21
20
кейбір еңбек әрекеттерін (жинау, жуу, сүрту) дұрыс жеткізе
білуді қалыптастыру. Яғни заттар мен әрекеттерді жеке сөздермен
және екі сөзден тұратын сөйлемдермен айтуға ынталандыру
керек. Диалогты тілді дамытуға әсер ететін қарым-қатынас
жағдаяттарын құру, баланы түрлі себептермен
ересектерге және
балаларға өтінішін білдіруге ынталандыру, сұрақтар қоя білу,
өз тілектерін, өтініштерін білдіре алуын қалыптастыру кезеңі
басталады. Баланың ана тілінде сөйлемді дұрыс құрастыруын
үйретіп, оны түзеп отыру, дыбыстарды дұрыс айтуға мүмкіндік
туғызу. Дауысты а, у, и, о және дауыссыз м, б, п, т, д, н дыбыстарын
анық айта білуге үйретуді жалғастыру.
2 жастан аса бала еліктеу негізінде:
-
Заттар мен жануарлардың аттарын, олардың қимылдарын;
-
Заттардың белгілерін, күйін, орналасқан орнын;
-
Жақын адамдарының туыстық атауларын;
-
Ересектерді
мұқият тыңдау, өзін бөлек ортада дұрыс ұстау
нұсқаулықтарын орындауын;
-
Сюжетті суреттер бойынша үлкендердің шағын әңгімелерін
түсінуді;
-
Ересектердің сөздеріне еліктеп, кейбір еңбек әрекеттерін
дұрыс атап, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты ретке
келтіріп және тілектерін білдіруге
байланысты сөздерді қолдануды;
-
Сын есімдерді (үлкен, кіші, жақсы, жаман, дәмді) өз бетінше
қолдана білуді;
-
Өтінішін сөзбен немесе сөз тіркестерімен білдіруді, тап-
сырманы мұқият тыңдап, басқа адамға жеткізуді білуі тиіс.
3–4 жастағы балалардың дамуында да еліктеудің маңызы зор.
Олар үшін:
-
Сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлігін дамыту;
-
Сөздік қорын әңгімелесу арқылы, танымын кеңейту арқылы
толықтыру;
- Ана тілінің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын
қалыптастыру;
-
Өз
ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдыларын
қалыптастыру;
-
Баланың қызығушылығын халық ауыз әдебиетіне қарай
баулу;
-
Қарым- қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын
дамыту;
-
Байланыстырып сөйлеуге, яғни ойды тыңдап, оны түсіну,
әңгімеге араласып, өзіне қойылған
сұрақтарға жауап беріп, өзін
қызықтырған сұрақтарды сұрауға үйрету қажет;
-
Ересектің көмегімен сурет бойынша екі-үш сөзден тұратын
қысқаша әңгіме құрау;
-
Барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтуды
үйрете аласыз.
Еліктеу арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін,
өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады. Бала – сіздің
айнаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: