Сексеуіл - діңі кисық, бұратылған, биіктігі 3-4 метрден аспайтын ағаш. Оның жалбыраған ұсақ бұтақшалары көлеңке түсіріп жарытпайды. Ұзындығы 20-25 м-ге жететін қуатты тамырлары ылғалды өте тереңнен тартады. Сүрегі тығыз, ауыр, суға салса батып кетеді.
Шөл жануарлары қатты ыстық пен судың жетімсіздігіне икемделген. Көпшілігі күндізгі ыстықта інге немесе құмның арасына кіріп жатады да, жем іздеуге түнде шығады. Кейбіреулері жазғы ыстықта ұйқыға кетеді. Ұзақ уақыт су ішпестен өсімдік нәрімен күнелтетіндері де бар.
Шөлде ұсақ кемірушілер, жыландар, кесірткелер көп. Тұяқты жануарлардан ақбөкен мен қарақұйрық мекендейді. Бұрын құланда. көп болған.
Шөл зонасында халық өте сирек қоныстанған. Олар мал бағумен, өзен бойларында егіншілікпен айналысады.
Дала зонасы солтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Америкада кең алқапты алып созылып жатады. Оңтүстік жарты шардағы көлемі шағын.
Дала деп шөп өсімдігі өсетін, ормансыз, жазық алқапты айтады. Шөл зонасы сияқты дала зонасының да климаты өте континенттік болады. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық. Аяз -50° С-қа дейін барады. Жауын-шашын шөлге қарағанда екі еседен көбірек жауады. Бірақ мұнда да буланушылық түсетін жауын-шашыннан анағұрлым артық. Ылғал жетіспейтіндіктен құрғақшылыққа бейімделген шөп өсімдігі өседі. Соның ішінде селеу басты орын алады. Жазда өсімдік пісіп жетілген кезде жел шайқаған селеулі дала толқыған көл айдынын елестетеді. Бұндай шөп өскен жерде құнарлы қара топырақ қалыптасқан (неліктен?).
Ғасырлар бойы жер жыртып, егін егудің нәтижесінде даланың табиғаты қатты өзгерді. Қазіргі кезде дала табиғи күйінде тек қорықтарда ғана сақталған. Қазақстанның солтүстігіндегі далалар XX ғ-дың 50-60-жылдарындағы тың игеру кезінде түгелдей дерлік жыртылып тасталды. Тиісті агротехникалық шараларды қолданбаудың салдарынан бірқатар аудандарда топырақ құнары сана-латын қарашірікті жел ұшырып алып кеткен.
Табиғи күйіндегі далаларды ін қазатын кемірушілер көптеп мекендейді.
Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, борсық кездеседі. Қазақстан далаларында таяуда ғана ақбөкен үйір-үйірімен жүретін. Тың игергеннен кейін олар азайып, оңтүстікке, шөлейт пен шөлге ығысты. Ал тарпаң деп аталатын жабайы жылқы XIX ғ-дың өзінде мүлде жойылып кеткен. Солтүстік Америка далаларында еуропалықтар жаппай қоныстанар алдында 50 миллион бизон мекендеген. XIX ғ. басында бірде-бір жабайы бизон қалған жоқ. Адамның колдан өсіруінің арқасында ғана олар мүлде құрып кетпей сақталып қалған. Қазір бизонның саны 50 мыңға жетеді.
Дала зонасының халқы ерте заманнан бері егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысқан. Мұнда жыл сайын мол астық өндіріледі.
Орман зонасы дала зонасы мен тундра зоналарының арасында жатады. Ол тундраға - орманды тундра, далаға орманды дала етпелі зонасы арқылы бірте-бірте ауысады.
Орман зонасы негізінен солтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Америкада таралған. Бұл зонаның топырағы тым ылғалды жағдайда калыптасады. Топырақтың жоғарғы қабаты үнемі ылғалмен шайылып отырады да, түсі күлгінденеді. Сондықтан мұнда күлгін топырақ түрлері басым болады. Тек жалпақ жапырақты ормандарда ғана жер беті құрғап, топырақ қоңырқай тартады. Орман зонасы жал-пақ жапырақты, қылқан жапырақты және аралас орман деп аталатын кіші зоналарға бөлінеді.
Жалпак жапырақты орман қоңыржай белдеудің климаты біршама жылы және ылғалды өңірін алып жатыр. Қысы салқын болғанымен, жазғы жылу мен ылғал жалпақ жапырақты ағаштардың
өсуіне жетіп жатыр. Орман құрамында ағаштың ондаған түрі кездеседі, мұнда бұта мен шөп те қалың өседі. Жалпақ жапырақты ағаштардың көпшілігі шамшат, емен жене жөке ағашы болып келеді.
Қылқан жапырақты орман немесе тайга алып жатқан коңыржай белдеудің климаты айтарлықтай ылғалды, сонымен катар ол біршама суық өңірді қамтиды. Қысы аязды, жазы коңыржай жылы. Жылдык жауын-шашын мөлшері булану-шылықтан артык. Орман құрамы кедей болып келеді де, әдетте екі-үш ағаш түрінен тұрады. Топырак бетін мүк басып жатады. Негізінен балқарағай, шырша, майқарағай және қарағай таралған.
Жалпақ жапыракты орман мен тайганың арасында аралас орман өңірі жатады. Бұл жердің климат жағдайлары суықка бейім қылқан жапырақты ағаштар мен жылу сүйгіш жалпақ жапыракты ағаш тұқымдарының қатар өсуіне мүмкіндік береді.
Орман зонасы жануарлар түріне өте бай
Мұнда терісі бағалы аңдардан тиін,тулкі, булгын; жыртқыштардан қоңыр аю, сілеусін, цасцыр; тұяктылардан булан, елік; құстардан саңырау құр, құр, тоқылдақ, т. б. мекендейді. Тарихи кезеңде орман жануарларының көптеген түрлері мүлде жойылып кетті немесе азайды.
Орман зонасы адамның шаруашылық әрекетінен көп өзгеріске ұшырады. Егін салу үшін ағашты отаудың және өрттің сал-дарынан ормандардың көлемі қысқарған және кұрамы өзгерген. Қарағай мен шырша ормандарының орнын кайың мен көктерек ормандары баскан.
2.Субполярлық белдеу солтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Американың солтүстік шетін алып жатыр (суб-арктикалық деп те аталады). Оңтүстік жарты шарда тек аралдарда ғана кездеседі (субантарктикалык). Бұл белдеуде ең жылы айдың орташа температурасы + 10°С-тан аспайды. Қысы ұзақ, жазы
қысқа. Жылдьң жауын-шашын 100-300 мм, ол буланушылықтан 1,5 еседей көп. Жердің беткі қабаты жылы кезде 30 см-дей қалың-дықта ғана жібиді де, одан әрі қарай қысы-жазы тоң болып қатып жатады. Оны мәңгі тоң дейді. Жазда мәңгі тоңның тек беткі жұка кабаты ғана (0,5-1 м) ериді. Мәңгі тоңның жаппай таралуы және төмен температура жағдайында топырағы өте батпақты болып келеді.
Белдеуді негізінен тундра мен орманды тун-дра зоналары алып жатыр.
Тундрада мүк,қына және бұталар өседі.
Тундра зонасының климат жағдайлары өсімдіктің өсуіне тым қолайсыз. Әрі кыска, әрі салк-ын болатын жазында өсімдік өсіп жетіле алмай-ды. Сондықтан негізгі орынды кеп жылдык өсімдіктер алады. Олар бірінші жазда тұкымнан өніп, жер бетіне шығады, екінші жазда гүлдейді, үшінші жазда барып тұқым шашады. Тундра өсімдігі өте баяу өседі. Меселен, ергежейлі поляр талы бір жылда 1-5 мм ғана ұзарады. Жазда ауаның топыракқа жакын кабаты ғана біршама жыльшады. Соған сәйкес бұталар жер бетіне төселіп немесе ұйлығып өседі. Тамыры тереңге таралмайды. таяу өсетіндіктен, тундраның өсімдік жамылғысы оңай бұзылады және оның қалпына келуіне көп уақыт керек болады. Меселен, шын-жыр табан машинаның жүріп өткен ізін осімдік 20 1 жылда ғана әрең қайта басады.
Тундраның жануарлары суыққа бейімделген. Қыста көптеген жануарлар, соның ішінде солтустік бцгысы тайгаға ауады. Жазда сансыз көп кәлдерде қаптап журетін каз, үйрек, аққулар балапанын өргізгеннен кейін жылы жакқа үшып кетеді.
Кішкентай алацоржын тышқаны тундрада қалып, қар астында күнелтеді. Олардың қарды кеу-леп, жем іздегсн жолдары туннель сиякты айқыш-^йқыш жосып жатады. Алакоржынды поляр іщлкісі, цасцыр, жапалац ұстап жейді.
Тундра мен орманның арасын орманың тундра өтпелі зонасы бөледі. Мұнда ағаш сирек жөне қисык болып өседі.
3.Полярлық белдеу. Солтүстік полюс төңірегі арктикалык, оңтүстік полюс төңірегіа нтарктикалык (грекпіе анти -карсы) б е л д е у деп аталады. Екеуін де жаппай мүз басып жатыр. Климат жағдай-лары өте қатаң. Арктикалык белдеудің екі-үш аптаға ғана созылатын жаз маусы-мы кезінде ауаның температурасы 0°С-тан сәл ғана асады. Оның есесіне үзакка созы-латын кыста ол -30-40°С-тан түспей, какаған аяз болып түрады. Антарктида-ның климаты одан да катаң. Онда Жер ша-рындағы ең төмен температура (-88,3°С) байқалған.
Арктикалық және антарктикалык белдеулер мүзды шөл зонасына жатады. Оның жер бетін жаппай елі мұз басқан. Антарктикалык белдеуде пингвиннің тіршілігі материк жағалауындағы сулармен байланысты.
Бақылау сұрақтары:
1.Қоңыржай белдеудің табиғат зоналарын атаңдар.
2.Неліктен оңтүстік жарты шарда коңыржай белдеу аз орын алады.
3.Тундра мен орманды тундра кандай географиялык белдеу-ге жатады? Ерекшеліктеірі неде?
4.Полярлық белдеудегі табиғат зонасы неліктен мұзды шөл
Зонасы деп аталған?
№ 46- сабақ
Тақырыбы: Таулардағы биіктік белдеулер.
Табиғат кешендерін қорғау
Жоспар:
1.Биіктік бойынша жылу мен ылғал таралады.
2.Биік тау басында жазда да қар мен мұз жатады
3. Табиғат кешендерін қорғаудың қажеттігі.
4. Табиғат кешендерін қорғаудың ғылыми негіздері.
5. Табиғат, қорғау туралы заңдар және халықаралық келісімдер
Сабақтың мақсаты: Таулардағы биіктік белдеулерді қарастыру.
Теориялық мәлімет:
1.Жер бетінен биікке көтерілген сайын ауаның температурасы төмендей беретіні белгілі (орта есеппен әрбір 100 м биіктікке кетерілгенде оның қанша төмендейтінін естеріңе түсіріңдер). Биіктікке сәйкес тек ауаның температурасы ғана емес, сонымен бірге ылғал мөлшері де өзгереді. Жоғары кетерілген ауа салкындағанда оның бойындағы ылғал бөлінеді де, су тамшыларына айналып, бүлт күрайды. Бұлттан жауын-шашын жауады. Ол жылу мен ылғал мәлшерін өзгертеді. Екінші сөзбен айтканда, биіктікке сөйкес бүкіл табиғат кешені езгереді. Сөйтіп табиғат кешендерінің таралуына байланысты биіктік белдеу пайда
болады.
Биіктік белдеулердің орналасуындағы ортак заңдылык - тау кандай ендіктің табиғат зонасында жатса, белдеу сол зонадан басталады. Мәселен, Қазацстан Алтайына батысында дала зонасы келіп тіреледі. Сон-дыктан Алтай тауының батыс етегінде биіктік белдеу даладан бастала-ды. Ол жоғарыда алдымен орманды дала белдеуіне, одан әрі орман белдеуіне өтеді. Таудыр; жоғарғы беткейін тау шалғыны белдеуі, ал тау басын мәңгі қар мен мүз алып жатады
Солтүстік Тянъ-Шанъ шөл зонасында жатыр. Сондықтан оған кіретін пе Алатауының етегінде шөл алдымен шөлейтке өтеді.
Таулардың жел жақ және ық жак беткейлерінде, сондай-ак тау сүйесінің шеткі және ішкі жоталарында биіктік белдеу сипаты бір-ірінен ерекшеленіп тұрады.
Табиғат кешендерін қорғаудың қажеттігі. «Географиялық қабық - Жердің ерекше кешенді қабығы» деген тақырыптан жер бетіндегі табиғат кешендерін құраушы компоненттердің бір-бірімен тығыз бай-анысты екендігін байкадыңдар. Олардың бірінің шамадан тыс өзгерісі асқаларының да өзгеруіне алып келеді. Соның нәтижесінде бүкіл бір умақтың табиғат кешені өзінің алғашқы табиғи күйінен айырылады эмесе мүлде жойылады.
Атлант мұхитында, Оңтүстік Америка мен Африканың аралыгында Өулие Елена деген шағын арал бар. Арал тропиктік белдеуде жатыр. Адам қоныстанбаған. Ол аралда ит тұмсығы батпайтын қалың тропиктік орман өскен екен. Аралды 1502 ж. португал теңізшілері ашып, оған ешкі өкеліп жібереді. Арада 200 жыл еткеннен кейін әлгі ешкілер аралдың бүкіл өсімдігін түк қоймай жеп бітірген. Өсімдіксіз калған жалаңаш топырақ кабатын су тез шайып, құнарын түгелдей мұхитқа ағызып алып кеткен. Нәтижесінде бұрын қалың орман жай-қалған жасыл арал құлазыған қу шөлге айналған.
Адамның шаруашылық әрекетінің барған сайын күшеюіне байла-істы табиғат кешендерінің мұндай жайсыз өзгерісі кең етек алып тұр. Аң және балық аулаумен айналысқан алғашқы қауым адамдары табиғатқа бағынышты болды. Ол кезде адамның табиғатқа, жеке алғанда ланатын аң мөлшеріне әсері онша байқалған жоқ.
Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. Далалық алқаптардың жыртылуы, егістік жерді кеңейту орманды жиі және ептеу ісі, құрғақшылық аудандардағы жер суару жұмыстары табиғат кешендерін өзгертпей қоймады (қанда өзгеріске ұшырайтынын ойластырыңдар).
Адамның табиғатқа теріс әсері әсіресе ірі өнеркәсіптің дамуына байланысты апатты сипат алды. Адам табиғат байлықтарын бірінен соң бірі шаруашылық мақсатына игере бастады. Өсімдік, топырақ, жануарлаі мен қоса пайдалы казбаларды, суды, ауаны барған сайын кең көлемді пайдаланатын жағдайға келді. Табиғат байлыктарын тұтыну әсіресе XІ ғасырдың 2-жартысында ғылым мен техниканың пәрменді түрде дамуына байланысты барынша кең етек алды. Ендігі жерде адамның табиғатқа әсері оның байлықтарын пайдаланумен бірге табиғи ортаны ластасау, табиғат кешендерін қайта қалпына келместей дәрежеде бұзу сипатына ие болып отыр.
Ғалымдардың есептеуінше, адам жер беті табиғат кешендерінің жалпы көлемінің 60%-ын игеріп, оны белгілі бір дәрежеде өзгерткен, 20-ын түгелдей өзгерткен.
Қазіргі кезде адамдар табиғи отын мен шикізатты өндіріске өте ке мөлшерде пайдаланады. Сонымен бірге әндіріс орындары, жылу элект стансалары, автокеліктер орасан көп қалдык шығарады. Бұл қалдыі тар ұзақ уақыт бойы топыраққа, суға және ауаға қосылып келеді. Өндір қоқыстары барған сайын жер бетіне жайылып жатыр. Қалдық улы заттар өзендер мен көлдерге қосылып, олардағы тіршілікті құртады. Химиялық зияңды қалдықтар табиғи ортаға басқа жолмен де қосыл: ды. Жер бетінде көбейіп бара жатқан халықты азық-түлікпен қамтам; сыз ету үшін егін шығымын арттыру мақсатында топыраққа химиялық ашылады. Бұл тыңайтқыштар мен пестицидтер бір жағынан егін шығі мын арттыруға кемектескенімен, екінші жағыиан кәп мөлшерде шоғы; ланған жағдайда адам ағзасына зиянды әсерін тигізеді. Олар топырақта және суда жинақталып, одан шөп қоректі жануарлардың денесіне дариды. Сөйтіп олардың еті мен сүтінен жасалған тағамдар арқылы адам ағзасын улайды.
Өзендерге шайылып қосылған улы заттар теңіздер мен мұхиттар: барып күйылады. Беткі ағыстармен шайылудан, мұнай тасуш танкерлерді жуып тазалаудан, әсіресе олардың апатка ұшырауынс мүхитқа жылына миллиондаған тонна мұнай және басқа химиялық за тар барып косылады. Олардан балық, теңіз аңдары мен күстары жиі қырылады. Сондай теңіздердің өнімдерін иайдалану аркылы аде ағзасы да уланады.
Адамның шаруашылық әрекеті атмосферадағы газдардың да теп теңдігін бұзады. Түрлі ендіріс орындарының мүржаларынан шыққан
зянды қоспалар табиғаттағы зат алмасуына қатынасады. Адам табиғи гынды жақканда одан күкіртті газ бөлініп, ауамен араласады. Ол су уларымен косылып, күкірт кышкылын күрайды. Ірі өнеркәсіпті аудан-арға жакын маңда қышқыл жаңбыр жаууы содан болады. Күкіртті аздың әсерінен алдымен өсімдіктің жапырағы коңыраяды да, кейіннен үгелдей солып калады. Табиғи отынды барған сайын кәп жағудың сал-арынан бүкіл атмосферадағы көміркышкыл газының үлесі шамадан ыс артқаны байкалады. Орман-тоғайларды отау өсімдіктің көміркыш-ыл газын жүтып, оттегін шығаруын азайтады. Шамадан тыс шоғырлан-ш жағдайда көміркышкыл газы орасан зор әйнек тәрізді жерге күн эулелерін өткізеді де, жылуды ұстап, кері жібермейді. Ғалымдар атмосферада түрлі газдар осы каркынмен жинақтала берген жағдайда 070 жылдары Жер бетіндегі ауаның температурасы 3°С-қа жоғарыайтынын есептеп шығарған. Мұндай жаппай жылыну Жер тарихында эңғы 2 млн жылда байкалмаған екен.
Атмосфераның жылынуы суық аймақтар үшін қолайлы сияқты болып көрінгенімен, Жер беті климатының тепе-теңдігін бұзады. Сұрапыл дауылдар жиі соғып, бір жерде су тасқыны өтіп жатса, екінші бір аймақтар қатаң куаңшылыққа ұшырайтын болады. Полярлық аймақтардағы мұздықтар еріп, Дүниежүзілік мұхит деңгейі көтеріледі. Көптеген аралдарды, ойпатты теңіз жағалауларын су басады. Климаттың шүгыл өзгерісіне өсімдіктер мен жануарлар да бейімделіп үлгірмей, жаппай жойылады.
Мұндай апатты болдырмаудың жалғыз ғана жолы дүние жүзі бойынша пайдалануды азайтып, атмосфераға қосылатын газ мөлшерін қадағалау болып табылады. Қоршаған ортаның ластануы казірдің өзінде көптеген аудандарда су тудыруда.
Жоғарыда айтылғандардан бүкіл дүние жүзі бойынша табиғат кешендерін қорғау қажеттігі туады. Табиғатты қорғау - адамзаттың алдында тұрған ғаламдық проблемалардың бірі.
Табиғат кешендерін қорғаудың ғылыми негіздері. Адамның шаруашылық өрекетінің есерінен табиғат кешендері сезсіз өзгеріске ұшырап гыратынын байқадьщ. Оған еебеи - адамның күнкөрісі табиғатпен байла-ысты, Ол табиғаттан керегін алмай, оны пайдаланбай отыра алмайды. Жер сйаауынан пайдалы қазбалар өндіру, металл корыту, егін егу, су энергиясын пайдалану және сол скяктылар табиғатка тікелей әсерін тигізеді. Мәсе 3 - табиғатқа тимеу емес, оны жағымсыз өзгерістерге үшыратпау. Ол үшін табиғат құбылыстары мен заттарын зерттеп, дүрыс пайдалана білу кереі Табиғат байлықтарын қорғап, оны үтымды пайдаланғанда ғана адамза өзінің Жердегі тіршілігін мүнан өрі жалғастыра алады. Табиғат байльи тарын үтымды пайдалану өндірілген өнімдер мен бүзылған жерді екінп кайтара іске асыру; көмір, мүнай, газ қорын үнемдеу және ауаны ластащ дан сақтау; жаңа қуат көздерін іздеу шараларын қамтиды.
Металл сынықтарын жинап, қайта қорыту кен корын сақтауға және оларды өндіруге, қорытуға жүмсалатын энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді. Көптеген па далы қазбалардың түрлері (біздің елімізде Екібастцз көжірі, Қоңыраттың мыс ке жөне т.б.) ашық өдіспен карьерден ендіріледі. Аршылған бос тау жыныстарынь үйінділері ауыл шаруашылығына жарамды жерлерді басып жатады, қоршаган орт ны ластайды. Жерді реттеп, қүнарлығын қалпьгаа келтіру, оны шаруашылыққа қа та жарату табиғат байлығьга ұтымды пайдаланудың бір түрі болып табылады.
Табиғатты қорғау көптеген ғылым салалары мамандарының бірікке іс-әрекетін қажет етеді. География мамандары табиғат компоненттерін әзара қарым-қатынасы мен байланыс заңдылығын зерттеу арқылы адаі ның шаруашылық әрекетінің табиғат кешендеріне тигізетін әсерін а, дын ала болжайды, соның негізінде табиғатты қорғау жөнінде шаралг үсынады. Бәлкім, табиғат зерттеуші ғалымдардың, соның ішінде ге графия мамандарының үсыныстары әуел бастан ескерілсе, адам табиғи ортаның арасындағы қарым-қатынас қазіргі шиеленіскен жа дайға жетпегей болар еді.
Ғалымдар 60-жылдары Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын егіншілік шамадан тыс пайдалану Арал теңізінің тартылуына апарып сақтырды. Біртұтас калпынан айырылып, бірнеше бөлікке белініп кететіндігін дөл болж айткан болатын. Бірақ бұл болжамның ескерілмеуі Арал теңірегіндегі қазіргі апі ты жағдайға жеткізгені белгілі. Теңіздің су айдыны 2/3-ге қысқарды. Судың түзл лығы 2,5 еседей артуы салдарынан балық түрлері жойылуда. Тартылған те: түбінде қалған тұз бен кұм көтеріліп, төңіректі басты. Жер асты суының деңгейі төмендеп, өсімдік есуіне қолайсыз жағдай туды. Өсімдігінен айырылған жерлер, жануарлары да қүрып барады. Арал төңірегіндегі табиғи ортаның жағымс өзгерісі халык шаруашылығыиа зиянын мықтап тигізуде. Кеме қатынасы, бал ; аулау мүлде тоқтады. Егістік жер келемі қыскарды. Адамдар түрлі қауіпті ау] ларға кептен шалдықты.
Табиғи ортаны бүлдірмеу, ластанудан сақтау, табиғат байлықтарі үтымды пайдалану қазіргі кезде адамзаттың алдында түрған бас ғаламдық мәселелердің біріне айналды. Сондықтан табиғат жайында ғыльшдардың дамуымен адам баласының болашақтағы ол-ауқаты т ғыз байланысты. Бұл мәселені шешуде соңғы кезде дамып келе жатк экология ғылымы жетекші орын алады.
Экология (грекше эйкос — үй, логос - ғылым) - адамның мекені жай-сндагы гылым. Экология тірі ағзалардың коршаган ортамен карым-атынасын зерттейді. Бұл гылым жайында сендер жоғары сыныптарда рнаулы пәннен толык мағлұмат аласыңдар.
Табиғат, қорғау туралы заңдар және халықаралық келісімдер. ХХ ғасырдың 2-жартысында дүние жүзі елдерінің көпшілігінде таби-ат корғауға ерекше мән беріліп, арнайы заң кабылдана бастады. Қазақс-тан Республикасының Парламенті 1997 ж. бекіткен «Қоршаған орта-ны қорғау туралы» заңда жеке табиғат компоненттерін (жер койнауы, уе кеңістігі, өсімдік, топырақ, жануарлар дүниесі) және табиғат кешендерін корғауға байланысты нақты талаптар койылған. Осымен қатар еліміздің Конституциясында азаматтардың табиғат байлықтарын ақтау және ұкыпты пайдалану жөніндегі міндеттері атап көрсетілген 5,38-баптар).
Адамның шаруашылық әрекетінің табиғатқа зиянды әсері әдетте бір лдің аумағымен шектелмейді. Басқаны былай қойғанда, көмірқышқыл азының жинақталу салдарынан атмосфераның жылынуын еске үсірейік. Бұл бүкіл Жер шарына тән құбылыс екенін байқадыңдар. Ұлыбританияның, Бельгияның және Германияның зауыт трубаларынан өтерілген улы газ батыс ауа ағындарына ілесіп, бүкіл Солтүстік және Еуропа елдеріне тарайды. Батыс Еуропаны көктей басып өтетін Іуңай өзенінің суын 8 мемлекеттің өндіріс орындары ластайды. Сол си-қты теңіз суының мұнаймен ластануынан жануарлардың қырылуы бір лдің ғана келеміндегі кұбылыс емес. Мұндай мысалдарды көптеп елтіруіе болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Тауларда табиғат кешендері неліктен биіктік белдеулер бойынша өзгереді?
2. Жоңғар Алатауы кандай ендік табиғат зонасында орналасқан?
3.Табиғат кешенін қорғау қажеттігі неден туады?
4.Адамның табиғатқа әсері апатты дәрежеге қай уақытта жетті және ол неге байланысты?
5. Табиғат кешендеріпе мүлде тиіспей, алғашқы қалпында сақтауға бола ма?
6.Экология гылымы нені зерттейді?
7. Біздің елімізде табиғат қорғау мақсатында қандай заңдар қабылданған?
Vтарау Жер бетіндегі адамзат
№ 47 - сабақ
Тақырыбы: Жер бетіндегі халықтар
Жоспар:
1.Жер бетіндегі халықтың саны және өсуі
2.Халықтың тығыздығы
3.Демографиялық саяхат
Сабақтың мақсаты: Жер бетіндегі халықтардың санын, тығыздығын және нәсілдердік белгілерін қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Осыған дейін өткен тақырыптардан адам табиғаттың бір бөлігі екенін байқаймыз. Сонымен бірге адам табиғатты өзгертуші басты күшке айналғанын білеміз. Адамның жер бетінде тарауын, оның себептерін, өткендегісін, қазіргісінжәне болашағын халықтар географиячы зерттейді. Экономикалық және әлеуметтік географияның бұл саласы демографиямен тығыз байланысты.Демография(грекше демос-халық, графо-сипаттап жазу) – халықтың ұдайы өсуініғ заңдылықтары туралы ғылым.
1.Жер бетіндегі халықтың саны және өсуі.Адамзат дамуының алғашқы, табиғатқа тәуелді кезеңінде талай мыңдаған жылдар бойы жердегі халық саны өте баяу өсті. Ғалымдар жаңа тас дәуірінің басында, біздің заманымыздан 8000 жылдай бұрын жер бетінде 5-10миллион ғана адам өмір сүрген деп есептейді.
Біздің заманымыдың басында жердегі адам саны 230 миллионға әрең жеткен. Оның 2/3 бөлігі Азияда тұрған. Біздің заманымыздың бастапқы мың жылында халық онша көбеймеген, туу мен өлу шамамен қарайлас жағдайда болған. Мұнан кейін де көп уақытқа дейін індет ауру, соғыс және ашаршылық адас санының өсуін тежеп отырған.
Тек XVIII ғасырда ғана өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына, тамақ өнімдерінің көбеюіне, медицинаның жетістіктеріне байлансты халықтың өсуіне қолайлы жағдай туа бастады. Жердегі халық саны 1820жылдыры шамамен 1 млрд болған. 107 жылдан кейін 2 млрд-қа (1927ж.), одан әрі 32 жылдан кейін 3 млрд-қа, 13 жылдан кейін 5 млрд-қа (1987ж.) 12 жылдан кейін 6 млрд-қа (1999ж.) жеткен.
Жердегі халықтың XX ғасырдың 2-жартысында бұлай күрт өсуін ғалымдар «демографиялық жарылыс» деп атайды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін қауіпті ауруларды қоздыратын микробтарға қарсы дәрі-дәрмектің (антибиотиктердің) жаппай қолданылуы өлім санын күрт азайтты. Ал туу жоғары дәрежедегі қалпында қалды. Бұл жағдай Жердегі халық санының кенет өсуіне, яғни демографиялық жарылысқа алып келді.
Алдағы уақытқа арналған ғылыми болжам бойынша Жердегі халық саны 2025ж. 8 млрд адамға дейін өседі. XXIғ. Аяғында ол 10-11млрд адамға жетіп, тоқтайды. Мұндай болжам дүние жүзіндегі халықтың өсу жағдайын есептеуге негізделген. Қазірдің өзінде дамыған елдерде халықтың өсуі тоқырағаны байқалады. XXIғ. басында бұл елдердегі халықтың өсуі мүлде тоқталады деп күтілуде. Қазіргі кездегі жаңадан дамушы елдерде халықтың өсу қарқыны ғасырдың бірінші ширегінде төмендейді де, ғасырдың ортасына қарай тоқтайды.
2.Халықтың тығыздығы. Жердегі халықтың орташа тығыздығы халықтың жалпы санын құрлықтың көлеміне бөлу арқылы есептеп шығарылады.
Өнеркәсібі күшті дамыған аумақтарда халықтың тығыз қонымтанғандығында сөз жоқ. Сондай-ақ құрғақшылық аймақтардағы суармалы егіншілік дамыған өзен бойларында да халық тығыз болады.
Халық санының өсуіне сәйкес Жер шарындағы орташа тығыздығы да
өзгеріп отырады. Адам мекендейтін құрлықтың 1км2-іне 1920ж.- 13, 1950ж. – 18, 1987ж. – 34 адамнан келсе, қазіргі кезде 40 адамнан келеді.
Бірақ жеке аймақтардағы халықтың орташа тығыздығы мұнан да үлкен мөлшерде болады.Еуропа мен Солтүстік Американың өнеркәсіпті аудандарында, Оңтүстік-шығыс Азияның ірі өзен алқаптарында халық тығыз орналасқан.Қытайдағы ежелден күріш егумен айналысатын кейбір аудандарда 1км2 жерде тұратын халық саны 1000 адамнан асып кетеді. Бұған керісінше, полярлық аймақтарда, ірі шөлдерде, биік таулы жерлерде және ылғалды экваторлық ормандарда халық сирек қоныстанған. Антарктидада тұрақты тұратын халық жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |