Семья indd


Ттыу айдан пайда болады?



Pdf көрінісі
бет50/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
балам сөйлесін десеңіз

Ттыу айдан пайда болады?
‡ору. Көбіне баланың тұтығуы қорыққаннан кейін пайда 
болады. Ол күннің күркіреуі,кенет естілген автомобиль 
сигналы,иттің үруі, шыққан өрт, ұрыс-жанжал болуы мумкін.
Тіл дамуыны кешеуілдеуі. Бұл себеп баланың кеш сөйлеуінде 
ғана емес, сонымен бірге оның сөздік қорының аз болуында, 
дыбыстарды бұзып айтуында, сөздердің грамматикалық 
құрылысын бұзып сөйлеуінде де жатыр. Ойлау қабілеті мен 
сөйлеу мүмкіншіліктерінің нашарлауы сөйтіп тұтығуға әкеп 
соқтырады.
Бала психикасына ауыр жадайды бастан кешіру. Отбасында 
немесе балабақшада, мектепте бала әділетсіздікті басынан кешірсе. 
Баланың көзінше жанжал шығару, төбелесу, оны қорқыту
орынсыз маза бермеу де түбінде тұтығуға ұрындырады.
Эмоционалды салма тсу. Бала телевизордан бірнеше сағат 
бойына үзбей мультфильмдер, ертегі- ойындар көріп отыруы 
немесе смартфонға тәуелді болуы.Бала осылардың бәрінен 
шамадан тыс әсер алып, сол алған әсерлерін басқаларға тезірек 
жеткізуге тырысады. Сөйлеу үстінде қақалып, бір ойын айтып 
болмай жатып, екінші ойға көшеді.Осыдан кекештену, сақаулану 
пайда болады. Осы кекештену тұрақты тұтығуға айналып кетуі 
әбден мумкін.
Сөздік салма тсіру. Баланың бір өлеңді немесе ертегіні 
тез жаттап алып, өзгелерге айтып беріп жатады. Мұны ата-
ана мақтаныш сезімге бөленіп, балаға үсті-үстіне күшіне сай 
емес өлеңдерді жаттата бастайды. Оларды туыстарына, келген 
қонақтарға айтқызып, баласына сөздік салмақ түсіреді. 
Т тыушыларды арасында көп болу. Мұндай жағдайда 
тұтығу еліктеу әсерінен пайда болуы мүмкін. Егер бала тұтығып 
сөйлейтін адамның жанында көп уақыт болса, еліктеу әсерінің 
күшті болуы салдарынан кекештеніп сөйлеуге дағдылануы 
ғажап емес.
Бұл аталған жайттардың барлығы бала өмірінде кездеседі. 
Алайда оларды басынан өткізген балалардың барлығы бірдей 
тұтығуға шалдыға бермейді. Демек, бұларды тұтығудың себебі 
емес, мүмкін болар салдары деп есептейді. Ең басты себеп- 
нерв жүйесінің бұзылуында.Сондықтан да бала логопедтен 
бұрын дәрігер- психоневролог, невропатолог мамандарының 
медициналық зерттеуінен өтіп, кешенді ем қабылдауы қажет. 
Ал логопед баланы педагогикалық жағынан зерттеп, тұтығушы 
балалармен тыныс алу гимнастикаларын, дауыс ырғағының 
бір қалыпты шығуына арналған жаттығуларды жүргізіп, 
аутотренингтік сабақтар өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет