Семья indd


Ттыып сөйлеушіге нсаулы



Pdf көрінісі
бет51/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
балам сөйлесін десеңіз

Ттыып сөйлеушіге нсаулы:

Сөйлегенде баяу,асықпай сөйле;

Деміңді ішке тартып, оны шығару кезінде сөйле;


107
106

Айтатын сөзді іштей қайталап,содан кейін ғана дауыстап 
айт;

Сөйлеу кезінде ауаны дауысты дыбыстарға жұмсап, 
дауыссыз дыбыстарға күш түсірме;

Ұзақ сөйлемдерді мағынасына қарай 3- 4 сөзден бөліп, 
араларына үзіліс жасап аяқта;

Әңгімелескен кезде сөйлесіп тұрған адамның бетіне 
тура қара;

Жауап беруге асықпа, алдымен айтатын сөзіңді іштей 
қайталап ал;

Сөйлер алдында деміңді ішіңе қарай алып ал, сосын 
бірден сөйлей баста.
Яғни, бала 3- 4 сөзден тұратын қысқа сөйлемдерді толық 
бір дем ішінде айтуға тырысуы керек, ұзын сөйлемдерді 3- 4 
сөзден бөліп,тыныс алып жалғастырғаны абзал. Үзіліс неғұрлым 
дұрыс әрі дер кезінде жасалса, бала шаршамайтын болады. 
Сөйлемнің аяғын жеп қоймай, толық айтуға мүмкіндік туады.
Ата-ананы ыпалы.
Баланың үй режимін дұрыс та ұқыпты ұйымдастыру-оны 
тұтығудан сәтті емдеудің басты шарты болып табылады.Демек, 
баланың оқуы, демалысы, ұйқысы, тамақтануы. Мұның барлығы 
баланың нерв жүйесін сауықтыруға бағытталады. Сонымен қатар, 
тұтығушы баланың спортпен айналысқаны жөн. Негізінен суда 
жүзу, шаңғы және коньки тебу сияқты спорт түрлері пайдалы.
Спорттың бұл түрлері дұрыс қозғалысты қалыптастырып, 
тыныс алу жолдарын реттейді, бірақ жарыстарға қатысуға 
болмайды. Өйткені, спорт жарысы эмоциялық қозуға әкеп 
соқтырады,нерв жүйесін шаршатады. Сонымен қатар, ән- би, 
хор үйірмесіне қатынастырған өте пайдалы. Әдетте тұтығатын 
балалардың сөздік қоры аз болады,олар сөйлескен кезде қажет 
сөзді таба алмай қиналып қалады.Содан барып тұтық бала 
сөйлегенде көптеген қыстырма сөздерді пайдалануды әдетке 
айналдырады.Мұндай жағдайда ата- ана қажетті сөздерді 
тез айтып жіберуді дағдыға айналдырғаны дұрыс. Әрі әдеби 
кітаптарды оқуына ықпал етіп немесе оқып бергені жөн.
Тұтығу – органикалық емес, функционалдық кесел. Демек, 
медицина тілімен айтқанда бұл оны емдеуге болады деген 
сөз. Тұтығуды емдеу үшін баланы алдын-ала психологиялық 
жағынан дайындап алу керек. «Сөйлей алмай қаламын-ау, тағы 
да тұтығып қаламын-ау», – деп күдіктенуден арылтамыз. Адам 
неғұрлым батылырақ болса, солғұрлым оның сөйлеуге деген 
сенімі де арта түседі. Сенімсіздік, күдіктену – кеселдің басты 
жауы. Тұтығу баланың психикасына барлық жағынан әсер 
етеді, ерік күшін билеп алады, санасына сенімсіздік қасиеттер 
ұялатады, ол өзін-өзі толық билеуден қалады, көңіліне түрлі 
ойлар келіп, кейде өзіне қастандық жасауды жоспарлай бастауы 
да мүмкін. Бала өзін өзгелермен салыстырып қарайды. Сөйтіп, 
оны «мен олардан кеммін» деген ой мазасын алады. Міне, дәл 
осы кезде ата-ана, педагогтар, айналасындағы адамдар балаға 
ерекше назар аударып,психикалық ықпал жасаулары керек. 
Психикалық ықпал дегеніміз – ол ең алдымен тұтығушы сәтті 
сөйлеген кезде оған дұрыс баға беру,сөйтіп оның өз күшіне 
деген сенімін арттыру,оны қоршаған адамдардың көзқарасын 
өзгерту. Бала бойына оптимизм мен үмітті ұялатудың жолдарын 
іздестірген жөн.


109
108


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет