Семья indd


Ойын трлерін трлендіріп отыру керек



Pdf көрінісі
бет13/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52
балам сөйлесін десеңіз

Ойын трлерін трлендіріп отыру керек. Жоғарыда айтып 
өткендей, ойын мектеп жасына дейінгі кезеңде басталып, адаммен 
өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Бала ойнап жүріп 
ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі көтеріліп, ойы сергиді, денесі 
шымырланады. Сырттай қарағанда ойын қиындығы жоқ, оп-
оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты 
басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай 
емес. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан 
үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. 
Сондықтан да ол–бала бойындағы қандай да болмасын бір өнердің 
бастауы деп білеміз.Суреттері бар кітапты көру, кейін қозғалмалы 
ойын ойнату, одан сурет салу сияқты іс-әрекеттерді қозғалмалы 
ойындармен алмастырған дұрыс. Арнайы ойындар осы кітапта 
берілген.


27
26
ТІЛІ ШЫҒА ҚОЙМАҒАН БАЛАМЕН
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Баланы мейірімге қанық ету. Кей елдерде баланы жасқа толғанға 
дейін анасынан бір адым да алыстатпай өсіреді. Бірге баламен 
тамақтанады, бірге ұйықтайды, жұмыс жасағанда арқасына 
байлап алып жүреді. Мұндай балалар 2 жасына қарай неғұрлым 
тәуелсіз болып келеді. Бала қолға үйреніп кетеді деумен, оған 
әдемі бөлме дайындап, бөлек жатқызған, уақытпен ғана емген 
балалар өсе келе үлкендердің назарын үнемі талап ететін, өз 
бетімен ойнай алмайтын, тілі кеш шығатын балалар болады.
Анасының тұрақты жанында болуы, жылы құшағы, сүтті 
уақытсыз, мөлшерсіз тоя ішуі арқылы нәресте қажеттіліктерін 
қанағаттандырады, осылайша анасының үнемі көңілін талап етуі 
басылады. Мысалы, қолымыз жетпеген дүниеге ынтық боламыз 
ғой, диетаны қиналып ұстаған адам тоңазытқыштағының бәрін 
жеуге ынтызар болады, жастайынан жоқшылықты көрген бала
өсе келе ақша мен қымбат заттарға тәуелді боп қалады. Осы 
сияқты бала жақынының назары мен мейірімін қажет еткенде 
себепсіз жылап, қырсықтық көрсетіп, жиі ауыруы да мүмкін. 
Осыдан кейін ата-анасы көңіл бөліп, бар мейірімін танытса да 
бала оған тоймай, сол қиқар тәртібін, тілін түсінбегенде ызалық 
танытуын жалғастыра береді. Өйткені ол өзін сақтандыру үшін 
екі есе көңіл бөлуін сұрайды. Егер ешқайда асықпай, баламен 
бірге тынығуды шешкенде, нәрестеміз күшті де, уақытты 
да талап етпей жылдам ұйқыға кетеді. Ал егер бізді шұғыл 
шаруа, ас бөлмедегі қайнап жатқан сорпа, сүйікті сериал, қонақ 
бөлмеде күтіп отырған қонақ болса – баланы ұйықтатау ұзаққа 
созылады, ұйықтағандай болады енді шыға бергенде, қайта 
жылап оянады. Анасының кетуге асық болғанын сезгендей, 
оны жібермеуге тырысады. Яғни бала тілінің кешеуілдеуі де, 
анасының назарының аз болуында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет