Сценарий медицинской симуляции



бет45/46
Дата20.05.2022
өлшемі406.37 Kb.
#458164
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Ситуациялық-есептер

Ситуациялық есеп №48


Сіз перзентхананың қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге жедел жәрдем бригадасымен күйеуімен бірге 28 жастағы босанушы әйел ретті толғақпен, әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. Күйеуінің айтуы бойынша әйелінде тырысулар болып, есінен танған.
Тапсырма:

  1. Науқасқа сұрақтарыңызды қойыңыз.

  2. Диагноз қойыңыз.

  3. Дифференциалды диагностика жүргізіңіз.

  4. Жүргізу тактикасын анықтаңыз.

Емтихан тапсырушыға арналған кезеңдер





Қадамдарды бағалау критериі

Уақыт (сек)

Баллмен бағалау

Дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

орындамады

1.

Пациентті үстелге шақырыңыз, өзара сәлемдескен соң анамнез жинауды бастаңыз.

15

5

2,5

0

2.

Шағымдарының болуын анықтаңыз, қосымша сұрақтар қою арқылы шағымдардың пайда болуын анықтайтын себептерге жататын, олардың пайда болуына алып келген жағдайларды көрсететін аурудың негізгі симптомдарын анықтаңыз.

180

10

5

0

3.

Анамнезді жинаған соң сізге парақта көрсетілген объективті тексеру мәліметтерін қараңыз, алдын ала диагноз қойыңыз және оны пациентке түсіндіріп негіздеңіз

60

20

10

0

4.

Анализдердің қандай және не үшін алу керектігін пациентке түсіндіріңіз

15

10

5

0

5.

Әңгімелесу кезінде пациенттің физикалық және эмоционалды комфорттық жағдайына қол жеткізіңіз.

40

10

5

0

6.

Сізге парақта көрсетілген лабораторлық анализдердің нәтижелерін интерпретациялаңыз, пациентке түсіндіріңіз

40

10

5

0

7.

Пациентке қорытынды диагнозды құрастырыңыз және негіздеңіз

30

10

5

0

8.

Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын қысқаша жүргізіңіз, науқасқа түсіндіре отырып ол ауруларды алып тастаңыз

120

10

5

0

9.

Науқасты ауру туралы, емдеу нұсқаулары туралы компетентті ақпараттандырыңыз. Бұл патологияны, немесе жүктілік пен босануды ары қарайғы жүргізу әдісін дұрыс анықтаңыз және негіздеңіз.

100

20

10

0




БАРЛЫҒЫ:

600

100

50

0

Емтихан тапсырушыға арналған қосымша ақпарат:


Объективті:
Жағдайы ауыр. Санасы тежелген. Терісі және көрінетін шырышты қабаттары бозғылт түсті. Құрсақтың алдыңғы аймағының және аяқ-қолдарының айқын ісігі байқалады. Пульсі минута 88 рет, ритмді. АД 170/90 мм. сын.бағ. Дене қызуы 36,5С. Тілі таза, дымқыл. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз, жүктілікке байланысты ұлғайған. Нәрестенің қалпы ұзыннан, баспен жатыр. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Ұрғылау симптомы екі жақтан теріс.
Физиологиялық шығарулар қалыпты.
Акушериялық статус:
Жүктілік мерзімі етеккір бойынша – 39-40 апта.
ІА – 82 см, ЖТБ – 35 см.
Жатыры қалыпты, овоидты, мерзіміне жеткен жүктілікке сәйкес. Ай толғақтары 1-2 мин сайын 45-50 сек., жақсы күште.
Нәрестенің қалпы ұзыннан, баспен жатыр, кіші жамбас қуысында. Нәрестенің жүрек соғысы минутына145-150 рет, анық, ритмді.
PV: Жатыр мойны жазылған, ашылуы толық. Қағанақ қабы жоқ, нәресте баспен жатыр, кіші жамбас тар бөлігінде орналасқан, жебе тәрізді жігі оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбегі алдынан сол жақта. Мысқа саусақ жетпейді, экзостоздар жоқ.


Жалпы қан анализі:
Эритроциттер –3,2х1012/л
Гемоглобин-115 г/л
ЦПК – 0,9;
Hb – 36 %;
Тромбоциттеры 127 х 10 9/л
Жалпы зәр анализі:
Түсі – ашық сары
Мөлдірлігі – тұнық;
Салыстырмалы салмағы - 1003
Белок – 0,5 г/л
Сахар - abs;
Лейкоциттер – abs
Эпит. жасушалар – 6-8 к/а.
Түйіршікті цилиндрлер – 2-3 көру аймағынд.
Нәрестенің КТГ-сы:
БЧСС- 145 уд/мин.
Осциляция амплитудасы - 6 -10 рет мин. Осциляция жиілігі - 6 мин жоғары, акцелерация – жоқ, децелерациялар - вариабелді


Ситуациялық есеп №49

Сіз гинекология бөлімі қабылдау бөлімінің дәрігіерісіз. Сізге қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен ішінің төменгі жағында қатты ауру сезіміне, жалпы әлсіздікке, дене температурасының 38,70 көтерілуіне, қалтырауға, жыныс мүшелерінен іріңді- қанды-шырышты бөлінділерге шағымданып келді.


Тапсырма:

  1. Науқасқа сұрақтарыңызды қойыңыз.

  2. Диагноз қойыңыз.

  3. Дифференциалды диагностика жүргізіңіз.

  4. Жүргізу тактикасын анықтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет