Ситуациялық есеп №24
Сіз перзентхананың қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге жүкті әйел ішінің төменгі бөлігінің тартып ауру сезіміне шағымданып түсті. Қағанақ суы кетпеген. Жүктілік мерзімі етеккір бойынша – 39 апта.
Тапсырма:
Пациентке сұрау жүргізіңіз.
Диагноз қойыңыз.
Ажырату диагностикасын жүргізіңіз.
Жүргізу тәсілін анықтаңыз.
Емтихан тапсырушыға арналған кезеңдер
Қа-дам№
|
Қадамдарды бағалау критериі
|
Уақыт (сек)
|
Баллмен бағалау
|
Дұрыс орындады
|
Ескертулермен орындады
|
орындамады
|
1.
|
Пациентті үстелге шақырыңыз, өзара сәлемдескен соң анамнез жинауды бастаңыз.
|
15
|
5
|
2,5
|
0
|
2.
|
Шағымдарының болуын анықтаңыз, қосымша сұрақтар қою арқылы шағымдардың пайда болуын анықтайтын себептерге жататын, олардың пайда болуына алып келген жағдайларды көрсететін аурудың негізгі симптомдарын анықтаңыз.
|
180
|
10
|
5
|
0
|
3.
|
Анамнезді жинаған соң сізге парақта көрсетілген объективті тексеру мәліметтерін қараңыз, алдын ала диагноз қойыңыз және оны пациентке түсіндіріп негіздеңіз
|
60
|
20
|
10
|
0
|
4.
|
Анализдердің қандай және не үшін алу керектігін пациентке түсіндіріңіз
|
15
|
10
|
5
|
0
|
5.
|
Әңгімелесу кезінде пациенттің физикалық және эмоционалды комфорттық жағдайына қол жеткізіңіз.
|
40
|
10
|
5
|
0
|
6.
|
Сізге парақта көрсетілген лабораторлық анализдердің нәтижелерін интерпретациялаңыз, пациентке түсіндіріңіз
|
40
|
10
|
5
|
0
|
7.
|
Пациентке қорытынды диагнозды құрастырыңыз және негіздеңіз
|
30
|
10
|
5
|
0
|
8.
|
Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын қысқаша жүргізіңіз, пациентке түсіндіре отырып ол ауруларды алып тастаңыз
|
120
|
10
|
5
|
0
|
9.
|
Науқасты ары қарайғы жүргізу әдісін дұрыс негіздей отырып анықтаңыз және компетентті түрде пациентті ауру туралы, оның мүмкін болатын асқынулары, емдеу нұсқаулары туралы ақпараттындырыңыз
|
100
|
20
|
10
|
0
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
600
|
100
|
50
|
0
|
Емтихан тапсырушыға арналған қосымша ақпарат:
Объективті:
Жағдайы орташа ауырлықта. Терісі және көрінетін шырышты қабаттары қалыпхты түсті. Пульсі минута 78 рет, ритмді. АД 110/70 110/70 мм. сын.бағ. Дене қызуы 36,5С. Тілі таза, дымқыл. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Ұрғылау симптомы екі жақтан теріс.
Физиологиялық шығарулар қалыпты.
Акушериялық статус:
Жатыры қалыпты, овоидты, мерзіміне жеткен жүктілікке сәйкес. Толғақтары 5-15-30 мин сайын 10-15 сек.
Жүктілік мерзімі етеккір бойынша – 39 апта.
Нәрестенің қалпы ұзыннан, баспен жатыр, кіші жамбас кіре берісінде. Нәрестенің жүрек соғысы минутына140 рет, анық, ритмді.
OS: Жатыр мойны және қынаптың шырышты қабаты таза, бөлінділер жоқ.
PV: Жатыр мойны орталықта ораналасқан, 1,0 см- ге қысқарған, жұмсақ консистенциялы, цервикалды канал 1 к/с ішкі ернеуден өтеді, қағанақ қабы бүтін, нәресте баспен жатыр, кіші жамбас кіре берісіне ығысқан. Мысқа саусақ жетпейді, экзостоздар жоқ.
Жалпы қан анализі:
Эритроциттер –3,2х1012/л
Гемоглобин-110 г/л
Лейкоциттер –4,6х109/л
Ht - 32%
СОЭ – 15 мм/сағ
Тромбоциттеры 270 х 10 9/л
Жалпы зәр анализі:
Түсі – ашық сары
Салыстырмалы салмағы - 1020
Белок - жоқ
УДЗ:
Жатыр қуысында баспен жатқан бір нәресте, өлшемдері жүктіліктің 39 аптасына сәйкес келеді. Жүрек соғысы «+», баспен жатыр. Бала жолдасы жатырдың артқы қабырғасында орналасқан, миометрийдің тонусы– жоғарлаған. Қағанақ суы қалыпты мөлшерде.
Ситуациялық есеп №25
Сіз– гинекологиялық қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге 47 жастағы науқас жиі кіші дәретке баруынына, ішінің төменгі бөлігінің және бел аймағының ауру сезіміне, іштің төменгі жағындағы ауырлыққа шағымданып келді. Бұл шағымдар 1 жылдан бері мазалап жүр.
Тапсырма:
Науқасты қарау және анамнез жинауды жүргізіңіз.
Диагноз қойыңыз.
Салыстырмалы дифференциальді диагностика жүргізіңіз.
Жүргізу тактиканы анықтаңыз.
Емтихан тапсырушыға арналған кезеңдер
Достарыңызбен бөлісу: |