Семья indd



Pdf көрінісі
бет3/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
балам сөйлесін десеңіз

Баланы сөйлеуі
Жас шамасы
Нәресте жағымды және жағымсыз 
эмоцияларын жылауы арқылы таныта 
біледі.
1-2 ай
У-ілдеп сізге жауап қайтарады
1.5-3 ай
Бір буынды дыбыстарды айта бастайды
4-5 ай
Бала 2-3 буынды сөздер айта бастайды. 
Жақын адамдармен қарым-қатынас 
жасауда оларды қолданады. Мысалы: 
би-би, гав-гав...
8 ай- 1 жас 4 ай
Бала 2 сөзден сөйлем құрай бастайды.
Мысалы: алма бер, су ішемін... Егер 
2.5 жасқа қарай бала сөйлем құрай 
алмаса, логопедке қаралу керек.
1 жас 6 ай –
2 жас 2 ай
3 жаста баланың сөздік қоры белсенді 
ұлғая түседі. 300 сөзден 1000сөзге дейін 
біледі. Осы тұста бала еліктегіш келеді. 
Ата-анасының қарым-қаты насын
қайталайды.
1 жас 9 ай –
2 жас 6 ай
Сөйлемді дұрыс, мән-мағынасына қарай 
құрастырып сөйлей алады.
2 жас 4ай –
3 жас 6 ай


11
10
СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМУЫНЫҢ ТЕЖЕЛУІ
Ата-анаға нәрестесінің алғашқы күлкісі, у-ілдеп сөйлеуі
буындап айтқан алғашқы дыбыстары үлкен мақтаныш пен 
қуаныш әкеледі.Бірақ кей жағдайда ата-ана баласының тіл 
дамуының кешеуілдеп жатқанын байқамай қалады.Тек қатарлас 
өсіп келе жатқан балалармен салыстырып ғана біліп жатады. 
Жалпы бала тілі өздігінен дамитын үрдіс. Сол даму кезінде 
кей балаларда тежелу болады.Тежелудің себептері екі негізгі 
факторларға байланысты: сыртқы және ішкі. 
Ішкі факторлара:
- Жүктілік кезі және босану.Іштегі дамудағы патологиялар, 
уақытынан ерте босану, сәбидің тұншығып туылуы,жүктілік 
кезіндегі токсикоз, вирусты аурулар,резус-конфликт және т.б. 
жайттар әсер етеді;
- Генетикалық аурулардың тұқым қуалауы;
- Баланың жалпы соматикалық аурулармен жиі ауруы. 
Ауруханада жиі жатуы да бала тілінің дамуына кедергі келтіреді;
- Бас миының зақымдалуы;
- Баланың көру ,есту мүшелерінің бұзылуы, неврологиялық 
тежелулер;
- Балада аутизм белгілерінің байқалуы, гиперактивтілік;
Сырты факторлара

Нашар экология (нашар ауа, су...);

Психикалық травма.Қорқыныш, үнемі балаға ұрсу, 
ұру тұтығуға немесе сөйлеу дамуының тежелуіне әкеледі;

Баланың қарым-қатынас жасайтын ортасы. Мысалы: 
жақын адамдардың дыбыстарды (р,л,с,з) дұрыс айтпауы, 
баламен ата-ананың көп сөйлеспеуі,кітап оқып бермеуі, онымен 
ойнамауы,тек тұрмыстық сөздермен шектелуі;

Бала өсірудегі әлеуметтік қателіктер. Жағымды эмо-
ционалды қатынастың болмауы, өте шулы орта т.б.

Педагогикалық қателіктер. Балаға аса жоғары талап 
қою несмесе тым селқос қарау;
Бұл себептерді оқып «Кім кінәлі?»- ні емес, «Не істеу керек?» 
екенін шешкен жөн. Ол үшін ата-анасы түзету сабақтарын арнайы 
ұйымдастырып, сыртқы факторлармен күресу керек. Ал бұл өз 
кезегінде үлкен күш пен назарды, сабырлылықты қажет етеді.
Әдетте балаға қойылған диагнозды оқып ата-ананың есі 
шығып, сабырсыздық танытып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет