттеп, жергiлiктi бюджеттердi қаржыландырып отырады. Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiнiң жеке меншiкке сатылуы бұл тұрғыдан алғанда мемлекетке экономикалық және әлеуметтiк жағынан тиiмдi болып табылады.

Аталған жағдайдың барлығы жердi пайдалану мен қорғау үшiн ақы төлеудi құқықтық реттеудi қамтамасыз ететiн жер заңдарының дамуына объективтi түрде әсер ететiн факторлар болып отыр. Сонымен бiрге, қазiргi таңдағы нарық жағдайында жерге ақы төлеу мәселесi кез-келген тұлғаны алаңдатар шаралардың бiрi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет