105
104
ТҰТЫҒУ ЖӘНЕ ОНЫ ТҮЗЕТУДІҢ
ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Бір дыбысты, не
бір буынды, болмаса түгел бір сөзді өз
ырқынан тыс қайталап айтуы – тұтықпа болып табылады.
Бала бір сөзді, дыбысты не буынды үзік етіп, қайталап, өз
еркінен
тыс тоқтап, қиналып айтады. Үзік-үзік дыбыстар
шығарады. Бұл тіл бұлшық еттерінің тартылып қалуынан
болады. Тұтығу кезінде баланың дем алысы әдеттегіден тыс
бұзылады. Сөз немесе сөз
тіркесі бірқалыпты шықпайды,
өйткені бала демін ішке алу кезінде сөйлейді немесе демін
сыртқа шығарып жатып сөйлейді. Содан соң аузын жапқаннан
кейін біраз уақытқа шейін сөйлей алмай қиналады. Кейде
бала іштегі демін шығарып бола бергенде сөйлеуге тырысады.
Мұндай жағдайда ауа жетпей қалады да,
сөйлеген сөзі дұрыс
болмайды.
Сәл тұтығудың өзі баланың тәртібі мен психологиясына
түгелдей кері әсерін тигізеді. Организм бүтіндей психологиялық
күш түсуге икемделуді бастан кешіреді. Тұтығу көбіне 2 жас
пен 5 жас аралығында пайда болады. Тұтығудың дәл осы кезде
пайда болатын себебі:
-
Біріншіден, бала тілінің белсенді
даму кезеңінің екі жастан
басталатындығында. Ал тілдің бұзылуы сөйлей бастағаннан
кейін ғана кездесетін құбылыс екенін дәлелдеп жатудың қажеті
жоқ.
-
Екіншіден, 5-6 жас аралығында бала тілінің дамуы
аяқталып, қалыптасуы басталады. Міне, осы кезде де сөздік
бұзылу жиі кездеседі. Өйткені тілдің
активті дамуы бұл кезде
әлі де болса тұрақты болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: