Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



бет11/16
Дата17.06.2016
өлшемі1.74 Mb.
#142608
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Бақылау сұрақтары :

1. Гидросфера деп нені айтады ?

2. Физикалық картадан гидросфераның қандай бөліктерін көруге болады?

3. Су айналымы барысында құрлыққа түсетін су неліктен тұщы болады?

4. Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын қалай байқауға болады?

5. Қазақстан аумағынан Дүниежүзілік мұхитқа шығуға бола ма ?

6. Еуразия материгінің жағаларындағы шеткі және ішкі теңіздерді атаңдар.

7. Қандай бұғаз екі теңіз бен екі мұхитты қосып, екі материкті және екі мемлекетті бөліп тұрады?


35- сабақ

Тақырыбы: Мұхит суының температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының қозғалысы

Жоспар

1.Мұхит суының температурасы

2.Мұхит суының тұздылығы

3.Толқындар.

4.Цунами.

5.Толысу мен қайту құбылыстары



Сабақтың мақсаты: Мұхит суының температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының қозғалысын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Мұхит суының температурасы. Су – жер бетіндегі жылу сыйымдылығы үлкен дене. Сондықтан да мұхитты «жылу қорының жинаушысы» деп аталады. Мұхит суы өте баяу жылынады және баяу суынады. Мұхит жаз бойы жылу жинап, қыста оны құрлыққа береді. Егерде мұхит суының ондай қасиет болмаса, жер бетінің орташа температурасы қазіргіден 36 0С төмен болар еді.

Судың жоғарғы қабаты 25-50 м, кейде тіпті 100 м-ге дейін толқындар мен ағыстардың арқасында жақсы араласып тұрады. Соңдықтан ондай су біркелкі қызады. Мәселен, экватор маңында үстіңгі қабат суларының температурасы 28-29 0С-қа жетеді. Тереңдеген сайын судың температурасы төмендейді. 1000 м тереңдікте арнаулы термометр тұрақты 2-3 0С-ты көрсетеді.

Сонымен қатар жалпы мұхит суының температурасы экватордан алыстаған сайын төмендейді (бұл немен байланысты?). Экватор маныңда температура 28-30*С болса, полярлық аймақтарда – 1,8 0С құрайды.

Мұхит суы – 2 0С температурадан қатады.

Судың температурасына маусымдық өзгерістер де әсерін тигізеді.Мәселен, қаңтар айында Солтүстік жарты шарла судың температурасы төмен, ал оңтүстік жарты шарды жоғары (неліктен?). Ал шілде айында Солтүстік жарты шарда судың температурасы көтеріледі де, Оңтүстік жарты шарда, керісінше төмендейді (неліктен?).

Жалпы Дүниежүзілік мұхиттың беткі суларының орташа температурасы 17,5*С.

Мына кестеге қарап, мұхит суларының температурасын салыстырып, қорытынды шығарындар.

Мұхит түбіндегі жер қыртысының жарықтарынан оқтын-оқтын ыстық су щығып тұрады. Тынық мұхитының түбіндегі осындай бұлақтардың температурасы 350-400 0С-қа барады.



2.Мұхит суының тұздылығы. Мұхиттар мен теңіздердің суы тұзды және ішуге мүлдем жарамсыз. Әрбір литр теңіз суында орта есеппен 35 г тұз болады. Ал өзендер құятын теңіздердің суы онша тұзды болмайды. Оған Балтық теңізі мысал бола алады. Мұндағы тұздылық 1 литрге 2 - 5 г ғана.

Теңіздердің тұщы аз қосылатын және булану үкшті жүретін жерлерінде тұз мөлшері 39 – 40 г-ға жетеді.

Еріген тұздардың 1 л судағы граммен алынған мөлшерін судың тұздылығы деп атайды.

Тұздылық санның мыңнан бір бөлігі – промиллемен(%) өлшенеді. Мысалы, 20%л суда 1г тұз бар деген сөз.

Мұхит суында жер бетіндегі заттардың бәрі еріген күйінде кездеседі, оның 4/5 – ін өздеріне белгісі ас тұзы құрайды. Мұхит суына хлор, магний, кальций, калий, фосфор, натрий, күкірт, бром, алюминий, мыс, күміс, алтын және т.б. араласады.

Мұхит бетінің орташа тұздылығы әр түрлі. Ең жоғарғы орташа тұздлық Атлант мұхитында 35,4%, ал ең төмегі тұздылық – Солтүстік Мұздығы мұхитта 32%.

Солтүстік Мұздығы мұхиттың тұздылығының аз болуы, оған көптеген ірі-ірі суы мол өзендердің құюынан. Солтүстік Мұзды мұхиттың Азия жағалауында тұздылық тіпті 20%-ге дейін төмендейді. Сонымен қатар мұхит суының тұздылығы жауын-шашын мөлшеріне, айсбергтердің реуі мен судың булануына да байланысты.

Су құрамындағы еріген тұздар судың қатуына кедергі жасайды. Сондықтан судың тұздылығы жоғарылаған сайын, оның кату температурасы төмендейді.

Егер судың тұздылығы мен температурасы төмен болса, онда ол жерлерді мұз басып жатады. Солтүстік Мұзды мұхит оның айқын мысалы болып табылады.

3.Толқындар. Ауа райы тынық кезде теңіздің беті тып-тыныш, шайқалғаны болар-болмас қана білінеді. Жел соға бастағанда, теңіз үстінде толқын котеріледі.

Толқынданып жатқан теңізге қарасақ , толқындар теңіздің бетінде жарысып бара жатқандай әсер етеді. Ал сонымен бірге сол толқындардың үстінде қалқап жүрген нәрселердің өзінің орнын өзгертпей, біресе жоғары қөтеріліп, біресе төмен түсіп тұрғанын көресің. Дүрысында, толұындағы судың бөлігі тек бір орында ғана толқу қозғалысын жасайды.

Толқынның көлденен қимасынан оның пішінін көруге болады(69-сурет). Тынық су беті деңгейінен жоғары көтерілген толқынның ең биік бөлігі тоқынның қыры немесе жалы деп талады. Су бетінің деңгейінен ең төмен жатқан бөлігін толқынның табаны деп атайды.

Толқын ұзындығы мен биіктігі арқылы сипатталады. Толқынның ұзындығы дегеніміз – көршілес екі толқын қырларының арасындағы ара қашықтық. Толқынның биіктігі – оның табанынан қырын дейінгі қашықтық.

Мұхиттың орасан зор кеңістігінде толқын аса биікке көтеріледі. Ең күшті дауылдарда толқын 10-15 м биіктікке жетеді.

Толқынның күші 9 балдық шкаламен анықталады.

Толқындар теңіз жағаларын шарпиды. Толқынның төменгі жағы теңіз түбіне тиеді де, соған бөгеледі, ал жоғарғы жағы жағалауға қарай асып түседі. Содан жағалауға қарай орағыта соғатын соқпа толқын пайда болады. Жайдақ жағалауда толқындар жағалауға қарай шапшыса, тік жалауларда шарпу шашырандысы мен көбігін жоғары атып, қатты күшпен жағаны соққылады.

4.Цунами. Су астындағы өте қатты жер сілкінуден немесе жанартаулардың атқылауынан туатын толқындарды цунами деп атайды (жапонша цунами – қойнаудағы үлкен су).

Цунами толқындардың үйлерді құлатып, электр желілерін істен шығарады, ағаштарды тамырымен қопарып ағызып алып кетеді. Қойнаудағы кішігірім кемелер мен қайықтарды төңкеріп тастайды.

Цунами калай пайда болады?

Тымық суға тас лақтырғанда, су бетінде шеңбер-шеңбер толқындар пайда болатынын талай рет байқаған боларсыңдар. Сол сияқты су астындағы жер сілкіну орталығынан жан – жаққа тау-тау толқындар, яғни цунами тарайды.

Толқынның жылдамдығы мен ұзындығы өте улкен болғандықтан, ол жойқын күшпен соғады. Ашық мұхитта цунамидің биіктігі 1-2 м-ден аспайды, ал жағалауға жақындаған кезде оның биіктігі бірден өсіп кетеді. Мәселен,1896 ж. Жапон аралдарына соққан цунами толқынының биіктігі 30 м-ге жетті. Цунами сансыз көп ғимаратты қиратып, мыңдаған адам өмірін алып кетті. 1821 ж. биіктігі 20 м цунами Индонезиядағы Сулавеси аралының бірнеше елді мекенін жайлап кетті.

Цунами жер сілкіну орталығынан сағатына 800 км жылдамдықпен тарайды.

Цунами келер алдында су әдетте бірнеше минут ішінде жағадан жүздеген метр, ал кейде километрге дейін шегінеді. Су неғұрлым көп шегінсе, цунами толқыны соғұрлым биік көтеріледі.

1960 ж. анд тауларындағы жер сілкінуден тұған цунами Чили жағалауларын, Американың батыс жағалауын Калифорнияға дейін, Жаңа Зеландия жағасын, Аустралияны, Филиппин, Гавай аралдарын, Жапонияны, куриль аралдарын қамтыды.

Цунами болып тұратын аудандарда оны алдын ала болжап хабарлайтын арнаулы қызмет ұйымдастырылған. Ғалымдар цунамидің жылдамдығын күні бұрын анықтап, халықты қауіпті толқындардан сақтандыру үшін оны жағалаудағы елді мекендерге дереу хабарлайды.

Тынық мұхиттың Оңтүстік – Шығыс Азияға жақын бөлігінде жазда және күзде пайда болып, сұрапыл дауыл түрінде соғатын желді тайфун деп атайды (қытайша тайфун – үлкен жел). Тайфун өткенде таудай толқын көтеріліп, теңіз жағалауын басады да, орасан зор апатқа ұшыратады. Күшті нөсер жаңбыр жауады. Тайфуннан әсіресе Филиппин мен Жапон аралдары көп зардап шегеді. Кейде апатты дауыл Қиыр Шығыстың оңтүстігіне дейін жетеді.

5.Толысу мен қайту құбылыстары. Теңіз жағалауларында су деңгейінің тәулік ішінде көтеріліп және төмен түсіп тұратындығы байқалады. Әдетте теңіз деңгейі тәулік бойына екі рет көтеріліп, екі рет төмен түседі. Теңіз деңгейінің осындай түрақты қайталанып көтеріліп, төмен түсуін толысу және қайту дейді.

Теңіздегі толысу мен қайту құбылысының себебін ағылшын ғалымы И. Ньютон анықталған. Ол бұл құбылыс Айдың тартылыс күшіне байланысты қайталап тұрады деп есептеген.

Жердің Айға қараған жағында тарту күші басым болғандықтан, осы жағында мұхит беті көтеріледі, судың толысу құбылысы жүреді. Жердің екінші жағында Айдың өзіне тарту күші әлсіздеу, сондықтан кері бағытта екінші толысу туғызады. Ал осы екі толысу арасынан қайту құбылысы орын алады.

Мұхит суының көтерілуі мен төмен түсуіне Айдан басқа, Күннің де өзіне тартуы әсерін тигізіп отырады. Бірақ Жер мен Күннің арасы өте әсерінен анағұрлым бәсен болады.

Судың толысу барлық теңіздердің жағаларынан байқалады. Мұхиттың ортасында толысу толқыны онша биікке көтерілмейді. Мұхит аралдарының жағаларында су деңгейі 0,5 – 1 м көтеріледі. Мұхитқа қарай кеңейе түсетін өзен сағалары мен тар шығанақтарда толысу биіктігі әлдеқайда жоғары болады; мәселен, Охота теңізінің Пенжина қолтығындағы толысу биіктігі 13 м-ге жетеді. Солтүстік Американың шығыс жағаларындағы Фанди, Фробишер шығанақтарында 16 м-ге дейін барады.

Тұйық ішкі теңіздерде толысу толқыны онша биікке көтерілмейді. Жерорта теңізінде ол 1 м-ге жетпейді.

Қара теңізде толысу тіпті байқалмайды (толысу кезінде теңіз беті 8 см-дей ғана көтеріледі).

Толысудың кеме қатынасы үшін маңызы зор. Теңізден 64 км жердегі Лондонға теңіз кемелер тек толысу кезінде ғана бара алады. Толысу мен қайту өзеннің тұнбаларын ағызып әкетіп, өзен сағаларын терендетіп отырады.

Толысу мен қайту толқынның үнемі кезектесіп отыруы олардың қуатын электр энергиясын өндіру үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл қуатты « жасыл көмір» деп атайды.

Дүние жүзінің түрлі елдерінде толысу электр станцияларын (ТЭС) салу қолға алынды. Мұндай тәжирибе станциялары Францияда, Ресейде, англияда жұмыс істей бастады. Қолдан тұрғызылған плотинаға тосылу арқасында толысу және қайту кезінде шығанақ пен теңіздің деңгейі бір-бірінен айырма жасайды. Толысу кезінде су теңізден шығанаққа қарай құйылғанда да, қайту кезінде шығанақтан теңізге қарай ағып кеткенде де турбина екі жақты айналып, электр энергиясын өндіреді. Ресейдің Мурман жағалауында Кислая губа тәжірибе ТЭС-і жұмыс істейді. Мұны тасқын куатын пайдалануға арналған су электр станциясы деп те атайды.



Бақылау сұрақтары:

1. Мұхит суының орташа температурасы қандай?

2. Тереңдікке байланысты мұхит суының температурасы қалай өзгереді?

3.Жыл мезгілдерінің маусымдық өзгерісінің мұхит суы температурасына қандай әсері бар?

4.Толқындардың пайда болу себептері қандай?

5.Цунами толқындары қалай пайда болады?

6.Судың толысуы мен қайтуының шаруашылық үшін қандай маңызы бар?

36- сабақ



Тақырыбы: Мұхит ағыстары .Мұхиттар мен теңіздердің адам өміріндегі маңызы.

Мұхит пен теңізді зерттеу және қорғау

Жоспар:

1. Мұхит ағыстары және олардың пайда болу себептері

2.Мұхиттар мен теңіздердің жол қатынасы үшін маңызы.

3.Мұхит жануарлары мен өсімдіктері адамның оларды пайдалануы.

4.Мұхитты зерттеу және қорғау.



Сабақтың мақсаты: Мұхит ағыстары .Мұхиттар мен теңіздердің адам өміріндегі маңыздылығын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. Мұхит суының үздіксіз сапырлысып жататыны сендерге белгілі. Мұхиттардың кейбір жерлерінде айналасын қоршаган судан айрықша ерекшеленіп көрінетін зор ағыстар өтеді. Мұндай ағыстардың ені жүздеген, ұзындығы мыңдаған километрге созылады. Олар бағытын өзгертпесен, сағатына 1-ден 9 км-ге дейінгі жылдамдықпен ағады. Мұхиттардағы су массасының тұрақты түрде бір бағытта ауысуын мұхит ағыстары деп атайды.

Ағысты туғызатын басты себеп – тұрақты желдер. Мысалы, экватор маңында, Африканың жағалауларынан батысқа қарай тұрақты түрде ұдайы жел соғып тұрады. Міне осы жерден Атлант мұхитының күшті ағыстарының бірі басталады. Бұл ағыс экватордың бойын кулап, Американың жағалауларына барады да, Мексика шығынағынан енсіз тасқын түрінде шығады. Одан кейін солтүстік-шығысқа бет алады. Бұл су қозғалысы ертеден бері Гольфстрим атты ағыс ретінде белгілі.

«Гольфстрим» деген сөз «шығанақтық ағыс» деген мағынаны береді. Ағыстың Еуропаның солтүстік-батыс жағалауларын шаятын бөлігін (45* с.е. шамасынан бастап) Солтүстік Атлант ағысы деп атайды(Атластағы мұхиттар картасынан ағысты табындар. Ағыстар қалай белгіленеді?).

Гольфстрим, Солтүстік Атлант жылы ағыстары суының температурасы айналасындағы сулардан бірнеше градусқа жылы болады.

Солтүстік Атлант ағысы – Солтүстік Мұзды мұхиттың Беренц теңізіне құяды. (Бір ендікте орналасқан Кара, Лаптевтер және Шығыс Сібір теңіздерін мұз басып жатқанда, не себептен Баренц теңізі қатпайды? Жауап беру үшін картаны пайдаланыңдар).

Тынық мұхиттағы Солтүстік және Оңтүстік экваторлық ағыстар Азия мен Аустралияның шығыс жағалауларында Куросио және Шығыс Аустралия жылы ағыстарын құрайды. Куросио ағысы Жапония аралдарының жағаларын бойлап өтеді. Жапония климатының жылы болуы едәуір дәрежеде соған байланысты.

Осындай жылы ағыстармен қатар Дүниежүзілік мұхиттың әр жерінде суық ағыстар да өтеді.

Атлант мұхиттың солтүстік – батыс бөлігіне Солтүстік Мұзды мұхиттың суық суы келеді. Гренландияның датыс жағалауларының бойымен Лабрадор ағысы өтеді, ол оңтүстікке қарай Лабрадор түбегінің жағалауларын шаяды. Оның суының температурасы айналасындағы қоршаған судың температурасынан төмен болғандықтан, оны суық ағыс деп атайды. Лабрадор ағысы Солтүстік Американың солтүстік-шығыс жағына суық су апарады.

Оңтүстік жарты шардағы ағыстардың ең ірісі Батыс желдері ағысы. Ағыстың ұзындығы 30000 км, ені – бірнеше мың километр, жылдамдығы 3,5 км/сағ. Ол батыстан шығысқа қарай Антарктиданы қоршай ағады.

Сонымен, әдетте жылы ағыстар суларын Жер шарының төменгі ендіктерінен жоғары ендіктеріне қарай, ал суық ағыстар, керісінше, жоғарғы ендіктерден төменгі ендіктерге қарай бағыттайды.

Мұхит ағыстарының материк жағалауларының климатына әсері өте үлкен. Олар ауа массалары сияқты жылу мен суықты тасымалдайды, сөйтіп жағалаулардаклиматты өзгертеді. Поляр шеңберінен солтүстікке орналасқан қатпайтын Мурманск порты, Нью-Йорк қаласынан солтүстікке байқалатын қысқы төмен температуралар осыған мысал бола алады. Ағыстар жауын – шашынның да мөлшеріне әсер етеді.

Мұхит ағыстары жылуды, тұздарды, организмдері тасымалдай – тындықтан, оларды зерттеп білу қажеттігі туады. Ол үшін арнайы жабдықталған кемелер, ұшақтар, Жердің жасанды серіктері пайдаланылады.

Мұхит суы толқындар мен ағыстардың әсерінен үнемі араласып жатады. Салқын су төмен қарай бағытталып, жылы су жоғары көтеріледі. Терең шұнғымаларда да су өте баяу болса да араласады. Араласқан су өзімен бірге терең қабаттарға қоректік заттар мен газ алып барады.



2.Теңіздер мен мұхиттар арзан және қолайлы жол қатнасы ретінде пайдаланылады.Орасан зор ірі кемелер мұхиттарды ерсілі-қарсылы шарлап,дүние жүзінің барлық елдерін бір-бірімен байланыстырады.Көптеген жолаушылар,жүктер теңіздер мен мұхиттар арқылы тасмалданады.Теңіз жағаларындағы қойнауларда ,ашық теңіздің толқыны жетпейтін жерлерде порттар салынып,сол жерлерге кемелер аялдайды.

Теңіз қатнасының өте ауқымды аймағы-Атлапт мұхиты .Еуропаны Солтүстік және Оңтүстік Америка мен байланыстыратын маңызды теңіз жолдары осы мұхит арқылы өтеді.Еуропадан жерорта теңізі, Суэц каналы,Үнді мұхиты арқылы Оңтүстік және Шығыс азия елдерімен Аустралияға ьаратынжолда аса маңызды болып саналады.

Жылдан-жылға Тынық мұхит та кеме қатнасында барған сайын маңызды орын алып келеді.

3.Мұхиттарда өсімдіктер жануарлардың түрлері өте көп және олар алуан түрлі болып келеді.

Мұхит суында 150 мыңнан астам жануарлар түрі мен 10 мыңдай балдыр түрлері кездеседі.Жалпы алғанда жануарлардың түрі құрлыққа қараған да суда көп болады.

Мұхиттан жер шарындағы ең ірі жануарды аулайды.Ең ірі киттіңденесінің ұзындығы 33м ,салмағы 120-т-ғадейін барады.Киттің тек қана тілінің салмағы 3 т-ға жетеді.Мұқиттағы көптеген жануарлар оның беткі қабатында тіршілік етеді.Ал аса тереңде тіршілік ететін жануарлардың дене құрлысы су қысымының әсерінен өзгереді.Мұхиттың терең қабатына күн сәулесі жетпейтндіктен ,ондағы көптнген жануарлардың көру қасикті жойылып,кейбіреулерінің денелерінен сәуле шығаруқабілеттері пайда болған.сол сияқты бұл жерде сезім оргондары жақсы жетілген жыртқыш балықтарда тіршілік етеді.

Теңіз бойының халқы балық аулаумен айналысады.Майшабақ,нәлім,лососьмықтытісжәне т.б.балықтардың кәсіптік маңызы өте зор.

Арктика мен Антарктиканың суларында кит,итбалық,морж т.б.теңіз сүтқоректілерін аулайды.Олардан май,тері,кит мұртын алады.Дегенмен ,кит санының күрт азаяып кетуіне байланысты оларды аулауға дүние жүзі бойынша шек қойылды.

Сонымен қатар көптеген елдерде теңіз балдырлары тамаққа пайдаланылады (мысалы,теңіз капустасы).Теңіз суының үстінгі қабаттарында жасыл балдыр көп,одан тереңіректе қоңыр және қызыл түрлкрі табылған.Балдырдың кейбіреулері теңіздің тайыз түбінде өседі.Мұндай ірі балдырлардың су астында тұтасып жатқан қалың жыныстары кездеседі.Атлант мұхитының ағыстарымен қоршалған орта бөлігінде ,Африкамен Солтүстік Америка арасында балдырлардың көптеген түрлері өсіп-өнеді.Бұл арада мұхит бетінде саргассо деген балдырмейлінше көп жүзіп жүреді,сондықтанда мұхиттың осы бөлігін Саргасс теңізі деп аталады.

Теңізбен Мұхиттардың шеткі тайыз бөліктерінен өндірілетін мұнай мен газ, мұхит суынан алынатын ас тұзы ,темір кені ,магний,бром,калий сияқты миннералдармен шикі заттар тұрмыста жиі қолданылады.

Теңіз суларының құрамында тұз ,микроэлементтерден басқа дейтерий (ауыр су)деген зат бар.Оны атом реакторында отын ретінде пайдалануға болады



4.Мұхитты қорғау және оны зерттеу адам баласының маңызды міндетіүМұхитты зертеуде эеспедициялық кемелердің маңызы зор.олар ғылыми-зерттеу лабораториялармен жабдықталңан(мысалы Жак Ив Кусиокемесі).Арнаулы апараттар ,батискафтар үлкен тереңдіктерде зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмек береді.Мұхит зертеушілердің қарамаңында тереңдікті анықтауғуа мүмкіндік беретін компьютерлер және басқада құралдар бар(мәселен «Альвин» сүңгіуір кемесі ғалымдары 2500 мтереңдікке дейін апарады).

Қазіргі кезде дүние жүзіндегі мемлекеттер бірігіп ,мұхиттағы зерттеулерді ЮНЕСКО басшылығымен жүргізіп жатыр.

Мұхитты ғарыштан зерттеу соңғы кездегі жаңа әдістердің бірі болып табылады.Ғарыштан теңіз ағыстары,оның атмосферамен байланысы ,мұхиттың органикалық дүниесін бағалау және болжау жұмыстары жүргізіледі.

Жердің жасанды селіктерінен түсірілген суреттер Солтүстік мұхит арқылы өтетін теңіз жолдарының мұз жағдайын алдын ала біліп отыруға мүмеіндік береді.Сол сияқты мұхит түбінің жер бедерінзерттеу судың ластануын бақылау ,экологиялық апаты аймақтарды белгілеу жұмыстарыда жүргізіледі.

Мұхиттағы жануарлардың саны азайып кетпеуі үшін оларды шекшіз аулауға тыйым салынады.Мысалы ,жыртқыштықпен аулаудың нәтижесінде көк киттерге жойылып кету қаупі төнді.

Қазіргі кезде кейбір мемілекеттерде су асты фермаларында балдырларды ,мидияларды,устоицаларды,теңіз ұлуларын өсіреді.

Судың ластануы мұхиттағы организмдерге орасан зор зиян келтіреді.Мұхитты ең көп ластайтын зат –мұнай.Ол мұнай таситын кемелерді тиау,түсіру,оларды жуып тазалау кезінде және кейде кеменің апатқа ұшырау нәтижесінде суға қосылады.Мұхит бетінде түзілетін мұнай қабаты балықтарды уландырып ,тірі оргонизмдерді жоюға апарадв.Сонымен бірге мұхиттың радиоактивті заттармен ластануы айтарлықтай қауіпті.Олар ядролық жарылыстың және өндірістің радиоактивті қалдықтарын мұхитқа төгудің нәтижесінде суға қосылады.

Осыған орай ,мұхит суын ұтымды пайдалану және оны қорғау жайында халықаралық конференциялар жүргізіледі.



Бақылау сұрақтары:

1.Мұхит ағыстарының пайда болу себептері?

2. Ағыстардың қандай түрлері болады?

1.Мұхиттар мен теңіздерді шаруашылықта қалай пайдалануға болады?

2.Мұхиттар мен теңіздердің жол қатнасы үшін маңызы қандай?

3.Қай мұхит теңіз қатнасына көбірек игерілгенжәне не себепті?

4.Мұхит зерттеу әдістерін айтып беріңдер?

5.Мұхитты ғарыш арқылы зерттеудің ерекшелігі неде?
37- сабақ

Тақырыбы: Өзендер

Жоспары:

1.Өзен бөліктері

2.Өзен ағысының бағыты мен сипатына жер бедерінің әсері.

3.Шоңғалдар мен сарқырамалар

4.Өзендердің суға молығуы

5.Адамның шаруашылық қызметіндегі өзендердің маңызы



Сабақтың мақсаты: Өзендердің бөліктері және адам шаруашылығындағы маңызын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Өзен бөліктері .Жер бетінде өзендер көп. Олардың бірі жазықты бойлай кең жазылып , баяу ағады. Екінші бірі тастан-тасқа секіре буырқанып , көбік шашып жатады , бұл – тау өзені

Қыраттың етегінен немесе тау шатқалының түкпір-түбінен ағып шыққан бұлақ бірден көзге түсе бермейді. Бірақ су күні-түні тынбай шығып жатқандықтан, одан тұрақты ағыс, яғни жылға пайда болады. Ол өзенннің бастауы болады. Осымен бірге өзен көлден немесе батпақтан да басталады. Биік таулы жерлерде өзен басын қар мен мұздықтың шетінен, еріген судан алады.

Өзеннің ағып шығатын жері оның бастауы деп аталады.

Өзен жер бетінің еңістігіне сәйкес ылдиға қарай ағады. Оған жолшыбай басқа шағын өзендер келіп қосылады.Негізгі өзенге жолда қосылатын өзендер оның саласы болып табылады. Ағыс бағытына қарап тұрғаныңда оң қол жағың - өзеннің оң жағасы , сол қол жағың сол жағасы болып табылады.Осыған сәйкес салалар да оң және сол болып бөлінеді. Мысалы,Есіл өзені –Ертістің сол жақ саласы , ал Арыс-Сырдарияның оң жақ саласы .

Өзен көлге немесе теңізге барып құяды.Осымен бірге шөлді аймақта құмға барып сіңіп кететін өзендер де бар. Өзеннің құяр жері оның сағасы деп аталады.

Өзендердің ағысының жылдамдығы сағасына банғанда төмендейді,

Сөйтіп онда тосқындар жиналып, өзен сағасы тармаққа бөлінеді, яғни атырау пайда болады.

Өзен бастауынан бастап сағасына дейін әрі кең, әрі ұзынша ойыс алқапты бойлап ағады. Бұл - өзеннің аңғары. Аңғардың табынындағы өзен суы ағып жататын ойыс арна деп аталады.Су тасыған кезде өзен арнасынан асып, аңғардың іргелес жайдақ бөлігін басады.Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі жайылма деп аталады.Оның ені ағын өзендерде 3-4 ь ғана болады.Ал Обь сияқты ірі өзендерде 30-40 километрге дейін барады.Жайылма өзен тосқындарынан тұрады. Ылғалдың молдығына байланысты онда жайқалған шалғын өсімдігі өседі.Жайылма шалғыны пішен дайындауға, мал жайылымына пайдаланылады.

Өзен ағысы ұзына бойымен алып қарағанда шамамен 3 бөлікке бөлінеді.Бастауына жақын жағы – жоғарғы ағыс,саға жағы – төменгі ағыс, екеуінің аралығы орта ағысына жатқызылады.

Өзен барлық салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды. Өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі өзен алабына жатады.Өзен алаптарын бір-бірінен көбінесе қыратты болып келетін суайрықтар бөледі.Бірақ суайрықтар әрдайымкөзге анық крінерліктей қырат болып тұрмайды.Кейбір жағдайларда суайрығының сызығын айырып білу оңай емес, әсіресе бұл жазықтағы өзен алаптары аралығында қиынға түседі.

2.Өзен ағысының бағыты мен сипатына жер бедерінің әсері.

Өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы сол өзен ағып өтетін жер бедеріне байланысты. Мысалы, Жоңғар Алатауынан басталатын Қаратал өзені бас жағында тар шатқалды бойлап ағады. Таудан шыққан соң, өзен құмды жазықты басып ағады. Көлге жақындаған сайын өзеннің аңғары кеңейіп, ағсы баяулайды.Содан кейін жайылып,бірнеше тарамдарға бөлініп барып,Балқаш көліне құяды.Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы өзендердің көбі басын таулардан алады. Олар бас жағында гүрілдеп, көбік шашаып ағады.Сонан соң,жазыққа шыққаннан кейін ағыстары баяулайды.Тау өзендері беткейлері тік,жартасты тар аңғармен ағады.Мұндай тар аңғарды шатқал деп атайды.Жазық жерлермен ағатын өзендердің ағысы баяу келеді.Ондай өзендерге – Іле ,Сырдария, Жайық , Есіл, Нұра жатады. Жазықтағы өзендер кеме қатынасы үшін қолйлы болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет