айталау. Жаңадан үйренген зат атауын немесе буынды
дыбыстарды қайталауын талап етпей, ойынмен ырықсыз
қайталауы арқылы есіне саламыз. Осы орайда баланың тілін
дамытудағы табысты тәсіл–мнемотехника. Сөйлеу – мидың
бірнеше бөлігінің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Артикуляция
мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындайды. Көрнекілік
есте сақтау және есту, суретін көру арқылы баланың барлық
психикалық процестерін дамытуға болады. Оны жүзеге асыруда
мнемотехниканың пайдасы зор. Ол баланың қоршаған орта, табиғат
туралы білімін кеңейтуге, әңгіме барысын тиімді есте сақтауға,
әңгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттердің
жүйесі. Мнемокесте қарапайымнан басталып, күрделене түседі.
Бала өмірінің алғашқы айларында есте сақтау механикалық
түрде іске асады. Бұл кезеңде тек қана қозғалыс – ассоциациялық
ес байқалады. Мысалы: баланы емізу үшін қолға алғанда, әлі де
анасының омырауына аузы тиместен сәби сору қозғалыстарын
жасай бастайды. Ал, өсе келе балада ойлауы мен тілінің бірге
дамуы негізінде есте сақтауы қалыптаса бастайды. Демек, 5-6
жасқа дейінгі балада ойлауы жеткіліксіз болып келгендіктен,
көптеген нәрселерді механикалық түрде есте қалдыруға тура
келеді. Бала бір ертегіні бірнеше рет тыңдаса, оны жеңіл, әрі
берік меңгереді. Сөздерді механикалық есте қалдырып қана
қоймай, ертегінің мағыналық мазмұнын түсіне алады, әртүрлі
сезімдерді бастан кешіреді, ал бұл тікелей есте сақтау процесін
жандандырады.
Сондықтан, ата- аналар, бір оқыған ертегі бізге қызықсыз
болғанымен, бала оны тыңдаудан, ондағы эмоцияны қайта
кешуден еш жалықпайды.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз дүниелердің, құбылыстардың
сырын білуге құмартады. Олардың алдында күнделікті
жаңа сұрақтар тұрады. Сол сұрақтың жауабын ересектерден
күтеді, өйткені олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні
болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар баланың ақыл – ой еңбегімен
шұғылдануға ынталандырады. Сондықтан, ересектер бала сұрағын
25
24
жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі, сұрағына жауап
ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды
және бұл баланың дүниені тануына кері әсер етеді.