Семья indd


кеейтіп, пассивті сөздік орын молайту. Яни, өзіміз сра



Pdf көрінісі
бет15/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
балам сөйлесін десеңіз

кеейтіп, пассивті сөздік орын молайту. Яни, өзіміз сра 
оямыз, өзіміз жауап береміз. Мысалы: «Мына сиыр не жеп 
т р. Сиыр шөп жеп т р екен». 
Жалпы сөйлеу екіге бөлінеді: белсенді сөйлеу – адамның 
айтқан сөзі және пассивті сөйлеу – адамның іштей түсінген сөзі. 
Балада ең алдымен пассивті сөйлеу дамиды, яғни 1-3 жасқа 
дейін бала сөзді түсініп, оны сөздік қорына жинап алып барып, 
белсенді сөйлеуге қосады. Көбіне ата-аналар айтып жатады, 
баласы бәрін түсінеді, бірақ сөйлей алмайды деп. Дәл осы кезде 
алда танысатын танымдық ойындарды қолданса, біршама 
жетістікке жетуге болады.
ПАССИВТІ СӨЗДІК ҚОРЫН
ТОЛЫҚТЫРУДАҒЫ ОЙЫНДАР
М.Горкийдің «Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болса соның 
бәрімен де ойнайды, ол өзінің айналасындағы дүниені ойын 
және ойыншық үстінде тез таниды. Бала сөзбен де ойнайды, 
осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, 
тілдің музыкасын ұғады»,–дегені мәлім. Баланың танымдық 
дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-
қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір бала – қоршаған 
ортасын зерттеуші. Баланың жан-жақты дамуы, оның қоршаған 
ортамен белсенді қарым- қатынасы негізінде қалыптасады. 
Сезіну – танып білу – жүзеге асыру осы үш бағытта жұмысты 
ұйымдастыру қажет. 
‡айсысы сені ана, көрсетші?
(1 жас шамасындаы балалара )
Бірнеше адам жиылғанда, баладан анасының қайсысы екенін 
табуын сұраймыз, егер білмей жатса көрсетеміз. «Міне сенің 
анаң», келесі отбасы мүшесін сұраймыз: «Қанат қайда? Міне 
– Қанат, дұрыс. Жарайсың!....»
Айна
Баланың бойымен бірдей айнаның алдында тұрып, барлық 
дене мүшелерімен таныстырамыз: « Мынау кім? Бұл – Ербол. 
Көрсетші, басың қайда. Шашың қайда ?Саусақтарың ше? Сенің 
бет орамалың қайда? Міне, қалтаңда. Ербол, сенің шалбарың 
қане? Футболкаң қайсысы? Аяғыңда не бар? Бұл аяқ киім» т.с.с. 
Кейін баладан қимыл іс-әрекеттерді сұрай бастаймыз: «Сен қалай 
«воздушный поцелуй» жібересің?..Қолыңды бұлғашы...Қане 
билейік...Қоян қалай секіреді?»
Сауса ойыны
Саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе 
өлең-тақпақ шумағын сахналау болып келеді. Бұл ойын арқылы 
баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы 
артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ 
ойынын ойнай отырып, бала қоршаған ортадағы заттар мен 


33
32
құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды 
бейнелей алады. Саусақтардың қозғалыс- қимылына қарап бала 
қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі 
үйренген сөз шумақтарын қайталап айтуға талпынып, есінде 
сақтайтын болады. Саусақ ойындарын жүргізу арқылы бала 
саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшықеттерінің жетілуімен 
бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттерін дамытады.
«Саусатар сәлемдеседі» жаттыуы. Мұнда бас бармақ ұшы 
әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. 
«Адамдар келеді» жаттыуы. Оң қолдың сұқ саусағы мен 
ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатамыз. Сонымен 
бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойыны 
да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған. 
«Монша» жаттыуы. Қызыл-сары көк моншақ, 
Мен тіземін көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының 
ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды 
тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол 
бұлшықетін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.
Дидактикалық ойын арқылы да баланың сөздік қорын дамытып, 
ауызша сөйлеу машығын игеруге болады. Таным белсенділігі 
қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік 
қасиеттерін бойына сіңіреді. Мысалы: «Дәл осындай затты 
тауып ал» ойынында қағаз бетіне салынған суреттердің ішінен 
де, бірдей ойыншықтарды заттар арасына жасыру арқылы да 
ойнауға болады. 
3-4 жастағы балалармен «‡андай зата сайды?», «Не 
арты?», «Сурет бойынша әгімені жаластыр», «Бір сөзбен 
ата» ойындарын ойнатқан абзал.
БЕЛСЕНДІ СӨЙЛЕУДІ
ДАМЫТУ ОЙЫНДАРЫ
Сөйлеу жүре пайда болғандықтан, оны дамыту үшін жұмыс 
жасау керек. Осы негізде ата-аналарға арналған бірнеше нұсқаулық:
- Алғашқы у-ілге , буынға, дыбысқа, ым-ишараға дауыстап 
жауап қайырамыз: «Ия дұрыс айтасың...бөпе « ААА» деп жылайды
самолет «УУУ» деп ұшады т.с.с.»
- Не айтқысы кеп тұрғанын сөйлетуге итермелеу негізінде, екі 
затты көрсетіп қайсысы екенін сұраймыз.
- Баланың байқағыштығын сынап, әдейі қате айтамыз: «Мынау 
қоян ба? Жоқ? Дұрыс мынау аю!» Итті көрсетіп: «Ит қалай үреді? 
Мяу ! Жоқ! Ав-ав дейді.Дұрыс!»
- Жануарлармен танысуда бірге жүгіреміз, секіреміз, еңбектейміз, 
қимыл- қозғалыстарды ерінбей баламен орындаймыз. Мысалы: 
қоянның секіргенін көрсетіп, құлағын қозғалтқанын, сәбізді 
кеміргенін көрсету арқылы баланы қызықтырамыз. Бір араанда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет