ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
, №2 (128), 2023
ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
319
Заманауи технологиялық әлемде ғұмыр кешіп жатсақ та дүниежүзінің көптеген
елдерінде, ғылыми-техникалық кадрлардың тапшылығы ақпарат көздерінен байқалады.
Сондықтан, көптеген елдерде STEM технологиясы, яғни кіріктірілген пәндер негізінде білім
беруге айрықша көңіл бөлуде.
Қазақстан республикасында кейбір орта мектептерде информатика пәнін оқытуда
STEM технологиясымен робототехника оқытыла басталғанымен, орта мектептерде
информатика пәнін оқытуда STREAM қолданып, бағдарламалау арқылы дамыту осы күнге
дейін жетілмеген.
Оқушыларда ғылыми тұрғыда бейнелеу, оқу-жазуды математика мен инженерияны
қолданып цифрлы өнім құрастыру дағдысы қалыптаспаған. Сондықтан, орта мектепте
STREAM технологиясымен оқытуды дамыту мақсатында, эксперимент ретінде STREAM
технологиясын қолданатын IT сыныптарында жүргізілген информатика пәнінің
факультативтік сабақтар нәтижелері қарастырылды.
Жаһандық экономиканың өзгеруіне байланысты, ағымдағы жұмыс орындарын
автоматтандыруға байланысты кейбір жұмыс орындары жойылып барады және күн сайын
технологиялық жетістіктер нәтижесінде жаңа жұмыс орындары пайда болуда. STREAM
арқылы дамытатын дағдылар оларға мектепте және одан тыс жерде жетістікке жету үшін
негіз болады [11].
STREAM арқылы балалар ғылым, технология, инженерия және математика туралы
түсініктерін бейнелеп интеграцияланған және инновациялық тәсілдермен қолдана отырып,
шынайы әлемдегі мәселелермен шығармашылықпен айналыса алады (1-кесте).
1-кесте – STREAM-технологиясының бағыты мен сипаттамасы
Технология
Неге бағытталған?
Жоба сипаттамасына мысал
1
2
3
S (science)
Нені және оны қалай
зерттейміз?
Нені және оны қалай
меңгереміз?
Нені және оны қалай
танимыз?
Жобаға қажетті элементтерді қолданып, 4×4
мембраналы KeyPad-та қарапайым қауіпсіздік шифр
кілті қосымшасын әзірлеу.
Ардуино аппаратымен 4×4 KeyPad пернелерін
басқанда
бірқатар
операцияларды
орындауға
болады,
бұл
қосымшада
қауіпсіздік
шифр
символдарын дұрыс енгізгенде, экран бетінен хабар
шығып, жасыл жарықдиод жанып серво-матор
ашылуға сигнал беру керек. Ал символдар қате
енгізілсе қызыл жарықдиод жанып ашылмайтын
сигнал беру керек. Ол үшін MBlock бағдарламалау
ортасына Extensions мәзірі арқылы екі қондырма
KeyPad_4x4_Strings_Char_TR, LiquidCrystal_I2C_TR
орнату ұсынылады.
T (technology)
Оқушылар қандай
алгоритм қызметін
меңгереді?
Жобаны жасау үшін, Scratch негізінде mBlock
бағдарламалау ортасын қолдану. Arduino UNO
платформасына берілген электр схемасы арқылы
құрастыру.
key_say деп аталатын кілттер санын сақтау үшін
сандық айнымалы енгізіп, алгоритм бойынша код
жазу.
R (reading)
Қосымша қандай әдеби
шығарма оқыдың, одан
не түртіп алдың?
«Сүлеймен патшаның қазынасы» құпиясының шифр
кілті туралы аңыз.
|