Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет8/13
Дата08.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#122900
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Бекіту сұрақтары:

1.Абай орыс ақындарынан кімдердің шығармаларын аударды?

2. Көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Абай» энциклопедиясы.

2.\\ Абай журналы - № 7-9


Дәріс № 13 Абайдың қарасөздері
Сабақтың мақсаты: Абайдың қара сөздерінің мән мағынасын кеңінен ашып, зерттеу. Ақын осы сөздері арқылы не айтқысы келді соны мәнін ұғынуға бағыт беру. Абай сөзінің құндылығын әр қырдан талдау.

Тірек сөздер: ғақлия сөз, қара сөз, ақыл, ғылым, парасат, адам, мінез, мансап, жан, құмарлық, тән, ғибарттану, адамгершілік т.б.

Сабақтың жоспары:


  1. Абай сөздерінің жіктелуі

  2. Тақырыптық жүйесі, оның ақын өлеңімен үндестігі.

Абай XIX ғасырдың 90-жылдары өзінің ой толғаныстарын қара сөздермен жазған. Өз шығармасын қара сөзбен жазудың публицистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан болса, көркем қара сөз қазақтың көркем жазба әдебиеті тарихында Ы.Алтынсариннен басталады. Одан әрі қарай дамытушы Абай болды.

Абайдың қара сөздері- көркем әңгіме емес, ғақлиялық даналық сөздер. Онда ғылыми философиялық толғаныстар кең орын алған. Абай қара сөздерді жазуға зор дайындықпен келген. Ол бұл еңбектерін діни сопылық теологиялық ғылымды да, жаратылыс заңдарын ашқан Галилей, Коперник, Спенсер, Ньютон, Пифагор, Сократ шығармаларын да, шығыстың ойшылдары- Фирдауси, Шамси, Қожа Хафиз, Бабыр т.б. еңбектерін де оқып, ақыл-парасаты әбден толықсыған шағында жаузға кіріскен. Ол қара сөздердегі келтірілген терминдік атаулар мен сілтемелерден немесе ой-пікір үндестігінен байқалады.

Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық, ғибрат беуріді көздей құрылған. Көпшілік қара сөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады. Немесе өзімен-өзі кеңесу, ой- пікір білдіру үлгісінде құрылады. Бұл – Батыс, орыс ойшылдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркемөнер, этика мәселелері туралы өз көзқарастарын білдіруде олар осы әдісті кеңінен пайдаланған.

Абай өзінің қара сөздерін жазудағы мақсатын былайша баяндайды. «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры, осыған бел байладым. Енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл –ел қамын ойлаған ұлы ойшыл-ғалымның өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым-қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді.

Қара сөздердің жалпы саны – қырық алты. Олардың әрқайсысы әлеуметтік өмірдегі белгілі бір мәселені сөз етіп, ой-пікір білдіреді.

Абайдың қара сөздерін тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.


  1. Дүниенің тылсым сырын танып білу мәселесіне «Жетінші », «Он тоғызыншы»,«Отыз бірінші»,«Отыз сегізінші»,«Қырық үшінші» қара сөздерінде тоқталып, ой қорытады. Ол өзінің «Қырық үшінші» қара сөзінде «Адам баласы көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілімен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады да, содан білгені, көргені көп адам есті, білімді болады»дейді. Ал «Жетінші» қара сөзінде: «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмарлығы. Екіншісі- білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыншымау. Бұл – жан құмарлығы... » деп жан мен тәннің байланысын ашуға талпыныс жасайды да, қырық үшінші сөзінде: «Адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты- ақыл, ғылым... Ол талаптылықпен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды.

Абай естіген нәрсені еске сақатудың, есті тәрбиелеп жетілдірудің жолдарын да сөз еткен. Ол өзінің «Отыз бірінші» сөзінде: «Естіген нәрсені ұмытпасққа төрт түрлі себеп бар: әуелі- көкірегі байлаулы берік болмақ керек, екіншісі- сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек, үшінші- сол нәрсені ішінен бірнеше рет қайталап ойланып, көңілге берікту керек, төртінші- ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы күлкішілдік, я бір қайғыға салынып, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе- күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер»,- деп ынта қоя тыңдау, естігенді ойда қайталап бекіту, көңіл-күйдің әр түрлі әсерлерінде үнемі салынып, беріліп кетпеу, ерік-жігерді тізгіндеп ұстау жөнінде педегеогикалық тұрғыдан ақыл-кеңес береді.

  1. Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» қара сөздері ілім-білімге ұмтылуға бөгет болатын надандық, талапсыздық, жалқаулық мінездерді сынауға арналған. Ол бірлік, тірлік деген сөздердің мәнін аша келіп, «Алтыншы» сөзінде «бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес» десе, енді бір жерінде «ырыс алды –тірлік» дейді де, «Ол қандай тірлік?... Жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тіршілік итте бар.... Жанын қорғалатып, жаудан қашып, еріншек атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болды.... Тірлік олар емес, көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адам еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.

Кеселді жалқау, қылжақпас,

Әзір тамақ, әзір ас.

Сыртың пысық, ішің лас,

Артын ойлап ұялмас,-

болып жүріп, тірімін деме, одан да алла жіберген ақ бұйрықты

өлімнің өзі артық »,- дейді.



  1. Ар-ұят, адамгершілік мәселелері «Бесінші», «Он бірінші», «Он сегізінші» сөздерінде әңгіме болады. «Отыз үшінші» сөзінде мал табудың жолдарын өнерден іздеу туралы өсиет айтады. «Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнерлі қазақтың әулиесі- сол.... Бірақ өнеріңді бұлдай, бағалай біл »дейді. Абай «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озды. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де- ақымақшылдық » деген қорытынды жасайды.

  2. Абай ғылым, білім, өнер жайын сөз еткенде, ең алдымен сауданың тегін білетін өзбек, татар жұртын, өнер ғылымның жолын қуған орыс жұртын үлгі етеді. «хикмет те, өнер де, мал да, ғылым да – бәрі орыста тұр. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына енеді... Орыстың ғылымы, өнері- дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі»-дейді. («Жиырма бесінші» сөзі)

Абайдың көптеген өлеңдеріндегі сияқты қара сөздерінде нақыл, мақал-мәтелге айналып кеткен айшықты сөз тіркестері жиі кездеседі.

Мәселен, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық», «Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол», «Қайратсыз ашу- тұл, тұрлаусыз ғашық- тұл, шәкіртсіз ғалым- тұл». Абай еңбектің адам баласының игілігі үшін аса қажетті іс-әрекет екенін айта келіп, оны жоғары адамгершілік қасиетпен байланыстыра қарастырады. Мәселен, ол: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамгершіліктің қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың», «Әкесінің баласы- адамның дұшпаны, адамның баласы- бауырың»- деп бүкіл адам баласын сүю, халыққа, көпке пайдасын тигізу сияқты ұлы гуманистік қасиеттерді дәріптейді. Абайдың қара сөздеріндегі еңбек, ғылым, адамгершілік, әділдік, т.б. туралы озат ой- пікірлер оның ағартушылық, демократиялық көзқарасын айқындай түседі.



«Қара сөздер » Абайдың соңғы туындылары қатарына жатады. Себебі 1900-1904 жылдары арасында жүрек ауруының асқынуы салдарынан ұлы ойшыл өндіріп көп еңбек жаза алмаған. Сөйтіп, ол 1904 жылы 23 маусымда 59 жасында дүниеден қайтты.

Бекіту сұрақтары.

  1. Абайдың қара сөздерін тақырыптық тұрғыдан талдаңдар?

  2. Абай осы сөздері арқылы қоғам, адам қандай болу керек ?

  3. Абайдың қара сөзімен тағы қандай ақындар сөзінің арасында үндестік бар?


Пайдаланған әдебиеттер:

«Хакім Абай» - Ғ. Есімов, Алматы

М.Дулатов «Абайдың шығармалар»жинағы Алматы 1991

«Абайдың қара сөздері»



Дәріс № 14 Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы
Сабақтың мақсаты: Абай мұрасын тану, бағалау, бүгінге дейінгі зерттеліп келе жатқан мәселелерді жан-жақты қарастырып, қазақ әдебиеті тарихы ғылымының іргелі саласының бірі-абайтанудың қалыптасуын кеңінен тану.

Тірек сөздер: абайтану, өлең, ғылыми мақала,жинақ т.б.

Сабақтың жоспары:

  1. Абайтану пәнінің қалыптасу тарихы

  2. Абайтану пәнінің мақсаты мен міндеті

Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі.Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ , оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар.Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой – пікірлердің жарық көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады.Бірақ Абайды алғашқы зерттеушілердің аты – жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді.Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайында ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды.

Абайдың екі өлеңі ( «Семей уезі Шыңғыс елінің қазағы Ибраһим Құнанбайұлы ауылының Бақанас өзенінің бойындағы Көпбейіт деген жерге қонып жатқандағы түрі » ) («Жаз ») «1888 жылғы май айында Ақшатау деген жерде Семей облысы мен Жетісу облысының чрезвычайный съезі болғанда бір уездің ел билеушілерінің түрі » («Болыс болдым , мінеки» ) деген аттармен 1889 жылы «Дала уалаяты газетінің » 7 , 12 сандарында басылыпты.Одан кейін 1897 жылы Қазанда Бектұрған Сиқымбай ұлы бастырып, Жанұзақ ақын құрастырған «Князь бен Зағифа » атты хиссада Абайдың «Сынағандағы аттың сыны» ( «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» ) , «Бүркітші » («Қан сонарда бүркітші шығады аңға» ) атты өлеңдері жарық көрген.Алдыңғы екі өлең Көкбай ақын атынан жарияланып, соңғы екі өлеңді кітапты құқрастырушы авторын айтпай, айтыс тексіне кіргізіп пайдаланған.Оларда осы күнгі белгілі нұсқалардан ауытқу да байқалады.

Ал, Абайдың өмірі мен ақындық өнері жөнінде бірінші ғылыми ой айтқан адам -Әлихан Бөкейханов.1903 жылы «Киргизский край» атты кітапқа кірген қазақөтың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеуінде ол «Қырғыз ( Қазақ ) поэзиясындағы жаңа бағыттың өкілі есебінде Құнанбаааевты ( Кітапта «Кномбия» болып қате басылған) ( Семей) атауға болады, ол поэтикалық түрі мен мазмұны жағынан көптеген әсем өлеңдердің авторы ( әсіресе, табиғатты суреттеуі) ». «Евгений Онегин» мен Лермонтовтың көп өлеңдерінің жақсы аудармаларын жасаған да сол ( олар қырғыздарға (қазақтарға ) тым түсінікті түрде аударылған) – деп жазған.Ол кейін Тұрағұл мен Кәкітайға Абай өлеңдерін жинап бастыру жөнінде хат жазып, солар арқылы ұлы ақынның шығармаларымен толық танысқан.Соның нәтижесінде 1905 жылы «Абай ( Ибраһим) Құнанбаев » атты азанама – мақала жазған.Мақалада автор Абайдың шыққан тегі, өмірі, шығармашылық жолы жайлы тұңғыш мәліметтер береді.Ақынның шығармашылық ізденісінің негізгі бағыттарына , көркемдік табыстарына тоқталады.Сөйтіп ол : «өлеңдерінен көріп тұрғандай , Абай аса талантты поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы бола білді.Халықтың рухани шығармашылық қасиетін осынша биікке көтерген Абай сияқты қырғыз (қазақ ) ақыны осы кезге шейін болған емес.Жылдың төрт мезгіліне арнаған (Көктем, жаз, күз және қыс ) тамаша жырлары оны Европаның атақты ақындарының қатарына қояды » - деген қорытынды жасайды.

Осы шағын пікірлердің өзінен Абайдың ұлылығын, қазақтың жаңа дәуірдегі әдебиетінде алатын орнын, ақынның дүниежүзілік поэзиясының биік деңгейіндегі шығармашылық қызметін дұрыс танығанын көруге болады.Бұл пікірлер Абай туралы соңғы айтылар ойларға мұрындық болды.Оның үстіне , жоғарыдағы мақалаға қарағанда , Әлихан Абай шығармаларын жинатып, өзі басқаруымен Семейде ( орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі арқылы ) бастырмақ болған сияқты. 1906 жылы Павлодарда ұсталған Әлиханның портфелі ішінде Абайдың қолжазбасы болғаны да мұны растай түседі.Алайда сол кездегі саяси жағдайдың ауырлыгынан ол бұл ойын іске асыра алмаған. Әлиханның үздіксіз қуғындалуынан қауіп қылған Кәкітайдың Семей, Омбы жағынан ештеме тындыра алмай, Петербургке де осымен байланысты болса керек.

Абайдың тұңғыш шыққан өлеңдер жинағы ( 1909 , Петербург ) Абайтануда , ақын атын туған халқына кең жаюда ерекше маңызды қызмет атқарған ұлы уақиғалардың қатарына жатады.Оны бастырушылар – ақынның ұлы Тұрағұл мен інісі Ысқақтың баласы Кәкітай.Абай тәрбиесінде болып, қасында көп жүрген Кәкітай – оның мұрасының да жарық көруіне көп күш салған.Ол жинаққа «Абай Ққнанбайұлының өмірі» атты мақала жазған. Абай кітабының тұңғыш басылымының тарихи маңызына қоса , ақын өмірі мен шығармашылығы жайынжа оқырмандарға тың мәліметтер ұсынған Кәкітай мақаласы да Абайтану тарихында көрнекті орын алады.Онда Кәкітай Абай өлеңдерінің тууына себеп болған тарихи шындық пен ақын бастан кешкен қайғының түп – төркінін жақсы ашып көрсетеді.Оның акындық ізденістерінің шеңберін айқындайды.Абайдың ақындық биікке көтерілуінің негізгі себептерінң орыс және дүниежүзілік әдебиет пен ғылым деңгейінен іздеу Кәкітай мақаласының өміршең, кейінгі зерттеушілерге ой салған ерекше маңызды тезисі болды. «Орыс ғылымын кітапта оқығандық Абайдың көңіліндегі ақындығын қозғағанын » ол орынды айтты.М.Әуезов кезінде бұл мақаланы жоғары бағалап, ақынның өмірбаянын жазуға көмектескенін мойындаған.

Абай жинағы шығып, халық арасына тараған кезде оның ақындық өнерін айрықша сөз етіп, ұлылығын мойындап, алғашқы пікір айтқан адам – А.Байтұрсынов еді.Ол «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев, онан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ баласындабіз білетін ақын болған жоқ » - деп түйін айтты.Әуелі ( 1903 ) Абай өлеңдерімен қолжазба дәптер күйінде танысып, кейін (1909) ақын кітабын оқығаннан кейінгі әсерін айта келіп, Ахмет Абайдың «Сөзі аз, мағынасы көп, терең » жырларының шығуы жағдайларына, әлеуметтік сырына, көркемдігіне үңіледі.Жеңіл ойлап, ашық айта салатын жадағай халық жырларына Абай сөзін қарсы қоя отырып, ол сөздің ішкі мағынасын түсіне, терең оқудың қиыншылығы Абайдан басталатынын атап көрсетеді.Абай сөзінің жалпы жұрттың ұғымына ауырлығын айта отырып, «Ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік... Не нәрсе жайынан жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қарамай жазады» , -дейді.Қазақ әдебиетінде Абайдың өзі тұңғыш көтерген айтушы мен тыңдаушының проблемасын Ахмет осылай ақын өлеңін оқу, түсіну тұрғысына талдайды.


Бекіту сұрақтары:

    1. Абайтану саласы қай жылдан бастап зерттеле бастады?

    2. Абайтану пәнінің мақсаты?

    3. Абай мұрасын танытудағы еңбектер?

Әдебиеттер тізімі:

1.М.Мырзахмет «Абайтану тарихы» Алматы – 1994ж.

2. Қ.Мұхаметқанов «Абай мұрагерлері» Алматы-1995 ж.




Дәріс №15 Абайтану ғылымының зерттелуі. Абай және М.Әуезов

Сабақтың мақсаты: Абайтану ғылымын зерттеуді М.Әуезовтың қосқан үлесі жайлы мәлімет беру.

Тірек сөздер: ғылым,заңғар биік,әлем,халық т.б.

Сабақтың жоспары:

  1. М.Әуезов және Абай

  2. Абай мұрасын зерттеуші М.Әуезов

Мұхтар Әуезовтың Абай мұрасын ғылыми тұрғыдан танып білу жолында жарты ғасырға таяу толассыз ізденіс үстінде туған көп салалы ғылыми зерттеу еңбектері абайтанудың қолы жетпес заңғар биігіне айналып отыр. Бұл еңбектердің нәтижесінде М.Әуезов қазақ әдебиеті тарихын іргелі де көрнекті саласы абайтанудың негізін салушы әрі ол мұраны ғылыми творчестволық жолмен бүкіл әлем халқына таныту арқылы да әдебиеттану саласында қайталанбас дарынды тұлға ретінде танылып, мойындалды. Абай мұрасын терең бойлай танып білу мен насихаттау жайында атқарған ұлан-ғайыр еңбегі қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ ұлттың рухани қазыналы байлығына айналып та үлгерді.

«Абай» журналының ұлы ақын мұрасын жөнінде мақалалар жазып, Абайдың қайтыс болуына жиырма жыл толуына орай ақын мұрасын жинастырып, өмірі мен творчествасын зерттеуге кіріскен М.Әуезов ғұмырының соңына дейін толассыз іздену үстінде болды. Абай мұрасын зерттеу – автордың дем беру үшін рухани қайнарына айналды. Ол мұра жөнінде жазылған М.Әуезовтың жазылған көп салалы ғылыми зерттеу еңбектері мен көп томды ұлы эпопеясын жазуы- ғылыми творчествалық зор мақсаттың шын мәнінде жүзеге асуын бұлтартпас дәйекті айғағына айналды. Тек қана бір ақынның мұрасы жайында бір ғана зерттеушінің соншалықты зор көлемде зерттеу жұмысын жүргізумен бүкіл әлем оқырманын табындырған көркем шығармалар жазуы әлем әдебиеті тарихында кездесе бермейтін бірегей құбылыс.

М.Әуезовтың ұзақ жылдар бойы жүргізген ізденіс үстінде туған ой-пікірлері түгелге жуық «Әр жылдар ойлары» деген атпен басылым көрген монографиялық еңбегінің желісіне сіңісіп отырған. Бұл еңбек автордың ұлы ақын мұрасына арналған жоғарғы оқу орындарында абайтанудың арнаулы курсынан оқылған дәрістері арқылы жинақталған ой-пікірлері мен танымдары болатын. Өйткені осы монографиялық еңбегіне дейін мұрасының әр түрлі салаларын өз алдына жеке сөз етіп, ізденісте жүргізіп келсе, сол жан-жақты ізденіс үстінде туған ойлары мен танымдарын түгелге жуық қамти отырып, ғылыми негізде хронологиялық желіге түсіріп, баяндап берген. Мұнда көзделген басты міндет – Абай мұрасының сырын, болмысын танып білумен қалың оқырман қауымға таныту болуы себепті де, ол ақын мұрасын тұтас қамтып, көптен бері айтып, жазып келе жатқан ой танымдарын өзі ұстанған хронологиялық желісіне шебер түрде сіңімді өріліп, үйлесім тапқан табиғи тұтастықты көреміз.

Абай мұрасын тұтас қамтып зерттеу нысанын алғанда хронологиялық желіне қолдану мақсаты – Абайдың ақындық өнері мен дүниетанымындағы өзгерістер мен толысудың, іштей түлеп рухани қорлаудың эволюциялық даму жолын көрсетуде.

Еңбектегі назар аударарлық ерекшелік – Абайдың мәдени мұрасын тұтас қамытылып, ақындық мәдениеті мен көркемдік шеберлігінің даму жолдары, дүниетанымы мен рухани өсуінің эволюциясын хронологиялық желіге сүйене отырып, әрі ақын творчествосындағы өзгерістер мен бетбұрыстардың себебін сол дәуірдің тарихи шындығы мен сабақтастыра қарап, сырын ашып саралауда жатыр.

Елуінші жылдар ішіндегі зерттеулерде М.Әуезов Абай мұрасы жайында кейбір талас тудырған күрделі мәселелерге көңіл аудара бастады. Әсіресе, Абайдың әдеби мектебі немесе Абайдың шәкірт ақындары туралы қолдан қоздырылған, бірақ ғылыми ойдан тыс, саяси идеологиялық мақсат көздеген теріс бағыттағы ой-танымдары мен пікір таластырып, өз көзқарасын қорғау жолында күреске түсті. Ұтыстар да ұтылыстар да болып жатты. Бұл салада күресте ақыры шындық жеңді. Бірақ кешігіп келді ...

Бұл тұста кейбір зерттеушілер тарапынан Абай ақындығының алғашқы жылдарындағы шығармалары ешбір ғылыми дәлелсіз сыңаржақтылықпен терістеле бастады. М.Әуезов бұл мәселеге де ерекше көңіл аударып, алғашқы жылдардағы ақын шығармаларының сыры мен қырын ғылыми тұрғыдан тереңдей аша отырып, пайдасынан зияны басым ғылыми ойға жат нигелистік пікірдің жалғандығын батыл әшкереледі.

Ұлы ақын мұрасы жолындағы ізденістері мен жиырмасыншы ғасырдың ұлы туындысы аталған «Абай жолы» эпопеясы – қазақ елінің өткені мен бүгінгі дәуірінің рухани көпіріне, яғни дәстүрлер жалғастығына айналуда. Енді Абай мұрасының сыры мен қырының мән-мағынасын М.Әуезовтың абайтану саласындағы ғылыми еңбектері мен «Абай жолы» эпопеясы арқылы танып білетін рухани ғажап құралға ие болудамыз.

М.Әуезов- ұлыларға тән көп қырлы дарын иесі. Оның көркемдік әлемі мен жарты ғасырға жуық Абай мұрасы туралы ғылыми зерттеу еңбектерін танып білу жолында ғалымдар тарапынан атқарылар көп салалы аумағы мол арналы міндеттерді алға тартады. Айтулы дарын иелерінің творчестволық өмірінде құлай берілген әрі ұзақ ізденуден туатын жан сыры ретінде жазылатын бас шығармасы болмақ. М.Әуезовтың мұндай туындысы – «Абай жолы» эпопеясы.

М.Әуезовтың жиырма томдық шығармалар жинағында абайтану саласында жазылған еңбектері түгелге жуық беріліп, олардың бәріне де арнайы ғылыми түсініктемелер жазылды.

«Абай» энциклопедиясында да М.Әуезовтың абайтану саласындағы еңбектері мен зерттеулері өз көрінісін толық тауып, оқырманға келгелі отыр.

М.Әуезовтың абайтану тарихындағы орны мен сол жолда жазылған ғылыми зерттеу еңбектері жайында осы жолда автор тарапынан 1982 жылы «Ғылым »баспасына «М.Әуезов және абайтану проблемалары» деген көлемді монографиясында қамтылған болатын. Абайтану тарихы саласында М.Әуезов атқарған тарихи еңбектің желісін танып білуді қалаған оқырманының назарына сол басылымды ұсынады. Осымен абайтану тарихындағы М.Әуезов дәуірі аяқталады. Ол кезең 1965 жыл мен 1995 жылдар аралығын қамтып, ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойын қамтумен шектеледі.


Бекіту сұрақтары:

  1. М.Әуезов мұрасын зерттеу барысында қандай мәселелерге тоқталды?

  2. Әуезовтың қандай ғылыми еңбектері абайтанудың қалыптасуына жол ашты?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.С.Мұқанов «Таңдамалы шығармалар» 16-том жарқын жұлдыздар Алматы, 1980 жыл

2. М.Мырзахмет «Абайтану тарихы»




Тәжірибелік сабақтарының қысқаша сипаттамасы

1 тәжірибелік сабақ: Абай өмір сүрген дәуір болмысы ХІХ ғасыр ІІ жартысы қазақ халқының тарихи жағдайы. Ел билеу ісі



Сабақтың мақсаты: Абай мұрасын танытуда орын алған еңбектер мен зерттеулерге кеңінен тоқталу

Сабақтың жоспары:

  1. Абай мұрасын танытудағы еңбектер мен зерттеулер

  2. Абай ақындығының алғашқы және толысу кезеңдері

Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін 100 жылдан астам тарихы бар. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой-пікірлердің жарық көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады. Бірақ Абайды алғаш зерттеушілердің аты-жөні менен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып, Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді. Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайын да ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды.

Абайдың өмірі мен ақындық өнері жөнінде бірінші ғылыми ой айтқан адам - Әлихан Бөкейханов. 1903 жылы «Киргизский край» атты кітапқа кірген қазақтың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеуде ол «Қырғыз поэзиясындағы жаңа бағыттың өкілі есебінде Құнанбаевты атауға болады, ол поэтикалық түр мен мазмұны жағынан көптеген әсем өлеңдердің авторы. «Евгений Онегин» мен Лермонтовтың көп өлеңдерін жақсы аудармаларын жасаған да сол»-деп жазған. 1905 жылы «Абай Құнанбаев» атты мақала жазған. Мақалада автор Абайдық шыққан тегі, өмірі, шығармашылығы жөнінде тұңғыш мәліметтер береді. Ақынның шығармашылық ізденісінің негізгі бағыттарына, көркемдік табыстарына тоқталады. Сөйтіп, ол «өлеңдерінен көрініп тұрғандай, Абай аса талантты поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы бола білді. Халықтың рухани шығармашылық қасиетін осынша биікке көтерген Абай сияқты қазақ ақынын осы кезге шейін болған емес, жылдың төрт мезгіліне арнаған тамаша жырлары оны Европаның атақты ақындарының қатарына қояды»- деп қорытынды жасайды.

Абайдық ақындық өнерін айрықша сөз етіп, ұлылығын мойындап, алғашқы пікір айтқан адам – Ахмет Байтұрсынов еді. Ол «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»-деп түйін айтты. Ахмет Абайдың «Сөзі аз, мағынасы көп, терең» жырларының шығуы жайларында әлеуметтік сырына, көркемдігіне үңіледі. Жеңіл ойлап, ашық айта салатын жағдай халық жырларына Абай сөзін қарсы қоя отырып, ол сөздің ішкі мағынасын түсіне, терең оқудың қиыншылығы Абайдан басталатынын атап көрсетеді.

Тағы да Ахмет «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек.Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған »- деп жазады.

Ахметтен кейін Абайтану саласында бағалы ой айтқан адам – М.Дулатов. Оның «Абай » атты мақаласы ақынның қайтыс болуының 10 жылдығына арнап жазылған. Ол да Абайдың жаңа мазмұнды ұлттық әдебиет жасаудағы орнын айрықша атайды. «Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып, оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың бізге қымбаттығы да сол»- дейді.

Бұл әрине Абайға дейінгі ұлттық әдебиетті жоққа шығару емес, ақынның дүниежүзілік биік үлгіге сүйенген жаңа әдебиет жасаудағы еңбегін бағалау. Оның жырларының халықтың жүрегіне «Сәуле беріп», «Алғашқы атқан жарық жұлдыздай» еткен әсерін Міржақып айрықша атайды.

Сонымен қатар мақалада Абай өлеңдерінің қолжазба күйінде тарауы тарихынан мәлімет беріледі. 1904 жылы мұндай жинақты Ахмет Байтұрсыновтың көріп оқығанын Ә.Бөкейхановтың оны бастыру жөніндегі талабын Петербург басылымының жайында әңгімелейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет